
- •7Кесте. Геологиялық цикл пәндерінің салалары мен аталымы
- •1 Кесте. Жердің геологиялық уақытының шкаласы
- •2 Кесте. Стратиграфикалық шкала
- •1 Кесте. Пайдалы қазба кенорындарының генетикалық жіктемесі
- •Пайдалы қазба кенорындарын компьютерлік модельдеу
- •Жерасты суларының құрамындағы тұз бен газ көлемі судың ішуге жарақтылығын анықтайды.Ерітілген тұз мөлшері 1г/л аспау керек.Органикалық қосылыстар бактериологиялық анализбен сараптанылады.
№1 Дәріс. КІРІСПЕ. ЖЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ. ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ.
Жоспар
1. Геология – ғылым.
2. Жер қыртысы және оның заттық құрамы.
3. Жер геофизикалық әдістері.
4. Жер қыртысының заттық құрамы.
Геология- Жер туралы ғылым ( грекше гео - Жер, логос-ілім). Бұл қысқа анықтаманың мәні өте үлкен, мазмұнды және жан-жақты. Геология қазіргі кезде жаратылыстанудың ең маңызды бағыты саналады және ғылымдар циклі (жиынтығы) болып табылады. Бұл циклдің әр бөлімі геология салалары арасында өзіндік ғылыми пән ретінде де танылады.
Геологияның зерттейтін тақырыбы – Жер планетасы мен геологиялық процесстер. Жер-өте күрделі материалдық дене,оның үлкен тарихы, қазіргісі мен болашағы бар. Аспан денесі ретінде ол ғарыш бөлшегі әрі Күн жүйесінің планетасы болып табылады. Оған ғарыш заңдары мен құбылыстары да қатысты. Мәселен, олар әлемдік тартылыс күші, Күн радиациясы және басқа құбылыстар түрінде көпшілік жағдайда климатты анықтайды, тіршілікке ықпал етеді және Жердегі әр түрлі процестерге тікелей қатысты.
Геологияның тікелей зерттейтін нысандары- минералдар, таужыныстар, пайдалы қазбалар, қазба органикалық қалдықтар, геологиялық процестер.
Жер ішкі (жер қыртысы, мантия мен ядро) және сыртқы (атмосфера, гидросфера мен биосфера) қабықтардан тұрады, олар ұдайы өзара қарым-қатынаста болады. Олардың осы қарым-қатынасы нәтижесінде геологиялық (геодинамикалық) процестер туындайды. Геологтың практикалық жұмысы қатты қабықтың (литосфераның) жоғарғы бөлігі- жер қыртысы ауқымында өтеді. Жер қыртысы өзінен құрамы мен физикалық қасиеттері бөлек Жердің ішкі және сыртқы қабықтарымен ұдайы әрекетте. Осыған байланысты геологиялық процестер екі топқа бөлінеді: 1) сыртқы (әкзогендік) – жер қыртысының сыртқы қабықтарымен әрекеттесуінен туындайтын процестер; 2) ішкі (әндогендік)- жер қыртысының ішкі қабықтармен (қойнауқаттармен) әрекеттесуіне және планетаның терең қойнауларындағы материяның дамуына байланысты процестер. Геологиялық процестер жер қыртысының құрамын, құрылысын және жер бетінің бедерін өзгертеді.
Геология, бір жағынан, Жер туралы бірегей ғылым, ал екінші жағынан ол-ғылымдар жиынтығы (циклі). Бұл циклді құрайтын ғылымдар өзара біте қайнасқан және тығыз байланысты. Олар Жердің дамуы мен қалыптасу процесінің әртүрлі жақтары мен нәтижелерін зерттейді, бірақ әртүрлі мақсат көздейді, әртүрлі әдістерді пайдаланады. Геологияның салалары арасында ғылыми пәндер жер қыртысының заттық құрамын, оның құрылысын, геологиялық процестер мен олардың тарихи реттілігін зерттейтін, сондай-ақ қолданбалы ғылымдар түріне бөлінеді (7-кесте). Адамдар Жерді өздері пайда болған кезден бері зерттеп келеді. Жер туралы білімнің тамыры өте көне заманға кетеді. Ертедегі ойшылдар қоршаған әлем туралы өздерінің түсінігін көз көргеннен ғажайып қиялдарға ұластырған.
