- •I тарау. Латын алфавиті
- •II тарау. 1924 жылғы орынбор қаласындағы қазақ білімпаздарының съезі
- •III тарау. 1926 жылғы қызылорда қаласындағы съезд
- •I тарау. Латын алфавиті
- •1.1. Латын алфавитінің тарихы.
- •1.2. Латын алфавитінің ксро елдерінде таралуы.
- •1.3. Қазақстанға латын алфавитінің келуі.
- •II тарау. 1924 жылғы орынбор қаласындағы қазақ білімпаздарының съезі
- •2.1. Қазақ тілінің араб әліппесінен латын әліппесіне көшу мәселесі
- •2.2. Ахмет Байтұрсынұлының баяндамасы.
- •2.3. Нәзір Төреқұловтың баяндамасы.
- •2.4. Қазақ зиялыларының пікірі. Съездің қорытындысы.
- •III тарау. 1926 жылғы қызылорда қаласындағы съезд
- •3.1. Латын және араб алфавиттерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Қорытынды
- •Пайдалынған әдебиеттер тізімі:
1.3. Қазақстанға латын алфавитінің келуі.
Латын алфавитіне көшу мәселесі Қазақстанда да көтеріліп, латынның негізінде қазақ алфавитін жасауға тапсырма берілді. Н.Төреқұлов (Мәскеу), М.Мурзин (Орынбор), Х.Досмұхамедов (Ташкент) жаңа алфавиттің жобасын дайындады[4]. Қазақстанда әріптерді ауыстыруға байланысты пікір екіге жарылды. Ұлттық бағыттағы қазақ зиялылары ғасырлардан келе жатқан араб әліпбиін латынға ауыстыруды қолдаушылар пікірін «өздерінің атын шығару мақсатында жасалып жатқан нәтиже бермейтін іс» деп бағалады.
Латын алфавиті мәселесі талқыға 1924 жылы түскенімен, тек 1929 жылы ғана халқымызда қолданыла бастады, 1929-1940 жылдары 10 жыл бойы халқымыздың жазбасының негізі болды. Сол жылдары еліміздегі барлық жазба қағаздары латын алфавитіне аударылды.
XX ғасырдың басында латын алфавитін қабылдау үшін көптеген іс-шаралар жүргізілді. Жоғарғы оқу орындарының, техникумдардың, жұмысшы факультеттері мен совпартшколдардың студенттері жаңа алфавитті насихаттау жұмысына тартылды. Большевиктер партиясы көсемдерінің алдыңғы толқын алаш зиялыларын оқу-ағарту саласы мен идеология мәселесіне араластырмау жөніндегі біржақты көзқарасы ескі әліпбиді қолдаушылар позициясының әлсіреуіне әкелді. 1927 жылдың 27 мамырында жаңа латын алфавитін алуды қолдаушы 15 адам Қызылорда қаласында «Жаңа әліппешілер қоғамын» құрды. Арада бір айдай уақыт өткенде 1927 жылдың 19 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесінің қайлысымен – Қазіргі Жаңа Қазақ Алфавиті Комитеті құрылды.
1927 жылдың 30 тамызында Қазақстанға Ағмалы-оғлы келді. Оның осы сапарынан кейін «Жаңа әліппешілер қоғамы» мен Қазіргі Жаңа Қазақ Алфавиті Комитеті бірікті. 1927 жылдың 11 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес Жаңа Қазақ Алфавиті Орталық Комитеті құрамы толықтырылды[5].
1928
жылы 19 желтоқсанда республика Орталық
Атқару Комитетінің төрағасы Ерназаров
пен оның хатшысы Асылбеков қол қойған
«Жаңа қазақ алфавитін енгізу туралы»
қаулы қабылданды. Қаулыда іс қағаздарын
жаңа алфавитке көшіру 1929 жылдың 1
қазанынан 1931 жылдың 1 қазанына дейінгі
мерзімде жүзеге асырылып, «1931-1932 оқу
жылында барлық оқу
орындарында ана тілінде оқыту тек жаңа әріппен жүргізілетін болды»[6].
«Казахстанская правда», «Социалды Қазақстан» және басқа облыстық, аудандық газеттерге ұйымдастыру және үгіт-насихат жұмыстарын жан-жақты жүргізу міндеттелді. «Жаңа әліппе күн шығыстағы төнкерістің бір түрі» /Ленин/, «Жаңа әліппе жасасын!», «Жойылсын, сауаттануға кедергі болған араб әліппесі», «Жасасын, жаңа мәдениетке жол ашқан октябрьдің ұлы төңкерісі!», «Жаңа алфавит мәдени жорық майданындағы күшті қару. Баспасөз, мұғалімдер, комсомолдар, ауыл белсенділері, кеңес қоғамы – барлығы жаңа алфавит үшін!» және басқа ұрандар белгіленді[7].
Бүкіл одақтық жаңа түрік алфавитінің орталық комитеті КСРО-дағы 20 ұлттық аймақтың әліппесін латынға ауыстырып, бұрын әліппесі болмаған 50 ұлттық аймаққа латын алфавитін енгізді. Көп уақыт өтпестен латын алфавитінен орыс графикасына көші басталды. Бұл большевиктік партияның түркі халықтарын орыстандыру саясатының жоспарлы бағыттарының бірі екенін анық көрсетті. 1936-1941 жылдары «жаңа алфавит» орыс графикасына көшірілді. Кеңестік тоталитарлық жүйе орыс графикасын енгізу арқылы өзінің ұлтсыздандыру саясатына даңғыл жол ашып алды. Енді саяси-идеологиялық тұрғыдан ауытқығандарды қаулы-қарарлар мен мерзімді басылымдардың күшімен-ақ реттеп отыратын мүмкіндікке қол жеткізді.
