Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия есеп 20131111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.46 Кб
Скачать
  1. Болжам диагнозыңыз

  2. Зерттеу жоспары

  3. Емдеу жоспары

  4. Миокард инфаркты.Дәрігерге дейінгі көмек.

13 есеп

57 жастағы ер адам физикалық күш түскен соң сол қолына, сол жақ жауырынын бәрнәрсе басып, қысып тұрғандай сезілетін ауру сезімге, әлсізденіп шағымданды.

Қарағанда: науқас қозған, бет әлпетінде қорқыныш үрей байқалады терісін суық басқан, қолы жүрек тұсында орналасқан. Науқастың тіл астына 2 рет нитроглицерин берілген, бірақ жеңілдік болмаған.

  1. Науқасқа не болды?

  2. Диагнозын қалай дәлелдесіз?

  3. Жедел көмек көрсету

  4. Стенокардия. Жедел көмек.

14 есеп

Емханаға 24 жастағы науқас келіп, үздіксіз жөтелге, қалтырап-тонуға, әлсіреп, жөтелагенде кеуде тұсында болатн ауру сезімге шағымданды. Өзін 3 күндей науқас деп есептейді. Жаурап қалған уақытымен сәйкес екенін айтты.

Қарағанда: дене қызуы 37,6°С, пульс 90 рет.

Аускультацияда: кеуде тұсы мен жауырын арасынан біркелкі құрғақ сырыл естледі.

  1. Қандай ауру деп ойлайсыз?

  2. Емдеу және зерттеу жоспарын құр?

  3. Қандай ауруларымен дифф. диагностика жүргіземіз

  4. Бронх демікпесі ұстама.Жедел жәрдем.

15 есеп

Аурухананың қабылдау бөлімшесіне науқас түсті. Ол оң жақ кеуде қуысындағы сезімге, ауру сезімінің терең демалғанда күшейе түсуіне, ентігуіне, қалтырап-тоңуына, әлсіздікке, басының ауруына, аз мөлшерде, түсі «тат» басқандай қақрық бөлуіне, жөтелге шағымданды.

Қарағанда: науқастың еріндерінде герпес пайда болды. Дене қызуы 39,8°С жоғары. Пульс 100 рет, ретті, АҚ 105/65 мм. С.б.

Аускультацияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде крепитация естіледі. Ауру суықтан соң 2 күннен кейін басталған.

  1. Алдын-ала қойылған диагноз?

  2. Диагнозды қалай дәлелдейсіз?

  3. Зерттеу және емдеу жоспарын құр.

  4. Гипертониялық криз.Жедел жәрдем.

16 есеп

Асқазан ойық жарасымен ауыратын әйел адамның жағдайы ащы тағамнан нашарлй түсті. Науқас әлсізденуіне, басының айналуына, денесін суық тер басқанына көп, жиі «кофе тұнбасындай» құсудың болуына шағымданды.

Қарағанда: тері және шырышты қабықтары бозарған, суық тер басқан, аяқ-қолдары мұздаған. АҚ 90/50 мм.сын.бағ. Пульс 100 рет, толықтығы әлсіз.

  1. Алдын-ала қойылған диагноз қандай?

  2. Диагнозды қалай дәлелдейсіз?

  3. Емдеу қағидалары.

  4. Квинке ісігі. Жедел көмек.

17 есеп

Науқастың қан тамырына баралгин енгізген соң жағдай нашарлады: денесі ысып, кеудесі қысылып, тынысы қиындады, жүрегі айнып, басы айналып, денесін суық басып, бірте-бірте есін жоғалтуда. Пульсі жіп тәрізді. АҚ өте төмен.

  1. Науқасқа не болды?

  2. Көмек көрсету

  3. Қосымша зерттеу әдісі.

4.Бронх демікпесі.Жедел жәрдем:

18 есеп

Емханаға 57 жастағы әйел келіп, ыстықтауына, ауызының құрғауына, зәрінің жиі-жиі көп бөлінуіне, терісінің қышуына, тез шаршауына, салмағының азаюына шағымданды. Зерттегенде – қанда (аш қарынға) – қант 10.7 ммоль/л, тәуліктік зәрде-глюкозурияға г/л. Науқаста мұндай жағдай 1 айдан көпке созылған.

  1. Алдын-ала қойған диагноз

  2. Науқастың диетасы

  3. Бейімдеуші факторлар,себебтер

  4. Анафилактикалық шок. Жәрдем.

.

19 есеп

37 жастағы әйел науқастанып қалып, әлсізденуіне, қалтырап-тоңуына, ауру сезімге, зәрінің жиілеуіне, дене t 40°С көтерілгеніне шағымданды. Қарағанда:Пастернацкий симптомы оң жақта оң (+) зәр анализінде көп мөлшерде лейкоциттер мен бактериялар бар.

  1. Қандай диагноз деп ойладыңыз?

  2. Диета ерекшелігі

  3. Зерттеу және емдеу жоспарын құр

  4. Гипогликемиялық кома. Жедел жәрдем.

20 есеп

Хирургия сабағында бір студент қыз қанды көріп, бет әлпеті бозарып, есінен танып құлап

қалды.

  1. Не болғанын айтып, түсіндір

  2. Көмек көрсет

  3. Қосымша зерттеу әдісі.

  4. Мұрыннан қан кету. Жедел жәрдем.

21 есеп

Қабылдау бөлімшесіне 52 жастағы әйелді алып келді. Науқас тұншығуға, тыныс шығаруының қиындауына, шыны тәрізді қақырықты жөтелге шағымданды.

Қарағанда: науқас өзіне ыңғайлы жағдайда ийықтары көтеріңкі. Қолдарымен кереуеттің шетінен ұстап тұр. Беттері көгерген, терісін суық тер басқан. Аускультацияда кеуде қуысынан 2 жақты құрғақ, ысқырық тәрізді сырыл естіледі.