- •6 Тақырып кәсіпкерліктегі инновация
- •6.1 Кәсіпкерліктегі инновациялық қызметінің мәні.
- •12.1 Сурет - Инновациялық үрдістің схемасы
- •6.2 Инновацияның қазіргі заманғы тұжырымдамасы мен бағалануы
- •6.3 Қазақстандағы инновациялық үрдістер мен жаңалықтар нарығының қалыптасуы
- •6.4 Қазақстандағы венчурлік бизнестің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері
- •6.5 Қазақстандағы инновациялық (венчурлік) бизнесті мемлекеттік реттеу
- •Toyota: инновациялық негізде келешектік автомобиль құрылысын сипаттаушы брэнд
6.5 Қазақстандағы инновациялық (венчурлік) бизнесті мемлекеттік реттеу
Әлемдік деңгейде еліміздің мерейін үстем қылатын экономикалық жағымды нәтижелерге қол жеткізу бүгінгі таңдағы еліміздің басты мұраты болып саналады. Осы себептен, экономикамызды серпіндікпен дамытатын, оған тың күш беретін, ұзақ мерзімді тұрақтылықта жандандыратын күшті әрі жаңа механимздер қажет.
Жалпы біздің мемлекетте инновация және венчурлік бизнес саласында 2002 жылдың 3-ші шілдесінде қабылданған «Инновациялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен 2002 жылдың 24 маусымында қабылданған «Кешендік кәсіпкерлік (франчайзинг) туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданып, қызмет ететінін атап өткен жөн.
Бұл заңдарда мемлекеттік инновациялық саясатын іске асырудың негізгі қағидалары, бағыттары және формалары анықталған. Осы заңнамалар мен басқа да құқықтық актілер бәсекеге қабілетті, жоғарғы технологиялық өнімдердің әртүрлі саласын қамтитын ұйымдар мен мекемелер тобының құрылуын қамтамасыз етеді.
Осы мақсатқа қол жеткізу мақсатында келесі міндеттерді шешу керек:
ғылым мен техника жетістіктері негізінде әлеуметтік-экономикалық дамушылықты қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастыру мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау әдістері мен формаларын анықтау;
инновациялық қызметті дамыту мен инновациялық қызмет субъектілері мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуші нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру;
инновациялық қызметтер субъектісіне және де инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға, яғни, инновациялық қызметті іске асыру үшін жұмыстарды орындаушы және қызметтерді атқарушы ұйымдар жиынтығына мемлекеттік қолдауды көрсету;
экономиканың жаңа жоғарғы технологиялық секторларын қалыптастыру мен экспорттық бағытталған өндірістерді құру мен жаңғыртуды жүргізу;
инновациялық қызметке шағын және орта бизнес субъектілерін тарту;
ғылым, білім, өндіріс және қаржылық-несие саласының өзара алмасуын қамтамасыз ету;
инновациялық қызмет, ұлттық мүдде мен санаткерлік меншікті қорғау саласында халықаралық ынтымақтастыққа әрекеттесу.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау ҚР заңнамасына сәйкес келесідей негізгі формаларда жүргізіледі:
инновациялық даму мен инновациялық бағдарламаларды әзірлеу басымдықтарын анықтау;
мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін қажетті ұйымдастырушылық-экономикалық шарттарды құру;
инновациялық инфрақұрылымдарды қалыптастыру;
мемлекеттік бюджеттен мақсатты түрде қаржыландыру;
бәсекеге қабілетті өндірістерді құрудағы мемлекеттік қатысушылық;
мемлекеттік тапсырыс бойынша құрылған инновациялық нарықтың кепілденген нарығын қамтамасыз ету;
отандық инновацияларды жылжыту.
Мемлекеттік инновациялық бағдарлама келесілерді қарастыруы керек:
ел экономикасы үшін стратегиялық мәнділікті иемденетін инновацияны құру кезінде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;
инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту;
инновацияны тұтынушылар мен өндірушілердің бірлік ақпарттықжелісі мен мәліметтер банкісін ұйымдастыру;
инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу.
Инновациялық қызметті қаржыландыру келесілердің есебінен іске асырылады:
инновациялық қызмет субъектілерінің меншіктік қаражаттары;
республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қор қаражаттары, мемлекеттік нақты гранттар.