7Кесте. Геологиялық цикл пәндерінің салалары мен аталымы
Жер қыртысының заттық құрамын зерттеу |
Динамикалық геология |
Жердің тарихы мен органикалық тіршілігін зеттеу |
Қолданбалы геология |
Геохимия
Кристаллография Минералогия
Петрография Петрология Литология |
Геотектоника
Геодинамика Құрылымдық геология Вулканология Сейсмология Гесморфология |
Паеонтология
Стратиграфия Тарихи геология
Палеогеография Аймақтық геология Планеталық геология |
Пайдалы қазбалар туралы ілім Гидрогеология Инженерлік геология
Мұнай кеніштік геология Кен өнеркәсіптік геология Әкологиялық геология |
Материалдық мәдениеттің дамуы, қоғамдық өндірістің артуы Жерді зерттеумен және оны жан-жақты игерумен тығыз байланысты. Тас ғасырларында (осыдан 2-3 млн 5-7 мың жыл бұрын) адамдар Жер қойнауынан тастардың белгілі бір сорттарын, қола ғасырында- мыс пен қалайыны, темір ғасырында-темірді өндірген. Осы аталған материалдарды өндіру үшін адамдар жер қыртысының құрылысын, оның ерекшеліктерін мұқият зерттегені көрінеді.
Ғаламның сипаттамасы. Бізді қоршаған материялық әлем Ғалам немесе ғарыш деп аталады. Ғарыш кеңістікте де, уақытта да шексіз дүние. Материя Ғалам кеңістігінде әркелкі таралған және әр түрлі жұлдыздардан, планеталардан, тозаңнан, метеорлардан, кометалардан, газдардан тұрады. Ғаламның зерттеуге мүмкін бөлігі Метагалактика деп аталып, ол миллиардтан аса жұлдыздар шоғырынан немесе галактикалардан тұрады. Олардың арасында біздің Галактика да бар.
Біздің Галактикаға немесе Құс жолының құрамына Күн жүйесі кіреді.Біздің Галактика спираль типті галактикаларға жатады және 150 милиардтан астам жұлдыздардан тұрады. Біздің Галактиканың пішіні диск сияқты. Ол планда жарық жұлдыздар шоғыры - Құс жолын жасайды. Ядросында спираль тәрізді жұлдыздар ағыны сияқты. Осы ағындардың бірінің шетінде Күн орналасқан.
Ғаламдағы аспан денелерінің ара қашықтығы парсек (пс) және жарық жылы (ж.ж.) деген өлшемдермен, ал Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығы астрономиялық бірлікпен (а.б.) өлшенеді. І а.б. - Жер мен Күннің орташа ара қашықтығы, 149500000 км-ге тең. Парсек - жылдық парал лакске кері шама. 1 пс = 3,26 ж.ж. = 206265 а.б. = 30,857-1012 км.
Құс жолының диаметрі 120 мың ж.ж. шамасында (1 ж.ж. = 10 км), ал дискінің қалыңдығы 1600 ж.ж.-на тең. Күн мен жұлдыздардың Құс жолы центрінің төңірегінде айналу мерзімі 170-250 млн жыл шамасында.
Күн жүйесі. Оның құрамына 9 планета (Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) мен олардың 42 серігі, 50 мыңнан аса ұсақ астероидтар (планетоидтар), сансыз көп метеорлар мен жүздеген кометалар кіреді. Күн жүйесі компланды, яғни планеталардың орбитасы Күннің әкваторлық жазықтығына - әклиптикасына сәйкес келетін бір жазықтықта орналасқан, пішіні дөңгелекке жақын. Планеталардың айналу бағыты (Шолпан мен Ураннан басқалары - бұл екі планета басқаларға кері бағытта айналады) Күннің өз осіңде айналу бағытына сәйкес.
Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында ішкі және сыртқы планеталарын бөліп тұрған астероидтар белдеуі немесе шағын планеталар орналасқан. 2000-ға жуық астероидтар ашылған, олардың жалпы саны 100 мыңнан асады, ал жалпы массасы Жер массасының 0,001 бөлігін құрайды деген пікір бар. Ең ірі астероидтар: Церера (диаметрі 767 км), Паллада (489 км), Веста (386 км) және Юнона (190 км). Астероидтардың құрамы темірлі-тасты, ал пішіні үшкір шомбал тас сияқты.
