
- •I тарау. Латын алфавиті
- •II тарау. 1924 жылғы орынбор қаласындағы қазақ білімпаздарының съезі
- •III тарау. 1926 жылғы қызылорда қаласындағы съезд
- •I тарау. Латын алфавиті
- •1.1. Латын алфавитінің тарихы.
- •1.2. Латын алфавитінің ксро елдерінде таралуы.
- •1.3. Қазақстанға латын алфавитінің келуі.
- •II тарау. 1924 жылғы орынбор қаласындағы қазақ білімпаздарының съезі
- •2.1. Қазақ тілінің араб әліппесінен латын әліппесіне көшу мәселесі
- •2.2. Ахмет Байтұрсынұлының баяндамасы.
- •2.3. Нәзір Төреқұловтың баяндамасы.
- •2.4. Қазақ зиялыларының пікірі. Съездің қорытындысы.
- •III тарау. 1926 жылғы қызылорда қаласындағы съезд
- •3.1. Латын және араб алфавиттерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Қорытынды
- •Пайдалынған әдебиеттер тізімі:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №9 «ЗЕРДЕ» МЕКТЕБІ
АЛАШОРДАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ЛАТЫН АЛФАВИТІНЕ КӨШУДЕГІ КӨЗҚАРАСЫ
Дайындаған: 10 сынып оқушысы Божанов Әділхан
Бейіндік жетекшісі: «Зерде» дарынды балалар мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Рахимова Гульнар Мизинбайқызы
Астана-2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I тарау. Латын алфавиті
1.1. Латын алфавитінің тарихы..............................................................................6
1.2. Латын алфавитінің КСРО елдерінде таралуы..............................................7
1.3. Қазақстанға латын алфавитінің келуі............................................................9
II тарау. 1924 жылғы орынбор қаласындағы қазақ білімпаздарының съезі
2.1. Қазақ тілінің араб әліппесінен латын әліппесіне көшу мәселесі...........11
2.2. Ахмет Байтұрсынұлының баяндамасы.........................................................12
2.3. Нәзір Төреқұловтың баяндамасы..................................................................16
2.4. Қазақ зиялыларының пікірі. Съездің қорытындысы..................................18
III тарау. 1926 жылғы қызылорда қаласындағы съезд
3.1. Латын және араб алфавиттерінің
артықшылықтары мен кемшіліктері...................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................26
Кіріспе
Тіл - қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның пайда болуымен бірге пайда болып, дамуымен бірге дамып отырады. Ал жазу тілдің материялдық сызба таңбаларының жүйесі, жазба қатынас құралы.
Сонымен бірге, адамзат қоғамының дамуы барысындағы барлық факторлардың ішінде шешуші рөл атқаратын фактор тіл-жазу екені баршаға аян. Сондықтан, әрбір ұлт өз тіл-жазуы арқылы өз мәдениетін дамытады, ілгерілетеді.
Қазақ халқымыздың жазбасы туралы айтып кетсек, ұлтымызда жазудың тым ертеде, бұдан екі мың жылда үш мың жыл бұрын пайда болғанын тарихшылар дәлелдеп отыр. Содан бері әрқайсысы тарихи даму кезеңдерінде дана халқымыз сол дәуірдің даму талабына үйлесетін, тілімізді біршама толық бейнелеп бере алатын алуан түрлі жазуларды қолданды. Одан белгілі болғандары: Қазақстанның Есік қаласынан табылған, осыдан 2300 жылда 2500 жыл бұрынғы ежелгі сақтардан қалған Есік жазуы, Ⅴ-Ⅷ ғасырларда қолданылған Орхон-Енисей жазулары, осыдан кейін Шынжаң мен тұтас Орта Азия өңірінде кең таралған соғды жазуы қолданылған.Ⅹғасырдан кейін ислам дінінің ықпалымен араб жазуы қолданылды. Осыдан бастап ұзақ жылдар бойы қазақ халқы араб жазуын қолданды.
XX ғасырдың 20-шы жылдары Қазақстанда қазақ әліппесінің латын алфавитіне көшу мәселелері қарастырылды. Ал сол ғасырдың 40-шы жылдары халқымызды орыстандыру мақсатымен орыс ықпалымен қазақ жазбасы кириллицаға өзгерді.
