Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_TEMA_KAZ2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.28 Кб
Скачать

6.2 Инновацияның қазіргі заманғы тұжырымдамасы мен бағалануы

Инновацияның негізін қалыптастырушы ғылыми-техникалық прогрестің бір құрамды бөлігі ретіндегі жаңа енгізілімдер тиімділігі оған жұмсаған шартты шығындарға қатынасымен және өзінің мазмұны тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тиімділік – соңғы әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу бойынша қатынастар жиынтығы – тұлғаның үйлесімді, келісімді дамуына, жан-жақты және әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету үшін өнімдер, қызметтер және ақпараттарға қоғам қажеттілігін толығымен қанағаттандыру. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін сәйкесінше ресурстар қажет, сондықтан тиімділіктің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштері өздерінің ерекше бағалаушылық ерекшеліктерін көрсетеді.

Инновациялық қызметтің салдары тұрғысында инновациялық өнім өндірісінен, сатудан және қолданудан байқалатын күшті әсер (эффект) қарастырылады:

  • Ақпараттық әсер - жаңа білімдер, еңбектік дағдылар, алдыңғы қатарлы технологиялық және ұйымдастырушылық тәжірибелерінің жинақталыма байланысты. Осы әсердің нәтижесінде қоғамның техникалық және санаткерлік әлеуеті дамиды.

  • Ресурстық әсер – жалпы ресурстардың орнын толтырумен, шаруашылықтық айналымға бұрын қолданылмаған ресурстарды пайдаланумен және сатумен сипатталады.

  • Экологиялық әсер - техникалық жаңа енгізілімдердің нәтижесінде қоршаған ортаның өзгерісімен сипатталады. Инновациялық жүйе негізінде қоршаған ортаға зияндылық пен зардапты әкелмейтін не олардың кері әсерін азайтатын жаңа технологиялар мен үлгілер, әзірлемелер пайда болатынын ескерсек, экологиялық тазалықты қамтамасыз ететін келешекке сеніммен қарауға болады.

Әлеуметтік әсер – тұлғалардың жан-жақты дамуы үшін жағымды шарттарды қалыптастыруда айқындалады. Жалпы ииновациялық қызметті қалыптастырудағы ғылыми-тәжірибелік зертеулермен айналысушы, соның жолында бар ғұмырын сарп етуші ғылым мамандарының әлеуметтік статусы көтеріледі, инновациялық негіздегі жаңа өнімді қолданушы тұтынушылардың әлеуметтік жағдайы жақсарады, ғылыми ізденіс пен жаңа өнімді өндіруге байланысты мамандар тартылып, жұмысбастылық қамтамасыз етіледі.

Экономикалық әсер – қоғамдық еңбектің үнемделуі; ресурстардың салалар арасында тиімді үлестіруімен, жаңа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы ұлттық табыстың молығуымен және де халық шарушалығы салаларында бәсекеге қабілеттілікті арттырумен сипатталады.

Инновацияның қазіргі заманғы тұжырымы. Жалпы «Инновация» ұғымы ағылшынның “innovation” сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми-техникалық игеру мағынасын береді.

Кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс төрт қолданбалы кезеңдерден құралады.

1-ші кезеңде іргелі ізденістік ғылыми-зерттеулік жұмыстар жүргізіледі.

2-ші кезеңде қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, әлеуетті инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.

3-ші кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико-экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өңделетін тәжірибелі-конструкторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.

4-ші кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық-сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезеңі.

Осы аталған кезеңдерді қамти отырып, отандық кәсіпкерлікті дамытуда инновациялық стратегияларды қарастыруға болады. Нарық субъектілерінің инновациялық қызметтерінде Ансофф стратегиясымен сипатталатын интенсивті өсудің төрт стратегиясы белгілі. Олар өздеріне, жаңа тауарлар мен технологиялар, ескі тауарлар мен технологияларды және де жаңа не ескі нарықты енгізеді. Осы аталған ерекшеліктер келесідей сипатталынады (сурет12.2).


Сурет 6.2 Ансофф бойынша кәсіпкерліктің интенсивтік өсу стратегиясының матрицасы

Базалық консервативтік стратегия – ескі тауарлар мен технологиялар бұрыннан әйгілі нарық сегменттерінде мықтап бекиді деген болжамға негізделеді

Инновациялық маркетингтік стратегияда – ескі тауарлар мен технологиялар жаңа нарыққа тереңдей енеді, немесе жаңа нарықты игеруде жаңа маркетингтік әдістер іздестіріледі.

Инновациялық технологиялық стратегия – шағын фирмалардың жаңа тауарлар мен технологияны әзірлей отырып, табысты түрде өздерінің бизнестерін ескі нарық сегментінде дамытады.

Инновациялық конгломеративтік Стратегия – жаңа конструкторлық, технологиялық, маркетингтік және ұйымдастырушылық шешімдер жаңа тауарлар мен технологиялардың ішкі және сыртқы жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік етеді.

Кәсіпкерліктің инновациялық стратегиясы басқалардан өзінің жаңашылдықтарымен, нарық сегменттеріне тауар мен технологияларды жылжытуы бойынша ерекшеленетін шағын бизнес субъектісінің мақсаты мен миссиясына қол жеткізудегі маңызды құралдың бірі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]