Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД НП каз для КС(К)-3 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

1. Салықтық кұқық нормасының ұғымы. Салықтық құқық нормасының өзіне тән белгілері.

Салықтық құқықтық нормалар бұл нормативтік құқтық актіде берілген белгілі бір тұлғаларға таралатын жалпыға міндетті мінез құлық ережесі болып табылады. Нормативті құқықтық акт бұл құқықтық қатынастың пайда болуынан, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған және өкілетті мемлекеттік орган мен қабылданатын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Салық құқығының нормалары мынандай белгілерге ие болады:

  1. Мемлекетті билікті білдіреді.

  2. Өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.

  3. Жалпы міндетті мінез құлық ережесі, көбірет қолдануға есептелген және белгілі бір субъектілерге арналған.

  4. Белгілі бір заң нысанындағы актімен белгіленеді.

  5. Мемлекеттің мәжбүрлеу күші мен орындалуы қамтамсыз етіледі.

Салықтық құқықтық нормаларды жүзеге асыру тәсілдері:

  1. Орындау бұл құқық нормасымен көрсетілген әрекетті субъектімен жүзеге асыру.

  2. Сақтау берілген құқық нормасымен тиым салынған әрекеттерді субъектімен жасамау.

  3. Пайдалану құқық нормасымен берілген мүмкіндікті субъектімен пайдалану.

  4. Қолдану билік өкілеттілігін пайдалана отырып өкілетті мемлекеттік орган мен талаптарды жүзеге асыру.

Негізінде құқықтық нормалар деп, кұрамындағы әмірлі нұсқамаларының сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген, өзінің заңи күші таралатын ауқымындағы нормативтік-регламенттеу жағдайының темірдей құрсауына түсетін барлық тұлғаларға қатысты нақты айқындалған міндеттер мен кұқықтар белгілейтін, сан мәрте колдану мақсатында ұзақ мерзімді көздей отырып тиісті нормативтік құқықтық актілерде қалыптастырылған жалпыға міндетті жүріп-тұру (міндеттерін атқару және (немесе) құқықтарын пайдалану) қағидаларын айтамыз.

Салықтық кұқықтық нормалар мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттеуге атсалысатын көптеген қаржылық құқықтық катынастардың ішінен айрықша дараланып, мемлекеттің қаржы жүйесіне кең арналы транзиттік қаражаттар ағымын бағыттап, бұруды мақсаттайтын әрі күнделікті жүзеге асыратын, көбінесе императивті-әмірлі, сонымен бірге қажетті кездерді диспозитивті-икемді, мемлекет пен қоғам тарапынан әрдайым шексіз әлеуметтік үміт артылып және мол материалдық мүдде жүктелінетін құқықтық нормалар болып табылады.

Сонымен, салықтық құқықтық нормалар деп, мемлекеттің салықтық қызметінің процесінде туындайтын салықтық қатынастардың қатысушылары үшін жүріп-тұру қағидаларын белгілейтін құқықтық нормаларды айтамыз.

Қаржылық құкықтық нормалардың айрықша түрі ретінде ерекшеленетін салықтық құқықтық нормалар:

1) уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан белгіленеді және мемлекеттік биліктік-әмірлі сипатта болады;

2) салықтық катынастардың қатысушыларына субъективтік құқықтар беру және заңи міндеттер жүктеу арқылы олардың салық салу аясындағы тиісті іс-қимылдарына тікелей ықпал етіп отырады;

3) салыктық заңнамалық актілерін кабылдау жолымен белгіленеді;

4) мемлекеттің салық салу аясындағы салықтық қатынастарды реттеу шегінде (шенберінде) заңдықтың берік режимін орнатуға және салықтық, тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге атсалысады;

5) салық салуға байланысты жағдайлар мен мән-жайларды мұкият сипаттауларымен, диспозицияларын құру кезіндегі жан-жақты нақтыландырылуымен және баяндап, жазуға катысты тіл ерекшелігімен керініс табады;

6) өздерінің жүйесіндегі императивтік, құзыреттік және есептеу нормаларымен ерекшеленеді;

7) өздерінің, кұрамындағы нормалардың көбінесе мемлекеттің материалдык мүдделерін көздеулеріне орай, сондай-ақ салық салу аясындағы күқықтар мен міндеттердін біркелкі белгілен-беуіне байланысты катысушы тараптардың арасында заңи теңсіздік туындатады;

8) өздерінің мән-жайына және бағыт-бағдарына карай әрқашанда тиісті субъектілердің мемлекет алдындағы нақты салық-тык міндеттемелерін айқындап көрсете отырып, сол міндетгемелердін туындауын негіздейді.