- •6 Тақырып кәсіпкерліктегі инновация
- •6.1 Кәсіпкерліктегі инновациялық қызметінің мәні.
- •12.1 Сурет - Инновациялық үрдістің схемасы
- •6.2 Инновацияның қазіргі заманғы тұжырымдамасы мен бағалануы
- •6.3 Қазақстандағы инновациялық үрдістер мен жаңалықтар нарығының қалыптасуы
- •6.4 Қазақстандағы венчурлік бизнестің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері
- •6.5 Қазақстандағы инновациялық (венчурлік) бизнесті мемлекеттік реттеу
- •Toyota: инновациялық негізде келешектік автомобиль құрылысын сипаттаушы брэнд
6.3 Қазақстандағы инновациялық үрдістер мен жаңалықтар нарығының қалыптасуы
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты – пайда соммасының ұзақ мерзімді тұрақты өсуі, ал бұл көрініс мағыналы түрде кәсіпорынның белсенді инновациялық саясатына байланысты. Жаңа өнімді өндірмес бұрын және оны нарыққа ұсынудың алдында нарық жағдайы мен тұтынушы сұранысын зерделеу қажет.
Инновациялық үрдіс келесі кезеңдерді қамтиды:
Нәтижесінде жаңа ғылымдық танымдар қалыптасатын, ғылымдық ұйымдарда іргелі зерттеулер жүргізу шаралары.
Тәжірибелік бағытты иемденуші қолданбалы және сараптамалық зерттеулер (тәуекелділік сипатта болады), машина және құрылғылар, арнайы мәселелерді шешу, мүмкіншіліктерді бағалау және тәжірибелік бағыттылық.
Инженерлік-техникалық жұмыстар: компоненттар, өндірістік аспектілер, инженерлік-техникалық және экономикалық есеп айырысулар, өнімділікті талдау.
Жаңалық нәтижесінің көрінісі: түп тұлғасы, тәжірибелік өндіріс. Конструкторлы-технологиялық құжаттар дайындалады, инновацияның аралық нәтижесі жаңа бұйымдардың тәжірибелі үлгісі, жаңа технологияны қолданудың тәжірибелігімен сипатталады.
Өндіріс және пайдаға асыру: сапаны бақылау, маркетинг, ағымдық жөндеу, артық қорды қолдануды бақылау.
Жүйелік басқару: шоғырландыру, ұзақмерзімдік жоспарлау, өнімділікті талдау нәтижесінің алдыңғы өзгерістермен кері байланысы.
Қолдану: қабылдау шарты, қызмет көрсету, бәсеке салдары.
Инновациялық үрдістің негізін қалыптастырушы жаңалықтар нарығы келесідей функцияларды атқарады:
Ақпараттық. Осы функцияның арқасында инновацияның көзі болып саналатын жаңалықтар, жаңа ақпараттар, енгізілімдер қалыптасады.
Делдалдық. Осы жаңалықтар нарығына қатысушылар арасында экономикалық және технологиялық байланыстардың өзара пайдалылығы мен біртұтастылығын анықтайды. Сәйкесінше жаңалықтар әзірлену кезеңінен нақты өнімге айналғанға дейін бірталай делдалдық функцияларды атқарып, экономикалық қарым-қатынаспен сипатталады.
Баға құрушы. Жаңалықтардың пайда болуы мен оның нақтылыққа айнлауымен, яғни инновациялық негізде өнім шығару үрдістерінің әр кезеңінде олардың шығындары мен пайдалылық нормасын енгізетін баға қалыптасады. Жаңа өнімдердің немесе жаңа енгізілімдермен сипатталатын нәтиженің бағасы жоғары болатынын ескеру қажет.
Реттеуші. Осы функция нәтижесінде экономиканың оңтайлы құрылымы қалыптасады, жаңалықтар өндірушілері арасында бәсеке күшейеді. Инновациялық негізде өндірісті қайта жандандырып не жаңа өндіріс ошақтарын қалыптастыру арқылы жалпы халық шаруашылығы саласындағы күрделі мәселелерді шешуге болады.
Күшейту, жақсарту функциясы қатаң бәсекелестік күрес, экономикаға, экономикалық әлсіз, созылмалы “аурудан”, келешегі жоқ кәсіпкерлік құрылымдардан арылып, инновациялық қызметке лайықты ден қоятын, жоғары тиімділіктегі шаруашылық бірліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Инновациялық ғылымды қаржыландыру ең басты міндеті болып табылатын Даму институттарының қосқан үлесі соншалықты еместігі жоғарыдағы кестеде көрсетілген.
Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде зерттеу жүргізілген кәсіпорындар саны 1,5 есе өскен болса, инновацияны қолдайтын, енгізуге, жасап шығаруға әрекет етіп жатқандардың үлесі 3 есе өскен. Яғни, заман талабы мен өзгерістерді түсінушілік бар, соған орай ықпал ретінде қимылдау байқалады. Сәйкесінше инновациялық белсенділік 2 еседен астам артқан, бірақта, оның деңгейі әлемдік тұрғыдан қарастырғанда өте төмен болып саналады.
Төмендегі 12.6-ші кестеден көріп отырғанымыздай 2005 жылы жаңадан енгізілген өнімнің жалпы инновациялық өнім көлеміндегі үлесі 36,7 %-ға тең болса, ал 2006 жылы 56,8%-ға, бұл көрсеткіш 2008 жылы 80,3%-ға жеткен Ал, жетілдірілген өнімдер үлесі 2005 жылы – 59%, 2006 жылы – 36,3%, 2007 жылы – 25,5%, 2008 жылы – 13,8%.
Жоғарыдағы инновациялық үрдіс пен еліміздегі жаңалықтар нарығындағы көрсеткіштерді талдай отырып, келесідей түйіндемелер жасауға болады: ЖІӨ-гі ғылымның үлесі өте төмен; зерттеу ұйымдарының саны зерттеушілер санына қарағанда жоғары қарқынмен өсуде; мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін зерттеушілердің үлесі азаю үстінде; ғылымға құйылар инвестиция өсуде, ғылымға жас мамандар аздап болса да келе бастауда; орындалған жұмыстар көлемі өсуде; Қазақстанда жасалып жатқан технология тәжірибе жүзінде ендірілмей отыр; кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі өте төмен; өнеркәсіп өнімінде инновациялық өнімдердің үлесі де төмендікті байқатады.
Жоғарыда қарастырылған дәйектемелер Қазақстандағы инновациялық үрдістердің қазіргі заманғы дамуы әзірше төменгі деңгейде екендігін сипаттайды. Осыған қоса, ғылымды қаржыландыру жағдайында мәселелер баршылық. Осының дәлелеі ретінде инновациялық белсенділік деңгейі көрсеткіштерінің, технологиялық инновациялар мен олардың нәтижелілігі шығындары көлемдерінің аз болуы, елдегі ғылыми әлеуеттің жеткілікті түрде қолданылмауы, инновациялық инфрақұрылымның дамымаушылығын атап өтеміз. Кәсіпорындардың инновацияны өздігінен дамыту ұмтылыстары мен қадамдары айқындалып, бірінші кезекті мәнділікке ие болуда. Ең алдымен мемлекет тарапынан инновациялық қызметке отандық және шет елдік инвестицияларды тарту үшін нақты кепілдіктер мен ынталандыруларды қамтамасыз етуші заңнамаларды қабылдау мен КЖҒЗТ-не елеулі түрде қолдау көрсетуді қолға алу керек.
Біздің пікірімізше, ғылыми зерттеулер мен әзірлемлер деңгейін көтеру үшін келесі бағыттар бойынша ынталандырудың мемлекеттік саясатын жүргізу қажет:
Инновациялық кәсіпорындар өнімдеріне мемлекеттік тапсырыс беру арқылы мақсатты түрде нарықты қалыптастыру керек. Инновациялық, оның ішінде, шағын кәсіпорындарға өндірістік ғимараттар, жеңілдетілген инвестициялық көмек көрсету, инновациялық бизнес орталықтарын, технопарктерді, қаржылық, маркетингтік, шаруашылықтық, және т.б. қызметтерді ұсыну орталықтарын дамытуға, сонымен қатар, санаткерлік меншікті құқықтық–коммерциялық қорғаныштылығын іске асыруға, лизингтік компаниялар желісін қалыптастыру мен кеңейтуге әрекеттесу.
Ғылымды қажетсінетін технологиялар негізінде өнімнің жаңа түрлерін шағын кәсіпорындармен әзірлеу және өндіру бойынша мақсатты түрде саясатты жүргізу.
Инновациялық жобаларды іске асыруға бөлінетін қаражаттардың салмақтық үлесін ұлғайту, бюджеттік инвестициялардың құрылымын өзгерту қажет.
Инновациялық жобаларды іске асырудағы сәтсіздіктердің нәтижесінде инвесторлармен жұмсалған салымдардың ысыраптылық ықтималдылығын төмендету мақсатында бюджеттік инвестиция есебін қоса отырып, сақтандыруды іске асыру.
Ірі жобаларды үлестік қаржыландыруда ғылыми-техникалық әзірлемелерді жеңілдікпен несиелендіру, венчурлік қаржыландыруды дамыту үшін институционалдық шарттарды құру.
