Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбрамянКАЗ_1-13 тараулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
878.08 Кб
Скачать

11. Бір өлшемді массивтер

«n өлшемді массив берілген» деген шарт алдын-ала массивтің нақты өлшемі беріледі (бүтін n саны), сонан соң оның элементтері беріледі дегенді білдіреді. Егер тапсырмада массив өлшемі айқын түрде берілмесе, онда ол 10 элементтен тұрады деп есептеледі (массив индекстері 1-ден бастап нөмірленеді).

Егер массивті құруға (түрлендіруге) байланысты тапсырмаларда нәтижелік мәліметтер жиыны алдын-ала сипатталмаса, онда нәтижелік массив ретінде бастапқы құрылған (түрлендірілген) массив алынады және ол индекстерінің өсу ретімен шығарылады.

а) Массивті құру және оның элементтерін шығару

    1. n (n>0) бүтін саны берілген. Мәндері алғашқы n тақ сан болатын (1,3,5,…) n элементтен тұратын массивті құрып, шығару керек.

    2. n (n>0) бүтін саны берілген. Мәндері 2-нің 1-ден n-ге дейінгі дәррежелері болатын (2,4,8,16,…) n элементтен тұратын массивті құрып, шығару керек.

    3. n (n>1) бүтін саны және арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі (а) мен айырымы (d) берілген. Мәндері осы прогрессияның алғашқы n мүшесін қамтитын массивті құрып, шығару керек:

a, a+d, a+2d, a+3d,…

    1. n (n>1) бүтін саны және геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі (а) мен бөлімі (d) берілген. Мәндері осы прогрессияның алғашқы n мүшесін қамтитын массивті құрып, шығару керек:

a, ad, ad2, ad3, …

    1. n (n>2) бүтін саны берілген. Мәндері fk Фибоначчи сандарының алғашқы n мүшесін қамтитын массивті құрып, шығару керек:

f1=1, f2=1, fk= fk-2+ fk-1, k=3,4,…

    1. a,b,n (n>2) бүтін сандары берілген. Бірінші элементі – а, екіншісі – b, ал әрбір келесі элементі алдыңғы екеуінің қосындысы болатын n элементтен тұратын массивті құрып, шығару керек.

    2. n өлшемді массив берілген. Оның элементтерін кері тәртіппен шығару керек.

    3. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі барлық тақ сандарды олардың индекстерінің өсу ретімен шығару керек және осындай элементтердің санын (k) анықтау керек.

    4. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі барлық жұп сандарды олардың индекстерінің кему ретімен шығару керек және осындай элементтердің санын (k) анықтау керек.

    5. n өлшемді бүтін массив берілген. Алдымен, массивтегі барлық жұп сандарды олардың индекстерінің өсу ретімен, сосын, барлық тақ сандарды – олардың индекстерінің кему ретімен шығару керек.

    6. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ n) саны берілген. Индекстері k-ға еселі массив элементтерін шығару керек: ak, a2k, a3k,… Тармақталу операторы қолданылмасын.

    7. n (n – жұп сан) өлшемді а массиві берілген. Оның жұп нөмірлі элементтерін индекстерінің өсу реті бойынша шығару керек: a2, a4, a6,… Тармақталу операторы қолданылмасын.

    8. n (n–тақ сан) өлшемді а массиві берілген. Оның тақ нөмірлі элементтерін индекстерінің кему реті бойынша шығару керек: an, an-2, an-4, … Тармақталу операторы қолданылмасын.

    9. n өлшемді а массиві берілген. Алдымен, оның жұп нөмірлі элементтерін, сонан соң – тақ нөмірлі элементтерін индекстерінің өсу реті бойынша шығару керек:

a2, a4, a6,…, a1, a3, a5,…

Тармақталу операторы қолданылмасын.

