Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбрамянКАЗ_1-13 тараулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
878.08 Кб
Скачать

8. Тізбектер

Бұл топтағы есептердің барлығында берілген тізбек бос емес деп есептеледі, яғни элементтерінің саны нөлдік емес.

    1. Он нақты сан берілген. Олардың қосындысын табу керек.

    2. Он нақты сан берілген. Олардың көбейтіндісін табу керек.

    3. Он нақты сан берілген. Олардың арифметикалық орта мәнін табу керек.

    4. n бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі сандардың қосындысы мен көбейтіндісін табу керек.

    5. n бүтін саны және n оң нақты саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі барлық сандардың бүтін бөліктерін (нөлдік бөлшек бөлімі бар нақты сан түрінде) берілген тәртіппен шығару және сандардың бүтін бөліктерінің қосындысын табу керек.

    6. n бүтін саны және n оң нақты саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі барлық сандардың бөлшек бөліктерін (нөлдік бүтін бөлімі бар нақты сан түрінде) берілген тәртіппен шығару және сандардың бөлшек бөліктерінің көбейтіндісін табу керек.

    7. n бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі барлық сандардың дөңгелектенген мәндерін (бүтін сан түрінде) берілген тәртіппен шығару және дөңгелектенген сандардың қосындысын табу керек.

    8. n бүтін саны және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі барлық жұп сандарды берілген тәртіппен шығару және мұндай сандардың нешеу екенін анықтау керек.

    9. n бүтін саны және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі барлық тақ сандарды берілген тәртіппен шығару және мұндай сандардың нешеу екенін анықтау керек.

    10. n бүтін саны және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Егер тізбекте оң сандар бар болса –TRUE, әйтпесе FALSE сөзін шығару керек.

    11. n,k бүтін сандары және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Егер тізбекте k санынан кіші элементтер бар болса –TRUE, әйтпесе FALSE сөзін шығару керек.

    12. Нөлдік емес бүтін сандар тізбегі берілген. Тізбектің аяқталу белгісі - 0 саны. Тізбек элементтерінің санын анықтау керек.

    13. Нөлдік емес бүтін сандар тізбегі берілген. Тізбектің аяқталу белгісі - 0 саны. Тізбектегі барлық оң жұп элементтердің қосындысын анықтау керек. Егер тізбекте мұндай сандар жоқ болса, 0 шығарылсын.

    14. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандар тізбегі берілген. Тізбектің аяқталу белгісі - 0 саны. Тізбектің k-дан кіші элементтерінің санын анықтау керек.

    15. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандар тізбегі берілген. Тізбектің аяқталу белгісі - 0 саны. Тізбектің k-дан үлкен бірінші элементінің нөмірін, ал егер ондай элемент жоқ болса, 0-ді шығару керек.

    16. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандар тізбегі берілген. Тізбектің аяқталу белгісі - 0 саны. Тізбектегі k-дан үлкен ең соңғы элементтің нөмірін, ал егер ондай элемент жоқ болса, 0-ді шығару керек.

    17. b нақты саны, n бүтін саны және өсу реті бойынша реттелген n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Тізбекке оның реттілігін бұзбай b санын кірістіріп, алынған элементтерді шығару керек.

    18. n бүтін саны және өсу реті бойынша ретелген n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Тізбекте мәнді бірдей элементтер болуы мүмкін. Реттілігін бұзбай тізбектегі түрлі элементтерді шығару керек.

    19. n (n>1) бүтін саны және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Жиындағы өзінен алдыңғы элементтен кіші сандарды шығарып, ондай элементтер саны k-ны анықтау керек.

    20. n (n>1) бүтін саны және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Жиындағы өзінен кейінгі элементтен кіші сандарды шығарып, ондай элементтер саны k-ны анықтау керек.

    21. n (n>1) бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Берілген сандар жиыны өспелі тәртіппен орналасқан болса – TRUE, әйтпесе FALSE сөзін шығару керек.

    22. n (n>1) бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Егер берілген сандар жиыны кемімелі тәртіппен орналасқан болса – 0-ді, әйтпесе – осы заңдылықты бұзған бірінші элементтің нөмірін шығару керек.

