- •1. Мәліметтерді ендіру және шығару, тағайындау операторы
- •2. Бүтін сандар
- •3. Логикалық өрнектер
- •4. Шартты оператор
- •5. Таңдау операторы
- •6. Параметрлі қайталау (for циклы)
- •7. Алғышартты қайталау (while циклы)
- •8. Тізбектер
- •9. Процедуралар және функциялар
- •10. Минимумдар мен максимумдар
- •11. Бір өлшемді массивтер
- •12. Екі өлшемді массивтер
- •13.Символдар және жолдар
5. Таңдау операторы
1-7 аралығындағы бүтін сан берілген. Берілген санға сай келетін апта күнінің атауын шығару керек (1-«дүйсенбі», 2-«сейсенбі», ...).
k бүтін саны берілген. Берілген санға сай келетін бағаның атауын шығару керек. (1-«нашар», 2-«қанағаттанғысыз», 3-«қанағаттанарлық», 4-«жақсы», 5-«өте жақсы»). Егер k-ның мәні 1-5 аралығында жатпаса, «қате» сөзі шығарылсын.
1-12 аралығындағы бүтін сан – ай нөмірі берілген (1-қаңтар, 2-ақпан, т.с.с.). Кібісе емес жыл үшін ендірілген нөмірлі айдағы күн санын анықтау керек.
1-12 аралығындағы бүтін сан – ай нөмірі берілген (1-қаңтар, 2-ақпан, т.с.с.). Сәйкес жыл мезгілін анықтау керек («қыс», «көктем», «жаз», «күз»).
Сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар былайша нөмірленген: 1-қосу, 2-азайту, 3-көбейту, 4-бөлу. Амал нөмірі n (1-4 аралығындағы сан) және a,b (b – нөлден өзге сан) нақты сандары берілген. Сандарға көрсетілген амалды орындап, нәтижені шығару керек.
Ұзындық өлшемдері былайша нөмірленген: 1-дециметр, 2-километр, 3-метр, 4-миллиметр, 5-сантиметр. Ұзындық бірлігінің нөмірі (1-5 аралығындағы бүтін сан) және кесіндінің осы бірліктегі ұзындығы (нақты сан) берілген. Кесінді ұзындығын метрмен табу керек.
Салмақ өлшемдері былайша нөмірленген: 1-килограмм, 2-миллиграмм, 3-грамм, 4-тонна, 5-центнер. Салмақ бірлігінің нөмірі (1-5 аралығындағы нақты сан) және дене ауырлығының осы бірліктегі салмағы (нақты сан) берілген. Дене салмағын килограммен табу керек.
Кібісе емес жылдағы күн мен айды анықтайтын d және m айнымалылары берілген. Берілген күннен алдыңғы күн (d) мен айды (m) шығару керек.
Кібісе емес жылдағы күнді және айды анықтайтын d және m айнымалылары берілген. Берілген күннен кейінгі күн (d) мен айды (m) шығару керек.
Робот төрт бағытта қозғала алады (Ш-шығыс, Б-батыс, О-оңтүстік, С-солтүстік) және үш цифрлық нұсқауды қабылдай алады: 0 – қозғалысты жалғастыру, 1 – солға бұрылу, -1 – оңға бұрылу. Роботтың бастапқы қозғалыс бағыты t мен n бүтін саны (цифрлық нұсқау) берілген. Берілген нұсқауды орындаған соң роботтың бағытын шығару керек.
Локатор жер шары тараптарының біріне бағытталған (Ш-шығыс, Б-батыс, О-оңтүстік, С-солтүстік) және үш цифрлық бұрылу нұсқауларын қабылдай алады: 1 – солға бұрылу, -1 – оңға бұрылу, 2 – 180-қа бұрылу. Локатордың бастапқы бағыты d және n1,n2 – цифрлық нұсқаулары берілген. Нұсқаулар орындалған соң локатордың бағыты қалай өзгереді?