Қазіргі түсініктер бойынша Күн жүйесінің денелері бастапқы күйі салқын ғарыштық қатты және газ тәрізді материяның Күн мен протопланеталар жаралғанға дейін нығыздалуы мен қоюлануы жолымен қалыптасқан. Жердің қазіргі қабықты құрылысының қалыптасуы бастапқы гомогендік (біркелкі) заттың гравитациялық дифференциациясы процестерімен байланыстырылады.
Жердің пішіні мен өлшемдері. Планетаның жасанды Жер серіктерінен түсірілген фотографиялары Жердің шар тәрізді екендігінің айқын куәсі боларлық. Сонау XVII ғ. соңында-ақ Жердің пішіні дұрыс шардан өзгеше екендігін көрсететін деректер алынған. Геодезиялық өлшеулер Жердің ықшамдалған пішіні айналу әллипсоидына (сфероидқа) жақын екендігін көрсеткен. Полюстік радиус RП =6356,8 км, ал әкваторлық радиус Rә =6378,2 км. Бұл екеуінің айырмасы 21,4 км, ал сығылу шамасы а= (Rә – RП)/Rә=1/298 (Ф.Н.Красовский). Жердің орташа радиусы R=6371 км.
Жер Күн жүйесіндегі ең дамыған планета ретінде орталық симметриялы қабықтардан тұратындығымен сипатталады. Жер қабықтары (геосфералар құрамымен, физикалық қасиеттерімен, затының күйімен ерекшеленіп, сыртқы және ішкі қабықтарға бөлінеді. Сыртқы геосфераларда тікелей зерттеу жүргізуге болады. Ішкі геосфералар негізінен жанама (геологиялық, геофизикалық, геохимиялық) әдістермен зерттеледі. Жердің сыртқы және ішкі геосфералары өзара және ғарыш кеңістігімен тығыз байланысты.
Жердің сыртқы қабықтары - атмосфера, гидросфера мен биосфера. Бұл қабықтар бір-бірімен кірігіп, өзара және жер қыртысымен ұдайы әрекеттеседі. Олардың әрекеттесуі материя мен әнергия алмасу түрінде білінеді.
Ішкі геосфералар (қойнауқаттар). XX ғасыр басындағы ең маңызды ғылыми жаңалық - Жердің сейсмология деректеріне негізделген құрылысы концентрлі, тығыздығы әр түрлі қабықтардан, яғни жер қыртысынан, мантия мен ядродан тұрады деген тұжырым.
Жер қыртысы - Жердің қатты қабығы. Оның қалыңдығы мұхиттардың астында 5-10 км болса, континенттерде - 70-80 км-ге жетеді, ал орташа мәні – 33 км. Жер қыртысының шекаралары жоғарғы жағында жер бетімен (атмосфера мен Әлем мұхиты аралығында); төменгі жағында (мантия аралығында) Мохоровичич бетімен немесе Мохо шекарасымен шектеседі. Жер қыртысының құрамында Sі және Аl басым болғандықтан, оны "сиал" деп те атайды. Жер қыртысы Гутенберг қабатының қатты бөлігімен бірге астеносфера үстіндегі тұтас қатаң қабатты құрап, литосфера деп аталады (Д.Баррел, 1914). Астеносферада аралық магма ошақтары пайда болады деген пікір бар. Осыған байланысты, литосфераны астеносферамен қоса тектоносфера деп біріктіреді (В.В.Белоусов).
Жердің геофизикалық әдістері: гравитация әдісі, жылу әдісі (геотермика) радиобелсенділік әдісі, магнит әдісі, әлектр әдісі.
Жер қыртысы. Жердің жоғарғы қабығы жер қыртысын жеке метырудың себебі, бұл геосфера геологтардың басты нысаны және адам тіршілік пен өндірістік әрекет ететін орта болып табылуында. Жер қыртысы құрылысының ең маңызды ерекшелігі - тік және көлбеу бағыттарда байқалып, анық білінетін әркелкілігі.
Жер қыртысының заттық құрамы оның химиялық және минералдық құрамымен анықталады. А.П. Виноградов бойынша, жер қыртысында ең көп таралғаны мына химиялық әлементтер, %: 0-47,2; Sі-27,6;Аl- 8,3; Ғе – 5,1; Са-3,6; Nа - 2,64; К- 2,6; Мg - 2,1; Ті - 0,6; Н - 0,15; С - 0,1. Сонымен, жер қыртысында анықталған 93 химиялық әлементтің 11-нің үлесіне олардың жалпы массасының 99,99%-і келсе, алқалған 82 әлемент тек 0,01%-ті ғана құрайды.