Осы бағдарлама мен стратегиялық бағыттағы маңыздылықтар жалпы кәсіпкерліктің, оның ішінде, отандық шағын бизнестің салалық құрылымының материалдық өндіріс, ең алдымен, өңдеу өнеркәсібіне қарай прогрессивтік өзгерісіне бағытталыну қажеттілігін ескеру керек.
Аталынған мақсаттарға қол жеткізу келесі міндеттердің шешімін қарастырады:
инновациялық және ғылымды қажетсінетін венчурлік өндірістерді дамыту;
нарықтық және өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту;
бизнес-инкубаторлар желілерін, кәсіпкерлер мен технопарктер орталықтарын құру;
франчайзинг негізінде ірі және орта кәсіпорындардың өзара пайдалы шоғырланған байланыстарын жайғастыру.
Осы Стратегияның іске асуы үшін келесідей мемлекеттік даму институттары қалыптасты:
1. «Қазақстанның даму Банкісі» АҚ.
2. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ.
3. «Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ.
4. Инжиниринг және технология трансферті Орталығы.
5. «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ.
Инновациялық инфрақұрылым – ұлттық деңгейдегі ғылыми білімдер мен технологияларды коммерциялық өткізумен, өндіріспен және ақпараттық қамтамасыз етумен айналысатын өзара байланысты ұйымдар, құрылымдар жиынтығы. Инновациялық инфрақұрылымның басқа жағы – инновациялық үрдісті қамтамасыз етуші және де мығым ұлттық түп тамырды, дәстүрді, саяси-мәдени ерекшеліктерді иемденуші және инновациялық үрдісті қамтамасыз етуші құқықтық, қаржылық, ақпараттық, әлеуметтік сипаттағы институттар кешені.
Қазақстан бойынша он шақты болатын технопарктерді енгізу кезінде ғылыми-зерттеулік жүйе қатысушылары мен элементтеріне әсер ету деңгейі бойынша келесідей статустар беріледі: ұлттық ғылыми-технологиялық парктер; аймақтық технологиялық парктер.
Ұлттық ғылыми-технологиялық парктер арасында келесідей технологиялық құрылымдарды қарастырамыз: ақпараттық технологиялар Паркі, Алатау кенті; Ұлттық инустриалдық мұнай-химиялық технопаркі, Атырау қаласы; «Тоқымақ» ядерлік технологиялар технопаркісі, Курчатоы қаласы, ғарыш мониторингісі технопаркі, Алматы, Астана және Приозерск.
Қазақстанның технопарктерінің негізгі элементтері – бизнес-инкубаторлардың болуы мен құрылымы.
Қазақстандық технопарктермен ұсынылатын қызметтердің бүгінгі таңдағы сипаты келесідей:
жалға өндірістік және әкімшіліктік алаңдарды ұсыну;
технологиялық құралдар прокатын ұйымдастыру;
жалпы коммуналдық және коммуникациялық қызметтерді ұсыну.
Технопарктердің әрі қарай табысты қызмет атқаруы Қазақстанға қолдағы бар ғылыми-техникалық әлеуетті, қаржылық және еңбектік ресурстарды тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Бір уақытта ол әлеуеметтік-экономикалық мәслелерді шешуге, нақты айтсақ, жұмысбастылық пен кедейлікпен күрес саласында, сонымен қатар, жалпы мемлекеттің серпінділікпен экономикалық өсімін тұрақтандыруға қол жеткізуге ықпалдасады. 7
6.6 Инновациялық бизнестің шет елдік тәжірибесі
Жалпы әлемдік тәжірибеде шағын инновациялық кәсіпкерлік саласындағы инновациялық үрдісті басқару теориясы мен тәжірибесі инновациялық қызметті ұйымдастыру мен дамытудың келесідей бірнеше формалары бар:
Ескі қызмет етуші компаниялар негізінде мүлдем жаңа шағын кәсіпкерлік субъектісінің қалыптасуымен сипатталады. Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде қалыптасатын ШК субъектілері жас компаниялардың құрылуының прогрессивті әдісі болып саналады. Жаңа компанияла ірі, алдыңғы қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми-зерттеулік және оқу-білімдік мекемелерде жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды өздерінің инновациялық бағдарламары мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек көрсетіледі.