    1. n өлшемді а массиві берілген. Алдымен, оның тақ нөмірлі элементтерін индекстерінің өсу реті бойынша, сонан соң –жұп нөмірлі элементтерін индекстерінің кему реті бойынша шығару керек:

a1, a3, a5,…, a6, a4, a2,…

Тармақталу операторы қолданылмасын.

    1. n өлшемді а массиві берілген. Оның элементтерін келесі тәртіппен шығару керек:

a1, an, a2, an-1, a3, an-2,….

    1. n өлшемді а массиві берілген. Оның элементтерін келесі тәртіппен шығару керек:

a1, a2, an, an-1, a3, a4, an-2, an-4,….

ә) Массив элементтерін талдау

    1. Нөлдік емес бүтін 10 элементтен тұратын а массиві берілген. Оның ak<a10 шартын қанағаттандыратын элементтерінің біріншісін шығару керек. Егер ондай элемент жоқ болса, 0 шығарылсын.

    2. Бүтін 10 элементтен тұратын а массиві берілген. Оның a1<ak<a10 шартын қанағаттандыратын элементтерінің ең соңғысын шығару керек. Егер ондай элемент жоқ болса, 0 шығарылсын.

    3. n өлшемді массив пен k,m (1 ≤ k ≤ m ≤ n) сандары берілген. Массивтің [аkm] аралығындағы элементтерінің қосындысын табу керек.

    4. n өлшемді массив пен k,m (1 ≤ k ≤ m ≤ n) сандары берілген. Массивтің [аkm] аралығындағы элементтерінің арифметикалық орта мәнін табу керек.

    5. n өлшемді массив пен k,m (1 ≤ k ≤ m ≤ n) сандары берілген. Массивтің k және m нөмірлі элементтерінен басқаларының қосындысын табу керек.

    6. n өлшемді массив пен k,m (1 ≤ k ≤ m ≤ n) сандары берілген. Массивтің k және m нөмірлі элементтерінен басқаларының арифметикалық орта мәнін табу керек.

    7. Құрамында бірдей элементтері жоқ n өлшемді массив берілген. Оның элементтері арифметикалық прогрессия құратынын тексеру керек (11.3-есепті қараңыз). Егер құраса – прогрессияның айырымы, құрамаса – 0 саны шығарылсын.

    8. Нөлдік емес бүтін n элементтен тұратын а массиві берілген. Оның элементтері геометриялық прогрессия құратынын тексеру керек (11.4-есепті қараңыз). Егер құраса – прогрессияның бөлімі, құрамаса – 0 саны шығарылсын.

    9. Бүтін n элементтен тұратын а массиві берілген. Ондағы тақ сандар мен жұп сандардың ауысып отыратынын тексеру керек. Егер ауысып отырса – 0 саны, ауыспаса – осы заңдылықты бұзған бірінші элементтің нөмірі шығарылсын.

    10. Нөлдік емес бүтін n элементтен тұратын массив берілген. Ондағы оң сандар мен теріс сандардың ауысып отыратынын тексеру керек. Егер ауысып отырса – 0 саны, ауыспаса – осы заңдылықты бұзған бірінші элементтің нөмірі шығарылсын.

    11. n өлшемді а массиві берілген. Оның жұп нөмірлі элементтерінің (a2, a4, a6,…) ішіндегі ең кішісін табу керек.

    12. n өлшемді а массиві берілген. Оның тақ нөмірлі элементтерінің (a1, a3, a5,…) ішіндегі ең үлкенін табу керек.

    13. n өлшемді массив берілген. Массивтегі өзінің оң көршісінен үлкен элементтердің нөмірін және ондай элементтердің санын табу керек. Табылған нөмірлер өсу реті бойынша шығарылсын.

    14. n өлшемді массив берілген. Массивтегі өзінің сол көршісінен үлкен элементтердің нөмірін және ондай элементтердің санын табу керек. Табылған нөмірлер кему реті бойынша шығарылсын.

    15. n өлшемді массив берілген. Массивтегі бірінші локальды минимумның нөмірін анықтау керек (локальды минимум деп – көрші элементтердің барлығынан кіші элементті айтады).

