Науқасқа не болды?
Емдеу жоспары
Зерттеу жоспарларын құр
Өңештен қан қан кету. Жедел көмек.
№22 есеп
40 жастағы науқастың шағымдары: көңілі айну, құсу (құсығында қан аралас), әлсіздік, бас айналу.
12 жыл бұрын жедел вирустық гепатитпен ауырған. соңғы 3 жылда науқасты әлсіздік, кейде мұрыннан қан кету, тәбетінің төмендігі мазалаған. 6 ай алдын құрсағы үлкейе бастады.
Қарау: терісі бозданған, сарылау, кеуденің терісінде «жұлдызшалы» тамыршалар, құрсақ қуысындағы бос сұйықтықтан қарны үлкейген, бауыр 4 см-ге ұлғайған, пульсі 1 минутына 140 рет соғады, АҚ – 160/170 мм с.б.
Алдын ала қойған диагноз
Емдеу,көмек шаралары
Қай бөлімшеде емдейді
Өкпеден қан кету. Жедел жәрдем.
№23 есеп
19 жастағы науқас аурудың 7-ші күнінде терапия бөліміне, өте ауыр халде түсті. Ауру жедел басталған. Жедел респираторлық аурудың 5-ші күні науқастың ыстығы 40°С-қа дейін көтеріліп, қалтырау басталды. Құрғақ жөтел, бас ауырсынуы күшейді. Кеуденің сол жағында ауырсыну пайда болып, сол қолға таралды. Ауырсыну жөтелгенде, қозғалғанда күшейе түсті. Түнде тершеңдіктен 3-4 рет киімін ауыстырды.
Қарағанда: науқас мәжбүр қалыпта отыр, терісі сұрланған, тер қаптаған. Тыныс алу минутына 38 рет. Кеуденің оң жағы тыныс алудан қалыңқы перкуссияда: сол жақтың төменгі аймағында перкуторлық дыбыс тұйық, ал оң жақта перкуторлық дыбыс анық, қалыпты везикулярлық тыныс өзгермеген. АҚ 80/50 мм с.б., пульс 1 минутына 116 рет, ырғағы бұзылмаған.
Алдын ала диагноз қойыңыз?
Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу жасайсыз?
Көмек көрсетіңіз
Анафилактикалық шок. Жедел жәрдем.
№24 есеп
46 жастағы науқас кешкі асқа пісірілген балық етін жегеннен соң төс астында ауырсыну басталғанын сезді, ауырсыну сол қолына таралып, қорқыныш сезімі пайда болды. Ауырсыну жұтынғанда күшейе түседі. ЭКГ-да жедел коронарлық өзгеріс жоқ.
Науқасқа қандай диагноз қоюға болады?
Қосалқы зерттеу жүргізіңіз
Көрсетілетін көмек
Бронхиалді демікпе. Жедел көмек.
№25 есеп
34 жастағы науқас жиі суықтанудан жедел инфекциялармен аурады, баспамен, ЖРВИ мен.Дәрігерге шағымдармен келді:белінің сыздап ауруына, дене қызуының 38-39 С көтерілуіне,алғашқы рет жиі, содан соң сирек кіші дәретінің болуына,ертеңгілік бетінің ісінуіне.Қарағанда:көз асты ісінген,Пастернацкий симтомы екі жақта +- оң,ЖЗА:лейкоциттер25-30,шырыш,бактериялар.
Науқасқа не болды деп ойлайсыз?
Диагноз қою үшін қандай зерттеулер жасалу керек?
Емдеу жоспары
Стенокардия. Жедел жәрдем.
№26 есеп
Қабылдау бөлімшесіне 42 жастағы науқас түсті. 1 сағаттан астам уақыттан бері төс астындағы күйдіріп ауырсыну мазалаған. Морфин инъекциясынан соң ғана ауырсыну басылды. Ауырсыну әдеттегіден ерекше физикалық жұмыстан кейін пайда болған. Валидол, нитроглицерин қабылдап, дем алып, тыныштық күйде отырса да ауырсыну тоқтамаған. Анамнезінде соңғы 1 айдың ішінде төс астындағы күйдіріп ауырсыну тез-тез қайталанып тұрған. Науқастың өзі оны «қыжылдау» деп түсініп көмегі аз болса да ас содасын сүтпен ішіп жүрген. Қабылдау бөлімшесіне түскенде науқаста жүрек тамыр шамасыздығының белгілері жоқ (ентігу, акроцианоз, ісік т.б.). ЭКГ I стандарттық тіркемеде және сол кеуде тіркемелерінде ST аралығы көтеріңкі. 1 күннен кейін теріс Т-тісшесі пайда болды. 2-ші күні қан анализінде лейкоцитоз (11,8*109/л) анықталды.
Диагноз қойыңыз?
Ауруханадағы емінен басқа тактика
Қандай ауруларымен дифференциальды диагностика жүргіземіз
Жедел есекжем. Жәрдем.
№27 есеп
63 жастағы әйел қабылдау бөлімшесіне ауыр халде келіп түсті. Есі сопор жағдайда болғандықтан анамнезін жинау қиындады. Науқас қойылған сұрақтарға жауап бере алмады. Дәрігер қарап жатқанда 1-2 рет құсты. Терісі құрғақ, онда қышынудан қалған іздер байқалады, тері тургоры төмен. Көз алмаларының тонусы жұмсақ. Тыныс алуы терең, шулы, сирек, минутына 12 рет. тыныс шығарғанда ацетон исі сезіледі. АҚ 80/40 мм с.б. Жүрек соғуы жиіленген, 1 мин-120 рет. Пульс 1 мин-120 рет.
Диагноз қойыңыз
Қандай лабораториялық зерттеу жүргізу керек?
Негізгі емдік шаралар,жоспары
Естен тану. Жедел жәрдем.
№28 есеп
Ессіз жатқан 18 жастағы қызға жедел жәрдем шақырып, дәрігерге қыздың туысқандары оның белгісіз дәрі-дәрмектерді (15-20 таблетка) ішкенін айтты. Бұдан 30 минут алдында оның тынышсызданып, қозып, түсініксіз сөздерді айқайлап айтып (голлюцинация), белгісіз нәрселерді іздеп мазасыданғанын да ескертті. Қарағанда: терісі құрғақ, беті қызарған. Қол-аяқтарының тырысқаны байқалады. АҚ 150-95 мм с.б. Пульс 140 (1 мин). Тыныс алуы жиі, минутына 30 рет. Көз қарашықтары үлкейген, нистагм, жарыққа реакциясы әлсіз.
Қандай дәрмекпен уланды деп ойлайсыз?
Негізгі біріншілік көмек
Емдік шаралары,жоспары
4.Миокард инфаркты.Жедел жәрдем.
№29 есеп
Науқас 2-3 жыл жиі суықтанып, жөтеліп жүр, 12 жыл темекі шегеді. Дәрігерге шағымдармен келді:таңертенгілік қою қақырықты жөтел,ентікпе, тәбетінің төмендеуі.
