Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Божанов Әділхан. Жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

2.4. Қазақ зиялыларының пікірі. Съездің қорытындысы.

Елдес Омарұлы: «Біз латынның әрпін аламыз дегенше, Европаның мәдениетін қалай аламыз деп кеңесуіміз керек. Мәдениетсіз біреудің іші қуыс тонын киюден пайда шамалы. Біз не нәрсенің де сәніне қызықпай, дәніне қызығуымыз керек. ... Әлде болса да орынсыз латыншаны ортаға салғанша өз әріптеріміздің кемшілігін толықтыралық, соны қолданалық. Бізді мәдениетке жеткізбей жүрген түрік әліббиі емес, сондықтан оны жазықсыз құрбан қылудың орны жоқ» - екендігін айтып, айтысты тоқтатуға шақырды[26].

Ишанғали Арабайұлы да: «Біз шамамызға қарамай қолда барды жоғалтып, жоқты жасай алмай әуреленіп жүрмелік. Өмір жүзінде іске аспайтын нәрсені сөз қылудың орны жоқ, латын мәселесін тоқтау керек» - деп латын әліпбиін алу мәселесіне қарсылығын білдірді[27]. Халел Досмұхамедұлы, Манан Тұрғанбайұлы «латын мәселесін көтерудің мағынасы жоқ» деген пікірге қосылды[28].

Қанаш Қазанғапұлы Нәзір Төреқұлұлын қолдап сөйледі. Ерғали Алдоңғарұлы «Латын әрпі әбден талқыға түссін, бұл съез үзілді-кесілді қарар шығармасын, кейін тағы да жиналыстарда қаралып, армансыз шетілетін болсын» -деген пікірін білдіреді. Жарыс сөз біткен соң баяндамашыларға қайта сөз беріледі[29]. А.Байтұрсынұлы мен Н.Төреқұлұлы өз пікірлерінде қалатындығын айтып сөз сөйледі. А.Байтұрсынұлы сөзінің соңында әліпби мәселесіне орай ұсынып отырған өз жобасымен таныстырды:

«1 – Қазақ тұтынып отырған түрік әліббиінің баспа түрінің дара болмауы баспа істеріне де, үйрету жағына да қолайсыздық қылатын балғандықтан – ол қолайсыздықтан құтылу үшін түрік әліббиінің өзін түзету өзге әлібби алудан анағұрлым оңай болғандықтан: Түрік әліббиінің жазба түрін осы күйінде қалдырып, баспасын дара түрінде алу керек.

2 – Латын әліббиінің түрік әліббиінен жалғыз-ақ даралық жағынан болмаса, басқа жағынан қолайсыз кемшіліктері көп болғандықтан, ол артықтығы да түрік әліббиінің баспа түрік дараласақ жоғалатын болғандықтан, жаңа да латын әліббиін жүргізу жұмысы өте көп іс, көп күш керек қылатын болғандықтан, - латын әліббиін алу деген сөзді ауызға алмасқа керек».

Жобаны талқылауға қатысқан Н.Төреқұлұлы 2-ші бапты мүлде алып тастауды, 1-ші бапқа «Түрік әліббиінің өзін түзету өзге әлібби алудан анағұрлым оңай» - деген сөздерді «қалғаны қабылдасын» деген сөзбен ауыстыруды сұрады[30]. Н.Төреқұлұлының ұсынысын дауысқа салған кезде басым дауыспен А.Байтұрсынұлының бастапқы жобасы өзгеріссіз қалдырылды.

А.Байтұрсынұлы жобасының екінші бабындағы «латын әліббиін алу деген сөзді ауызға алмасқа керек» деген сөзді Нұртаза Ерәліұлы «латын әліббиін алу ертерек», Міржақып Дулатұлы «латын әліббиін алу деген сөзді орынсыз деп тану керек» деген сөздермен ауыстыруды ұсынды[31]. Ахмет Байтұрсынұлы өз жобасын Міржақып Дулатұлы айтқандай түзетуге болатындығын, дауысқа осы нұсқа салынуын сұрады. Алайда, дауысқа екі нұсқа да салынды. Нұртаза Ерәліұлына – 7, Міржақып Дулатұлына – 8 дауыс берілді, съездің бір мүшесі дауыс беруге қатыспай қалды. Сөйтіп, Міржақып Дулатұлы енгізген бір өзгертумен қаулы қабылданды. Осы кезде съезге қатысушы Нұртаза Ерәліұлы съез төрағасы Нұғыман Зәлиұлының Қазақстан ОАК мәжілісінде болу себепті 16 маусым күнгі мәжіліске қатыса алмай отырғанын, оның әліпби мәселесіне орай жазып, қол қойып жіберген ұсынысы бар екендігін мәлімдеді. Ол Нұғыман Зәлиұлының: «Мәселе аса маңызды болғандықтан, және де араб әліббиі мен латын әліббиінің айырмасы тиісті орындарда күн ілгері тексерілмегендіктен, бұл мәселе туралы тағайынды қарар шығарылмасын, бұл мәселе қазақ халқы біріккенен кейін, Қарақалпақтағы басқаларының өкілдері қатынасатын болашақ съезге салыну үшін оқу комиссариатына тапсырылсын.» - деген ұсынысын оқып шығып, оны дауысқа салуды сұрады[32]. Мұның өзі жаңа латын алфавитіне көшу мәселесі саяси астары бар аса маңызды іс екенін, ұлт республикаларының өздігімен шешер мәселесі емес екендігін байқатты. Бұл ұсынысты дауысқа салған кезде оны қолдаушылар саны да, оған қарсы болушылар саны да сегіз- сегізден болды. Мәжіліске қатыспағанмен ұсынысына қол қойып берген Н.Зәлиұлының дауысын қосып есептегенде оны қолдаушылар саны 9, қарсы дауыс – 8 болды.

Қазақстандық латыншалардың да бірте-бірте мерейі үстем болып, олар өз ой-пікірлерін партиялық жиналыстарды, мерзімді басылымдарда батыл жария ете бастады. Мерзімді басылымдардағы әріптерді ауыстыру мәселесіне арналған үлкен айтыс 1924 жылдың екінші жартысынан 1927 жылдың екінші жартысына дейін созылды. Түрік (араб) әліпбиі негізінде жасалған қазақ әліпбиінің жеке жазылуына кейбір толықтырулар енгізу қажеттігін айтқан, тәжірибе барысында мүмкіндігін танытқан ұлтымыздың мәдени-рухани өміріндегі орнын, оның жазылуындағы, таңбалануындағы, дыбысты, жеткізе алудағы ерекшеліктерін саралаған ұтымды ой-пікірлер де мерзімді басылымдарда жарық көрді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]