- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •1970 Жылдардан бастап аспаптық-камералық музыка жаңа бір сатыға көтерілді. Кішігірім пьесалармен қатар көптеген күрделі шығармалар жазылды.
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Түрлі музыкалық аспаптардың домбырамен үндестігі
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармалары
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Қазақстан композиторларының оркестрге арналған шығармалары
- •Симфониялық оркестрге арналған шығармалар
- •1950 Жылдары б.Байқадамов «Жарқын жастық» атты симфониялық поэмасын, халық аспаптары оркестрі үшін «Жаңа күйін» жазды.
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Халық аспаптары оркестріне арналған шығармалар
- •Әнін жазған .А.Жайымов. Өлеңін жазған .Қ.Мырзалиев.
- •Алматым ,
- •Алматым,
Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
« Музыка» оқулығы 6 сынып
«Атамұра» бағдарламасы.
Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов. Ж.Сәрсембенов.
№ |
Сабақ барысы |
Уақыты |
Жоспары |
1. |
Ұйымдастыру кезеңі |
2 минут |
Сәлемдесу, Әнұран әндету. |
2. |
Өткен сабақты сұрау |
4 минут |
Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы
|
3. |
Жаңа сабақты түсіндіру |
10 минут |
Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармалары. |
4 |
Музыкалық тыңдау |
5 минут |
Қорқыттың күйі «Желмая», Ықыластың күйі «Жезкиік» |
5. |
Дауыс ашу жаттығулары |
2 минут |
Төмен , жоғары дыбыс қатарларын әндету.
|
6. |
Әндету |
6 минут |
«Елім менің» әні М.Маңғытаев. |
7. |
Шығармашылық жұмыс |
3 минут |
Қазақстан композиторлары(реферат)
|
8. |
Музыкалық терминдер |
5 минут |
Екпін түрлері |
9. |
Қорытындылау |
3 минут |
Аспаптық музыка.
|
10. |
Бағалау |
3минут |
«5»- , «4»- , «3»- .
|
11. |
Үйге тапсырма |
2 минут |
Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармалары. |
-Салатамсыңдарма балалар!
-Сендер халық музыкасын қазіргі таңға жеткізіп келген орындаушылар арқылы жеткенін екендігін білесіңдер мінекей бүгін сонау Қорқыттың киелі қобыз аспабын қайта жаңғыртып бізге жеткізуде.
-Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармалары
Композиторлардың қобыз аспабына арнайы жазған шығармалары халық арасында кеңінен танымал. А.Жұбанов, Х.Тастанов, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова, А. Жайымов. Е.Үсенов, т.б. композиторлар қобыздың орындаушылық мүмкіндігін көтеретін, үндік бояуын байытатын көлемді шығармалар жазды.
Сондақ-ақ қазақтың халық әуендері, әр түрлі сазды шығармалар қобызда орындауға лайықталып, өңделді. Көне қылқобыздың ғасырлар бойы келе жатқан төлтума күйлері ұлттық рухани байлық ретінде сақталып, ел арасында жиі орындалады. Осы күйлер негізінде жаңа туындылар жызылды.
Бұған мысал ретінде А.Жұбановтың «Көктем», Х.Тастановтың «Алтай аясында», А. Жайымовтың «Толғау», А.Толғанбаевтың «Бозжорға» сияқты шығармалары, Қ.Шілдебаевтың «Қаракемер», Е.Құсайыновтың «Қиғаш жер шалғай» атты күйлерін атауға болады.
Музыкалық сауат ашу:
Екпін түрлері.
Әрбір музыкалық шығарманың өзіне лайық жылдамдығы болады. Шығарманың орындалу барысындағы осы жылдамдық екпін деп аталады. Әр шығарманың нота жазбасының басында екпіні көрсетіледі.
Музыкалық екпіндер жай, орташа, жылдам болып негізі үш топқа бөлінеді.
Жай екпіндер
- өте жай,созыла;
- жай, кең;
- асықпай, жай;
- ауыр, мұңды
Орташа екпіндер9
- асықпай, орташа;
- сәл жылдамырақ;
- орташа, бір қалыпты.
Жылдам екпіндер
- шапшаң, жылдам;
- ширақ, қыздыра;
- өте тез, өте жылдам;
- үлкен жылдамдықпен.
Музыкалық екпін белгілері көбінесе итальян тілінде белгіленеді.
Музыкалық шығарманы тыңдау:
Қорқыттың күйі « Ж е л м а я »
Ықыластың күйі « Ж е з к и і к »
Дауыс ашу жаттығулары:
* Әннің әуенін таза , дыбыс құбылуын анық сезініп орында .
* Үйретілген әнді сүйемелдеусіз – ақ айтып үйрену кезінде өз
дауысынды есіте біл.
* Әнді салу кезінде екі иығынды көтермей , иегінді көтеріп дұрыс
тыныс ал.
* Музыкалық ән- әуендегі құбылысты үзбей толық орында.
Әндету:
Елім менің
Әнін жазған М.Маңғытаев. Өлеңің жазған С. Жиенбаев.
1. Балғын өлкем баулары маужыраған,
Қырларында қызыл гүл жаудыраған.
Аңқиды жұпар иісі кең даланың
Әр белден, әр төбеден, әр қиядан.
Қайырмасы:
Туған елім менің,
Кіндік кескен жерім,
Айналдым сенен, Қазақстаным!
2. Көз алдымда көгілдір тау мұңартып,
Ақ бидайым толқид нұрға балқып.
Құшақтап бір өзіңді, туған далам,
Жатамын көк шалғынды жаным шалқып.
Қайырмасы:
3. Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белдер, сағымдар арасынан,
Тарайды дән жұпары бар әлемге
Қазақтың қасиетті даласынан.
Қайырмасы:
Шығармашылық жұмыс:
* Қобыз аспабында орындалатын шығармалардың шығу тарыхын насихаттау.
* Қазақстан композиторларының шығармашылығы жайында мәлімет жинақтау сыныпта талдау жүргізу, олардың шығармаларын тыңдау.
* Рефераттық жұмыс жасау, қорғау.
Қорытындылау :
* Қылқобыз аспабында орындалатын қандай күйлерді білесің?
* Екпіннің негізгі түрлерін ата.
Үйге тапсырма:
Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармалары.
Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Мерзімі: Сыныбы : 6 1 тоқсан / 10
Тоқсандық тақырыбы: Қазақстан композиторларының
аспаптық музыкасы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан композиторларының оркестрге
арналған шығармалары
Сабақтың мақсаты: Кәсиби классикалық музыка арқылы
Қазақстан композиторларының
шығармашылығына тоқталу , таныстыру,
таныту, тарату.
Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін
арттырып , логикалық ойлау қабылеттерін
классикалық музыка арқылы арттырып,
музыкалық терминдер арқылы
сауаттылығын ашу .
Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген
ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты
айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту
қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік мәні : Қазақстан композиторларының музыкалық
шығармалары арқылы классикалық
музыканың тәрбиелік мәнін
тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, пікір талас
құру, әндету , музыкалық терминдер арқылы
сауат ашу , шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , Қазақстан тарихы,
Жаратылыстану.
