
- •1.2 Арнаның аз уақыттағы жетістігі
- •1.3. «KaZsport» арнасындағы бағдарламалар
- •2.1. «Қазақстан» ұта спорттық бағдарламалар
- •2.2. «Қазақстан» ұта спортшыларды насихаттауы
- •3.1. Алғашқы бағдарламаларға атсалысқандар
- •3.2 Тұңғыш комментатор, тұңғыш бағдарлама жүргізушісі
- •3.3. Он алты жыл өтіпті- ау... (Амангелді Сейітхан)
- •3. 4. Тұңғыш спорт сайтындағы алғашқы радио
- •IV. Түпнұсқа, тікелей эфир және жүргізушілер
- •4.1.Көрермендер сұранысына ие болған бағдарламалар
- •4.2 Комментаторлардың тапқыр сөздері
- •4.3. Қазақ комментаторларының деңгейі ешкімнен кем емес
- •V тарау. Басымызға бақыт құсы қонған сәттер
- •5.1. Қазақтың Әлем біріншілігіндегі тұңғыш добы
- •5.3. Олимпиялық даңқ күні.
Курстық жұмыстың өзектілігі: «Қазақстан» ҰТА спорттық бағдарламаларды, осыған дейінгі елдің сүйіспеншілігіне бөленген тележобаларды және ашылғанына бір жарым жыл толған «KazSport» телеарнасы жайында сөз қозғап, сол турасында жан – жақты айтатын боламыз. Бұл жазылған курс жұмысынан: алғашқы эфирге шыққан спорттық бағдарламаны және тұңғыш спорт комментаторы, тұңғыш қазақ тілді спорттық арна жайында біле аласыз. Сұлтанғали Қаратаевтың, Сейдахмет Бердіқұловтың қазақ спорт журналистикасына сіңірген еңбегі зор. Кез келген спорт журналисі дәл осы есімі аталған ардагерлердің шығармашылық, спорт хабарларын қазақ спорт журналистикасының қайнар, бастау бұлағы,- деп атап көрсетеді. Спорт саласында өзіндік ізденімпаздығы арқасында, маңдай терісімен соқпақ жол тастап кеткен саңлақтардың сара жолы, өмірбаянын, шығармашылығы турасында жазып өтпекпін. Арна тарихы. Елбасының тапсырысымен ашылған «KazSport» телеарнасы жөнінде жазып, арна ішіндегі әр бағдарламаларға тоқталатын боламын. Курстық жұмыстың мақсаты: Телевидениядағы спорттық шығарылымдардың осыған дейінгі жұмысын саралап, келешекке керек бағдарламалардың тізімін ұсынып көрмекпін. Журналистердің спорт хабарларын көпшілікке түсінікті тілімен, ойлы орамдармен жеткізудегі ерекшеліктеріне тоқталу. Курстық жұмыстың міндеті: Жоғарыда көрсетілген мақсаттарына қарай мынандай міндеттер туындайды: - Ең алғашқы қазақ тіліндегі спорттық бағдарламалар - «KazSport» телеарнасының аз уақыт ішінде атқарған жұмыстары - «Қазақстан» ҰТА спорттық тележобалар - Басқада арналардағы спорттық тележобалар мен телешоулар - Спорт журналистерінің тілі.
