- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр Салық құқығы»
- •Мазмұны
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.2 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •4.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •«Қр салық құқығы» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /15 сағат/
- •8. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Қр Салық құқығы» пәні бойынша соөж (консультация) тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж-1) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару пәні бойынша жазбаша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж -1) дайындауға арналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 2-бақылау жұмысын (бж-2) дайындалуғаарналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •10. Әдебиеттер тізімі
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік карта
- •Қр Салық құқығы (дәріс)
- •1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.
- •2. Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.
- •3. Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық катынастары. Фискальдық, реттеуші, әлеуметтік, бақылаушы функциялар.
- •4. Салықтық төлемдерді топтастыру. Салықтардың негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары.
- •5. Салықтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік - экономикалық рөлі.
- •1. Салық заң құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы
- •1. Мемлекеттің салықтық қызметінің ұғымы. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздері. Салықтық қызмет әдістері. Мемлекеттің салық саясаты, мәні және құқықтық нысаны.
- •3. Салық салу принциптерінің жүйесі. Салық салу принциптері жөнінде а.Смит және басқа да классиктер. Салық салу принциптерін бұзу белгілері.
- •4. Салықтарды белгілеу салық салудың негізгі актісі ретінде. Салықты белгілеу ұғымы. Салықты белгілеу субъектісі және нысаны. Салықты белгілеу тәртібі.
- •1. Салықтық кұқық нормасының ұғымы. Салықтық құқық нормасының өзіне тән белгілері.
- •2. Салықтық құқықтың норманың құрылымы. Салықтық құқықтық нормаларды топтастыру.
- •3. Салықтық құқықтың реттеуші нормалары. Салықтық құқықтың реттеуші нормаларының түрлері: міндеттеуші, тыйым салушы, рұқсат (қүқық) беруші.
- •1. Салықтық қүқықтық қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әлеуметтік бағдары. Салықтық құқықтық қатынастардың топтастырылуы. Материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық қатынастары.
- •3. Салықтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
- •1. Салық төлеуші - салықтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде. Салық төлеушінің мәртебесін айқындау. Салық төлеушілердің түрлері.
- •1. Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ерекшеліктері. Салықтық міндеттеменің азаматтық құқықтық міндеттемеден өзгешелігі.
- •2. Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні. Салықтық міндеттеменің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.
- •3. Салықтық міндеттемені орындау. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері.
- •4. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері. Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері.
- •1. Салық салу аясындағы басқару органдарының жүйесі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, қолданысқа енгізу және жою.
- •4. Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттеріні мәні.
- •5. Кедендік органдардың салық салу жөніндегі өкілеттіктері.
- •6. Уәкілетті және жергілікті атқарушы билік органдарының салық салу саласындағы өкілеттіктері.
- •2. Салықтық тексеру ұғымы және түрлері. Салықтық тексеру жүргізу тәртібі. Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және кұкықтық маңызы.
- •3. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
- •1. Корпорациялық табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.
- •2. Жеке табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері, салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Табыс салығының ставкасы. Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.
- •3. Қосылған құн салығы (ққс). Салық салу объектілері. Салықты төлеушілер. Салық базасын айқындау тәртібі, салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салықтық кезең. Ққс ставкалары.
- •1. .Акциздер. Салық салу объектісі, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі. Салық салу ставкасы.
- •2. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы. Салық төлеушілері, салық салу объектісі. Салықтық кезең, төлеу мерзімдері.
- •3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.
- •4. Әлеуметтік салық. Салық салу объектісі. Салықты төлеушілер. Салық ставкалары. Салықты есептеу және төлеу тәртібі.
- •1. Арнаулы салық режимін колдану, оның ерекшеліктері.
- •2. Шағын бизнес субъектілері. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолдану жағдайлары.
- •3. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері.
- •4. Занды тұлғалар ауыл шаруашылығы енімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі.
- •5. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі.
- •2. Алымның түрлері.
- •2. Төлемақының түрлері.
- •1. Жалпы ережелер. Мемлекеттік бажды төлеушілер, алыну объектілері, мемлекеттік баж ставкалары, мемлекеттік бажды алу кезінде көзделінетін жеңілдіктер, мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібі.
- •2. Қр салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Салық занамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлері.
- •Салық құқығы пәні бойынша глосарий
- •«Салық құқығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
1. Мемлекеттің салықтық қызметінің ұғымы. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздері. Салықтық қызмет әдістері. Мемлекеттің салық саясаты, мәні және құқықтық нысаны.
Салық саясаты - мемлекеттiң қаржылық қажеттiлiктерiн мемлекет пен салық төлеушiлердiң экономикалық мүдделерi тепе-теңдiгiнiң сақталуы негiзiнде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу және қолданыстағыларының күшiн жою, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасын өзгерту жөнiндегi шаралар жиынтығы.
Салық салу әдістері: тең, пропорционалды, прогрессивтік, регрессивтік әдістер.
Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік салық ставкалары болады.
Тұрақты ставкалар – табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
Пропорционалдықтар – салық объектісіне , оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.
Прогрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивтік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді. Прогрессивтік салықтардың зардабын үлкен табысы бар адамдар тартады.
Регрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.
Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және жанамаға бөлінеді.
Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.
Жанама салықтар – бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері: қосылған құн салығы және акциз
3. Салық салу принциптерінің жүйесі. Салық салу принциптері жөнінде а.Смит және басқа да классиктер. Салық салу принциптерін бұзу белгілері.
Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
пайда (алынған игіліктер ) қағидаты;
«қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты);
әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.
Қазақстан Республикасында салық салу принциптерi. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптерiне негiзделедi. Салық салу принциптерiне салық салудың мiндеттiлiгi, айқындылығы, әдiлдiгi, салық жүйесiнiң бiртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптерi жатады.
Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерi Салық кодексінде белгiленген салық салу принциптерiне қайшы келмеуге тиiс.
1. Салық салудың мiндеттiлiгi принципi – Салық төлеушi - салық мiндеттемесiн, салық агентi салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндеттi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.
2. Салық салудың айқындылығы принципi – Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиiс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi, салық агентiнiң салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндетi туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негiздерi мен тәртiбiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленуiн бiлдiредi.
3. Салық салудың әдiлдiгi принципi:
1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. 2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.
4. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi – Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қатысты бiрыңғай жүйе болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципi – салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтың міндеттемелері туындауының, орындалуынынң және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
