Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия есеп 20131111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.46 Кб
Скачать
  1. Қандай ауру деп ойлайсыз?

  2. Емдеу жоспары

  3. Қандай ауруларымен дифференциальды диагностика жүргізесіз

4.Коллапс. Жедел жәрдем.

7 есеп

45 жастағы әйел адам майлы, қуырылған тағамнан соң бірден пайда болған ішінің жоғарғы бөлігіндегі белдік тәрізді ауру сезімге, жүрегінің айнуына, жиі құсына, дәретінің сұйық болуына, әлсізденуіне шағымданды.

Қарағанда: іші үлкейген, терісі бозарған, АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Пульс 100 рет, іші қатып, жоғарғы жағында ауру сезім бар.

  1. Қандай ауру деп ойлайсың?

  2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораториялық әдіс қажет?

  3. Жедел көмек көрсет

  4. Гипертониялық криз,дәрігерге дейінгі көмек.

8 есеп

17 жастағы қыз баланың жағдайы ангинадан 2 аптадан соң нашарлаған. Науқас басының ауруына, белінің сыздап ауруына, таңертеңгі уақытта қабағының, бетінің ісінуіне, әлсіздікке, зәрінің азайып, түсі «ет жуындысындай» болуына шағымданды.

Қарағанда: АҚ 160/100 мм.сын.бағ. Пульс 90 рет, Пастернацкий симп. 2 жақта да оң. Таңертеңгі зәрдің тығыздығы 1015. Эритроциттер мөлшері 30 шамасында. Лейкоциттер – 5 шамасында.

  1. Қандай ауру деп ойлайсыз?

  2. Зерттеу жоспарын құр

  3. Диф.диагнозын жүргіз

4.Ішектен қан кету. Жедел жәрдем.

9 есеп

70 жастағы науқас тәбетінің болмауына, ет тағамға қарай алмайтынына, эпигастрий аймағындағы үнемі болатын ауру сезімге, жүрегінің айнуына, бірте-бірте әлсізденіп, шапшақ арықтануына, көңіл-күйінің төмен болуына шағымданады. Өзін 3 ай шамасында науқаспын деп есептейді.

Қарағанда: тамақтануы нашар, терісі бозарған, ішін пальпацияланғанда эпигастрий аймағында ауру сезім бар, тығыздалған, ісік тәрізді өсінді сезіледі. Бауыр көк бауыр ұлғайған.

  1. Бұл ауру туралы қандай пікір бар?

  2. Диагнозды қалай дәлелдейсіз?

  3. Емдеу жоспары

  4. Миокард инфаркты.Жедел жәрдем.

10 есеп

27 жастағы науқас аш қарында және түнгі уақытта эпигастрия аймағында пайда болатын өте қатты ауру сезімге, бұл ауру сезім қыжылдаумен болатынына, бірақ ас содасын ішкен соң басылатынына шағымданды. Ауырғанына 3 жыл болған, көктем, күз айларында асқыну болады.

Қарағанда: тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, ішін пальпациялағанда жұмсақ, ауру сезім тек асқазан тұсында орналасқан. Бауыр мен көкбауыр қалыпты.

  1. Бұл қандай ауру деп ойлайсыз?

  2. Диагнозды қандай зерттеу әдісі дәлелдейді?

  3. Науқасқа берер нұсқауың.

  4. Өкпе ісінуі. Жедел жәрдем.

11 есеп

57 жастағы науқас тез жүруінен кеуде артына, сол қол, сол жақ жауырынына берілген, бірнәрсе баспы, қысып тұрғандай болып сезілетін ауру сезімге шағымданды. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған.

Қарағанда: науқас тоқтап тұрып қалған, бет-әлпетінде қорқыныш, үрей байқалад. Қолы жүрек тұсында орналасқан.

  1. Науқасқа не болды?

  2. Қандай аурумен диф.диагноз жүргізу керек?

  3. Қандай зерттеу түрі диагнозды дәлелдейді?

  4. Коллапс. Дәрігерге дейнгі көмек.

12 есеп

Науқас шағымдармен дәрігерге келді:эпигастрий аймағында ауру сезім, құсу, лоқсу, тәбетінің төмендуіне.Сұрағанда: науқас ұзақ жұмыста, тамақтануы 1-2 рет күніне, көп мөлшерде.