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Спорт тарихына азда болса шолу жасап көрелік. Спорт журналистикасы революцияға дейінгі Ресейде XIX ғасырда пайда бола бастады. Спорт жайында жиі жазған журналистердің бірі - Фаддей Булгарин. Бір қызығы, кеңестік әдебиет тарихында ол туралы беделді консерватор деп жазады. Петербург тарихын зерттеуші П.Столпянскийдің дерек көздеріне сүйенсек, «Спорт» сөзін 1851 жылы орыс тіліне сол кездегі «Северня пчеланың» редакторы Булгарин енгізді». Бастапқыда «Спорт» сөзі ағылшын тілінде болды, ал аталмыш сөзді өзге елде қолданысқа алып шығу қиынға соғатын. Өткен ғасырдың спорт журналистері түрлі тақырыпқа қалам тербеп, репортаждар жасады. Соның ішінде ат спорты, велосипед жарыстары, бастапқы әуеде ұшушылардың рекорды, шаңғы және коньки, зілтемір көтеру және қазақ күресінің аңызына айналған Қажымұқан Мұңайтпасов айналысқан француздық (еркін) күрес туралы көптеп жазылды, көрсетілді. Бүгіндері қоғамның әлеуметтік тобы мен бөліміне қарамастан спорттық басылымдар адамдардың жалғыз жүйелік оқуы болып табылады, әсіресе саясат пен экономикадан бұрын спортқа қызығатын өскелең ұрпақ арасында. Мұның барлығына спорттық сайттар мен телевизиялық бағдарламалардың қатысы мол. Халықаралық спорт журналистикасы мерекесінің қарсаңында еліміздегі бірінші спорттық телеарнаның іске қосылғаны да көңіл қуантады. Келер ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, әрі денсаулығы мықты, жан – жақты дамыған, жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсатында спорттық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің жауапкершілігі үлкен. Журналистика саласының өзі бірнеше тармаққа бөлініп, әр түрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгін сол бағыттардың ішінен, өзіндік орны бар, айтары мен көрсетері мол спорт саласы туралы кеңінен айтып, сөз қозғамақпын. Қазақ тіліндегі ең алғашқы спорттық шығарылымға тоқталып, оның жүргізушілерін айтып өтетін боламын. Алғашқы қазақ тіліндегі спорт хабары 1966 жылдың 16 қаңтарында телеэкранаға шықты. Сол көрсетілімді телевидения басшылары республика комсомол ұйымымен бірлесіп шығарды. Бұл хабарды жүргізуге еркін күрестен спорт шебері Қабден Байдосов арнайы шақыртылды. Сол кездегі Қазақ радиосының комментаторы болып жүрген Сұлтанғали Қаратаевта араласты. Орыс тіліндегі хабарды жүргізу Владимир Тольчинскийге жүктелді. Қазақ тілді маманды бірде Кенжеболат Шалабаев өзімен бірге Мәскеу қаласына ала кетті. Сол жерде Орешкин деген операторды тауып беріп, VI Жазғы Бүкілодақтық спартакиадаға қатысып жатқан қазақ спортшыларын түсіртті. Әмин Тұяқов пен Ғұсман Қосанов, Әбдісалан Нұрмаханов пен Әбілсейіт Айхановтың, Амангелді Ғапсаттаров пен Аманжол Бұғыбаевтың спорттағы жетістіктері мен бейнесін көгілдір экранға шығарды. Олардан басқа қазақтан шыққан тұңғыш баскетболшы Ольга Апатаеваның, семсерлесуші Асықбаеваның шеберліктеріне көрермен тәнті болды. Оператор Орешкин тек түсіріп бермеді, төраға Шалабаевтың тапсырмасымен 16 миллиметрлік пленканы жуып, шығарып және монтаждап Сұлтанғали Қаратаевтың қолына ұстатты [4]. Сұлтанғали Қаратаевтың естелігінен: «Біз алғаш рет спорт әлеміне қадам басқанда елімізде бұл сала тек бір-ақ тілде сөйледі. 1964 жылы сәуір айында футболдан жарыс өтіп Абай Шәріпов орыс тілінде мен қазақ тілінде алғаш хабар жүргіздім. Бүгінде спорт терминдері қалыптасқан болса, ол кезде орыс тілді сөздерге балама таппай қиналатынбыз. Ол кездің бір артықшылығы спорт журналистері оқиға болған жерге барып көзбен көргенін жазатын. Қазір ғаламтордың арқасында жұмыс жеңілдеді. Футболға барғанда ойыншылардың киінетін бөлмесіне дейін кіріп, ішкі дүниесін беруге тырсатынбыз. Бокс болса, оның да жаттығу бөлмелеріне кіретінбіз. Қазіргідей диктафон жоқ, қолымыздан қаламымыз бен парағымызды тастамаймыз. Телеарналар болса 720 келілік бейнекамерасымен алысып жүретін. Оны құрастырғанға 2-3 сағат кетеді. Владимир Толчинскиймен бірге талай репортаж жасадым. Оның дауысы жақсы, футболдың қыр – сырын өте жақсы білетін [10]. Қазіргі таңда дербес спорт арнасы бар. Өзіндік бағыты мен бағдары бар, мақсаты мен жоспары айқын, болашаққа үмітпен қарап, бүгіндікке сеніммен тгілікті жұмыс атқаруда. Әлемдік ареналардан шыққан қазақ тілді спорт журналистерінің дауысы теларна арқылы қазақтың ұлан – ғайыр даласына тарап жетті.