- •I тарау. Латын алфавиті
- •II тарау. 1924 жылғы орынбор қаласындағы қазақ білімпаздарының съезі
- •III тарау. 1926 жылғы қызылорда қаласындағы съезд
- •I тарау. Латын алфавиті
- •1.1. Латын алфавитінің тарихы.
- •1.2. Латын алфавитінің ксро елдерінде таралуы.
- •1.3. Қазақстанға латын алфавитінің келуі.
- •II тарау. 1924 жылғы орынбор қаласындағы қазақ білімпаздарының съезі
- •2.1. Қазақ тілінің араб әліппесінен латын әліппесіне көшу мәселесі
- •2.2. Ахмет Байтұрсынұлының баяндамасы.
- •2.3. Нәзір Төреқұловтың баяндамасы.
- •2.4. Қазақ зиялыларының пікірі. Съездің қорытындысы.
- •III тарау. 1926 жылғы қызылорда қаласындағы съезд
- •3.1. Латын және араб алфавиттерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Қорытынды
- •Пайдалынған әдебиеттер тізімі:
2.3. Нәзір Төреқұловтың баяндамасы.
Ахмет
Байтұрсынұлынан кейін латын әліпбиін
алуды қолдаушы Нәзір Төреқұлұлының
баяндамасы тындалды. Н.Төреқұлұлы: «Әріп
мәселесін жете тексеру керек деген
Ахметтің сөзін қостамасқа болмайды.
Бірақ Ахмет қазақтың осы күндегі қолданып
отырған түрік әліббиін өте мақтап , ал
латындікін қолайсыз деп көрсетті. ...
біздің латын жазуын алудан қашуымыздың
жөні жоқ[19] .
Латын жазуының түрікшемен салыстырғанда толып жатқан жеңілдігі, артықшылығы бар. Мәселен, бір нөмір қазақ газетін басып шығару үшін 15 бұт араб (түрік) әрпі керек, ал латын әрпімен бассақ 2 – 2 жарым бұт кетеді. Баспахананың түрік кассасында 174-200 әріп ұясы болады, латын кассасында 100-ден аспайды. Орыс әріп тізуші өз тілінде 7500 әріп тізгенде, латын әрпімен жазылатын поляк, франсуз тілдерінде 5500 әріп теріп шығарады. Татар әріп тізуші өз тілінде 5500 әріп тізгенде, өзге қазақ, өзбек секілділердің тілінде 4000-4200 әріп тереді, ал араб тілінде 3000 шамалы ғана тереді. Қазақ тізушісі латын әрпімен өз тілінде орыстар секілді 7500-ді тереді[20].
Латын әрпі жазуға да түрікшеден жеңілірек. Мәселен, түрік әрпінің әрбіреуі төрт түрлі, латындікі бір-ақ түрлі. Жанада түрік жазуында әріптердің өте түстестері бар, мәселен, нүктесі байқамай қойылмай кетсе, айыруға болмай қалады[21].
Латын әрпінің тағы бір қолайлы жағы – оның жазу машинасына керектігі. Осы кезде біз кеңселерде қазақ тілін жүргізбек болып отырмыз. Бұл заманда жазу машинасыз кеңсе істері саулап жүріп кетпек емес. Түрікше жазу машинасын шығару пікірі басталғанға 25 жыл болды, содан бері әлі бір жөнді машина шыққан жоқ. Осының бәрін салыстырғанда латын әрпін алсақ, әрі оқуға, жазуға жеңілдігі, әрі жұмысының оңайлығы көрініп тұр. Ал қаржы жағына келсек, 15 бұт әріппен 2 жарым бұт әріптің бағасы бір еместігі өзінен өзі белгілі. Латынша басылған кітап арзанға түспек, қызметкерлердің саны азайып оларға жұмсалатын ақы да кемімек[22]. Сондықтан біздің латын жазуын алудан қашуымыздың жөні жоқ. Жаңа нәрсені халық жатырқайды екен деп тоқталудың да жөні жоқ. Бұл ретте халықтың бұрынғы миссионерлер қазақ орыс әрпін алдыртамыз дегендеріне болған көзқарасын мысалға келтіруге болмайды. ... латын жазуын орыстардың алмай отырған себебі, бірінші олардың әдебиет кітаптары көп, сондықтан оның бәрін қайта бастыру осы заманда қиын болып отыр, екінші орыс әрпі біздікіне қарағанда онша ауырлық келтірмейді» - деді[23].
Баяндамадан кейін аталған мәселелер туралы сөйлеушілерге сөз берілді. Бірінші болып сөз алған Міржақып Дулатов: « Латын әліппесімен терілген газеттер түрік әліппесімен жазылған газеттерден қарағанда арзанға түсетіні анық. Латын әрпі мен түрік әрпі осы күнгі күйінде тұрғанда солай болатыны рас. Бірақ түрік әріптерінің баспасын біз даралап алмақшымыз. Түрік әрпінің бұрынғы төрт түрі сонда біреуге ғана айналмақ, сөйтіп бұрынғысынан 4 есе кемімек[24].
Олай болса, бір нөмірлік қазақша газетке латыншадан неше бұт әріп кетсе, түрікшеден де сонша кетеді. Латыншаның ұясы қанша болса, түрікшенің де ұясы сонша болады. Латынша мен түрікшенің тыныстары және тағы басқа белгілері бірдей болғанымен (сан жағынан), түрік әріптері дараланса, латындікі (әріптері) артып шықпақ, себебі, түрік әліпбиінде бас әріптер жоқ, латыншада бар. Егер латыншадан бас әріптерді шығарамыз десеңдер, сонда ғана екі жағы бірдей болады. Осылай болған соң латынша әріптерді алуға біз қызығарлық жеңілдік де, арзандықта болмай қалады. Біздің қазақ жұртында азды-көпті ақ үстінен қара танитындар – сауаттылар бар. Латын жазуын алатын болсақ, бізде бір сауатты адам қалмақ емес, сауатсыздықты жоюдың орнына бір сауаттылықты жою жолына түспекпіз. Осы күні баспақана күшіміздің кемдігінен, қаржының тапшылығынан қолдағы азын-аулақ кітаптарымызды бастыра алмай, газет, журналдарымызды дұрыстап шығара алмай шығарғанымызда6 латыншаға түссек, бұрынғы мың машақатпен басылып шыққан азды-көпті әдебиетімізді қайта бастырудың өзі бізге жеңіл соқпайды, латын әрпі бізге қаржы ала келіп бермейді. Орыс жұрты латыншаны алмай отыру себебі әдебиеті көптіктен болса, біздің аз әдебиетімізді қайта бастыруымыз орыстың көп әдебиетін қайта бастыруынан жеңіл емес. Өйткені орыста мың сан баспахана бар, біздер байлығы артық, білімі артық, ондай күш бізде жоқ. Сондықтан орыс ауырсынған нәрсені біздің оңай көруіміз ақылға сыймайды. Латын мәселесін көтеру бізге әлі ерте» - деді[25].
