Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбрамянКАЗ_1-13 тараулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
878.08 Кб
Скачать

4. Шартты оператор

    1. Бүтін сан берілген. Егер ол оң болса, мәні 1-ге арттырылсын; кері жағдайда сан өзгеріссіз қалдырылсын. Алынған санды шығару керек.

    2. Бүтін сан берілген. Егер ол оң болса, мәні 1-ге арттырылсын; кері жағдайда 2-ге кемітілсін. Алынған санды шығару керек.

    3. Бүтін сан берілген. Егер ол оң болса, мәні 1-ге арттырылсын; теріс болса, 2-ге кемітілсін; егер нөлге тең болса, 10-ға ауыстырылсын. Алынған санды шығару керек.

    4. Үш бүтін сан берілген. Осы топтағы оң сандардың нешеу екенін анықтау керек.

    5. Үш бүтін сан берілген. Осы топтағы оң сандар мен теріс сандардың нешеу екенін анықтау керек.

    6. Екі сан берілген. Олардың үлкенін шығару керек.

    7. Екі сан берілген. Олардың кішісінің реттік нөмірін шығару керек.

    8. Екі сан берілген. Олардың алдымен үлкенін, сонан соң кішісін шығару керек.

    9. Нақты a,b айнымалылары берілген. Ол айнымалылардың кішісінің мәнін а-да, үлкенінің мәнін b-да болатындай етіп ауыстырылсын. Нәтижені шығару керек.

    10. Бүтін a,b айнымалылары берілген. Егер шамалардың мәндері тең болмаса, олардың әрқайсысына осы сандардың қосындысы, ал тең болса, әрқайсысына нөлдік мән меншіктелсін. Нәтижені шығару керек.

    11. Бүтін a,b айнымалылары берілген. Егер шамалардың мәндері тең болмаса, олардың әрқайсысына осы сандардың үлкені, ал тең болса, әрқайсысына нөлдік мән меншіктелсін. Нәтижені шығару керек.

    12. Үш сан берілген. Олардың ең кішісін табу керек.

    13. Үш сан берілген. Олардың ортаңғысын, яғни мәні қалған екеуінің арасында болатынын табу керек.

    14. Үш сан берілген. Олардың алдымен ең кішісін, сонан соң ең үлкенін шығару керек.

    15. Үш сан берілген. Олардың ең үлкен екеуінің қосындысын табу керек.

    16. a,b,c үш нақты сандары берілген. Егер олардың мәндері өсу тәртібімен реттелген болса, сандар екі еселенсін, әйтпесе, әрбір сан қарама-қарсы санға ауыстырылсын. Сандардың жаңа мәндерін шығару керек.

    17. a,b,c үш нақты сандары берілген. Егер олардың мәндері өсу тәртібімен немесе кему тәртібімен реттелген болса, сандар екі еселенсін, әйтпесе, әрбір сан қарама-қарсы санға ауыстырылсын. Сандардың жаңа мәндерін шығару керек.

    18. Үш бүтін сан берілген және олардың бірі қалған екеуінен өзгеше (екеуі тең). Осы өзгеше санның реттік нөмірін табу керек.

    19. Төрт бүтін сан берілген және олардың бірі қалған үшеуінен өзгеше (үшеуі тең). Осы өзгеше санның реттік нөмірін табу керек.

    20. Сан осінде a,b,c нүктелері берілген. Соңғы екі нүктенің (b,c нүктелері) қайсысы а нүктесіне жақынырақ орналасқанын тауып, осы нүктені және одан а нүктесіне дейінгі қашықтықты шығару керек.

    21. Жазықтықтағы нүктенің координаттары бүтін сандармен берілген. Егер нүкте координата жүйесінің басымен сәйкес келсе – нөлді, егер берілген нүкте ОХ немесе ОY осінің бойында орналасса, сәйкесінше 1-ді немесе 2-ні, ал басқа жерде жатқан болса 3-ті шығару керек.

    22. Жазықтықтағы ОХ немесе ОY осінің бойында жатпайтын нүктенің координаттары берілген. Нүкте орналасқан координаттық ширектің нөмірін анықтау керек.

    23. Қабырғалары координаттық осьтерге параллель тіктөртбұрыштың үш төбесінің координаттары бүтін сандармен берілген. Төртінші төбенің координаттарын табу керек.

    24. Берілген нақты х үшін нақты мәнге ие f функциясының мәнін табу керек:

    25. Берілген бүтін х үшін бүтін мәнге ие f функциясының мәнін табу керек:

    26. Берілген нақты х үшін нақты мәнге ие f функциясының мәнін табу керек:

    27. Берілген нақты х үшін бүтін мәнге ие f функциясының мәнін табу керек:

    28. Жыл нөмірі берілген (оң бүтін сан). Жай жылда 365 күн, кібісе жылда 366 күн болатынын ескере отырып, берілген жылдағы күн санын анықтау керек. Кібісе жыл деп 4-ке бөлінетін жылды (100-ге бөлінетін және 400-ге бөлінбейтіндерден басқа) айтады. Мысалы, 300-ші, 1300-ші және 1900-шы жылдар – кібісе емес, ал 1200-ші, 2000-шы жылдар – кібісе жыл болады.

    29. Бүтін сан берілген. Оның сипаттамасын беретін сөзді щығару керек. Мысалы, «теріс жұп сан», «нөлдік сан», «оң тақ сан», «екі таңбалы оң сан», т.с.с.

    30. 1-999 аралығындағы бүтін сан берілген. Оның сипаттамасын беретін сөзді щығару керек. Мысалы, «екі таңбалы жұп сан», «үш таңбалы тақ сан», т.с.с.