
- •1.2 Арнаның аз уақыттағы жетістігі
- •1.3. «KaZsport» арнасындағы бағдарламалар
- •2.1. «Қазақстан» ұта спорттық бағдарламалар
- •2.2. «Қазақстан» ұта спортшыларды насихаттауы
- •3.1. Алғашқы бағдарламаларға атсалысқандар
- •3.2 Тұңғыш комментатор, тұңғыш бағдарлама жүргізушісі
- •3.3. Он алты жыл өтіпті- ау... (Амангелді Сейітхан)
- •3. 4. Тұңғыш спорт сайтындағы алғашқы радио
- •IV. Түпнұсқа, тікелей эфир және жүргізушілер
- •4.1.Көрермендер сұранысына ие болған бағдарламалар
- •4.2 Комментаторлардың тапқыр сөздері
- •4.3. Қазақ комментаторларының деңгейі ешкімнен кем емес
- •V тарау. Басымызға бақыт құсы қонған сәттер
- •5.1. Қазақтың Әлем біріншілігіндегі тұңғыш добы
- •5.3. Олимпиялық даңқ күні.
2.2. «Қазақстан» ұта спортшыларды насихаттауы
Бейбіт күннің батырларын насихаттауда «Қазақстан» ҰТА алар орны ерек. Қазақ спортшыларының әлемдік ареналардағы табыстары мен жетістіктерін тілге тиек етіп, арнайы репортаж дайындап, жарыс ортасынан тікелей көрсетілімдер ұсынуды дағдыға айналдырған. Ең әуелі Геннадий Головкин. Головкиннің әр жекпе – жегін тікелей эфирде көрсетіп, қазақ бокс жанкүйерлерін сусындатып отыр. Геннадийдің осыған дейінгі өткізген 31 кездесуінің 11 жекпе – жегін «Қазақстан» ҰТА тікелей эфирде көрсетті. Жеңісті сериясын жалғастырып келе жатқан GGG- дің алдағы уақытта болатын кездесулерін көрсетуді «Қазақстан» ҰТА өз мойынына алып отыр. Қазақтан шыққан тұңғыш төрт дүркін Әлем, екі мәрте Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің жарқын жеңістерінде жанынан «Қазақстан» ҰТА табылатын. Францияда, Алматыда өткен Әлем чемпионаттарында, Бейжің, Лондон Олимпиадаларында Ильяның жарыс жолына шыққан сәтін көрсетіп, жеңіс тұғырында тұрған кездерін тікелей ұсынды. Қазақтың «Алтын баласы» атанған ауыр атлет алдағы уақытта Рио төрінде өтетін Олимпиадаға қатысуға жүз пайыздық жолдама алған алғашқы қазақстандық спортшы. Спортшылық ғұмырын аяқтаған Александр Винокуровтың жарқын сәттері әлі есімізде. Есімізде «шаң» баспай тұрғанына «Қазақстан» ҰТА молынан үлес қосты. Винокуров шайтанарбасына мініп жолға шықты деген сәтте-ақ «Қазақстан» ҰТА қосып қаламыз. Болып жатады. Шекесінде «Тікелей эфир»,- деп көрсетіліп тұратын. Бәсі жоғары Гранд – турлар «Джиро да Италия», «Вуэльта Испания» және «Тур де Франс» велокөпкүндіктерінде Қазақстанның көк – сары түсті жейдесін киген, кеуде тұсында «Астана»,- деген жазуы бар Винокуровты көретінбіз. Спорттық ғұмырын сәтті аяқтады. Лондон Олимпиадасының чемпионы болды. Дәл осы сәтті «Қазақстан» ҰТА тікелей эфирде көрсетті. Көзінен аққан қуаныштың жасын, әнұранды естігенде егіліп жылаған намысты сары баланың бейнесін кадрға ілді. Бұл көрініс бүкіл Қазақстанды аралап кетті. «Қазақстан» ҰТА таспасына түскен талантты спортшылардың бірі – Денис Тен. Тәулсіздік алғаннан кейінгі мәнерлеп сырғанаудан жетістікке жеткен жампоз бала. Сочи Олимпиадасында қола медаль, VII Қысқы Азия ойындарында алтын медаль және Қазақстанның үш дүркін чемпионының мұз айдындағы өнерін түгелдей «Қазақстан» ҰТА тікелей көрсетіп, түпнұсқада ұсынды.
ІІІ тарау. ЕҢ АЛҒАШҚЫ ТОЛҚЫНЫС
3.1. Алғашқы бағдарламаларға атсалысқандар
Кенжеболат Нұртазаұлы Шалабаев (1921 жылы Есіл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келген – 1976 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті) – қоғам қайраткері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1941 – 47 жылдары Кеңес әскерінің қатарында майданда болды. Соғыстан кейін баспасөз органдарында қызмет жасады. Қазақстан Кп Ок-нде теледидар және радио хабарларын тарату мемлекеттік комитетінің төрағасы, Абай атындағы опера және балет театрының директоры, «Қазақфильм» киностудиясында директордың орынбасары (1953 -62 жылдар) қызметтерін атқарған. Шалабаев қызмет жасаған кезде қазақ радиосы мен теледидарында корей, ұйғыр, неміс редакциялары ашылды. Шалабаев – Жон Ридтің «10 дней которые потрясли мир», Р.Ғамзатовтың «Мой Дагестан» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған. «Құрмет Белгісі» ордені, медальдармен марапатталған. Кенжеболат Шалабаев – Қазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитетінің үшінші төрағасы (1962 -1969 жылдар) [5].
Қабден Байдосов Рахманұлы (12.10.1934 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында дүниеге келген – 17.04.1997 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен) – палуан, еркін күрестен тұңғыш қазақстандық спорт шебері (1955 жыл), Қазақстанның алты дүркін чемпионы (1955 – 60 жылдар), Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1964 жыл). 1959 – 1997 жылдары қазақ спорт туризм академиясында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. Ол Ә.Айқанов, А.Ғапсаттаров, А.Семкин, А.Бұғыбаев, Ж.Жарқынбаев, С.Мұқашев, Р.Нұрманов, т.б еркін күрес шебрлерін тәрбиелеген. Еркін күрестен Байдосов атындағы халықаралық турнир өткізіледі (1999 жыл) [3].
Аманкелді Муатқанұлы Сейітханов (11.05. 1969, Мақаншы селосы ШҚО). 1991-1994 жылдан "Спорт" газетінде жұмыс істеді. 1994-ҚР ТРК-ның "Тұғыр" бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары. "Құмсағат" бағдарламасының спорт акпараттар продюсері. 1997 жылы "Хабар" агенттігінде жұмыс жасайды. Футболдан "Франция-98" Азия ойындары (1999, Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) О.о-дардан хабарлар жүргізді. ҚР ҰОҚ-і таңдаулы спорт журналисі деп таныды (1998). С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2000).[11]