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ І.«KAZSPORT» арнасы 1.1. Арнаның құрылу тарихы «KAZsport» - Қазақстан Республикасының «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі мен кабелдік жүйеде хабар тарататын спорттық телеарна. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Спорт және дене шынықтыру істер агенттігі мен Мәдениет және Ақпарат министрлігіне бірлесіп мамандандырылған спорт арнасын ашу туралы тапсырма берген болатын. Қысқа мерзімде тиісті жұмыстар атқарылып, 2013 жылдың 1 шілдесі күні отандық телеарналар кеңістігінде «KAZsport» спорттық телеарнасы өзінің алғашқы хабарларын тарата бастады. Жаңа спорт арнасы «Мәдениет», «Балапан» және 14 аймақтық телеарналар топтасқан «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді. Бұл еліміздің барлық аймақтарынан тікелей эфирде хабар таратуға мүмкіндік берді. «KAZsport» телеарнасын «Отау ТВ» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тартау желісі мен кабелдік жүйеде хабар тарататын операторлар арқылы көруге болады. «KAZsport» телеарнасында таралатын жалпы хабарлардың 70%-ы тікелей және түпнұсқа трансляциялардан тұрады. Олардың негізгісі Қазақстанда кең етек жайған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелер болмақ. Телекөрсетілімдер қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жалпы хабарлардың 20%-н жаңалықтар мен бағдарламалар ал, 10 %-н деректі фильмдер құрайды. Мемлкеттік тұңғыш спорт телеарнасының ашылу мерзімі үш бірдей ірі жарыспен тұспа-тұс келді: «Тур де Франс» велокөпкүндігі (29 маусымнан 21 шілдеге дейін , 2013 жыл), Бүкіләлемдік жазғы Универсиада (6-17 шілде, 2013 жыл), бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты (30 маусымнан 9 шілдеге дейін, 2013 жылы). Аталған спорт шаралары «KAZsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Қазақстандық жанкүйерлер Ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды, ел біріншіліктерін тікелей эфирде көре алады. Атап айтқанда: су спорты түрлері, жеңіл атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, каратэ шито-рю, грек-рим және еркін күрес, ауыр атлетика мен шаңғы спортынан Әлем чемпионатын, волейболдан әйелдер арасында Әлемдік гран-при кезеңдік ойындарын, Неміс бундеслигасын, қысқы және жазғы Универсиада ойындарын, теннистен Wimbledon турнирін, волейбол, ауыр атлетика мен велоспорттан Азия біріншіліктерінен трансляция ұйымдастырылды. Телеарна тәулігіне 20 сағат хабар таратады. «KAZsport» спорт телеарнасының шығармашылық ұжымында өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарады. Олардың арасында Қазақстанның ең үздік спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлденің иегерлері де бар. 2013 жылдың 1 шілдесінде ашылды. Ашылу рәсімі Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» өтті. [1] Спорт арнасы «Мәдениет», «Балапан» және 14 аймақтық телеарналар топтасқан «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді. «KAZsport» телеарнасында таралатын жалпы хабарлардың 70 пайызы тікелей таратылады. Олардың негізгісі - Қазақстанда кеңінен таралған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелер. Спорт шаралары туралы телекөрсетілімдерді белгілі қазақстандық спорт журналистері қазақ және орыс тілдерінде комментарий мен сараптама жасай отырып жүргізеді. Бағдарламалар кестесіне телекөрсетілімдер, жаңалықтар, төл бағдарламалар мен спорттық деректі кино енеді.
