Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД НП каз для КС(К)-3 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Қр Салық құқығы (дәріс)

1-тақырып. Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардын ұғымы және рөлі.

Дәріс жоспары:

1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.

2. Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.

3. Салықтардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық катынастары. Фискальдық, реттеуші, әлеуметтік, бақылаушы функциялар.

4. Салықтық төлемдерді топтастыру. Салықтардың негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары.

5. Салықтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік - экономикалық рөлі.

1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.

Ұйымдық–құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік –экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцйяларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

Салыктар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердін экономикалық-құқықтык манызы олардың төленілуіне байланысты туындайтын каржылық-экономикалық және кұкыктық катынастарда, яғни салық төлеушілердің мемлекетке салыктық төлемнін затын (сомасын) берулері кезінде салык заңдарымен белгіленген салыктык кұкыктык. катынасқа катысушы мемлекет пен салык төлеушілердін арасында туындайтын қатынастарда жарқын көрініс табады.

2. Салық қаржылық құқықтық категория ретінде. Салықтық төлемдердің белгілері. Салықтың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.

Салықтар экономикалык. және әлеуметгік-саяси қатынастарды өзінің бойында жинактаушы күрделі әрі коғам өмірінің көп аспектілі каржылық-кұқыктық құбылысы болып табылады. Сондықтан ол өзіне тән көптеген айрыкша белгілерімен ерекшеленеді.

Салықтың экономикалық және құқықтық табиғатын ашып көрсететін мына келесі де белгілері болады:

— түсім көзі жалпы ұлттық табыс болып табылатын төлем;

— міндетті төлем;

— жекелей — эквивалентсіз төлем;

— қайтарылмайтын төлем;

— мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем;

— ұдайы төлем;

— мәжбүрлі төлем;

— заң жүзінде белгіленген төлем;

— құқыққа сай төлем;

— жүзеге асырылуы кезінде төленетін салық сомасының меншік нысанының әрқашанда мемлекеттік меншік нысанына ауысуымен (өзгертілуімен) көрініс табатын төлем;

— мөлшері алдын ала айқындалған төлем;

— қатаң белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын төлем;

— салықтық міндеттемелер туындататын төлем;

— жүзеге асырылуы заңи жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілетін төлем;

— тек кұкықтық нысанда болатын төлем;

— біржақты-өктем тәртіппен мемлекет белгілеген төлем;

— жекелей-айкындалған сипаттағы төлем.

Салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;

Басқа да мiндеттi төлемдер – кедендiк төлемдерiн қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түрiндегi мiндеттi ақша аударымдары;

Салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын адам;