Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия есеп 20131111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.46 Кб
Скачать

Терапия пәнінен «Емдеуісі» мамандықтары бойынша Мемлекеттік емтиханға арналған есептер

1 есеп

Басқармада жауапкершілікті жұмыс атқаратын 54 жастағы науқас периодты түрде, көбіне желке тұсында болатын басының ауыруына, басының айналуына, жүрек айнуына, құлағында шудың болуына, көз алдында жұлдызшалардың көрінуіне, жүрек тұсында болатын ауру сезімге, жүрегінің қатты соғуына шағымданды.

Өзін 3 жылдан бері науқаспын деп есептейді, бұрын дәрігерге қаралғанда АҚ, жоғарылауы анықталған, бірақ науқас ешқандай ем қабылдамаған, режимді, диетаны сақтамаған.

Қазір жағдайының нашарлауы жұмысында болған ұрыс-керіске байланысты.

Қарағанда: науқас қозған (ашулы), беттері қызарған.

АҚ 230/120 мм сынап бағанасымен. Пульс 110 рет, үрейлі.

Пастернацский симптомы №2 жақта да теріс.

Ісік жоқ, ЖҚА, ЖЗА - өзгеріссіз.

  1. Алдын-ала қойған диагноз қандай?

  2. Қандай ем тағайындайсыз?

  3. Науқасты зерттеу жоспарларын құр.

  4. Өкпе ісінуі.Жедел жәрдем.

2 есеп

Семіздікпен ауыратын 40 жастағы науқаста түнгі уақытта қатты ауру сезім пайда болып, бас бармағының буыны ісінген, қызарған, терісін ұстағанда ыстық, дене t 0,38ºС.

Оған дейін банкетте болып, ішімдік ішіп, көп мөлшерде ет тағамдарын жеген.

  1. Бұл қандай ауру деп ойлайсың?

  2. Диагнозды қандай лабораториялық әдіспен дәлелдейсіз?

  3. Қандай аурумен диф.диагнозын жүргізесіз

  4. Анафилактикалық шок.Дәрігерге дейінгі көмек.

3 есеп

Мейіркешті миокард инфарктісімен ем қабылдап жатқан науқасқа кардиология бөліміне шақыртты. Науқас қозған, ентігуге, қызғылт көпіршікті жөтелуге шағымданды.

Қарағанда: терісі ақ-сұрланған, суық тері басқан, тынысы жиі.

Аускультацияда – бүкіл өкпе үстінен ылғалды сырыл естілді, жүрек тондары тұйықталған.

Пульс 120 рет, тынысы 42 рет.

  1. Науқаста қандай асқыну болған?

  2. Бронх демікпесімен диф.диагнозын жүргіз.

  3. Қандай жедел көмек қажет?

  4. Естен тану,жедел жәрдем

4 есеп

43 жастағы науқаста жол жүріп келген соң кенеттен жыныс органдарына, шатқа, сандарына берілетін сол бел аймағында интенсивті, толғақ тәрізді қатты ауру сезім, жүрегі айнып, құсқысы келуі байқалды. Науқас бозарған, тері жабындысын, суық тер басқан. Зәр шығуы ауру сезімді, түсі «ет жуындысындай» Пастернацский симптомы сол жағында оң (+). Науқас қалпын үнемі өзгертуде, бірақ жеңілдік жоқ.

  1. Науқасқа не болды?

  2. Диагнозын қалай дәлелдеу керек?

  3. Қандай көмек көрсетесіз?

  4. Гипогликемиялық кома.Дәрігерге дейінгі көмек.

5 есеп

35 жастағы әйел адам жалпы әлсіздікке, ұйқысының бұзылуына,нервісінің жұқаруына,тершеңдік,жүрек соғуы, ауруына,жүдеуіне шағымданды. Қарағанда: тахикардия,аритмия,терісі жылы, ылғалды, гиперпигментация байқалады,мойын аймағы пальпациялағанда ісіңкі,аурмайды.

АҚ 130/90 мм.сынап бағ. Пульс 110 рет, ретсіз, жүрек тондары анық, ісік жоқ.

  1. Қандай диагноз деп ойлайсыз?

  2. Зерттеу әдісі

  3. Емдеу жоспары

  4. Гипергликемиялық кома.Дәрігерге дейінгі көмек.

6 есеп

Қабылдау бөлімшесіне науқас келіп, терісінің қатты қышуына, қалақайдың күйігіндей әртүрлі көлемдегі дақтардың пайда болуына, әлсіреуіне, дірілдеп-қалтырауына, жүрегінің айнуына, ішінің ауыруына шағымданды. Жағдайының нашарлап, құлпынай жеуімен байланыстырады. Бұрын мұндай жағдай болмаған.

Қарағанда: беттері қызарған, денесін ақшыл-қызғылт бөртпелер мен дақтар басқан. Тырнақ іздері бар. АҚ 130/80 мм.сын.бағ. Пульс 80 рет, ретті.