Тәуекелділік-венчурлік фирмалардың қалыптасуы мен қызмет ету үрдісімен байланысты. Тәуекелділік-венчурлік фирмалар елеулі түрдегі тәуекелдіктегі инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін құрылатын субъектілерді сипаттайды. Жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер саласында жаңа керемет ойларды игерген бірнеше адамдардан құралатын жобалық топ, сол өздерінің жаңа жобаларын іске асыру үшін қажетті қаржылық және басқа да құралдарды иемденбегендіктен венчурлік технологияларға маманданған венчурлік қорлар немесе инвесторлармен ынтымақтастық құрады.
Технологиялық бизнес-инкубаторлардың қалыптасуы мен қызмет етуіне байланысты. Технологиялық бизнес-инкубаторлар билік немесе ірі жеке меншік компаниялармен немесе ғылыми мекемелермен кәсіпкерліктің жаңа субъектісін жетілдіру мақсатында құрылатын ұйымдар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерлік саласындағы инновациялық қызметтің дамуы тікелей іргелі және қолданбалы ғылым мен ғылыми-техникалық әзірлемелердің коммерциялық талап етілу жағдайымен байланысты. Осымен бірге, инновациялық қызметтің бастау алуына ықпал ететін немесе кез келген жаңа әзірлемелер ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты екендігін ұмытпауымыз қажет.
Ғылыми-техникалық прогреске мемлекет тарапынан көзқарасты сипаттаушы көрсеткіштің бірі болып, ғылымды қаржыландыру саналады. Осы жағдайдың әлемдік тәжірибесіне, яғни, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге мемлекет тарапынан шығындарға тоқталайық (2005 жылға): АҚШ-да 246,2 млрд. доллар (ЖІӨ-нен 2,9%), Жапонияда 94, 2 млрд. доллар (ЖІӨ-нен 3,0%), Германияда 45,8 млрд. доллар (ЖІӨ-нен 2,35%), Францияда 28,0 млрд. доллар (ЖІӨ-нен 2,25%), Швецияда 7,6 млрд. доллар (ЖІӨ-нен 4,0%). Осы кезеңде Еуроодақ өз мүшелеріне ғылымға жұмсалатын салымдар деңгейін 2,5%-ға жеткізуді ұсынуда.
Салыстыру үшін айта кетсек, Ресейдегі бұл көрсеткіш 2007 жылы 4,2 млрд. долларды (ЖІӨ-нен 1,09%), Қазақстанда – 187 млн. долларды (ЖІӨ-нен 0,22%) құраған. Адам басына осы шығындарды есептесек, келесі нәтижелерді аламыз: Швецияда – 858, Жапонияда – 747, Германияда – 536, Францияда – 480, Ресейде – 64, Қазақстанда – 12,3 АҚШ доллар.
ЕО елдерімен инновациялық бағыттағы ғылыми-техникалық қызметті қолдау нарықтық экономикалы мемлекеттердің барлығына бірдей ортақ қағидаларға сай іске асырылады. Комплементарлық (қосымшалық) қағида – мемлекеттің технологиялық дамуындағы олқылықты толтыруға бағытталған жұмыстарға қаржылық көмек көрсету. Бәсекелік зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қағидасы – мемлекет нарықта қалыптасқан фирмалар арасындағы өзара қарым-қатынастарды бұзбай, жалпыға бірдей қолайлы ғылыми-техникалық өнімді құру үшін төлемақылар жүргізеді.
Францияда инновациялық қызметті қолдау шағын және орта кәсіпорындар саласында үйлестірілген. Өнеркәсіптік енгізушілікке негізделген инновациялық жобаларды қаржылық, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау құрылтайшылары болып үш министрлік (өнеркәсіптік, ұлттық білім беру, ғылым және технологиялар, шағын және орта кәсіпорындар) саналатын ANVAR мемлекеттік агенттігімен іске асырылады.
Ұлыбританияда КЖҒЗТ бюджеттік қаржыландыру әр түрлі арналар бойынша іске асырылады: әрқайсысы өз бюджетінде ғылымға қаражатты иемденетін департаменттер (министрліктер), әртүрлі мамандандырылған агенттіктер (мысалға, ғарыштық) және басқа да ұйымдар. Қаржыландырушы ұйымдар ретінде, сонымен қатар, ғылым және технологияның маңызды бағыттары бойынша жеті зерттеу кеңестер бар. Осы кеңестер басым бөлігі граттар формасында конкурстық негізде ғылыми мекемелер арасында қаражаттарды үлестіретін меншіктік бюджетті иемденеді.
