- •1. Мәліметтерді ендіру және шығару, тағайындау операторы
- •2. Бүтін сандар
- •3. Логикалық өрнектер
- •4. Шартты оператор
- •5. Таңдау операторы
- •6. Параметрлі қайталау (for циклы)
- •7. Алғышартты қайталау (while циклы)
- •8. Тізбектер
- •9. Процедуралар және функциялар
- •10. Минимумдар мен максимумдар
- •11. Бір өлшемді массивтер
- •12. Екі өлшемді массивтер
- •13.Символдар және жолдар
2. Бүтін сандар
Бұл бөлімдегі есептердің барлығындағы ену/шығу мәндері бүтін сандар болып табылады. Цифрларының саны көрсетілген сандардың барлығы (екі таңбалы сан, үш таңбалы сан, т.т.) оң мәнді деп есептеледі.
L қашықтығы сантиметрмен берілген. Бүтін бөлу амалын (div) пайдаланып, ондағы толық метрлер санын анықтау керек ( 1 м = 100 см).
М салмағы килограммен берілген. Бүтін бөлу амалын (div) пайдаланып, ондағы толық тонналар санын анықтау керек ( 1 т = 1000 кг).
Файл өлшемі байтпен берілген. Бүтін бөлу амалын (div) пайдаланып, осы файлдағы толық килобайттар санын анықтау керек ( 1 килобайт = 1024 байт).
Оң бүтін a және b сандары берілген (a>b). a ұзындықты кесіндіде b ұзындықты кесінділердің барынша көп саны орналасқан (бірінің үстіне бірі орналаспаған). Бүтін бөлу амалын (div) пайдаланып, а кесіндісіндегі b кесінділерінің санын анықтау керек.
Оң бүтін a және b сандары берілген (a>b). a ұзындықты кесіндіде b ұзындықты кесінділердің барынша көп саны орналасқан (бірінің үстіне бірі орналаспаған). Бүтін бөлудің қалдығын алу амалын (mod) пайдаланып, а кесіндісінің қолданылмаған бөлігінің ұзындығын анықтау керек.
Екі таңбалы сан берілген. Алдымен оның сол цифрын (ондығын), сосын оң цифрын (бірлігін) шығару керек. Ондықты – бүтін бөлу амалын (div), ал бірлікті – бүтін бөлудің қалдығын алу амалын (mod) пайдаланып табу керек.
Екі таңбалы сан берілген. Оның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табу керек.
Екі таңбалы сан берілген. Оның цифрларының орнын алмастыру арқылы алынған санды шығару керек.
Үш таңбалы сан берілген. Бүтін бөлу амалын бір рет пайдаланып, оның бірінші цифрын (жүздігін) табу керек.
Үш таңбалы сан берілген. Алдымен, оның ең соңғы цифрын (бірлігін), сонан соң ортадағы цифрын (ондығы) табу керек.
Үш таңбалы сан берілген. Оның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табу керек.
Үш таңбалы сан берілген. Оның цифрларын оңнан солға қарай оқыған кезде пайда болатын санды шығару керек.
Үш таңбалы сан берілген. Оның сол шетіндегі бірінші цифрын қиып алып, соңына (оң шетіне) орналастырды. Пайда болған санды шығару керек.
Үш таңбалы сан берілген. Оның оң шетіндегі соңғы цифрын қиып алып, басына (сол шетіне) орналастырды. Пайда болған санды шығару керек.
Үш таңбалы сан берілген. Оның жүздігі мен ондығының орнын алмастырып (мысалы, 123 берілген болса, онда нәтижелік сан 213 болады), пайда болған санды шығару керек.
Үш таңбалы сан берілген. Оның бірлігі мен ондығының орнын алмастырып (мысалы, 123 берілген болса, онда нәтижелік сан 132 болады), пайда болған санды шығару керек.
999-дан артық бүтін сан берілген. Бүтін бөлу және бүтін бөлудің қалдығын алу амалдарын бір реттен пайдаланып, берілген сандағы жүздікке сәйкес келетін цифрды анықтау керек.
999-дан артық бүтін сан берілген. Бүтін бөлу және бүтін бөлудің қалдығын алу амалдарын бір реттен пайдаланып, берілген сандағы мыңдыққа сәйкес келетін цифрды анықтау керек.
Тәулік басынан бері N секунд өтті (N – бүтін сан). Тәулік басынан бері өткен толық минуттар санын анықтау керек.
Тәулік басынан бері N секунд өтті (N – бүтін сан). Тәулік басынан бері өткен толық сағаттар санын анықтау керек.
Тәулік басынан бері N секунд өтті (N – бүтін сан). Соңғы минут басталған соң өткен секундтар санын анықтау керек.
Тәулік басынан бері N секунд өтті (N – бүтін сан). Соңғы сағат басталған соң өткен секундтар санын анықтау керек.
Тәулік басынан бері N секунд өтті (N – бүтін сан). Соңғы сағат басталған соң өткен толық минуттар санын анықтау керек.
Апта күндері былай нөмірленген: 0 – жексенбі, 1 – дүйсенбі, 2 – сейсенбі, ... 6 – сенбі. 1-365 аралығындағы K саны берілген. Егер жылдың 1 қаңтары дүйсенбіге сай келсе, онда жылдың K-шы күні аптаның қай күніне сай келетінін анықтау керек.
Апта күндері былай нөмірленген: 0 – жексенбі, 1 – дүйсенбі, 2 – сейсенбі, ... 6 – сенбі. 1-365 аралығындағы K саны берілген. Егер жылдың 1 қаңтары бейсенбіге сай келсе, онда жылдың K-шы күні аптаның қай күніне сай келетінін анықтау керек.
Апта күндері былай нөмірленген: 0 – жексенбі, 1 – дүйсенбі, 2 – сейсенбі, ... 6 – сенбі. 1-365 аралығындағы K саны берілген. Егер жылдың 1 қаңтары сейсенбіге сай келсе, онда жылдың K-шы күні аптаның қай күніне сай келетінін анықтау керек.
Апта күндері былай нөмірленген: 0 – жексенбі, 1 – дүйсенбі, 2 – сейсенбі, ... 6 – сенбі. 1-365 аралығындағы K саны берілген. Егер жылдың 1 қаңтары сенбіге сай келсе, онда жылдың K-шы күні аптаның қай күніне сай келетінін анықтау керек.
Апта күндері былай нөмірленген: 1 – дүйсенбі, 2 – сейсенбі, ... 6 – сенбі, 7 – жексенбі. 1-365 аралығындағы K саны және 1-7 аралығындағы N саны берілген. Егер жылдың 1 қаңтары N-ге сай келсе, онда жылдың K-шы күні аптаның қай күніне сай келетінін анықтау керек.
Оң бүтін a,b,c сандары берілген. Өлшемі ab тік төртбұрыштың ішінде қабырғасы с-ға тең шаршылардың максимум саны орналасқан. Тік төртбұрыштың ішінде орналасқан шаршылардың саны мен бос қалған бөлігінің ауданын анықтау керек.
Қандай да бір жылдың нөмірі берілген (оң бүтін сан). Оған сай келетін жүзжылдықтың нөмірін анықтау керек. Мысалы, 20-шы жүзжылдықтың басы 1901 жыл деп есептелсін.