    16. n өлшемді массив берілген. Массивтегі ең соңғы локальды максимумның нөмірін анықтау керек (локальды максимум деп – көрші элементтердің барлығынан үлкен элементті айтады).

    17. n өлшемді массив берілген. Массивтегі локальды минимумдардың ішіндегі ең үлкенін анықтау керек (локальды минимумның анықтамасы 11.32-есепте берілген).

    18. n өлшемді массив берілген. Массивтегі локальды максимумдардың ішіндегі ең кішісін анықтау керек (локальды максимумның анықтамасы 11.33-есепте берілген).

    19. n өлшемді массив берілген. Массивтегі локальды минимум да, локальды максимум да болмайтын элементтердің ішіндегі ең үлкенін анықтау керек (локальды минимум мен локальды максимумның анықтамасы 11.32, 11.33-есептерде берілген). Егер массивте мұндай элемент жоқ болса, 0 шығарылсын.

    20. n өлшемді массив берілген. Ондағы элементтері өсіп отыратын бөліктердің санын анықтау керек.

    21. n өлшемді массив берілген. Ондағы элементтері кеміп отыратын бөліктердің санын анықтау керек.

    22. n өлшемді массив берілген. Ондағы монотонды аралықтардың (элементтері өсіп отыратын немесе кеміп отыратын бөліктердің) санын анықтау керек.

    23. n өлшемді а массиві мен r саны берілген. Массивтегі r санына ең жақын элементті, яғни |ak-r| шамасының мәні минималды болатын ak элементін анықтау керек.

    24. n өлшемді массив берілген. Ондағы әрбір көршілес екі элементтің қосындыларының максимумын анықтап, осы қосылғыштардың индекстерін өсу ретімен шығару керек.

    25. n өлшемді массив пен r саны берілген. Массивтің қосындылары r санына ең жақын болатын екі элементін тауып, ол элементтерді индекстерінің өсу реті бойынша шығару керек (берілген санға барынша жақын элементті анықтау шартын 11.40-есептен қараңыз).

    26. Элементтері өсуі бойынша, не кемуі бойынша реттелген n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі түрлі элементтердің санын анықтау керек.

    27. Құрамында өзара тең екі элементі бар n өлшемді бүтін массив берілген. Бірдей элементтердің нөмірлерін анықтап, табылған нөмірлерді өсу ретімен шығару керек.

    28. n өлшемді массив берілген. Массивтегі өзара ең жақын екі элементтің (яғни, айырмасының модулі ең аз екі элемент) нөмірлерін тауып, табылған нөмірлерді өсу ретімен шығару керек.

    29. (11.42-есеппен бірдей) n өлшемді пен r саны берілген. Массивтің қосындылары r санына ең жақын болатын әр түрлі екі элементін тауып, ол элементтерді индекстерінің өсу реті бойынша шығару керек (берілген санға барынша жақын элементті анықтау шартын 11.40-есептен қараңыз).

    30. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі түрлі элементтердің санын анықтау керек.

    31. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі бірдей элементтердің ең көбін анықтау керек.

    32. n өлшемді бүтін массив берілген. Егер массив орын ауыстыру болса (яғни, ол 1-ден n-ге дейінгі барлық бүтін сандарды қамтыса) – 0 шығарылсын; әйтпесе, бірінші «артық элементтің» нөмірі шығарылсын.

    33. Орын ауыстыру (орын ауыстырудың анықтамасы 11.49-есепте берілген) болып табылатын n өлшемді а бүтін массиві берілген. Осы орын ауыстырудағы инверсиялардың, яғни үлкен элемент кіші элементтен бұрын орналасатын жағдайлардың (ai>aj, i<j) санын анықтау керек.

б) Бірнеше массивпен жұмыс істеу

    1. n өлшемді a және b массиві берілген. Олардың элементтерін сәйкесінше ауыстырып, a және b массивтерін шығару керек.

