- •1.2 Арнаның аз уақыттағы жетістігі
- •1.3. «KaZsport» арнасындағы бағдарламалар
- •2.1. «Қазақстан» ұта спорттық бағдарламалар
- •2.2. «Қазақстан» ұта спортшыларды насихаттауы
- •3.1. Алғашқы бағдарламаларға атсалысқандар
- •3.2 Тұңғыш комментатор, тұңғыш бағдарлама жүргізушісі
- •3.3. Он алты жыл өтіпті- ау... (Амангелді Сейітхан)
- •3. 4. Тұңғыш спорт сайтындағы алғашқы радио
- •IV. Түпнұсқа, тікелей эфир және жүргізушілер
- •4.1.Көрермендер сұранысына ие болған бағдарламалар
- •4.2 Комментаторлардың тапқыр сөздері
- •4.3. Қазақ комментаторларының деңгейі ешкімнен кем емес
- •V тарау. Басымызға бақыт құсы қонған сәттер
- •5.1. Қазақтың Әлем біріншілігіндегі тұңғыш добы
- •5.3. Олимпиялық даңқ күні.
IV. Түпнұсқа, тікелей эфир және жүргізушілер
4.1.Көрермендер сұранысына ие болған бағдарламалар
Бразилияда оқып жүр талай қазақ баласы...
«KazSport» арнасының тілшісі Ермұхамед Мәулен Бразилия жерінен арнайы бейнематериал жариялады. Бейнематериалының тақырыбы – «Бразилияда оқып жүр талай қазақ баласы...». Бразилия еліндегі «Ботафого социал» академиясында тәрбиеленіп жатқан қазақтың қара балаларының бір күндік өмірін толықтай көрсетті. Бұл материалдың басында 2007 жылы Қазақстан Респбуликасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Бразилия мемлекетінің басшысы Луис да Силваның арасындағы келіссөз айтылады. Кездесу сәтінде Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ балаларының Бразилия жерінде жаттығуына келісімшарт ұсынған болатын. Луис да Силва келіссөзге қолын қойып, өз рұқсатын берген. Сол жылы қазақ балаларынан құрылған «Оле Бразил» командасы Бразилия жерінде жаттығуларын бастап, жергілікті чемпионаттарға қатысып жүрді. Қазіргі таңда сол «Оле Бразил» командасының түлектері, жерлестеріміз Рауан Сариев пен Берік Шайықов «Жетісу» футбол командасында ойын көрсетіп жүр. Тілші Ермұхамет Мәулен «Ботафого социал» академиясындағы әр қазақ баласының пікірін біліп, жаттығуларын көріп, жатын орын, тамақ ішетін жерлеріне дейін көрермендерге сыр қалдырмастан көрсетеді және мағұлмат есебінде айтып, таныстырып отырады [7].
- Батырдың көз жасы
www.elsakshy.kz сайтының жариялаған бұл материалын бірнеше телевидения көрсетті. Басты кейіпкер – Қанат Ислам. Қанаттың қазақ туралы ойы, ниетінің адалдығы, елім деп келіп опық жеуі барлығы шын көңілінен айтылады. Сұхбат барысы көңіл – күйге толы. Батырдың көзінен шыққан әр жастың қазағым деп шығуы кез келген намысты ердің қайратын жаныса керек. Сұхбат барысында Қанаттың елі үшін жылағанына да куә боласыздар. Адамгершілігі мол, ниеті таза, мақсаты түзу азаматтың өз елінен қорлық көруі жанға батады [12].
Барып қайт, балам ауылға...
Қазақ ССР телевизия және радио хабары жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясында таэквандодан спорт өнерінің алтыншы дан иегері Мұстафа Өзтүріктің ата жұртына жасалған алғашқы сапары турасында түсірілген «Барып қайт, балам ауылға...»деректі фильмі. Қазіргі таңда бұл фильм қазақ мұрағатында баға жетпес асыл қазынамыз саналады. Кез келген Мұстафа Өзтүрік туралы жасалған бейнематериалдарда дәл осы деректі фильмнің кейбір эпизодттары алынады. Заңды да. Мұстафаның тарихынан сыр шертетін фильм 1991 жылы үлкен экранға шықты. Сценарийін жазғандар: Тілеген Ахметов, Камила Омарова Режиссерлері: Тілеген Ахметов, Камила Омарова .
4.2 Комментаторлардың тапқыр сөздері
Тікелей эфирде отырғанда сөз тауып кететін спорт комментаторларын көпшілік сүйсініп тыңдап, ерекше қарайды. Мәселен, Есей Жеңісұлы «Қазақстан Барысында», «Әлем Барысында» Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан оқиғаға ойластырып үзінді оқып өтті. Қалай жарасады? Сондай тапқыр сөздердің жиынтығын көрсек.
1. «Голдың иісі шығатындай. Алайда, Пуйоль кез келген иісті жұтып қояды». 2. «Пенальти! Егер бұл симуляция болса, Сколаримен бірге «сары қағаз» алуға дайынмын» 3. «Зидан… Қандай грация! Ол адам емес, антилопа!» 4. «Экранда – соғылмаған голдың авторы!» 5. «Доптың ұшу бағытына қарап, Дзюбаның тепкенін түсіндім». 6. «Қазіргі таңда Германия – қақпашылардың елі. Мықты қақпашылар жылдам өсіп шыға келеді. Меніңше, таңертең алаңға бір жұп бутсы қойып қойсаң, кешке сол жерде қақпашы дайын тұратындай». 7. «Өте қауіпті! Ой, ой, ой жігіттер! Бұл үшін бүгін тағдырдың алдында жауап беретін боласыңдар» 8. «Кепке Яшинді еске түсіреді. Алайда, Яшиннің одан айырмашылығы кепкеде ойнайтын еді» [13].
«Қазақстан» ҰТА және «KazSport» телеарналарының спорт комментаторы Ермұхамет Мәуленнің футболдан Бразилияда өткен Әлем чемпионатындағы ойлы, тапқыр, қалжың сөздерінен үзінді...
1. «Он голдың тоғызы пастан», - деген, пас түзелсе – ойын түзеледі. 2. Ламның қаптал арқылы франциялықтарға жасайтын лаңын көретін боламыз. 3. «Заманың шабуылшы болса, қорғаушы болып шал» [14].
