Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
проект окончательный казак тили.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.42 Кб
Скачать

Білім реформасын жаһанданудың ең басты міндеті оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары

Елбасы Н.Назарбаев белгілеген Қазақстанның даму стратегиясы еліміздің әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жалпы алғанда, ұлттық білім беру жүйесінің, оның ішінде жоғары мектептің ілгері дамуы Президент қойған міндеттердің табысты түрде жүзеге асырылып жатқандығының дәлелі болып табылады. 2010 жылы Қазақстанның Болонья декларациясына қосылуы еліміздің тарихындағы маңызды оқиға болып, отандық жоғары оқу орындарын еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы серіктесі етті. Мұндай серіктестік белгіленген өлшемдерді ұстануға міндеттейді. Аккредиттеу арқылы білім беру қызметінің сапасын қам­та­масыз ету осылардың ішін­де­гі басым бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда әлемдік тәжі­рибе көрсетіп отырғандай, жо­ға­ры оқу орны үшін аккредиттеуден өту- оқу орнының жұ­мыс жасауы мен заңды түрде қызмет етуінің міндетті шарт­тарының бірі болып отыр. Еу­ро­палық академиялық қауым­дас­тық аккредиттеуді ұйымдас­ты­ру мен өткізу мәселесіне өте мұқият қарайды. Себебі, аккредиттеуден өту арқылы жоғары оқу орны өзі тәріздес оқу орындары арасында беделінің жоға­ры екендігін дәлелдейді және бұл оның «сапа белгісі» болып табылады. Жетекші еуропалық елдердің аккредиттеу агент­тік­тері (олардың ішінде EQAR, ENQA) жүйелерінің салыстырмалы стандарттары білім беру бағдарламаларының жоғары сапасына кепілдік және жоғары оқу орнына жұмыс берушілер мен білім беру қауымдастығы ортасында танылуына мүмкін­дік береді. Еуропалық жоғары оқу орындарында ұлттық және халықаралық аккредиттеуді өт­кізу тек сапа кепілдігі ұйым­дары­ның еуропалық тізіміндегі арнайы агенттіктерге ғана се­ніп тапсырылады. Отандық жо­ғары мектеп осыған ұқсас жолмен келе жатыр: Қазақстан Рес­публикасы Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарына өз қызметін тәуелсіз бағалауды жүзеге асы­руға мүмкіндік беретін аккредиттеу мен саралаудың ұлттық үлгісін құрды. Бүгінгі таңда жиырмадан астам отандық жо­ға­ры оқу орны ұлттық инсти­ту­цио­налдық аккредиттеуге ие болды. Ал, бұл халықаралық аккредиттеуден өтудің міндетті шарт­та­рының бірі болып табылады. Қазақстандық жоғары оқу орын­дарының халықаралық тұр­ғыда танылуға деген ұмтылысы қазіргі кезде қоғамдық-кәсіби аккредиттеуді дамытуға байланысты болуда. Қазақстан Рес­публикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдар­ға арналған Мемлекеттік бағ­дарламасы елімізде тәуелсіз аккредиттеу құрылымын дамыту бойынша шарттарды құруды қарастырады.Президент білім беру жүйесін жаңғырту ба­ғытында алдымызға ұлан-ғайыр міндеттер қойды. Оқыту үдерісіне қазіргі заман­ғы әдістемелер мен технологияларды енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл жетті. Сонда ғана қазақстандық білім беру жүйесі одан әрі өркендеп, халық­аралық стандарттарға теңесетін болады. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында оқу үдерісіне осы заманғы әдістеме мен ақпаратты технологияны енгізу қажеттігін атап көрсетті. Бүгінде оқу-әдістемелік базаны кредиттік технологиясыз көзге елестетудің өзі қиын. Оқу үрдісіне оқытудың ин­терактивті технологиясын енгізу, оның ішінде, бейнеконтентпен қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану, инже­нер­лік-техникалық мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны нығай­ту, электронды оқу залдарының санын кө­бейту, ғылыми-зерттеулерді ұйым­дастыру кеңінен жалғасып келеді. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату жоғары білім беру жүйесіндегі жаңашылдықсыз іске аспай­ты­нын қазір екінің бірі түсінеді. Ака­де­миялық ұтқырлық орталығы осы мақ­сат­пен құрылған. Ол, екінші жағынан, ака­демиялық ұтқырлық дамуының орта­лық­тандырылған жобасын жүзеге асыру қажеттілігінен туындаған болатын. Қа­зақ­стан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Болон декларациясының бір қағидаты осылайша жүзеге асып отыр. Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік ал­ғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біз­дің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғ­ни экономикалық-әлеуметтік жағ­дайына тікелей апарар жол – сол ел­дің білімінің дамуы болып та­былады. Яғни, болашақта бә­се­кеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену мін­деті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертең­гі мемлекет тұтқасын ұс­тау­шы білікті маман, ел тағ­дырын шешуші азамат. Олай болса еліміздің болашағы болып табылатын жас мамандарға білім беретін ЖОО-дың білім жүйесін дамыту заман талабы, — деп айтуымызға болады.

