- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •1970 Жылдардан бастап аспаптық-камералық музыка жаңа бір сатыға көтерілді. Кішігірім пьесалармен қатар көптеген күрделі шығармалар жазылды.
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Түрлі музыкалық аспаптардың домбырамен үндестігі
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармалары
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Қазақстан композиторларының оркестрге арналған шығармалары
- •Симфониялық оркестрге арналған шығармалар
- •1950 Жылдары б.Байқадамов «Жарқын жастық» атты симфониялық поэмасын, халық аспаптары оркестрі үшін «Жаңа күйін» жазды.
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Халық аспаптары оркестріне арналған шығармалар
- •Әнін жазған .А.Жайымов. Өлеңін жазған .Қ.Мырзалиев.
- •Алматым ,
- •Алматым,
Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
« Музыка» оқулығы 6 сынып
«Атамұра» бағдарламасы.
Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов. Ж.Сәрсембенов.
№ |
Сабақ барысы |
Уақыты |
Жоспары |
1. |
Ұйымдастыру кезеңі |
2 минут |
Сәлемдесу, Әнұран әндету. |
2. |
Өткен сабақты сұрау |
4 минут |
Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы
|
3. |
Жаңа сабақты түсіндіру |
10 минут |
Қазақстан композиторларының оркестрге арналған шығармалары.
|
4 |
Музыкалық тыңдау |
5 минут |
Е. Брусиловский «Сарыарқа» |
5. |
Дауыс ашу жаттығулары |
2 минут |
Төмен , жоғары дыбыс қатарларын әндету.
|
6. |
Әндету |
6 минут |
«Ауылым» әнін бекіту.
|
7. |
Шығармашылық жұмыс |
3 минут |
Қазақстан композиторлары (рефераттық жұмыс) |
8. |
Музыкалық терминдер |
5 минут |
Симфониялық поэма, сюита. |
9. |
Қорытындылау |
3 минут |
Оркестрге арналған шығармалар.. |
10. |
Бағалау |
3 минут |
«5»- , «4»- , «3»- |
11. |
Үйге тапсырма |
2 минут |
Қазақстан композиторларының оркестрге арналған шығармалары. |
- Саламатсыңдарма балалар !
- Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Қазақстан композиторларының оркестрге арналған шығармалары
Қазақстан композиторлары 1940 жылдан бастап оркестрге арналған шығармалар жаза бастады.
Олардың қатарында А.Жұбановтың «Абай» , «Қазақ» сюиталары; «Төлеген Тоқтаров» увертюра-фантазиясы;
Е.Брусиловскийдің «Сарыарқа» атты симфониялық сюитасы, «Жалғыз қайың» симфониялық поэмасы, халық аспаптары оркестрі үшін жазылған «Думанда » , «Румын әуендері», «Желдірме» поэмалары, 5 симфониясы; В.Великановтың «Амангелді» симфониялық поэмасы , «Қазақ» симфониясы, халқ аспаптары оркестріне жазған сюитасы, «Бейбітшілік үшін» поэмасы; М. Төлебаевтың «Қазақ» фантазиясы, «Қазақ», «Қазақстан» увертюралары, «Той» атты музыкалық суреттемелер бар.
Симфониялық оркестрге арналған шығармалар
Композиторлар С.Мұхамеджанов пен Қ.Қожамияров та оркестрге арнап көптеген шығармалар жазды.
С.Мұхамеджанов халық аспаптары оркестрі үшін «Балқадиша» (вариациялар), «Қыз қуу» (суреттеме), «Домбыра туралы баллада» (поэма), «Шаттық Отаны» (симфониялық поэма), «Қазақ увертюрасы», «Мерекелік увертюра», «Дарқан дала » атты симфониялық оркестр үшін «Қазақ увертюрасын», «Ежелгі Түркістанда» сюитасын, «Дауыл» атты симфониясын, сонымен қатар екінші, үшінші және «Бейбітшілікті қорғайық» атты төртінші симфонияларын жазды.
1950 Жылдары б.Байқадамов «Жарқын жастық» атты симфониялық поэмасын, халық аспаптары оркестрі үшін «Жаңа күйін» жазды.
Қ.Қожамияров симфониялық оркестр үшін «Ризвангүл» (симфониялық поэма), «Достық жолымен» (симфониялық поэма), бес симфония, симфониялық суреттемелер жазды.
Ғ.Жұбанов үш симфония, көптеген симфониялық поэмалар мен увертюралар жазды.
Е.Рахмажиевтің «Толғау», «Қазақстан» атты симфониялық поэмалары, «Құдаша», «Дайрабай» сияқты симфониялық күйлері алтын қорға қосылған аса құнды туындыларға айналды.
Музыкалық сауат ашу:
Симфониялық поэма – терең мағыналы әдеби бағдарлама негізінде жазылған бір бөлімді симфноиялық шығарма.
Бұл жанрда алғаг рет Ф.Лист жазған.
Сюита (француз тілінде «қатар,жүйелілік» деген сөз) – бірнеше бөлімнен тұратын шығарма, мұндағы әр бөлімнің мазмұны бір-біріне қарама-қайшы келеді.
Музыкалық шығармаларды тыңдау:
Е.Брусиловский. «Сарыарқа» симфониялық сюитасы.
Қ. Мусин «Жайлауда» симфониялық поэмасы.
Әндету: « Ауылым » Т. Базарбаев. (әнді бекіту)
Шығармашылық жұмыс:
* Музыкалық терминдерді талдау, жаттау, сөздік қорына қосу.
Қорытындылау:
* Қазақстан композиторларының оркестрге арналған алғашқы
шығармаларын айтып бер.
* Симфониялық поэма, сюита дегеніміз не?
Үйге тапсырма:
Қазақстан композиторларының оркестрге арналған
шығармаларын тыңдау, талдау, тану.
Бағалау: «5»--- «4» - «3» -
Мерзімі: Сыныбы : 6 1тоқсан / 11
Тоқсандық тақырыбы: Қазақстан композиторларының
аспаптық музыкасы.
Сабақтың тақырыбы: Халық аспаптар оркестріне
арналған шығармалар.
Сабақтың мақсаты: Кәсиби классикалық музыка арқылы
Қазақстан композиторларының
шығармашылығына тоқталу , таныстыру,
таныту, тарату.
Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін
арттырып , логикалық ойлау қабылеттерін
классикалық музыка арқылы арттырып,
музыкалық терминдер арқылы
сауаттылығын ашу .
Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген
ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты
айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту
қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік мәні : Қазақстан композиторларының музыкалық
шығармалары арқылы классикалық
музыканың тәрбиелік мәнін
тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, пікір талас
құру, әндету , музыкалық терминдер арқылы
сауат ашу , шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , Қазақстан тарихы,
Жаратылыстану.