    2. n өлшемді a массиві берілген. Элементтері келесі ереже бойынша анықталатын өлшемі дәл осындай b массивін құру керек:

    1. n өлшемді a және b массиві берілген. Олардың сәйкес элементтерінің үлкенінен тұратын өлшемі дәл осындай с массивін құру керек.

    2. n өлшемді бүтін a массиві берілген. а-ның жұп элементтерін орналасу тәртібін өзгертпей b массивіне жазып, соңғысындағы элементтер санын және b массивін түгел шығару керек.

    3. n (n<16) өлшемді бүтін a массиві берілген. а-ның тақ индексті элементтерін (a1,a3,…) b массивіне жазып, соңғысындағы элементтер санын және b массивін түгел шығару керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

    4. n (n<16) өлшемді бүтін a массиві берілген. а-ның индексі 3-ке еселі элементтерін (a3,a6,…) b массивіне жазып, соңғысындағы элементтер санын және b массивін түгел шығару керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

    5. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b массивіне алдымен а-ның жұп индексті элементтерін (a2,a4,…), сонан соң тақ индексті элементтерін (a1,a3,…) жазу керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

    6. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b массивінің элементтері келесі ереже бойынша алынады: bk элементі а-ның 1-ден k-ға дейінгі элементтерінің қосындысы.

    7. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b массивінің элементтері келесі ереже бойынша алынады: bk элементі а-ның 1-ден k-ға дейінгі элементтерінің арифметикалық орта мәні.

    8. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b массивінің элементтері келесі ереже бойынша алынады: bk элементі а-ның k-дан n-ге дейінгі элементтерінің қосындысы.

    9. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b массивінің элементтері келесі ереже бойынша алынады: bk элементі а-ның k-дан n-ге дейінгі элементтерінің арифметикалық орта мәні.

    10. n өлшемді бүтін a массиві берілген. b және c жаңа массивтері келесі ереже бойынша құрылады: b массивіне а-дағы барлық оң элементтер, ал c массивіне барлық теріс элементтер көшірілсін (элементтердің бастапқы орналасу тәртібі өзгеріссіз қалады). Алдымен, b массивінің өлшемі мен құрамы, сонан соң c массивінің өлшемі мен құрамы шығарылсын.

    11. Элементтері өспелі тәртіппен реттелген а(5) және b(5) массивтері берілген. Өспелі тәртіпті сақтай отырып, а және b массивтері біріктірілсін және нәтижесі с(10) массивіне жазылсын.

    12. Элементтері кему тәртібімен реттелген өлшемдері na,nb,nc болатын бүтін типті а,b,c массивтері берілген. Оларды біріктіріп, d(na+nb+nc) массивіне кемуі бойынша реттілігін сақтай отырып жазу керек.

в) Массивті түрлендіру

Бұл топтағы тапсырмаларды орындау барысында қосымша массив қолдануға тыйым салынады.

в.1) Массив элементтерін өзгерту

    1. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ n) бүтін саны берілген. Массивті оның әрбір элементін ak-ға арттыру арқылы түрлендіру керек.

    2. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивті ондағы әрбір жұп санды бірінші жұп элементке арттыру арқылы түрлендіру керек. Бастапқы массивте жұп элементтер жоқ болса, ол өзгеріссіз қалдырылсын.

    3. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивті ондағы әрбір тақ санды ең соңғы тақ элементке арттыру арқылы түрлендіру керек. Бастапқы массивте тақ элементтер жоқ болса, ол өзгеріссіз қалдырылсын.

    4. n өлшемді массив берілген. Оның ең кіші элементі мен ең үлкен элементінің орындарын ауыстыру керек.

    5. n өлшемді массив берілген (n – жұп сан). Оның бірінші және екінші элементтерінің, үшінші және төртінші элементтерінің және т.с.с орындарын ауыстыру керек.

