Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.93 Кб
Скачать

XX ғасырдағы Отандық философия

Қайшылыққа толы ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында еркеше орын алды. Ресей империясының шеңберіндегі қысылған, езілген халықтың ұлттық сана- сезімі, еріктікке, халықтың өз бостандығына деген іңкәрі оянады; халық зорлық-зомбылықтыңнегізінде жартылай қырылып, геноцидке (тұқымымен құру) түсежаздап, Кеңес заманының алғашқы кездерінде түпкілікті түрде көшпелділік өмір салтымен қоштасып жерге отырады, сауты ашылып, мәдениеті дамиды. Жергілікті халықтың саны күрт төмендеген соң, оның кең байтақ бай жеріне басқа ұтллар ұлыстардың өкілдері өз еркіміен, я болмаса, қуғын-сүргінге ұшырап көптеп келе бастайды, қазақ елі көпұлттылық елге айналады. Жаңа қалалар бой көтереді, тау-кен өндірістері тез қарқынмен дамиды, тың жерлер бұрынғы-соғды болмаған қарқынмен игеріле бастайды.

70-ші жылдардың аяғы, 80-ші жылдардың басында Кеңес Одағы іріп-шіріп, империя күйзеліске ұшырайды- соның нәтижесінде 90-шы жылдары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болады. Қазақ халқының жүздеген жылдары бойы армандаған ел бостандығы жүзеге асып Егемен Қазақ Елі дүниеге келеді.Сонымен, ғасыр трагедиямен басталса, соңында халықтың шаттыққа тоы жарқын үміттерімен, оның жаңа мемлекет орнатудағықұлшынысымен аяқталады, ХХІ ғ ұласады. Міне, жоғарыдағы айтылған тарихи өзгерістер мен көлемді оқиғалар философия саласында терең толғауларды тудырып, Отандық ой-талғамды жаңа сатыға көтереді. Енді әңгімені нақтылай келе ХХ ғ ұлы ойшылдардың философиялық шығармашылығына назар аударайық.

Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары.

Ұлы Айбайдың туысы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931жж.)-ХІХ ғ аяғы –ХХ ғ басында өзінің терең де жан-жақты рухани еңбектерімен тарихта қалған, қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы ойшыл-философ, тарихшы, ағартушы, ақын. Оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына ағасы, тәлім-тәрбие берушісі-Абайдың ықпалы өте зор болды. Өзінің аса дарындылығының арқасында Шәкәрім бес жасынан бастап сауатын ашып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін өзіндік жолмен оқып-біліп,соның нәтижесінде Батыс және Шығыс философиясы, әдебиеті мен поязиясынан сусындап өзіне тән ерекше дүниеге деген көзқарасын қалыптастырды.

Шәкәрімнің онтологиялық (болымыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны рационалдық келе деизм (Құдайды Жаратушы ретінде мойындағанымен, Табиғат әрі қарай өз өаңдылықтарының негізінде өмір сүре береді) бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзінің «Тіршілік, жан туралы» өлеңінде ойщыл Дүние жөнінде былай дейді:

«Жаралыс басы қозғалыс,

Қозғауға керек қолқабыс,

«Жан» де, мелің «мән» де,

Сол қуатпен бол таныс.

Әлемді сол мән таратқан,

Қозғалмаса көшпейді.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейді».

Бұл шумақтан біз бүкіл дамудың қайнар көзі қозғалыста екенін, ол жоқ жерде өсіп-өнудің де жоқ екенін байқаймыз. Бірақ, ойшыл сол сол қозғалыстың өзі бір қуаттың арқасында болатынын айтады. Бұл еріксіз ХХ ғ өмір сүрген әйгілі француз діни философы Теяр де Шардеинің дүниенің негізіндегі «тангенциалдық» (физикалық) және «радиалдық» (психикалық) энергияларжөніндегі ойлары есімізге түседі- Шәкәрімнің көзқарасы оған өте жақын. Әрі қарай:

«Құс, балық, шаян, көп алуан,

Айуаннан өсіп болдық адам,

Кеіміз есті, кеіміз надан,

Жаралыс салған сондай мән».

Бұл ақынның жолдарынан біз адамның табиғаттың төлтуындысы екенін байқаймыз, яғни ол бұл мәселеге жаратылыстану тұрғысынан қараған екен.

«Жанымыз күннен келген нұрдан,

Тәніміз топырақ пенен судан.

Күн-атам, анық жер-анам,

Бірі нұр беріп, бірі-тамақ,

Бұзады бірақ қайтадан.

Ер жетем, толам, қайта солам,

Әрі анам-бұл жер, әрі –молам...»

Ұқсаң анық айттым ғой, бұл таза жол»-дедә ақын. Сонымен бірге, ол әрбір адамды жасампаздық еңбекке шақырады:

«Қамдан, сақтан,қағып бақ, бәл келесе,

Бәрін Құдай қылады дегенге ерме».-деп ескертеді, Әсіресе, мына жолдар бізге ауадай қажет сияқты:

«Өнер қылма ар сатып жалданбақты,

Ұлық болып елді жеп мақтанбақты.

Біреуді жеп, біреуд табамыз деп,

Қашан жақсы көруші-ек алданбақты»

Қорыта келе, Шәкәрімнің философиясы өте биік, нәзік те терең, өз заманын озған десек қателеспейміз. Оның идеялары қазақ руханиятынан тыс бүкіләлемдік біліме өз үлесін қосты айтуға әбден болады.