Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Божанов Әділхан. Жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать

I тарау. Латын алфавиті

1.1. Латын алфавитінің тарихы.

Латын алфавиті көптеген түрлі тіл топтар елдерінің жазбасының негізі болып табылады.

Грек алфавитінен бастамасын алған, кейбір деректер бойынша этрусс алфавитінен шыққан, латын алфавиті, шамамен б.з.б. VII ғасырда құрылды.

Қазіргі латын алфавитінің құрамына 26 әріп кіреді.

Латын алфавитінің әріптері:

Латын алфавитінің

бас әріптері

Латын алфавитінің кіші әріптері

Латын алфавитінің әріптерінің атауы

Латын алфавитінің әріптерінің оқылуы

A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z

а бэ цэ дэ е, э эф гэ га, ха и йот, йота ка эль эм эн о пэ ку эр эс тэ у вэ дубль-вэ икс ипсилон зета

[а] [б] [ц] [д] [э] [ф] [г] [г] [и] [й] [к] [л] [м] [н] [о] [п] [к] [р] [с] [т] [у] [в] [в] [кс] [и] [з], [дз]

Бастапқыда латын алфавитінің құрамына 21 әріп кірді:

A B C D E F Z H I K L M N O P Q R S T V X.

Кейін ұзақ жылдар бойы келесі өзгерістерге ие болды:

- б.з.б. 312 жылынан бастап алфавиттен Z әрпі алынып тасталды және латын алфавиті 20 әріпке дейін қысқарды.

- б.з.б. 234 жылы С әрпіне сызықша қосылу арқылы G әрпі құрылды.

(басында С әрпі екі [k] және [g] дыбыстарын білдіру үшін қолданылды);

- б.з.б. I ғасырда грек алфавитінен алынған Y және Z әріптері қосылды.

Нәтижесінде классикалық латын алфавиті 23 әріптен тұрды:

A B C D E F G H I K L M N O P Q R S T V X Y Z

Орта ғасырларда латын алфавиті соңғы модификацияларға ұшырады:

- XI ғасырда алфавитке W әрпі қосылды.

- XVI ғасырда J және U әріптері енді,

және қазіргі формасына ие болды.

Алайда, қазіргі латын алфавиті туралы айтарда, латын алфавиті 25 әріптен тұрады деп есептелінеді. Бұл W әрпінің неміс және ағылшын фамилияларында қодануына байланысты, бұл жағдайда алфавит құрамына W әрпі кірмейді[1].

1.2. Латын алфавитінің ксро елдерінде таралуы.

Қазақстан ұлттық зиялылары тоталитарлық жүйенің рухани-мәдени салаға саяси қысымына үнемі қарсылық көрсетіп отырды. XX ғасырдағы рухани-мәдени мәселелерге байланысты мерзімді басылымдардағы және әр түрлі деңгейдегі бас қосулардағы айтыстар осындай қарсылықтардан туындады. Рухани саладағы алғашқы үлкен айтыс большевиктер партиясының түркі тілдес халықтардың ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан араб әліпбиін ауыстыру саясатына қарсылықтан басталды.

XVIII ғасырдың екінші жартысынан Азербайжан, Түркия және басқа елдерде қызу пікір-талас тудырған латын әліппесіне көшу идеясын Қазан төңкерісінен кейін Ресей батыл қолдады[2]. Азербайжанда латын әліппесіне көшу идеясын көтерген ғалым-драматург Ахундов-Мырза-Фатали ізбасарлары Нариманов, Ағмалы-Оғлы және басқалар бар болатын. Сондықтан Ресей алдымен осы елдердегі латыншыларға қолдау көрсетті. 1922 жылы жаңа алфавитті енгізу комитетін құрды. Жаңа әліппені насихаттау мақсатымен «Яни-Юл» («Жаңа жол») газеті шыға бастады. Азербайжан үкіметі жаңа әліппені бірінші және екінші басқышты мектептерге міндетті пән ретінде енгізу жөнінде арнайы декрет қабылдады. Осы мектептерге арналған әртүрлі оқулықтар, саяси брошюролар шығарыла бастады. Жаңа әліппеге байланысты айтылған ғылыми пікірлерді жүйелеу мақсатымен Л.В.Щерба бастаған арнайы комиссия да құрылды. Бұл жаңа латын алфавитіне көшу идеясының құлаш жая түскенін көрсетті.

Жаңа латын алфавитіне көшу большевиктер көсемі В.Лениннің идеясы болғандықтан большевиктер партиясы үнемі қолдап ерекше қамқорлық жасап отырды, сондықтан бірте-бірте әріптерді латын алфавитіне ауыстыруды қолдаушылар позициясы нығая берді. Солтүстік Кавказдық тау халықтары арасындағы ағарту жұмыстары жөнінде өткізілген 1925 жылғы екінші конферецияда ингуш, кабардин, қарашай, адыгей, шешен халықтарының жазуын латынға көшіру мәселесі қойылды.

Жаңа түрік алфавитінің орталық комитеті құрылды, оның құрамына С.Ағмалы-Оғлы (төраға), В.А.Артемов, Б.М.Гранде, Л.И.Жирков, В.И.Лыткин,Н.Я.Марр, Е.Д.Поливанов, А.А.Реформаткий, А.Н.Смойлович, А.М.Сухоткин, Б.В.Чобан-заде, Г.Шараф, Р.О.Шор, К.К.Юдахин, Н.Ф.Яковлев (мүшелері) және басқалар енді[3]. Ол 1930 жылдан Бүкіл одақтық жаңа түрік алфавитінің орталық комитеті (ВЦКНА) болып қайта құрылды. Бұл комитетінің мақсаты түркі тілдес халықтардың латын алфавитіне көшуін қамтамасыз ету және жазуы жоқ халықтарға осы әліппені енгізу болып табылды.

Сөйтіп, большевиктер партиясы жаңа латын әліппесін басқа түркі тілдес халықтарға енгізу үшін, алдымен өзінің әліппесі ауыстыру саясатын қолдайтын күштерді дайындады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]