- •050609 – «География» және 050116 – «География» мамандықтары үшін
- •1.1. Оқытушылар жөнінде мәлімет:
- •1.3. Пререквизиттер:
- •1.4. Постреквизиттер:
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6. «Саяси география геосаясат негіздерімен» пәнінен тапсырмаларды тапсыру және орындау кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.8. Бағалау хабарламасы:
- •Төменде білімді бағалаудың шкаласы берілген Бақылау-шкаласы
- •Студенттердің білімін бағалаудың рейтингілі шкаласы
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар.
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2. Дәріс сабақтарының тезистері
- •2) Өтпелі экономика елдері.
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Зертханалық сабақтар жоспары
- •1 Тақырып: Геосаясат және саяси география: бір-бірімен байланыстылығы және қарым-қатынастылығы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •2 Тақырып: Дүние жүзі саяси географиясының дамуы және қоғамның саяси – аумақтық ұйымдасу концепциясы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •3 Тақырып: «Қырғи қабақ соғыстан» кейінгі әлем: бірполюстік және көпполюстік
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •4 Тақырып: Қазақстан – Ресей қарым-қатынасы: проблемаларының экономикалық-географиялық және геосаяси аспектілері
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •5 Тақырып: Қазақстан – Қытай қатынастарындағы мемлекеттік шекара проблемалары, делимитация және демаркация мәселелері
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •6 Тақырып: Орталық Азия мен Қазақстандағы басты геосаяси мүдделері бар күштер мен топтар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •2.5 Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстарының жоспары
- •1 Тақырып. Қазіргі таңдағы еуразиялық мәселелер бойынша қр Президентінің геосаяси еңбектеріндегі, оның негізгі идеяларын анықтау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қр Президенті н.Ә.Назарбаев еңбектері
- •2 Тақырып. Еуразияның географиялық, саяси және экономикалық біртұтастығына сипаттама беру.
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •3 Тақырып. Саяси география. Оның 1960-1970 жылдардағы анықтамасы. Қазіргі кездегі анықтамаларына талдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •4 Тақырып. Дүние жүзі саяси географиясының дамуының негізгі кезеңдері, олардың сипатты белгілері
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •5 Тақырып. Соңғы жылдардағы «мемлекеттік идея» (ұлттық идея) және иконографияның дамуы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •6 Тақырып. Саяси географияның жаңаша даму бағыттары, әлемдік саяси географияның дамуындағы, оның қазіргі кезеңінің бұрынғыларынан айырмашылығы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •7 Тақырып. Қоғамның саяси – аумақтық ұйымдасуы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •8 Тақырып. Дүниежүзілік жүйе және шекараларды зерттеулердің қазіргі қағидаларының байланыстылығы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •9 Тақырып. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері
- •10 Тақырып. Тмд елдерінің геосаяси және экономикалық жағдайы
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •1 Тақырып: Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы, қалыптасу кезеңдері
- •Тақырып 2. Австралия мен Мұхит аралдары елдерінің саяси картасы
- •Тақырып 3: Африка елдері саяси картасының қалыптасуы
- •Тақырып 4: Шетелдік Азияның саяси картасы
- •Тақырып 5: Латын Америкасы елдерінің саяси картасы
- •Тақырып 6: Еуропа елдерінің саяси картасы
- •Тақырып 7: Ғаламдық бейбітшілікті сақтау мәселелері
- •Тақырып 8: Саяси тұрақсыздық – ғаламдық мәселе
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Саяси география геосаясат негіздерімен пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
- •050609 – «География» және 050116 – «География» мамандықтары үшін
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
«Саяси география геосаясат негіздерімен» курсы бойынша іс-тәжірибелік сабақтар қарастырылмаған
2.4 Зертханалық сабақтар жоспары
1 Тақырып: Геосаясат және саяси география: бір-бірімен байланыстылығы және қарым-қатынастылығы
Сұрақтар:
Геосаясат ұғымы, қалыптасу кезеңі
Геосаясаттың Кеңестік аумақта кеш қабылдану себептері
Ядролық ұстанымның геосаяси доктринасы
ХХІ ғ. «Оңтүстік» пен «Солтүстік» айырмашылықтарының артуы
Геосаясат пен саяси география: айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Мемлекет саясатының географиялық факторларға тәуелділігін қалай түсінесіз
Тапсырмалар:
Кесте түрінде табиғи шекаралардың (мысалы, Альпі, Кавказ, Гималай таулары) саяси шекара болуын және керісінше екендігін көрсетіп, ауызша түсіндірме беру
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі бойынша көшбасшы (лидер) 5 мемлекетке кесте құру
Әдістемелік нұсқаулар
1 тапсырманы орындау барысында төмендегі 1-кесте үлгісін пайдалануға болады
1 – кесте (үлгі)
№ |
Табиғи шекаралар |
Қай мемлекеттер арасында саяси шекара |
Араласу аймағы ретінде |
1. |
Альпі таулары |
|
|
2. |
Кавказ таулары |
|
|
3. |
Гималай таулары |
|
|
Тапсырманы ауыша түсіндіруге дайындалу.
2 тапсырма, статистикалық мәліметтер көмегімен, соңғы 5-10 жылдардағы дүние жүзі бойынша ЖІӨ мен жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі бойынша алдыңғы 5 орынды иемденетін мемлекеттерге 2-кесте түрінде (немесе басқа үлгіде де) сипаттама беруге негізделеді.
2 – кесте
Жалпы ішкі өнім |
Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім |
||||
№ |
Мемлекет аты |
ЖІӨ көлемі |
№ |
Мемлекет аты |
ЖІӨ көлемі |
1 |
АҚШ |
7 трлн долл. |
1 |
Люксембург |
47986 доллар |
2 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
3 |
|
|
4 |
|
|
4 |
|
|
5 |
|
|
5 |
|
|
Негізгі әдебиет: [1,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,57,59,61]
2 Тақырып: Дүние жүзі саяси географиясының дамуы және қоғамның саяси – аумақтық ұйымдасу концепциясы
Сұрақтар:
Дүние жүзі саяси географиясының даму кезеңдері
Қоғамның саяси-аумақтық ұйымдасуы дегенді қалай түсінесіз ?
Қоғманың саяси-аумақтық ұйымдасу концепциялары
Саяси география пәні, зерттеу нысаны
Әлемнің қазіргі суреті дегенді қалай түсінесіз ?
Тапсырмалар:
Х.Маккиндердің, К.Хаусхофердің және әлемнің қазіргі геосаяси суретін салыстырып, салыстырмалы сипаттама беру
А. де Северскийдің ұсынған әлемнің геостратегиялық суретіне жазбаша сипаттама беру
