Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
O_1240_K_M_1178_zhB_2014-2015_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
900 Кб
Скачать
☆

1. Пәннің мақсаты:

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясаттың мақсатына жетудегі маңызды стратегиялық звеносы болып табылады.

Оқу пәнінің негізгі мақсаты – студенттердің мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен мемлекеттік басқару теориясы саласындағы мақсатты жүйелі білімді игеруі, мемлекеттің құқықтық саясат Тұжырымдамасының негізгі ережелерін айқындауы.

Пәннің міндеттері:

- жария-құқықтық институт ретінде мемлекеттік қызмет табиғатының ерекшеліктерін түсінуді қалыптастыру;

- мемлекеттік қызмет саласындағы теориялық тұжырымыдар мен идеялар туралы білім беру;

- мемлекеттік қызмет механизимі арқылы мемлекеттің қызметтін тұрақты жүзеге асыру тәсілдері мен ұйымдастыруды ішкі құрылымда ұсынуды қалыптастыру;

– мемлекеттік қызметтің өзінің басқарылу тәсілдеріне түсінік беру (қызметкерлерді ынталандыру арқылы, қызметін бағалау, этикалық нормаларды пайдалану және т.б.);

- әлемдік үрдістегі мемлекеттік басқаруды модернизациялаудағы қазақстандық мемлекеттік қызметтің орынын анықтауға мүмкіндік беретін білімнің сараптамалық құралдарын қалыптастыру;

- мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі мен шетелдердегі ұқсастықтарын салыстырмалы талдауды игеру және де шетелдік тәжірибені Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет институтында енгізіп жетілдіру жөніндегі негізні бағыттарды айқындау.

2. Пнәннің пререквизиттері:

Мемлекеттік қызмет және басқару пәні мен модулін оқу студентке қалыптасқан мемлекеттік басқару жүйесі, ҚР мемлекеттік қызмет құрылымы мен ұйымдастырылуы туралы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі элементтер арасындағы өзара байланысты, қатынасты, заңдылықты, алғашқы негіздерді және де мемлекеттік басқару органдарының құқықтық актілерінің мәнін, белгілерін анықтауға мүмкіндік туғызады.

3. Пәннің постреквизиттері: «Мемлекеттік басқарудың құқықтық негізі. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік басқару органдарының құқықтық актілері бойынша практикум» пән модулі заң саласындағы мамандануға сәйкес студенттердің теориялық және тәжірибелік дайындауға құрастырылған

Курсты оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

- жария-құқықтық институт ретінде мемлекеттік қызмет табиғатының ерекшеліктерін түсінуі;

- мемлекеттік қызмет және басқарудың құқық жүйесіндегі орыны мен маңызы туралы түсініуі;

- мемлекеттік қызмет саласындағы теориялық тұжырымыдар мен идеялар туралы білім алуы;

- мемлекеттік қызмет механизимі арқылы мемлекеттің қызметін тұрақты жүзеге асыру тәсілдері мен ұйымдастырудың ішкі құрылымда ұсынуды қалыптастыра білуі;

– мемлекеттік қызметтің өзінің басқарылу тәсілдеріне түсінуі (қызметкерлерді ынталандыру арқылы, қызметін бағалау, этикалық нормаларды пайдалану және т.б.);

- әлемдік үрдістегі мемлекеттік басқаруды модернизациялаудағы қазақстандық мемлекеттік қызметтің орынын анықтауға мүмкіндік беретін білімнің сараптамалық құралдарын қалыптастыра білуі;

- мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі мен шетелдердегі ұқсастықтарын салыстырмалы талдауды игеру және де шетелдік тәжірибені Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет институтында енгізіп жетілдіру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындай білуі.

- мемлекеттік қызметтің даму ерекшеліктері мен қызмет етуін, қалыптасу заңдылықтарын олардың негізгі сипаттамасын, ҚР мемлекеттік органдарының құзыретті мен ұйымдастыруын;

- қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуын;

- мемлекеттік қызметті реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін.

Теориялық ережелер көлімі мен проблемаларды игеру нәтижесінде студент істей алуы тиіс:

- пән бойынша заңнамалық түсініктер мен категорияларды пайдалана алуы;

- мемлекеттік басқаруағы құқықтық қатынаспен байланысты туындайтын және заңдық айғақтарды талдай алуы;

- мемлекеттік қызметтің және басқарудың негізгі институттарына сипаттама беру мен олардың құқықтық қайнар көздерінің ерекшеліктерін талдай білу;

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдалана білу;

- әлеуметтік ғылыми әдебиеттер мен анықтамалық оқу құралдарын пайдалана білу;

- мемлекеттік қызмет және басқару пәнін оқу нәтижесінде алған білімдерін қоғамдық ортамен байланыстыра білу;

- мемлекеттік қызмет және басқару пәнін, құқықтың түрлі салаларын оқу барысында қолдана білу;

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдаланып, заңнамалық құжаттарды дұрыс құрастыру мен рәсімдей білу;

Курсты оқу нәтижесінде студент меңгеруі тиіс:

- мемлекеттік қызмет бойынша түрлі құқықтық құбылыстарды талдауды, заңдық айғақтарды, құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды, құқық қолдану тәжірибесін игеру;

- заңдық терминдерді қолдана отырып өз ойын еркін ойлау қабілетімен жеткізу;

- құқықтық ақпараттарды өз бетінше іздене білуі;

- мемлекеттік қызмет саласы қатнасын реттейтін нормаларды жүзеге асыра білу.

Курсты оқу нәтижесінде студент жетік білуі тиіс:

- мемлекеттік қызмет және басқару саласында туындайтын даулы мәселелерді шешу мен мемлекеттік қызмет көрсету барысында жүгінушілеріне қатысты шешім қабылдап, қорытынды беруде жетік болуы тиіс.

Студенттердің міндеттері:

- мемлекеттік қызмет туралы заңның құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастар туралы, құқықтық институт ретіндегі негізгі түсініктері туралы нақты болжамдай білуі;

- мемлекеттік қызмет және басқарудың негіздері туралы болжамдай алуы;

- мемлекеттік қызметкерлердің заңды жауапкершілігі туралы оны салық заңнамаларын бұзғаны үшін жүзеге асыра алуы;

- нормативтік актілер мен ситуацияларды талдай отырып теориялық білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана алуы.