Минералдар (латынша "минера" - кен кесегі) - табиғи химиялық қосылыстар, кейде сомтума әлементтер. Олар жер қыртысында немесе оның бетінде өтетін әр түрлі физикалық-химиялық процестердің табиғи өнімдері болып табылады. Минералдардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, жаралу жағдайлары мен практикалық қолдануын зерттеу - минералогияның тақырыбы.
Минералдар табиғатта әдетте қатты кейде, яғни кристалдар түрінде кездеседі. Қазіргі кезде жер қыртысында 2300-ге жуық минерал түрлері (Л.В.Миловский, 1985) анықталған. Табиғатта минералдар жеке кристалдар түрінде сирек кездеседі, көбінесе олар минералдың агрегаттар деп аталатын минерал түйірлерінің бірлестері мен шоғырлары түрінде болады.
Минералдар таужыныстарды, яғни жер қыртысы деп аталатын материялық ортаны жасайды. Таужыныстар деп минералдардың белгілі бір құрамды және құрылымды тұрақты табиғи парагенезистік ассоциациясын (бірлестігін) атайды.
Олар белгілі бір геологиялық процестер нәтижесінде пайда болады ірі жер қыртысында жеке геологиялық денелер жасайды.
Негізгі әдебиеттер:
Сыздық Бәкіров. Геология негіздері. Алматы: Санат, 1995, - 240 бет.
Ершов В.В., Новиков А.А., Попова Г.В. Основы геологии. Москва: «Недра», 1986, -275 с.
Қосымша әдебиеттер:
Кейльман Г. А. Основы геологии. Москва: Недра, 1991, -250 с.
Короновский Н.В. Основы геологии. Москва: Недра, 1991, -356 с.
№2 Дәріс. ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ, МИНЕРАЛДЫҚ ЖӘНЕ ПЕТРОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ.
Жоспар:
1. Минерал. Минерал түрлері.
2. Минералдардың химиялық құрылысы.
3. Минералдардың физикалық қасиеттері.
4. Минералдардың классификациясы..
5. Тау жыныстары.
6. Магмалық тау жыныстары.
Жер қабығы тау жыныстарынан тұрады. Минералдар тау жыныстарының құрамына кіреді, бірақ кейбір жағдайларда өзіндік дара шоғырлар құрайды. Минералдар мен тау жыныстарына сипаттама бермес бұрын, құрылыста олардың тек қана табиғи түрі емес, сонымен қатар, жасанды түрі де қолданылатындығын ескерген жөн. Сондықтан да минералдарға жалпы сипаттама бергеннен кейін, жасанды минералдар туралы мағлұмат қарастырылады, ал тау жыныстарынан соң-техникалық қатты материал жайлы түсінік беріледі. Минералдарды минералогия ғылымы зерттесе, тау кендерін петрография ғылымы зерттейді.
Химиялық
құрамы.
Әрбір минералдың өзіне тән химиялық
қасиеті болады. Бірақ табиғатта бірдей
химиялық қасиетке ие минералдар да жоқ
емес. Мұндай жағдайда олардың ішкі және
сыртқы құрылысы әртүрлі болып келеді.
Кристалды минералдардың химиялық құрамы
кристалды-химиялық формуламен өрнектеледі.
Бұл формулалар минералдар құрамындағы
әлементтердің тор ішіндегі өзара
қатынасын көрсетеді. Мысалы: каолинит-
,
авгит-
Көптеген
әкзогенді пайда болған минералдар
құрамында су болады. Минералдар
құрылымындағы торлардың түзілуіне
молекулалық су қатыспайды,оны жойған
жағдайда минерал сусызданады.Мысалы,сазды
қыздырғаннан кейін, ангидрит
қалады.
Физикалық қасиеті. Әрбір минералға өзіндік физикалық қасиет тән. Олардың маңыздысы: сыртқы формасы, оптикалық сипаттамасы (түсі, мөлдірлігі, жылтырлығы), қаттылығы, балқытылуы, сынғыштығы, тығыздығы.