    23. n (n>2) бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Егер жиынның әрбір ішкі элементі өзінің көршілерінен не артық, не кем болса, онда оны «ара тәріздес тізбек» деп атайды. Егер берілген тізбек ара тәріздес болса – 0-ді, әйтпесе – осы заңдылықты бұзған бірінші элементтің нөмірін шығару керек.

    24. n бүтін саны және n бүтін саннан тұратын және құрамында кемінде екі нөлдік элементі бар тізбек берілген. Осы жиындағы ең соңғы екі нөлдің арасында орналасқан элементтер қосындысын анықтау керек (егер соңғы екі нөл қатар орналасқан болса, онда 0 шығарылсын).

    25. n бүтін саны және n бүтін саннан тұратын және құрамында кемінде екі нөлдік элементі бар тізбек берілген. Осы жиындағы бірінші және соңғы нөлдің арасында орналасқан элементтер қосындысын анықтау керек (егер бірінші және соңғы нөлдер қатар орналасқан болса, онда 0 шығарылсын).

Кірістірілген (күрделі) циклдар

    1. n,k бүтін сандары және n нақты саннан тұратын тізбек берілген:

a1, a2, …, an

Берілген тізбектің элементтерінің k-шы дәрежелерін шығару керек:

(a1)k, (a2)k, …, (an)k.

    1. n бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген:

a1, a2, …, an

Келесі сандарды шығару керек:

a1, (a2)2, …, (an-1)n-1, (an)n.

    1. n бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген:

a1, a2, …, an

Келесі сандарды шығару керек:

(a1)n, (a2)n-1, …, (an-1)2, an.

    1. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Осы жиынға енетін барлық элементтердің қосындысын табу керек.

    2. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Әрбір жиын үшін оның элементтерінің қосындысын табу керек.

    3. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Құрамында 2 саны кездесетін жиындардың санын анықтау табу керек. Егер мұндай тізбек жоқ болса, онда 0 шығарылсын.

    4. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Әрбір тізім үшін оның құрамындағы мәні 2-ге тең алғашқы элементтің реттік нөмірі, ал егер тізімнің екілігі жоқ болса, онда 0 саны шығарылсын.

    5. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Әрбір тізім үшін оның құрамындағы мәні 2-ге тең соңғы элементтің реттік нөмірі, ал егер тізімнің екілігі жоқ болса, онда 0 саны шығарылсын.

    6. n,k бүтін сандары және әрқайсысында n элементі бар k бүтін сандар жиыны берілген. Әрбір тізім үшін оның құрамында 2 саны бар болса, онда тізім элементтерінің қосындысы, ал жоқ болса, онда 0 шығарылсын.

    7. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиынның аяқталу белгісі – 0 саны. Әрбір жиындағы элементтер санын және барлық жиындар қамтитын элементтер санын шығару керек.

    8. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиында кемінде екі элемент бар және оның аяқталу белгісі – 0 саны. Элементтері өспелі тәртіппен орналасқан жиындардың санын шығару керек.

    9. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиында кемінде екі элемент бар және оның аяқталу белгісі – 0 саны. Элементтері өспелі немесе кемімелі тәртіппен орналасқан жиындардың санын шығару керек.

    10. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиында кемінде екі элемент бар және оның аяқталу белгісі – 0 саны. Әрбір жиын үшін егер оның элементтері өспелі тәртіппен орналасқан болса – 1 саны, кемімелі тәртіппен орналасса – -1 саны, ал элементтері өспелі де, кемімелі де болмаса – 0 саны шығарылсын.

    11. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиында кемінде үш элемент бар және оның аяқталу белгісі – 0 саны. Ара тәріздес жиындардың санын шығару керек (ара тәріздес тізбектің анықтамасы 8.23 есепте келтірілген).

    12. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандардың k жиыны берілген. Әрбір жиында кемінде үш элемент бар және оның аяқталу белгісі – 0 саны. Әрбір жиын үшін ара тәріздес жиынның элементтерінің санындардың санын, ал егер жиын ара тәріздес болмаса, онда осы тәртіпті бұзған алғашқы элементтің нөмірін шығару керек (ара тәріздес тізбектің анықтамасы 8.23 есепте келтірілген).