Қорытынды

Тәуелсіздік алған  алғашқы күннен-ақ Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жо­ғары бағалап, экономикалық және қаржылық қиындықтарға қара­мас­тан осы салаға барынша қолдау көрсетті. Халқымызда “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөз бар. Білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігі, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екендігі белгілі. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені шындық. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол. «Қазақстан – 2030» Стратегиясында: “Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты”, – деп айрықша атап айтылған. Бүгінгі кезеңде отандық білім берудің ұлттық моделін құруға байланысты қыруар шаруалар атқарылу үстінде. Ал, бұл мәселе төңірегінде іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына оншақты жыл болды. Қазір осыған орай республикамызда заңнамалық және нормативтік-құқықтық база қайтадан құрылу жолында. Нақтылай түссек,  халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген қазақстандық білім беру жүйесіндегі реформалар жүзеге аса бастады. “Ертеңін ойламаған ел азады” дейді халық даналығы. Барын баға­лап отыратын, ұрпағына үмітке сай білім беріп, тәрбиелейтін ел озады. Ел көңілін аударған  “Интеллектуалды ұлт – 2020” ұлттық бағдар­ламасының басты мақсаты да осы – қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу, сөйтіп бүгінгі ғаламдық дамудың арқа сүйейтін негізгі байлығы – бәсекелестікке қабілетті адам капиталын қа­лыптастыруға негізделген. Білімі қаншалықты жоғары мемлекеттің бүгінгі әлемдік қауымдастықта бәсекелестікке қабілеттілігі сонша­лықты биік болмақ. Осы жағдайда ерте бастан өркениетті мемлекеттерде интеллектуалдық бәсекелестік жүріп жатқаны даусыз. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ендігі бір міндеті – жастардың білім алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа көзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы қалыптан тыс көкжиекке көз жіберуге тәрбиелеу, білімді өз бетінше зерделеу, технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды жүзеге асыра білу бейімділігімен бағаланады. Жаста­рымызды осындай мақсатта тәрбие­леуге біздің зор мүмкіндігіміз бар екендігіне дау жоқ. Міне, бүгінгі  интеллектуалдық мектеп­терге қойылатын талаптар осыларға негізделген. Ағымдағы ғасыр адамзат баласының алдына шешімі күрделі әрі іргелі мәселелерді қойып отыр. Әлем жаһандану дәуіріне қадам басумен бірге тұтастану, бірігу, кірігу үдерісіне батыл бет бұруда. Соны ерте түсінген әлем елдері мен олардың білім жүйелері жаһандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа стратегиялары мен жобаларын ұсынуда. Мұны Мемлекет басшысы біліп, көріп, сол күрделі қиын кезеңнен елімізді қайткенде аман алып шығудың қамын ойластырып жүргені жалпақ жаһанға аян. Кез келген білімнің айқын мақсат-мүддесі болады. Біздің қазіргі жағдайымыздағы оның не­гізгі мақсаты – елдік сана мен мемлекетшілдік рухты қалыптастыру, ұлтсыздықпен күресу, Тәуелсіздікті баянды ету болуы керек.

“Кімде-кім білім іздеу жолына түссе Аллаһ Тағала оған сол арқылы жәннатқа бару жолын жеңілдетеді.” (Хадисті Әбу һурайрадан р.л.ғ. Имам Муслим риуаят етті)

“Кімде-кім білім іздеу жолына түссе Аллаһ Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым ізденушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалымға көктегілер мен жердегілер, тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді. Қарапайым мұсылманнан ғалымның артықшылығы, айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай. Әлбетте, ғұламалар – Пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар мұраға динар немесе дирхам қалдырған жоқ, ғылымды мұраға қалдырды. Кімде-кім Пайғамбарлардың с.ғ.с. мирасын алса, мол үлесті алған болады.”

Бүгінгі күн жастары әрнеге әсемпаз болмай, Абайдың өлшеп берген адамның қасиеті: «Нұрлы ақылды, жылы жүректі, ыстық қайратты » сөзді ұстанып, бүгінгі білім кілтін болашақ білімгерлерге ұстату біздің құзырымызда.