1.2 Арнаның аз уақыттағы жетістігі
Қазақстанда ашылған тұңғыш мемлекеттік спорт телеарнасының эфирге шығып, спорттық трансляция тарата бастағанына биыл 1жарым жыл толды. Осы қысқа уақыт ішінде телеарна ұжымы спортсүйер қауымға ел аумағындағы жарыстарды ғана емес, әлемдік дүбірлі додалардан көрсетілімді тікелей эфирде ұсынды. Атап айтсақ, Қазан қаласында өткен Жазғы Универсиада, теннистен әлемнің хас шеберлері жиналатын «Australian Open», «Roland Garros» турнирлері, дзюдодан өткен әлемдік Гран-при турнирлері соның айқын дәлелі. Дүниежүзінің былғары қолғап шеберлері жиналған Алматыда өткен Әлем чемпионатын толық нұсқада көрген көрермендер біздің боксшыларымыздың жарқын жеңістеріне куә болды. Кәсіпқой бокста Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген Геннадий Головкиннің жекпе-жектері тікелей эфирде көрсетілді. Футбол жанкүйерлері Қазақстан Премьер-лига ойындарын, қазақстандық клубтардың УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы аясында өткізген ойындарын тікелей эфирде тамашалады. Спортсүйер қауымның назарына жеңіл атлетикадан, ауыр атлетикадан өткен халықаралық жарыстар және ел чемпионаттарынан көрсетілімдер ұсынылды. Ұлттық спортты дәріптеу мақсатында «KAZsport» телеарнасы қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы», «Еуразия Барысы» және «Әлем Барысы» сияқты айтулы додаларды тікелей эфирде үздіксіз сегіз сағат көрсетті. Әр аптада көкпардан Қазақстан біріншілігінің көрсетілімдері де көрермен назарында болды. Биылғы Сочи Олимпиадасының спорттық ареналарынан тікелей және жазбаша нұсқада трансляцияларды, WSB аясында «Астана арландары» клубының 2014 жылғы маусымын толық «KAZsport» арнасынан көрді. Биылғы жылдың тағы бір дүбірлі додасы – Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионаты. Чемпионатқа арнайы барып, қызметкерлерден жасақталған түсірілім тобы тікелей және ақпараттық хабарлар таратты. Сол сияқты, «KAZsport» телеарнасы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы көремендерді спорт әлемінің жаңалықтарымен, анонстармен әркез уақтылы хабардар етіп отырады. Осынау бір жарым жыл ішінде тікелей эфирде жүргізілген спорттық көрсетілімдер кем-кетіксіз болды десек жаңсақ болары анық. Техникалық ақаулардан эфирді жалғастыруға мүмкіндік болмай қалған кездерде көрермендер жаңадан қаз-қаз басқан телеарнаның шығармашылық тобына түсіністікпен қарады. Дегенмен, еліміздегі жалғыз спорт телеарнасына, жаңа теларнаға көп ешкімнің сөгісі болмауға тиісті. «KazSport» арнасы алдағы уақытта он төрт сағаттық эфирін жиырма төрт сағаттық уақытқа алмастыруды көздеп отыр. Оның үстіне көрермендердің талап – тілегімен Англия премьер – лигасының ойындарын тікелей және түпнұсқа түрінде, Олимпиадалық ойындардың барлық спорт түрлерін қамтымақ. Жақында ғана болған ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында түгел салмақтағы тартысты көрсетті. Оның алдында Алматыда болған Әлемдік велотурды тікелей эфирде көрсетті. Оның үстіне бұрын спортта жетістікке жетіп, қазіргі таңда бапкер, ақылшы, кеңесші, жеке бапкер болып жүргендерді жарыс барысында студияға шақырып ой – пікірін білуді де дәстүрге айналдырған. Мәселен, көркем гимнастикада Азия ойындарының алтын, күміс жүлдегері Әлия Жүсіпованың, өткенде футболдан Қазақстан және Голландия арасындағы кездесуде қазақ футболының айнасы саналатын Самат Сымақовтың ойынға деген көзқарастарын жарыс барысында жеткізіп отырды.