Минералдардың сыртқы формасы әртүрлі.Табиғи жағдайларда олар бұрыс, яғни қатпарлы формада кездессе, тегіс күйдегі минералдар сирек кездеседі. Мысалы: коалинит.
Көптеген минералдар түсі біркелкі болып келеді. Оларды шартты түрде ашық түсті (кварц, далалық шпат, саз, кальцит, т.б.) және қошқыл түсті (авгит) деп екіге бөледі. Минералдардың мөлдірлік қасиеті-олардың жарық өткізу қасиеті. Осыған байланысты минералдарды үш топқа бөледі. Олар: мөлдір (кварц, мусковит), жартылай мөлдір (халцедон, саз) және мөлдір емес (пирит, графит).
Жылтырлығы - минерал бетінің жарықты әртүрлі дәрежеде көрсете білу қасиеті. Минералдар жылтырлығы металдық және металдық емес болып екіге, ал металдық емес жылтырлық шынылы (силикаттар), майлы (тальк), жібек жылтырлық (асбест) болып үшке бөлінеді.
Қаттылығы-минералдардың сыртқы механикалық әсерлерге қарсы тұру қасиеті. Әрбір минерал қаттылығы Моос кестесі бойынша 10 балдық шкаламен өлшенеді.
Балқытылуы-минералдардың белгілі бір көлем ала отырып балқу қасиеті.Бұл құбылыс-минералдардың ішкі кристалдарының құрылысына тікелей қатысты жүрсе,олардың сыртқы пішініне байланысты емес процесс.
Сынғыштығы-минералдардың сыну көрсеткішін сипаттайтын қасиеті.Мұны минералдардың балқытылуына байланысты анықтайды.
Минералдардың
тығыздығы
әртүрлі.Бұл көрсеткіш 0,6-дан бастап,
-ке
дейін жетеді.Ең жоғарғысы
.
Минералдарда басқа да физикалық қасиеттер кездесуі мүмкін:магниттік,үгілгіштік қасиеттерімен қоса дәмі,иісі,т.б.Мысалы:гарит (қайнатылған тұз)-тұзды,күйдіргенде иіс пайда болады.
Минералдардың классификациясы. Минералдардың классификациясы олардың химиялық қасиетіне негізделген. Барлық минералдардың 10 класы бар.
Силикаттар-магмалық, метаморфтық жыныстардың негізгі бөлігін құрайтын ең үлкен минерал кластарының бірі. Бұл класқа 800-ге жуық минералдар жатады. Силикаттар арасында алюмосиликаттар тобы ерекшеленеді. Олар құрылымы жағынан ұқсас минералдар: далалық шпат, оливин, тальк, хлорит, пироксен, слюда, амфибол және сазды минералдар.
Оксидтер
мен гидроксидтер. Бұл
екі класс 200-ге жуық минералдарды
біріктіреді (жер қыртысы массасының
).Мысалы:опал,кварц,лимонит.
Карбонаттар. Мұнда 80-нен астам минерал кіреді.Көп тарағандары-кальцит,доломит,магнезит.Бұл минералдардың шығуы әкзогенді,сумен байланысқанда өзінің механикалық беріктілігін азайтады.Суда жай ериді,қышқылда үгіледі.
Сульфаттар.
Бұл
класс 260-қа жуық минералдарды
біріктіреді.Олардың шығуы су ерітінділеріне
байланысты,аз ғана қаттылығымен,ашық
түстілігімен сипатталады.Салыстырмалы
түрде суда жақсы ериді.Көп тараған
түрі-саз,ангидрит.Ангидритті сумен
байланыстырғанда,ол сазға айналады да
көлемі
ке
дейін ұлғаяды.
Сульфиттер құрамына 200-ге жуық минералдар кіреді.Қарапайым өкілі-пирит.Сульфиттер желге жеміріледі,сондықтан да ол құрылыс материалдарының сапасын кемітеді.
Голоидтерге 100-ге жуық минерал жатады.Пайда болуы су ерітінділеріне байланысты.Кеңінен тараған түрі-галит.Ол шөгінді жыныстардың құрама бөлігі болуы мүмкін,суда оңай ериді.
Фосфат,вольфрам және саф,таза (табиғи) әлементтер класына жататын минералдар сирек кездеседі.
