Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Божанов Әділхан. Жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

III тарау. 1926 жылғы қызылорда қаласындағы съезд

3.1. Латын және араб алфавиттерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

1926 жылдың 10 желтоқсанында Қызылорда қаласында қазақ жазуын латынға ауыстыру туралы қызу пікір-талас өтті. Алғашқы баяндама жасаған Әбдірахман Байділдин латын алфавитіне көшу қозғалысы тарихына қысқаша тоқталып, Қазақстан жағдайына ойысты. Ол өз сөзінде «жаңа идеяны, жаңа алфавитті жақтаушылар жас кеңестік жұртшылдық, ал жаңа алфавитке қарсы алашорда зиялылары бастаған керітартпа белсенділер» деп атап айтты.

Қолданыста жүрген алфавиттің тоғыз түрлі кемшілігін ашып көрсетуге тырысты:

1) Бір дыбысты жазу үшін бірнеше (3-4) белгінің пайдаланылатындығы (сөздің басында, ортасында, сөздің соңында және бөлек тұрғанда);

2) Әр түрлі ұқсас белгілерді бір-бірінен айыру үшін қолданылатын нүкте, қисық сызық дегендердің көптігі;

3) Әдетте араб алфавиті оңнан солға қарай жазылады және оқылады, ал сандар солдан оңға қарай жазылады және оқылады;

4) Ғылыми кітаптарда (геометрия, алгебра, химия, физика) формула түріндегі нақты белгілер латын алфавитінде, ал ондай араб алфавитінде жоқ;

5) Араб алфавитінде жаңа ғылым жетістіктері (стенограмма, жазу машинасы және тағы басқа) жоқ;

6) Араб алфавитіндегі белгілердің көптігі баспа өнеркәсібінде артық күшті, қаржыны және уақытты керек етеді;

7) Сондай-ақ, араб алфавиті соңғы ғылым жетістіктерін енгізуде де қиындық туғызады;

8) Музыкада белгілі үндер – ноталар қолданылатыны білеміз, ол солдан оңға қарай жазылуы тиіс, бұл араб белгілері жүйесіне мүлде қарама-қайшы;

9) Сонымен қатар медицина мен фармацевтика салаларында араб алфавитін пайдалануға болмайды.

Мерзімді басылымдарда латын алфавитін алуды қолдап мақала жариялаған авторлар да араб алфавитінің кемшіліктерін жазған болатын. Алайда, аталған кемшіліктер мақалаларда нақты деректермен ашып көрсетілмеді. Оның себептері «газетте жарияланатын мақала көлемі көтермейтіндігімен» түсіндірілді. Мәжіліске арнайы дайындықпен келген Ә.Байділдиннің өзі де атаған «кемшіліктерін» нақты мәліметтермен талдап бере алмады. Оның есесіне Байділдин баяндамасының үгіт-насихаттық жағы басым болды[33].

Келесі қосымша баяндаманы Ахмет Байтұрсынұлы жасады. Байтұрсыновтың машинкамен басылған он жеті беттік баяндамасы мұрағатта сақтаулы. Баяндамада араб әліпбиінің пайда болу және қолданысқа ену тарихынан бастап, осы әріппен жазатын елдердегі әліпбидің жасалу ерекшелігі, техникаға бейімделуі жан-жақты талдап көрсетілді. Қолданыстағы қазақ әліпбиінің бес түрлі артықшылығына жиналғандардың назарын аударды. Олар:

«1. Араб әліпбиі көп жағдайда оқу мен жазу процесіне жеңілдік туғызады, мұның сауатты адамдар үшін маңызы өте зор;

2. Әріптерді үйрету және жаппай сауат ашқызу жағынан алсақ та өзінің сапасы жағынан араб әрпі жүйесі латынға қарағанда өте ыңғайлы;

3. Баспа техникасы мен баспа өнімі бағасы жағынан алып қарағанда араб әрпінің венецияндық түрі латынға қарағанда нашар болғанымен, өзгертілген түрі латынмен салыстырғанда әлде қайда жоғары;

4. Жазу және теру машинасына бейімделуі жағынан – араб әрпі, өзгертілген түрінде латын әрпін басып озады, ал оның жазу машинасына қолайлылығы бұрында іс жүзінде дәлелденген;

5. Араб алфавитінің әріптер құрамы қазақ тілінің орфаграфиялық қажеттілігін толық қанағаттандырады, жазылуы жеңіл және еркін. Сондықтан, латыншылардың айтқандары әріптерді ауыстыруға дәлел бола алмайтын-ды, егер кімде-кім мұндай мәселемен айналысса, ол еріккеннің ермегі болып табылады» -деді.

1926-1927 жылдан өрістеп өрши түскен әліппе айтысына партиялық мерзімді басылымдарда өз үлестерін қосты. Оған «Мәскеу жастары латын туралы», «Үмбетұлы Мәжитке жауап», «Қазақ баспасына керек әріп», А.Байтұрсынұлы «Түзетілген әріп» және басқа да мақалалардың мерзімді басылымдарда жариялануы дәлел[34]. 1927 жылдың қысында қазақ зиялылары арасындағы айтыса аса ушығып жеке басты айыптауға барып ұласты. Бұл мәселе туралы 1927 жылдың 24 сәуірінде Мәскеу қаласында оқитын қазақ студенттерінің жалпы жиналысында Н.Төреқұлов былай деп атап көрсетті: «... қазақ жұртшылығы екі лагерге бөлінді. Бір жағында жаңа қазақ алфавиті жалпы мұсылмандық мәдениеттен және жалпы мұсылмандық дәстүрден бөлуді көздейді деген пікірдегі ескі кері тартпа интеллигенция. Олар өздерінің осы мәселеге жаулық әрекетін халықты ағарту қамын ойлансыған әрекетімен бүркемелегісі келеді[35]. Екінші жағында біз, жаңа алфавиттің тәжірибелік және принциптік жағын салмақтай келген көп санды жаңа интеллигенция тобы, ауыл мұғалімдері және оқушы жастар. ...

Біздің ұранымыз: «Қазақ республикасының мәдени құрылысына қатысушы әрбір саналы адам өзінің сөзімен және ісімен жаңа қазақ алфавитін қысқа мерзім ішінде қабылдауға көмектесуі керек»[36].