- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр Салық құқығы»
- •Мазмұны
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.2 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •4.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •«Қр салық құқығы» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /15 сағат/
- •8. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша соөж (консультация) тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж-1) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару пәні бойынша жазбаша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж -1) дайындауға арналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 2-бақылау жұмысын (бж-2) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •10. Әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік карта
- •Қр Салық құқығы (дәріс)
- •1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.
- •2. Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.
- •3. Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық катынастары. Фискальдық, реттеуші, әлеуметтік, бақылаушы функциялар.
- •4. Салықтық төлемдерді топтастыру. Салықтардың негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары.
- •5. Салықтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік - экономикалық рөлі.
- •1. Салық заң құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы
- •1. Мемлекеттің салықтық қызметінің ұғымы. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздері. Салықтық қызмет әдістері. Мемлекеттің салық саясаты, мәні және құқықтық нысаны.
- •3. Салық салу принциптерінің жүйесі. Салық салу принциптері жөнінде а.Смит және басқа да классиктер. Салық салу принциптерін бұзу белгілері.
- •4. Салықтарды белгілеу салық салудың негізгі актісі ретінде. Салықты белгілеу ұғымы. Салықты белгілеу субъектісі және нысаны. Салықты белгілеу тәртібі.
- •1. Салықтық кұқық нормасының ұғымы. Салықтық құқық нормасының өзіне тән белгілері.
- •2. Салықтық құқықтың норманың құрылымы. Салықтық құқықтық нормаларды топтастыру.
- •3. Салықтық құқықтың реттеуші нормалары. Салықтық құқықтың реттеуші нормаларының түрлері: міндеттеуші, тыйым салушы, рұқсат (қүқық) беруші.
- •1. Салықтық қүқықтық қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әлеуметтік бағдары. Салықтық құқықтық қатынастардың топтастырылуы. Материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық қатынастары.
- •3. Салықтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
- •1. Салық төлеуші - салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде. Салық төлеушінің мәртебесін айқындау. Салық төлеушілердің түрлері.
- •1. Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ерекшеліктері. Салықтық міндеттеменің азаматтық құқықтық міндеттемеден өзгешелігі.
- •2. Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні. Салықтық міндеттеменің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.
- •3. Салықтық міндеттемені орындау. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері.
- •4. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері. Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері.
- •1. Салық салу аясындағы басқару органдарының жүйесі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, қолданысқа енгізу және жою.
- •4. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттеріні мәні.
- •5. Кедендік органдардың салық салу жөніндегі өкілеттіктері.
- •6. Уәкілетті және жергілікті атқарушы билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері.
- •2. Салықтық тексеру ұғымы және түрлері. Салықтық тексеру жүргізу тәртібі. Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және кұкықтық маңызы.
- •3. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
- •1. Корпорациялық табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.
- •2. Жеке табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері, салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Табыс салығының ставкасы. Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.
- •3. Қосылған құн салығы (ққс). Салық салу объектілері. Салықты төлеушілер. Салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салықтық кезең. Ққс ставкалары.
- •1. .Акциздер. Салық салу объектісі, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі. Салық салу ставкасы.
- •2. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы. Салық төлеушілері, салық салу объектісі. Салықтық кезең, төлеу мерзімдері.
- •3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.
- •4. Әлеуметтік салық. Салық салу объектісі. Салықты төлеушілер. Салық ставкалары. Салықты есептеу және төлеу тәртібі.
- •1. Арнаулы салық режимін колдану, оның ерекшеліктері.
- •2. Шағын бизнес субъектілері. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолдану жағдайлары.
- •3. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері.
- •4. Занды тұлғалар ауыл шаруашылығы енімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі.
- •5. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі.
- •2. Алымның түрлері.
- •2. Төлемақының түрлері.
- •1. Жалпы ережелер. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері, мемлекеттік баж ставкалары, мемлекеттік бажды алу кезінде көзделінетін жеңілдіктер, мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібі.
- •2. Қр салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Салық занамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлері.
- •Салық құқығы пәні бойынша глосарий
- •«Салық құқығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
Бүгінде салықтардың және олардың жұмыс істеуінің құқықтык қамтамасыз етілуі біздің коғамдағы атышулы мәселелер қатарына жатады. Салықтар мемлекет кірісінің негізгі түрі болып табылады және қоғам мүдделі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру көзі ретінде қызмет етеді. Осы орайда мемлекет алдында салық жүйесінің тиімді жүмыс істеуін құқықтық камтамасыз ету механизмін құру міндеті туындайды.
Қазіргі уақытта салықтық құқықты білу және игеру заңгерлерді кәсіби дайындау барысында маңызды рөл атқаруда. Өйткені салық заңнамасы қоғам өмірінің нақтылы аясындағы қатысушылар арасында кұрылатын тиісті құқықтық қатынас моделін қалыптастырады. Салықтық құкықтық мемлекеттік органдарға да, салық төлеушілер заңды және жеке тұлғаларға да тікелей катысы бар. Осы орайда әрбір азаматтың салық заңнамасын білгені де дұрыс әрі қажет болады.
Осы бағдарлама салықтық құқық саласындағы теориялық және әдістемелік проблемаларды зерделеуге арналған.
Курстың мақсаты – салықтық міндетемелер, салықтық құқықтық қатынастарды, салық органдары мен агенттері, салық төлеушілер арасындағы туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары мазмұны және мағынасын студенттерге түсіндіру.
Пәнді оқып-үйрену міндеттері:
- салық заңдарды оқып білу және оның қолдану механизмін үйрену;
- теориялық және іс жүзіндегі тәжірибені өмірде қолдануды меңгеру;
- салық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыруға қажет салықтық құқықтық сананы тәрбиелеу.
Сабақтарды өткізу нысандары: дәріс, практикалық сабақ, СОӨЖ, СӨЖ. Дәрістік сабақтар оқу курсы бойынша қарастырылған тақырыптарды теориялық жағынан игеруге және талдауға бағытталған. Практикалық сабақтар ауызша және жазбаша нысандарында өткізіледі. Олар дәрістік материалдарды неғұрлым терең игеруге және бекітуге бағытталған. Студенттердің өзіндік жұмыстары аудиториядан тыс өткізіледі және алдын ала берілген тапсырмалар бойынша нормативтік, оқу және ғылыми қайнар көздермен танысуға және тапсырмалар орындауға бағытталған.
Білімді тексеру нысандары: екі аралық бақылау, емтихан. Білімді тексеру студенттердің осы арнайы курсты игергендігін кешенді тексеруге бағытталған және студенттердің қойылған сұрақтарға жауап беруі, нақты тәжірбиелік есептерді шешуі нысанында жүргізіледі. Межелі бақылау тестілеу түрінде жүргізіледі.
Студент дәріс сабақтарында жазған, түсінген білімдерін және семинар сабағына берілген тапсырмалар бойынша толық дайындалуы керек. Семинар сабағы бойынша білімді тексерудің келесідей нысандары қолданылуы мүмкін: ауызша және жазбаша (тесттік сұрау, бақылау жұмыстары, карточкалармен жұмыс, баяндамалар, ақпараттар, рефераттар, үй тапсырмалары және т.б.)
Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады. Бақылау жұмысының көлемі 5 - 6 беттен аспауы керек.
Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.
Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.
Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.
Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.
Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.
Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.