Осы жазулардың барлығы да халқымыздың жазуға деген қажетін толық қанағаттандырып отырды. Десе де олар бір талай уақытты бастан кешкеннен кейін қоғамның даму талабына үйлесе алмай бірінің орнын бірі басып келеді. Дәуірдің дамуы қазірде солай болуды талап етіп отыр. Яғни, осынау информация ғылымы мен компьютер техникасы ұшқан құстай дамыған білім экономикасы дәуірінде, латын алфавиті негізіндегі жазуды немесе кириллица алфавиті негізіндегі жазуды жалғастыра беру керек пе, жоқ па?
Осы жазулар қазіргі және болашақтағы ғылым техниканың дамуына, әсіресе жаратылыстық ғылымдармен компьютер техникасының дамуына ілесе алама, жоқ па? - деген мәселе кісіні ойландырады. Десе де, ұлтымыз біраз жылдар бойы латын, жарты ғасырдан артық кириллицаны қолданып мол мәдени қор жиып, мәдениетіміз марқая түсті. Бұны дұрыс түсіну керек.
Ахмет Байтұрсынов 1914 жылы-ақ: «Россия қоластында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бәрі тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, хүкіметке онан артық ұнамды іс болмас», - деп айтқаны кеңес тұсында тұп-тура келді де тұрды. Кеңес заманында орыстандыру саясаты тіл арқылы жүргізілуінің нәтижесінде қазақ тілінен, ділінен айырылып қала жаздағаны шындық емес пе?
Байтұрсынұлын 1929 жылы Архангельскіге жер аударып, іле-шала қазақ жазуын латыншаға көшіру, ал 1938 жылы Ахметті атып, артынша орыс әліпбиіне ауыстыру арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Әрине, мұндай қаскөй пиғылға патша заманында жанын салып қарсы тұрған қазақ жазуы атасының көзін құртпайынша, көңілдегі ойды жүзеге асыру оңайға түсіп соқпайтынын коммунист белсенділер түсінсе керек.
Дүниежүзілік қазақтарының II құрылтайында Қазақстан Республиканың Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Н.Назарбаев сөз сөйлеп, онда ол: «40-тан астам шетелдерде тұратын қазақтардың саны бес миллионнан асты. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі қазақтардың ауызекі сөйлеуінде ешқандай айырмашылық жоқ. Дегенмен жазу мәселесіндегі жағдай мүлдем басқаша», - деді.
Бүгінде бір елде тұратын қазақ екінші бір елде тұратын қазақтың жазуын түсінбейтін жағдай қалыптасып отыр. Мысалы, Қытайдағы қазақтар араб әліпбиіне негізделген төте жазуды пайдаланады. Қазақстанда, Ресейде, Моңғолияда тұратын қазақтар кириллицамен жазады. Түркия мен Еуропа қазақтары латын әліпбиімен сауат ашқан. Ал Өзбекстан мен Түрікменстан латын әліпбиіне көше бастады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» жалдауында латын алфавитінің еліміздің болашағы үшін маңыздылғы туралы айтып кетеді: «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс.
Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.
Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сөздер құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек.
Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек.
Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз.
Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.
Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» .
Тақырыптың өзектілігі:
Бүгінгі таңда еліміз үшін өзекті мәселелердің бірі – қазақ әліппесінің кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі болып келеді. Егемендік алғанымызға 20 жылдан аса уақыт өтсе де, әлі де тілімізді шұбарлаудан тазалай алмай келеміз. Қазіргі уақыттағы тіл мәселесінің өзектілігі осында болып отыр. Сонымен қоса, егер біз қазақ алфавитін латыншаға ауыстырсақ келешекте біздің алдымызда қандай мәселелер туындау мүмкін деген сұрақ қалыптасып отыр.
Тақырыптың мақсаты:
Алаш қайраткерлерінің латын әліпбиіне көшу туралы көзқарасын баяндау және қазіргі заман талабына сай келуіне баға беру.
Міндеттері:
Латын алфавитінің тарихына байланысты деректерді зерттеу, жинақтау.
Қазақ жазуының латын әліппесіне көшудегі латын әліппесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
Тарихи деректерге сүйене отырып, латын әліппесінің қазақ халқымызға тигізген әсерін анықтау.
Алаш Орда қайраткерлерінің қазақ жазуының латын әліппесіне көшудегі көзқарасы туралы деректер жинақтау.