Минералдардың радиоактивтілігі. Әртүрлі радиоактивті химиялық әлементтер 97 табиғи минералдарды біріктіреді. Техногенді материал минералдарында жасанды жасалған радиоактивті химиялық әлементтер де кездесуі мүмкін. Олар: технеций, прометий, нептуний және де т.б. Радиоактивті әлементтері бар минералдар мен материалдар шағылады. Бұл оның әлементтерінің интенсивтілігіне байланысты. Мысалы:
1.Минералдар:
әшинитте Th
-ға
дейін,аз шағылысу,пирохлор-U
,
үлкен шағылысу;
2.Құрамында
U: уранит-
,
аз шағылысу; торбернит-
,
үлкен шағылысу; карбонит-
,
үлкен шағылысу.
Радиоактивті минералдар көп жағдайда гранит пен сазда кездеседі.Олар жоғарғы радиоактивтілікке ие болуы мүмкін.Бірақ,әктас пен шынытас құмы аз радиоактивті минерал болып табылады.
Жасанды
минералдар.Өнеркәсіп
нәтижесінде адамзат 150 жасанды минерал
жасап шығарды. Қазіргі кезде өндірісте
жасанды минералдардың екі түрі алынады:
аналогтік және техногенді. Аналогтік-бұл
табиғи минералдардың көшірмесі
(алмаз,сутас,корунд). Техногенді-бұл
белгілі бір қасиеттерді қоса қайтадан
жасаған минералдар (алит,муллит). Мұндай
минералдар әртүрлі құрылыс материалдарының
құрамына кіреді. Мысалы:цементте-алит
,белит
;
оттөзімділерге-муллит
,
периклаз
;
абразивтер-карборунд SiC.
Тау жыныстары - жер қабығында түзілетін табиғи минералды агрегаттар. Әр тау жыныстарына химиялық және минералдық құрам тұрақтылық тән.
Тау жыныстары көп жағдайда полиминералды болып келеді. Ал жеке жағдайларда олар бір минералдан да (кварц кварциттен,мрамор кальциттен) тұруы мүмкін.Тау жыныстарының химиялық формулалары болмайды.Олардың құрамы валдық химиялық анализ арқылы анықталады.Мысалы,базальттың химиялық құрамы:
,
,
,
және т.т.
Қазіргі таңда жер қабығында тау жыныстарының 1000 түрі анықталған.
Тау
жыныстарын пайда болуына қарай 3 түрге
бөледі: магмалық, шөгінді, метаморфтық.
Магмалық
және метаморфтық жыныстар жер қабығының
барлық массасының 95
құрайды. Шөгінді жыныстар жердің бетінде
(көп жағдайда магмалық және метаморфтық
тау жыныстарын жауып жатады)орналасады.
Магмалық
тау жыныстары-магманың
жер астында немесе үстінде сууының
нәтижесінде кристалданған тау жыныстары.
Магма немесе лава-мынадай құрамы бар
күрделі силикаттық балқыма: оттегі-
,
кремний-
,
алюминий-
,
темір-
,
кальций-
,
магний-
,
натрий-
,
калий-
.
Ал өзге әлементтердің үлесі әдетте
ды
аспайды. Магманың температурасы әр
түрлі,бірақ көп жағдайда
С-ді
қамтиды. Магмалық тау жыныстарының
түзілу тарихы физикалық, химиялық,
физико-химиялық процестердің нәтижесінде
өзгеріп отырған магмадан бастау алады.Бұл
процестер көп жағдайда силикаттық
минералдардың агрегаттары түзілген
кезде (суыған немесе кристалданған
кезде) тоқтайды.Магмалық тау жыныстарын
олардың сууы мен қатуының(қозғалысының
тоқтауы) шарттарына қарай 2 түрге
бөлеміз:1)интрузивті, 2)эффузивті
Бұл жыныстардың түрлері сәйкесінше:1)желілік, 2)жанартаулық
Магмалық жыныстардың минералдары-силикаттар. Көптеген силикаттар негізгі құрылымдық әлементтермен ковалентті байланыста болады. Магмалық жыныстардың беріктілігі осыған байланысты. Яғни жоғары ковалентті байланысқа ие тау жыныстары өте берік(дунит, периодонтит, пироксенит) болып келеді.
Негізгі әдебиеттер:
Сыздық Бәкіров. Геология негіздері. Алматы: Санат. 1995.