    6. n өлшемді массив берілген (n – жұп сан). Массивтің бірінші және екінші жартысының орындарын ауыстыру керек.

    7. n өлшемді массив берілген. Оның элементтерінің ретін керісінше ауыстыру керек (a1 an, a2 an-1,…).

    8. n өлшемді a массиві пен k,m (1 ≤ k < m ≤ n) сандары берілген. Массивтің [аkm] аралығындағы элементтерін кері тәртіппен орналастыру керек (аkm элементтерімен бірге).

    9. n өлшемді a массиві пен k,m (1 ≤ k < m ≤ n) сандары берілген. Массивтің (аkm) аралығындағы элементтерін кері тәртіппен орналастыру керек (аkm элементтерін қосылмайды).

    10. n өлшемді массив берілген. Массивтің минимум және максимум элементтерінің арасындағы сандарды нөлге ауыстыру керек (минимум және максимум элементтер қосылмайды).

    11. n өлшемді массив берілген. Массивтің минимум және максимум элементтерінің арасындағы элементтерін кері тәртіппен орналастыру керек (минимум және максимум элементтермен бірге).

    12. n өлшемді массив берілген. Массивтің барлық локальды максимумдарын, яғни көршілерінен үлкен элементтерді нөлге ауыстыру керек.

    13. n өлшемді массив берілген. Массивтің барлық локальды миниимумдарын, яғни көршілерінен кіші элементтерді квадраттау керек.

    14. n өлшемді массив берілген. Массивтегі әрбір элементті оның өзі мен көршілес элементтерінің арифметикалық орта мәніне ауыстыру керек.

    15. n өлшемді массив берілген. Массив элементтерін оңға бір позицияға сырғыту керек: a1a2, a2a3, a3a4,…, an-1an (an-нің бастапқы мәні жойылып кетеді). a1-дің бастапқы мәні 0-ге ауыстырылсын.

    16. n өлшемді массив берілген. Массив элементтерін солға бір позицияға сырғыту керек: anan-1, an-1an-2, …, a3a2, a2a1. (a1-дің бастапқы мәні жойылып кетеді). an-нің бастапқы мәні 0-ге ауыстырылсын.

    17. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k < n) бүтін саны берілген. Массив элементтерін оңға k позицияға сырғыту керек: a1ak+1, a2ak+2, a3ak+3,…, an-kan (соңғы k элементтің бастапқы мәндері жойылып кетеді). Нәтижелік массивте алғашқы k элементтің мәні 0-ге ауыстырылсын.

    18. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k < n) бүтін саны берілген. Массив элементтерін солға k позицияға сырғыту керек: anan-k, an-1an-k-1, …, ak+1a1 (алғашқы k элементтің бастапқы мәндері жойылып кетеді). Нәтижелік массивте соңғы k элементтің мәні 0-ге ауыстырылсын.

    19. n өлшемді массив берілген. Массив элементтерін оңға бір позицияға циклдық сырғыту керек: a1a2, a2a3, …, ana1.

    20. n өлшемді массив берілген. Массив элементтерін солға бір позицияға циклдық сырғыту керек: anan-1, an-1an-2, …, a2a1, a1an.

    21. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ 4, k < n) бүтін саны берілген. Массив элементтерін оңға k позицияға циклдық сырғыту керек: a1ak+1, a2ak+2, a3ak+3,…, anak. 4 элементтен құратын қосымша массивті қолдануға болады.

    22. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ 4, k < n) бүтін саны берілген. Массив элементтерін солға k позицияға сырғыту керек: anan-k, an-1an-k-1, …, ak+1a1, a1an-k+1.

    23. Бірінші элементінен басқалары өсу тәртібімен реттелген n өлшемді а массиві берілген. Бірінші элементті тиісті орнына қойып, массивті түгелдей реттеу керек.

    24. Соңғы элементінен басқалары өсу тәртібімен реттелген n өлшемді а массиві берілген. Соңғы элементті тиісті орнына қойып, массивті түгелдей реттеу керек.

