Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 класс 1 токсан[2].doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209 Кб
Скачать

Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:

« Музыка» оқулығы 6 сынып

«Атамұра» бағдарламасы.

Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов. Ж.Сәрсембенов.

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Сәлемдесу,

Әнұран әндету.

2.

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы

3.

Жаңа сабақты түсіндіру

10 минут

Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалар.

4

Музыкалық тыңдау

5 минут

Н. Тілендиев

«Ата толғауы»

5.

Дауыс ашу жаттығулары

2 минут

Төмен , жоғары дыбыс қатарларын әндету.

6.

Әндету

6 минут

«Алматы туралы ән» А.Жайымов.

7.

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Қазақстан композиторлары

(рефераттық жұмыс)

8.

Музыкалық терминдер

5 минут

Динамикалық белгілер

9.

Қорытындылау

3 минут

Оркестрге арналған шығармалар..

10.

Бағалау

3 минут

«5»- , «4»- , «3»- .

11.

Үйге тапсырма

2 минут

Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалар.

-Саламатсыңдарма балалар!

-Бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Халық аспаптары оркестріне арналған шығармалар

Халық аспаптары оркестрі үшін арнайы шығарма жазуды аға буын композиторлар бастағаны белгілі. Олардың ісін кейінгі ұрпақ абыроймен жалғастырып келеді.

Бұл салада сол ағалардың жанында жүріп тәлім-тәрбие алған, кейін үлкен өнер иесі болған Н.Тілендиев көп еңбек сіңірді. Ол халық аспаптары оркестріне арнап «Ата толғауы», «Мұрагер», «Қайрат» увертюрасын, «Алтын дән» (поэма), «Еңбек қуанышы» және т.б. көптеген шығармалар жазды.

Сондай-ақ композиторлар М.Қойшыбаев, Х.Тастанов, Б.Жұманиязов, К.Күмісбеков, А.Жайымов, Ж.Тезекбаев, Е.Үсеновтердің де шығармалары – бүгінде халық аспаптары оркестрінің репертуарынан берік орын алған туындылар.

Композитор М.Қойшыбаев алғаш рет халық аспаптары оркестріне арнап симфониялық шығарма жазды. Ол «Қазақстан» деп аталады.

Музыкалық шығарманы тыңдау:

Н. Тілендиев «Ата толғауы»

К. Күмісбеков «Фараби сазы»

Музыкалық сауат ашу:

Динамикалық белгілер

Динамика (грек тілінде «күшейту» деген сөз) деп музыкадағы дыбыс күштерін азайту немесе күшейту дәрежесін айтады. Ән күйдің мазмұны мен табиғи болмысын ашу үшін, түрлі орындалу ерекшеліктерін білдіру үшін арнайы динамикалық белгілер қолданылады. Негізгі динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздердің бас әріптерімен белгіленеді.

Айтылуы

(итальянша)

Жазылуы

(таңбасы)

Мағынасы

(қазақша)

Форте

f

қатты,күшті

Пиано

p

ақырын,жай

Меццо-форте

mf

орташа, күшпен2

Меццо-пиано

mp

Ақырын

Фортиссимо

ff

өте күшті, қатты

Пианиссимо

pp

өте ақырын, жай

Крещендо

<

бірте-бірте күшейте

Деминуэндо

>

бірте-бірте жайлата

Сфорцандо

sf

кенеттен күшейтіп

Дауыс ашу жаттығулары:

* Әннің әуенін таза , дыбыс құбылуын анық сезініп орында .

* Үйретілген әнді сүйемелдеусіз – ақ айтып үйрену кезінде өз

дауысынды есіте біл.

* Әнді салу кезінде екі иығынды көтермей , иегінді көтеріп дұрыс

тыныс ал.

* Музыкалық ән- әуендегі құбылысты үзбей толық орында.

Әндету: Алматы туралы ән