Ершов В.В. Новиков А.А. Попова Г.В. Основы геологии. М. Недра 1986.
Гальперин А.М. Гидрогеология и инженерная геология. М. Недра, 1989.
Ломтадзе В.Д. Инженерная геология. Инженерная петрология. М. Недра. 1984.
Ермолов В.А., Ларичев Л.Н., Мосейкин В.В. Основы геологии Москва 2004г.
Қосымша әдебиеттер:
Кейльман Г. А. Основы геологии. М. Недра. 1991.
Короновский. Основы геологии.М. Недра. 19991.
Миловский А.В. Минералогия и петрография. М.. Недра, 1985
Бондарев В.П. Основы минералографии и петрографии. М. Недра, 1984
№3 Дәріс. ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ЖАС ШАМАСЫ (ГЕОХРОНОЛОГИЯ).
Жоспар:
1. Тау жыныстарының жасы.
2. Тау жыныстарын анықтау әдістері.
Жер қабатының пайда болуы мен дамуының тарихы мен жалпы заңдылықтары туралы тарихи геология деген арнаулы ғылым зерттейді. Жер қабатының даму тарихын қалпына келтіру үшін жер қабатының дамуының кезеңдерін куәландыратын өздерінің қаттау, қазып алынатын организдердің сипаты жыныс қыртысы ретінде геологиялық «құжат»қолданады.
Тау жыныстарының жасын орнату басқа жыныстардың арасында олардың құрамына баға беру үшін және анықтау жағдай үшін қажет. Геологиялық карталар және тіліктер сияқты барлық геологиялық құжаттамалар жыыстың жасын көрсететін көрсеткіштерді қолдануды талап етеді.
Абсолютті жас – бұл жылмен көрсетілген, жыныстың тіршілік ету ұзақтылығы (өмірі). Оны анықтау үшін жыныстың құрамына кіретін кейбір химиялық әлементтерде (уран, калий, рубидий және т.б.) орын алатын радиоактивті айналу үрдісін қолдануда негізделген әдіс қолданады. Кейбір әлементтердің көмегімен миллион жылдық жасын анықтаса, кейбіреулері уақыттың қысқаша кесіндісін есептеуге мүмкіндік береді. Жылына 1 г ураннан қанша мөлшерде қорғасын алынатынын біле отырып, олардың берілген минералдағы біріккен мөлшерін анықтай отырып, оның абсолютті жасын және таулы жынысын анықтауға болады. Бұл миллион жылдық жасын анықтауға мүмкіндік береді. Көміртегі бойынша жартылай ыдыраудың периоды 5568 жылға тең болса, жастау пайда болудың жасын анықтауға болады. Тау жыныстарының жасының абсолютті белгісі геохронологиялық шкаласы көрсетілген (кесте 8).
Салыстырмалы жас - бір біріне салыстырмалы жыныстың жасын анықтауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда қай жыныстар ерте земанғы, ал қайсылары қазіргі уақыттағы. Салыстырмалы жасты анықтау үшін екі әдіс қолданады: стратиграфикалық және палеонтологиялық.
С
тратиграфикалық
әдіс
қабаттардың бұзылмаған жазық жатысты
қыртыс үшін қолданады. Соған байланысты
керек етпейтін қабаттарды (жыныстыр)
жоғарыда жатқан қабаттарға қарағанда
ерте заманғы деп есептейді. 15,а суретте
көрсетілгендей, 3-ші жоғарғы қабат ең
жас, ал төменгі 1-ші қабат ерте заманғы
болып есептелінеді.Бұл әдісті қабаттардың
қатпар ретінде жатысы кезінде қолданбайды.
15,б суретте қатпарланған рельеф
қабаттарының бұрылысына шығуы көрсетілген.
Көне қабаттар (1 және 2 ) жастау қабаттың
3 үстінде жатқандары көрсетіліп тұр.
Палеонтологиялық әдіс әр түрлі участкелерде бір біріне қатысты отырылған жыныстардың жасын анықтауға мүмкіндік береді. Жердегі органикалық өмірдің даму тарихы бұл әдістің негізі болып есептелінеді. Жануарлар мен өсімді организдер біртіндеп, тізбектей дамыған. Өлген организмдердің қалдықтары олардың тірі кезіндегі белгілі уақыттағы жиналған тұнбаларда жерленген.