    25. Бір элементінен басқалары өсу тәртібімен реттелген n өлшемді а массиві берілген. Реттелу тәртібін бұзып тұрған элементті тиісті орнына қойып, массивті түгелдей реттеу керек.

в.2) Массив элементтерін жою және қою (кірістіру)

    1. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ n) бүтін саны берілген. Массивтен k нөмірлі элементті жою керек.

    2. n өлшемді a массиві пен k,m (1 ≤ k < m ≤ n) сандары берілген. Массивтің [аkm] аралығындағы элементтерін жою керек (аkm элементтерімен бірге). Нәтижелік массивтің өлшемі мен құрамы шығарылсын.

    3. n өлшемді a бүтін массиві берілген. Массивтегі барлық тақ элементтерді жойып, нәтижелік массивтің өлшемі мен құрамын шығару керек.

    4. n (n>2) өлшемді a бүтін массиві берілген. Массивтегі барлық жұп нөмірлі элементтерді (a2,a4,…) жою керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

    5. n (n>2) өлшемді бүтін a массиві берілген. Массивтегі барлық тақ нөмірлі элементтерді (a1,a3,…) жою керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

    6. n өлшемді массив берілген. Массивтегі мәндері бірдей көршілес элементтердің екіншісін жою керек.

    7. n өлшемді массив берілген. Массивтегі мәндері бірдей элементтердің біріншісінен басқасын жою керек.

    8. n өлшемді массив берілген. Массивтегі мәндері бірдей элементтердің ең соңғысынан басқасын жою керек.

    9. n өлшемді массив берілген. Массивтегі үш реттен кем кездесетін элементтерді жою керек. Нәтижелік массивтің өлшемі мен құрамы шығарылсын.

    10. n өлшемді массив берілген. Массивтегі екі реттен артық кездесетін элементтерді жою керек. Нәтижелік массивтің өлшемі мен құрамы шығарылсын.

    11. n өлшемді массив берілген. Массивтегі екі рет кездесетін элементтерді түгел жою керек. Нәтижелік массивтің өлшемі мен құрамы шығарылсын.

    12. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ n) бүтін саны берілген. Массивтегі k нөмірлі элементтің алдына нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

    13. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ n) бүтін саны берілген. Массивтегі k нөмірлі элементтен кейін нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

    14. n өлшемді массив берілген. Массивтің минимум элементінің алдына және максимум элементінен кейін нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

    15. n өлшемді a массиві пен k, m (1 ≤ k ≤ n, 1 ≤ m ≤ 10) бүтін сандары берілген. Массивтегі k нөмірлі элементтің алдына m нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

    16. n өлшемді a массиві пен k, m (1 ≤ k ≤ n, 1 ≤ m ≤ 10) бүтін сандары берілген. Массивтегі k нөмірлі элементтен кейін m нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

    17. n өлшемді массив берілген. Массивтің жұп нөмірлі элементтерін (a2,a4,…) қайталау керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

    18. n өлшемді массив берілген. Массивтің тақ нөмірлі элементтерін (a1,a3,…) үш рет қайталау керек. Тармақталу операторы қолданылмасын.

    19. n өлшемді массив берілген. Массивтегі әрбір оң элементтің алдына нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

    20. n өлшемді массив берілген. Массивтегі әрбір теріс элементтен кейін нөлдік элемент қою (кірістіру) керек.

    21. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі барлық жұп элементтерді қайталау керек.

    22. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі барлық тақ элементтерді үш рет қайталау керек.

