Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әйел адам есімдері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

Әбиба......Әужа

ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.     ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем.   ӘДИБА - араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші.   ӘДИЛА - араб тілінен алынған әдил-ғадія  - әділдік, шыншылдық, турашыл.   ӘДИНА - иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген;    жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина.   ӘДИЯ - араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту.   ӘЗИЗА - араб тілінен  — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.   ӘЗИМА - араб тілінен  — ұлы, мәртебелі әйел.   ӘИГЕРІМ - әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.   ӘЙНЕК - араб тілінен алынған  эйн —  көз;   қайнар бұлақтың көзі.   ӘЛЕМГҮЛ - әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.   ӘЛИМА - араб тілінен алынған ғалима — өқымысты, ғалым әйел.   ӘЛИПА - араб тілінен алынған алиф —  қолға ілінген, дос, жолдас;   араб әліппесіндегі бірінші әріп.   ӘЛИЯ - араб тілінен алынған —  құны, бағасы артық, биік, жоғары;   қымбатты, сүйікті;   мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері - Ғалия, Қалия, Әлиша.   ӘЛФИЯ - араб тілінен  — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші.   ӘМИЛА - араб тілінен - қызметші, жұмыскер.   ӘМИНА - араб тілінен  —  адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті.     ӘМИРА - араб тілінен алынған әмір -  әкім, бастық, билеуші;   нұсқау, жарлық, бұйрық.   ӘНАПИЯ - араб тіліндегі неби — «пайғамбар» сөзінін көпше түрі.   ӘНИСА - араб тілінен  - дос, жолдас.   ӘРИПА - араб тілінен алынған ариф — есім. Білгір, түсінгіш, дана, данышпан.   ӘСЕЛ - араб тілінен алынған аселъ — бал.   ӘСЕМ - сән, көрік, әдемі.   ӘСЕМГҮ - гүл сияқты әдемі, көрікті, сұлу.   ӘСЕМҚАН  - әсем және ханым, ханша сөздерінен жасалған есім, яғни сұлу ханым.   ӘСИМА - араб тілінен алынған асим - қорғаушы, жақтаушы.   ӘТИНА  - (қараңыз: Әдина).   ӘЛИША  - (қараңыз: Әлия).   ӘУЖА - араб тілінен  - ең қымбат, ең асыл.

Бағила......Бүлдіршін

БАҒИЛА - араб тілінен алынған бахи - мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы.   БАҒЫМША - араб тілінен алынған бақ , бах — бақыт, ырыс, құт, яғни менің бағым, ырысым деген сөз.   БАЗАРАЙЫМ - иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі айым - менің қуанышым, базарым, айша жарқыраған аппағым.   БАЗАРГҮЛ - иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған қуанышым, базарым деген мағынада қойылған есім.   БАҚТЫГҮЛ - араб тілінен алынған бақыт + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған бақытты бала деген мағына беретін есім.   БАЛАУСА - өндірдей жас.   БАЛБАЛА —  балдай тәтті бала деген мәнді есім;   араб тілінен бал - парасат, ақыл, ес, зерде, яғни ақылды, есті бала.   БАЛГҮЛ - балдай, шырынды гүл; яғни ата-ананың ең сүйікті, балдай тәтті баласы болсын деген мағынада қойылған есім.   БАЛҒАНЫМ — сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым. Түрі –Балғын.   БАЛДАЙ - ата-анасына балдай тәтті, қымбат болсын деп қойылған есім.   БАЛЖАН - балдай тәтті әрі ақылды болсын деп қойылған есім.   БАЛЫМ - менің балым, ақылдым, қымбаттым. Балғаным деген есімнің еркелете қысқартып айту түрі.   БАЛҚАДИША - ақылды Қадиша.   БАЛШЕКЕР - бал мен шекердей болсын деген тілекпен қойылған есім.   БАНУ - араб тілінен алынған эбнатун — көпше түрі банату — қыз, бойжеткен. Иран тілінен алынған бану — әмірші, әкім әйел, ханым.   БАТСАЙЫ - жолақты жібек мата.   БАЯН - көне түркі,  моңғол  тілдеріне ортақ «мықты», «зор», «бай» мағыналы сөз. Араб тілінен вайан — айқын, ашық, түсінік, анықтама, хабарлама.   БАЯНСҰЛУ - ғашықтық жырдағы ақылды да сұлу қыздың есімі.   БӘДЕР - араб тілінен алынған бәдр — толық ай.   БӘДІГҮЛЖАМАЛ - араб тілінен  - теңдесі жоқ сұлу, әдемі қыз. Еркелете-қысқартып айту түрі — Бәдеш.   БӘДИҒА - араб тілінен алынған бадига — ғажайып зат, таңғажайып нәрсе, шығармашылық өнер, шеберлік, өте шебер.   БӘДИНҰР – араб тілінен — теңдесі жоқ сұлу, көркем, нұрлы.   БӘЗИЛА  - (қараңыз: Фазила).   БӘКИЗАТ - иран тілінен алынған пак — таза, кіршіксіз + зада — бала, перзент.   БӘКІБАЛА - иран тілінен алынған пак — таза бала, яғни кіршіксіз, таза бала.   БӘЛИҒА - араб тілінен  — есейген, ержеткен қыз.   БӘЛИЯ - араб тілінен алынған валия — оқыған білімді қыз.   БӘТЕС – орыс тілінен батист - жұқа биязы ақ мата. Осы матадай ақ, таза, адал болсын деген тілекпен қойылған есім.   БЕЙБІТГҮЛ - бала бейбіт өмірдің гүлі, қуанышы болсын деп қойылған есім.   БЕКДАНА – қазақ сөзі бек  + иран тілінен алынған дана - білгір, яғни нағыз дана, данышпан.   БЕКСҰЛУ - тым сұлу, аса көрікті.   БИБІ - иран тілінен  — үй иесі, азаматша.   БИБІГҮЛ - иран тілінен алынған бибі + қазақ сөзі гул. Гүл жайнаған ханым.   БИБІНҰР - иран тілінен алынған - қыз біткеннің, әйелдердің нұрлысы, сұлуы.   БИБІСАРА - иран тілінен алынған бибі — әйел, сара — таза, яғни, таза, адал әйел.   БИБІХАНЫМ - ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.   БИБІЖАМАЛ - иран тілінен  — көркем, сұлу қыз, әйел. Қысқарған түрі - Бижамал.   БОТА - түйенің ботасына ұқсатып қойылған есім.   БОТАКӨЗ - ботаның көзі сияқты мөлдір қара көз.   БҰЛБҰЛ - иран тілінен  — сандуғаш.   БҮБІ  - (қараңыз: Айбибі).   БҮБІШ  - (қараңыз: Айбибі).   БҮБІХАН  - (қараңыз: Айбибі).     БҮЛДІРШІН - өте жас, өндірдей жас.