Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
проект окончательный казак тили.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.42 Кб
Скачать

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері

Университеті

Аударма және филология факультеті

Ілеспе аударма кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Ілеспе аударма кафедрасының меңгерушісі_______ф.ғ.к.,доцент Медетова М.Е.

Жоба жұмысы

«Білім реформасы-дамыған елдер тәжірибесі»

Орындаушы:Айдынқызы Ш.

Ғылыми кеңесші:Кыйсыкова А.Ж.

Алматы,2013.

Жоспар

І.Бәсекеге қабілетті құзіретті тұлғаны қалыптастыру-жаңа Қазақстанның бейнесін жасау

1.1.Қазақстан Республикасындағы оқу үрдісінің субьектілері

1.2. Қазақстанның 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасы – тәуелсіздіктің тегеурінді тұтқасы

ІІ.Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі

2.1.Білім реформасын жаһанданудың ең басты міндеті оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары

Қорытынды

Терминологиялық сөздік

Нормативтік құжаттар

Пайдаланылған әдебиеттер

Жобаның мақсаты

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлеп, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер,зауытар мен биржалардың иелері болады. (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, «келешектің иесі-жастар». «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді». (И.С.Кони). сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейіде, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді. Білім- қоғамды әлеуметік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз етеін ғажайып құбылысы, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, творчествалық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, және өндірісітің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушылардың кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және тағы басқалары – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.

●Тақырыпқа сай мәлімет тауып,шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу;

●Білім реформасы жайлы толық ақпарат алу,оны студенттерге жеткізе білу;

●Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы білім саласындағы жағдайын анықтау;

●Дамыған елдердегі білім беру жүйесін қарастыра,Қазақстаннын білім беру жүйесімен салыстыру;

● Бүгінгі болашақ жастарды жаңашылдыққа бағыттау арқылы, қоғамды көркейтетін жастар тәрбиелеу;

● Білім беру сатыларын оқып үйрене отырып, бүгінгі ғылым мен техниканың жаңа механизмін меңгеріп, кәсіби құзіретке ие интеллекті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру;

● Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе, дамыған елдер тәжірибесін қолдана отырып, өз мүддемізді қорғау.

Бәсекеге қабілетті құзіретті тұлғаны қалыптастыру-жаңа Қазақстанның бейнесін жасау

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осы нақты бағыттарда жұмыстана отырып біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру ордасы болуы қажет. Бұл мақсаттар Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында одан әрі жалғасын тауып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қабылданған Қазақстанның стратегиялық дамуының 2030 жылға дейінгі бағыттары жас мемлекеттің ұлы таңдауы болса, қазір біз мемлекеттігіміз бен экономикамыз нық дамыған жаңа даму кезеңіне қадам басқан елге айналып отырмыз. Енді біздің алдымызда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның міндеттері тұр, яғни біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз қажет. Елбасының білім беру жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді. Мұғалім тек өз пәнінің білгірі болып қана қоймай, оқытудың қашықтықтан жүргізу жүйесін, әлемдік интернет жүйесін пайдалана отырып күнделікті сабақта ақпараттарды пайдалануды дағдыға айналдыруы қажет.«Он-лайн тәртібінде оқыту тәжірибесін дамытып,елімізде оқулық теледидар құру қажет»-делінген Елбасының биылғы халыққа жолдауында.Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан-жақты дамып, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын болады. Сонымен қатар, қазақстандық білім беру үрдісінде соңғы уақытта, көбіне, оқушының жалпы білім, білік, дағдысын қалыптастыру ғана басты назарда болып келді. Оқу-тәрбие процесі баланың жеке ерекшелігі ескерілмей құрылды. Қазіргі білім беруде біршама өзгерістер болуда. Оның кейбір тұстары ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу жүйесі түбірімен өзгеруде. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъекттілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағыттылған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім үлгісі бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  халыққа жолдауында еліміздегі білім беру ісі, бәсекеге нақтылы қабілетті 20 елдің қатарына ену жолындағы білім беру саласындағы міндеттер айқындалған болатын. Білім мен технология дәуірінде өркениетті елдердің білім беру үрдісіндегі алдыңғы қатарлы, озық әдістемені өзімізге тәжірибеге енгізу, халықаралық білім стандартына сай оқыту үрдісін дамыту қазіргі мақсатымыз болып отыр. «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – делінген жолдауда.Алға қойған мақстақа жетеміз деп сенемін.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің экономикалық және әлеумет­тік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғыр­ту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жү­йе­­сіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақ­стан­ның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде қазақстанның білім беру жүйесінің негізін қалаған екі іргелі стратегия қабылданды. Олар: 2000 жылғы «Білім беру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді айқындап берді.Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президент Н.Ә.Назарбаев былай деген болатын:«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педогогтык білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.