в.3) Массивтерді сұрыптау

    1. n (n ≤ 6) өлшемді а массиві берілген. Массивті қарапайым ауыстыру әдісімен сұрыптау («көбікті сұрыптау» әдісі) керек. Ол үшін массив элементтерін жұп-жұбымен (a1 мен а2, а2 мен а3, т.с.с) талдау қажет және егер жұптағы бірінші элемент екіншісінен үлкен болса, олардың орындары ауыстырылады. Осы әрекет n-1 рет қайталанады. Орындалып жатқан әрекеттерді бақылап отыру үшін әрбір талдаудан соң нәтижені баспаға шығарып отырған жөн. Әр жолы талданатын элементтер санының 1-ге кемитінін ескеру қажет.

    2. n (n ≤ 6) өлшемді а массиві берілген. Массивті қарапайым таңдау әдісімен сұрыптау керек. Ол үшін массивтегі максимум элемент табылады және ол n-ші элементпен ауыстырылады. Сонан соң массивтің соңғысынан өзге элементтерінің ішінен максимум элемент табылады және ол n-1-ші элементпен ауыстырылады. Әр жолы талданатын элементтер санын 1-ге кеміте отырып және нәтижені баспаға бере отырып, осы әрекеттер n-1 рет қайталанады.

    3. n (n ≤ 6) өлшемді а массиві берілген. Массивті қарапайым қою (кірістіру) әдісімен сұрыптау керек. Ол үшін массивтегі a1 және а2 элементтері салыстырылады және егер қажет болса, олар өсу бойынша реттелетіндей етіп орындары ауыстырылады. Енді a3 элементі массивтің реттелген бөлігіне осы реттілікті бұзбайтындай етіп қойылады (кірістіріледі), яғни, енді массивтің бастапқы үш элементі реттелді. Дәл осылайша, қалған элементтердің барлығы массивтің реттелген бөлігіне қойылады (кірістіріледі). Әрбір қою (кірістіру) амалы орындалған кезде нәтижені баспаға бере отырған қолайлы. Сонымен қатар, әрбір өңделетін санды алдын ала массивтің қосымша элементіне (a0) көшіріп алған дұрыс.

    4. n өлшемді а массиві берілген. Массивті өзгертпей массив элементтері өсу ретімен сұрыпталатындай тәртіппен оның индекстерін шығаруға «көбікті сұрыптау» әдісі қолданылсын. Ол үшін массив нөмірлерін сақтауға арналған t қосымша массиві құрылады және 1-ден n-ге дейінгі бүтін сандармен толтырылады. a массивіндегі нөмірлері t1 мен t2, t2 мен t3, т.с.с. болатын элементтер жұп-жұбымен талданады және егер жұптағы бірінші элемент екіншісінен үлкен болса, онда t массивіндегі сәйкес нөмірлердің орындары ауыстырылады. Осы әрекетті n-1 рет қайталай отырып, t массивінде тиісті нәтижеге қол жеткізіледі.

г) Бүтін сандар циклдары

    1. n өлшемді а массиві берілген. Серия деп қатар орналасқан бірдей элементтерді, ал серия ұзындығы деп – осы элементтердің санын айтады (серия ұзындығы 1-ге тең болуы мүмкін). Бірдей өлшемді b және c массивтері келесі ереже бойынша құрылсын: b массивіне бастапқы массивтегі барлық сериялардың ұзындықтары, ал с массивіне – осы серияларды құрайтын мәндер жазылсын.

    2. n өлшемді бүтін массив берілген. Ондағы әрбір серияның алдына нөлдік элемент қою (кірістіру) керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

    3. n өлшемді бүтін массив берілген. Ондағы әрбір сериядан соң нөлдік элемент қою (кірістіру) керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

    4. n өлшемді бүтін массив берілген. Ондағы әрбір серияны осы сериядағыдай бір элементке арттыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

    5. Құрамында ұзындығы 1-ден артық кемінде бір сериясы бар n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі әрбір серияны бір элементке азайту керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

    6. Бүтін k (k>0) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Ондағы k-шы нөмірлі серияны екі еселеу арқылы массивті түрлендіру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген). Егер массивтегі сериялар саны k-дан аз болса, бастапқы массив өзгеріссіз қалдырылсын.