Шеңбер элементтері былай нөмірленген: 1 – радиус (R), 2 – диаметр (d=2R), 3 – ұзындық (L=2R), 4 – дөңгелек ауданы (S=R2). Осы элементтердің бірінің нөмірі мен мәні берілген. Барлық басқа элементтердің мәні табылып, көрсетілген тәртіп бойынша шығарылуы керек.
Тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыш элементтері былайша нөмірленген: 1 – катеті (а), 2 –гипотенузасы (
),
3 – гипотенузаға түсірілген биіктігі
(h=c/2), 4 – ауданы (S=сh/2).
Осы элементтердің бірінің нөмірі мен
мәні берілген. Үшбұрыштың қалған
элементтерінің мәні табылып, көрсетілген
тәртіп бойынша шығарылуы керек.Тең қабырғалы үшбұрыш элементтері былайша нөмірленген: 1 – қабырғасы (а), 2 – іштей сызылған шеңбер радиусы (
),
3 – сырттай сызылған шеңбер радиусы
(R2=2R1),
4 – ауданы (
).
Осы элементтердің бірінің нөмірі мен
мәні берілген. Үшбұрыштың қалған
элементтердің мәні табылып, көрсетілген
тәртіп бойынша шығарылуы керек.Ойын карталарының суреттері былай нөмірленген: 1 – «кірпіш (қиық)», 2 – «қарға», 3 – «жүрек (түйе)», 4 – «шыбын». Нөмірі 10-нан жоғары карталар былай дәрежеленген: 11 – «валет», 12 – «дама», 13 – «король», 14 – «тұз». Екі бүтін сан берілген: n – карта дәрежесі (6 ≤ n ≤ 14) және m – карта суреттері (1 ≤ m ≤ 4). Осы мәліметтер бойынша сәйкес картаның атауын шығару керек, мысалы, «валет шыбын», «тоғыз кірпіш», «тұз жүрек», т.с.с.
Жасты жылдармен анықтайтын 18-59 аралығындағы n бүтін саны берілген. Адамды туылған күнімен құттықтау мәтіні құрастырылып шығарылсын. «Туылған күніңіз құтты болсын! …» мәтініндегі көп нүктенің орнына егер адамның жасы 0-мен аяқталса – «n – мәртебелі жас!» сөзі, 5-пен аяқталса – «n – керемет жас!» сөзі, 24,36,48 болса – «n – мүшел жас!» сөзі тіркеледі, ал қалғандары үшін ешқандай мәтін тіркелмейді.
k – екі таңбалы бүтін саны берілген. Оның атауын сөзбен жазу керек. Мысалы, 24 – «жиырма төрт», 56 – «елу алты», 80 – «сексен», т.с.с.
k – үш таңбалы бүтін саны берілген. Оның атауын сөзбен жазу керек. Мысалы, 274 – «екі жүз жетпіс төрт», 756 – «жеті жүз елу алты», 809 – «сегіз жүз тоғыз», т.с.с.
Шығыс күнтізбесінде 60 жылдық цикл кеңінен қолданылады. Өз кезегінде бұл цикл 12 жылдық ішкі циклдарға бөлінеді және олар түстермен ажыратылады: жасыл, қызыл, сары, ақ және қара. Әрбір ішкі циклдағы жылдар жануарлар атауымен аталады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит және доңыз. Енгізілген жыл нөмірі бойынша оның атауын шығару керек. Мысалы, 1984 – «жасыл тышқан жылы» (жаңа циклдың басы), 2014 – «сары жылқы жылы», т.с.с.
Күн мен айды анықтайтын d және m бүтін сандары берілген. Осы күнге сәйкес келетін Зодиак таңбасын шығару керек: «Суқұйғыш» (20.1-18.2), «Балықтар» (19.2-20.3), «Тоқты» (21.3-19.4), «Торпақ» (20.4-20.5), «Егіздер» (21.5-21.6), «Шаяндар» (22.6-22.7), «Арыстан» (23.7-22.8), «Бикеш» (23.8-22.9), «Таразы» (23.9-22.10), «Сарышаян» (23.10-22.11), «Мергендер» (23.11-21.12), «Тауешкі» (22.12-19.1).
