- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •1970 Жылдардан бастап аспаптық-камералық музыка жаңа бір сатыға көтерілді. Кішігірім пьесалармен қатар көптеген күрделі шығармалар жазылды.
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Түрлі музыкалық аспаптардың домбырамен үндестігі
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармалары
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Қазақстан композиторларының оркестрге арналған шығармалары
- •Симфониялық оркестрге арналған шығармалар
- •1950 Жылдары б.Байқадамов «Жарқын жастық» атты симфониялық поэмасын, халық аспаптары оркестрі үшін «Жаңа күйін» жазды.
- •Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
- •Халық аспаптары оркестріне арналған шығармалар
- •Әнін жазған .А.Жайымов. Өлеңін жазған .Қ.Мырзалиев.
- •Алматым ,
- •Алматым,
Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
« Музыка» оқулығы 6 сынып
«Атамұра» бағдарламасы.
Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов. Ж.Сәрсембенов.
№ |
Сабақ барысы |
Уақыты |
Жоспары |
1. |
Ұйымдастыру кезеңі |
2 минут |
Сәлемдесу, Әнұран әндету. |
2. |
Өткен сабақты сұрау |
4 минут |
Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы
|
3. |
Жаңа сабақты түсіндіру |
10 минут |
Түрлі музыкалық аспаптардың домбырамен үңдестігі
|
4 |
Музыкалық тыңдау |
5 минут |
Н. Тілендиевтің күйі «Аққу» |
5. |
Дауыс ашу жаттығулары |
2 минут |
Төмен , жоғары дыбыс қатарларын әндету.
|
6. |
Әндету |
6 минут |
«Ауылым» әні Т.Базарбаев. |
7. |
Шығармашылық жұмыс |
3 минут |
Қазақстан композиторлары(реферат)
|
8. |
Музыкалық терминдер |
5 минут |
аккомпонимент
|
9. |
Қорытындылау |
3 минут |
Аспаптық музыка.
|
10. |
Бағалау |
3минут |
«5»- , «4»- , «3»- .
|
11. |
Үйге тапсырма |
2 минут |
Түрлі музыкалық аспаптардың домбырамен үйлестігі. |
-Саламатсыңдарма балалар !
- Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Түрлі музыкалық аспаптардың домбырамен үндестігі
А.Жұбанов пен Л. Хамидидің тәжірибелеріне сүйене отырып, фортепианоның немесе халық аспаптары оркестірінің сүйемелдеуінде домбыра аспабына арналған шығармалар жазыла бастады. Бұл салада
алғаш жол салғандар: Х.Тастанов («Әуен», «Фантазия»), М. Әубәкіров («Жас екпін», «Фантазия», «Ой толқыны»), С.Мұхамеджанов («Домбыра мен оркестрге арналған концерт »), Н. Тілендиев («Аққу», «Әлқисса», «Темірбектің төкпесі», «Ақсақ құлан» атты домбыра мен оркестрге арналған күйлер).
Бұл игі істі кейін А. Жайымов («Шалқыма», «Домбыра мен оркестрге арналған концерттік күй», «Балдәурен», «Домбыра мен фортепианоға арналған концерт» ), Е. Үсенов («Майра», «Домбыра мен оркестрге арналған фантазия», «Жігер», «Домбыра мен фортепианоға арналған пьеса») табысты жалғастырды. Кәсіби музыкада домбыра мен фортепианоға жазылған шығармалар жиі орындалады.
Қазақстан композиторларының домбыраға арналған күйлері
Қорқыт атадан бастау алған күй өнері ғасырлар бойы атадан балаға ауысып дамып, ұрпақтан ұрпаққа өтіп, өз жалғасын тауып келеді. Дәстүрлі күй өнерінде қазіргі композиторлардың да үлестері бар. А. Жұбанов бастаған қазақ композиторларының күйлері өзіндік мәнерімен, әуен-сазымен ерекшеленеді. Бұл күйлерде ежелгі орындаушылық әдіс – амалдар мен құрылымдық негіздер барынша толық сақталған. Композиторлар Н. Тілендиевтің, М.Қойшыбаевтың, М.Әубәкіровтің, Қ.Ахмедияровтың төл күйлері халық арасына кең тарап, жиі орындалып жүр.
Музыкалық шығарманы тыңдау:
Қазақстан композиторы Н.Тілендиевтің күйі
« А қ қ у »
Дауыс ашу жаттығулары:
* Әннің әуенін таза , дыбыс құбылуын анық сезініп орында .
* Үйретілген әнді сүйемелдеусіз – ақ айтып үйрену кезінде өз
дауысынды есіте біл.
* Әнді салу кезінде екі иығынды көтермей , иегінді көтеріп дұрыс
тыныс ал.
* Музыкалық ән- әуендегі құбылысты үзбей толық орында.
Әндету: Ауылым
Әнін жазған. Т.Базарбаев. Өлеңін жазған Ж.Бейсенов.
Кіндігімнің жас қаны Жастығымның куәсі,
Тамған жерім – ауылым. Шұрқыраған ауылым.
Шабытымның асқары, Жусаны мен жуасы 2 рет
Самғау жерім – ауылым. Бұрқыраған ауылым
Биік-биік шың-құзға Тоймен таңды атырып,
Құмар қылған ауылым. Ән салдырған ауылым,
Бүлдіршіндей бір қызға Сары қымыз сапырып, 2 рет
Сыңар қылған ауылым . Тамсандырған ауылым.
Көк түтінін шұбалтып, Көк торғындай көктемде
Жібек созған ауылым. Сағым буған ауылым.
Ай көрмесем құмартып Алыс сапар шеккенде 2 рет
Жүрек қозған ауылым. Сағындырған ауылым.
Шығармашылық жұмыс:
Қазақстан композиторларының шығармашылығы жайында мәлімет жинақтау сыныпта талдау жүргізу, олардың шығармаларын тыңдау.
Рефераттық жұмыс жасау, қорғау.
Қорытындылау :
* Домбыра мен фортепианоға арналған алғашқы шығармаларды кімдер
жазды.
* Домбыраға арналып жазылған күйлерді ата.
* Қазіргі күйлердің құрылымдық негіздері қандай.
Үйге тапсырма:
* Түрлі музыкалық аспаптардың домбырамен үндестігі.
* Қазақстан композиторларының домбыраға арналған күйлері.
Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Мерзімі: Сыныбы : 6 1тоқсан / 9
Тоқсандық тақырыбы: Қазақстан композиторларының
аспаптық музыкасы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан композиторларының
қобызға арналған шығармалары.
Сабақтың мақсаты: Кәсиби классикалық музыка арқылы
Қазақстан композиторларының
шығармашылығына тоқталу , таныстыру,
таныту, тарату.
Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін
арттырып , логикалық ойлау қабылеттерін
классикалық музыка арқылы арттырып,
музыкалық терминдер арқылы
сауаттылығын ашу .
Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген
ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты
айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту
қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік мәні : Қазақстан композиторларының музыкалық
шығармалары арқылы классикалық
музыканың тәрбиелік мәнін
тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, пікір талас
құру, әндету , музыкалық терминдер арқылы
сауат ашу , шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , Қазақстан тарихы,
Жаратылыстану.