    7. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтен k-шы нөмірлі серияны жою керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген). Егер массивтегі сериялар саны k-дан аз болса, бастапқы массив өзгеріссіз қалдырылсын.

    8. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің бірінші сериясы мен k-шы нөмірлі сериясының орнын ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген). Егер массивтегі сериялар саны k-дан аз болса, бастапқы массив өзгеріссіз қалдырылсын.

    9. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің соңғы сериясы мен k-шы нөмірлі сериясының орнын ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген). Егер массивтегі сериялар саны k-дан аз болса, бастапқы массив өзгеріссіз қалдырылсын.

    10. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы k-дан кем әрбір сериясын нөлдік бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

    11. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы k-ға тең әрбір сериясын нөлдік бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

    12. Бүтін k (k>1) саны және n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы k-дан артық әрбір сериясын нөлдік бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

    13. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы ең үлкен серияларының біріншісін бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

    14. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы ең үлкен серияларының соңғысын бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

    15. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтің ұзындығы ең үлкен серияларының барлығын бір элементпен ауыстыру керек (серияның анықтамасы 11.116-есепте берілген).

ғ) Жазықтықтағы нүктелер жиыны

Әрбір нүктелер жиыны туралы мәліметтерді сақтау үшін екі массив қолданылады: біріншісінде – абсциссалар сақталады, екіншісінде – ординаталар сақталады.

    1. Жазықтықта n нүктесі бар а жиыны мен b нүктесі берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). а жиынындағы b нүктесіне ең жақын нүктені табу керек. Координаттары (x1,y1) және (x2,y2) болатын екі нүктенің ара қашықтығын келесі формула арқылы есептейді:

    1. n нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Осы нүктелердің екінші ширекте жатқандарының ішінен координаттар бас нүктесінен ең алысын табу керек. Егер мұндай нүктелер жоқ болса, онда нөлдік координаталы нүкте шығарылсын.

    2. n нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Осы нүктелердің бірінші және үшінші ширекте жатқандарының ішінен координаттар бас нүктесіне ең жақын орналасқанын табу керек. Егер мұндай нүктелер жоқ болса, онда нөлдік координаталы нүкте шығарылсын.

    3. n нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Осы жиындағы өзара ара қашықтығы ең ұзақ нүктелер жұбын және осы ара қашықтықтың өзін табу керек (баспаға шығару кезінде нүктелердің нөмірлерінің реттілігі сақталсын).

    4. Нүктелерінің саны n1 және n2 болатын а және b жиындары берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Екі жиын нүктелерінің ішіндегі ара қашықтығы ең қысқа жұпты анықтап, ол нүктелердің өздерімен қоса баспаға шығару керек.

    5. n (n>2) нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Басқа нүктелерге дейінгі қашықтықтарының қосындысы ең кіші болатын нүктені және осы қосындының мәнін табу керек.

    6. n (n>2) нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Төбелері а жиынының әр түрлі нүктелері болып келетін үшбұрыштың максимум периметрін және осы нүктелердің өздерін табу керек.

    7. n (n>2) нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы берілген). Төбелері а жиынының әр түрлі нүктелері болып келетін үшбұрыштың минимум периметрін және осы нүктелердің өздерін табу керек.

    8. n нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы сипатталған). Координаттық жазықтықтағы тәртіп мына ережелермен анықталады: (x1,y1) < (x2,y2), егер x1 ≤ x2 және y1<y2 болса. Жиын нүктелерін көрсетілген тәртіпке сай өсу ретімен орналастыру керек.

    9. n нүктесі бар а жиыны берілген (барлық нүктелер х,у координаттары арқылы сипатталған). Координаттық жазықтықтағы тәртіп мына ережелермен анықталады: (x1,y1) < (x2,y2), егер x1 + y1 ≤ x2 + y2 және х12 болса. Жиын нүктелерін көрсетілген тәртіпке сай кему ретімен орналастыру керек.