Германияда білім, ғылым, зерттеулер және технологиялар федералдық Министрлігінің (BMBF) мақсатты бағдарламалар шегінде инновациялық жобаларға тікелей қаржылық көмек көрсету федералдық бюджеттен іске асырылады.
Нидерландыда инновациялық жобаларды іске асырушы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдак көрсету шаралары SENTER агенттігі арқылы экономика Министрлігімен жүргізіледі. Жыл бойында SENTER агенттігі арқылы 400 млн. доллар көлемінде соммалар инновациялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қаражаттар қуат көздері мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы, экспортты дамытуға бағдарланған және де шағын және орта кәсіпорындармен орындалатын жекелеген жобаларға қатысты мемлекеттік бағдарламалар шегіндегі зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыруға бағытталған.
Қазақстан үшін ЕО мемлекеттік органдарының инновациялық үрдістерді қолдау мен оларды іске асыру үшін қолданылатын механизмдерді қолдау бойынша нақты іс-шараларды жүргізудегі қағидалары маңыздылықты атқарады. Бұ жағдай, ең алдымен инновация саласындағы мемлекеттің негізгі міндеті ғылыми-техникалық (біліммен жабдықтаушы) және өнеркәсіптік (қолданушы) салалар арасындағы айырмашылықты болдырмаумен байланысты.
Ғылыми-техникалық прогреске инвестиция салу жалпы экономиканың тиімділігін, Латын Америкасы мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің даму қарқынын арттыруда. Латын Америкасында ғылымға шығындар ЖІӨ-нің 1% құрап, нәтижесінде экономиканың тұралаушылық пайда болды. Осымен бірге, КЖҒЗТ мемлекеттік ынталандыру нәтижесінде Оңтүстік-Шғыс Азияның кейбір мемлекеттері ғылымға ЖІӨ-нің 2% көлеміне дейінгі сомманы жұмсап, кей сәтті осы көрсеткіш бойынша АҚШ мен Германияны басып озды. Осының нәтижесінде, Малайзия микропроцессорлар нарығында, Сингапур биотехнология мен бағдарламалық қаматмасыз ету нарығында, Тайвань – дараланған компьютерлер өндірісінде, Оңтүстік Корея – тұрмыстық техникалар нарығында өздерінің «қуыстарын» иемденді.
АҚШ-да инновациялық қызметтер саласындағы ірі көлемдегі үкіметтік бағдарлама «Шағын бизнестің инновациялық зерттеулерін қолдау Бағдарламасы» қабылданып, оған сәйкес ғылымды қаржыландырушы 11 федералдық ведомства өзінің ғылымға арналған бюджетінен 0,2% шамасында кішігірім ғылыми сыйымдылықтағы ғылыми әзірлемелерді дамытуға бағыттауы қажет саналды.
Қытайда 1988 жылдан бастап ғылыми сыйымдылықтағы технологияларды индустриаландыру мен коммерцияландыруға бағытталған «Факел» жалпы мемлекеттік ғылыми-өндірістік бағдарлама іске асырылуда. Бұл бағдарлама технопарктерді ұйымдастыру мен ғылыми сыйымдылықтағы технологияларды, бизнес-инкубаторларды енгізу аймағын құру арқылы шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша тұтастай іс-шаралар кешенін іске асыруды қарастырады. 1994 жылдан 2004 жыл аралығында жоғарғы және жаңа технологияларға негізделген 2500 кәсіпорындар құрылып, ғылыми сыйымдылықтағы 4000 жуық өнімдер түрі игерілді.
Әлемдік тәжірибе, шағын кәсіпкерліктің баламалық инфрақұрылымын құру шағын кәсіпкерлікті дамудың инновациялық жолына ауыстыру үшін шешуші фактор бола отырып, инновациялық жоба қатысушылары –барлық құрылымдары арасындағы қатынастардың үйлесімдік жүйесін құруды талап етеді. Әрине, осы үрдіс шағын кәсіпкерліктегі инновацияның өмірлік циклына сәйкес инновация өсіміне қажетті «алаңдарды» - бизнес-инкубаторлар мен технопарктерді, сонымен қатар, инновациялық үрдісте шағын кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігіне әсер ететін инновациялық ақпараттық-көрмелік орталықтардан, бизнес-білім беру құрылымдардан, кәсіпкерлердің ең алдымен қажетсінетін консалтингтік және маркетингтік қызметтерді құрумен тығыз байланысты.
Қосымша
