Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 класс 1 токсан[2].doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209.41 Кб
Скачать

teachers Мерзімі: Сыныбы: 6 1тоқсан / 6

Тоқсандық тақырыбы: Қазақстан композиторларының

аспаптық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: Аспаптық камералық шығармалар

Сабақтың мақсаты: Кәсиби классикалық музыка арқылы

Қазақстан композиторларының

шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

таныту, тарату.

Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін

арттырып , логикалық ойлау қабылеттерін

классикалық музыка арқылы арттырып,

музыкалық терминдер арқылы

сауаттылығын ашу .

Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген

ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты

айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту

қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік мәні : Қазақстан композиторларының музыкалық

шығармалары арқылы классикалық

музыканың тәрбиелік мәнін

тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, пікір талас

құру, әндету , музыкалық терминдер арқылы

сауат ашу , шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , Қазақстан тарихы,

Жаратылыстану.

Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:

« Музыка» оқулығы 6 сынып

«Атамұра» бағдарламасы.

Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов. Ж.Сәрсембенов.

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Сәлемдесу,

Әнұран әндету.

2.

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Қазақстан композиторларының

аспаптық музыкасы.

3.

Жаңа сабақты түсіндіру

10 минут

Аспаптық камералық шығармалар

4

Музыкалық тыңдау

5 минут

Л. Хамиди.

«Романс»

5.

Дауыс ашу жаттығулары

2 минут

Төмен , жоғары дыбыс қатарларын әндету.

6.

Әндету

6 минут

«Саржайлау» әні

Н.Тілендиев.

7.

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Қазақстан композиторлары(реферат)

8.

Музыкалық терминдер

5 минут

Камералық музыка

9.

Қорытындылау

3 минут

Аспаптық музыка.

10.

Бағалау

3минут

«5»- , «4»- , «3»- .

11.

Үйге тапсырма

2 минут

Қазақстан композиторлары.

Сабақтың барысы:

-Балалар саламатсыңдарма!

-Бүгінгі өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы.

Аспаптық-камералық шығармалар.

Қазақстан композиторларының бұл жанрдағы алғашқы шығармалары халықтың ән-күйлерін өңдеп, түрлі аспаптарға түсіруден басталған болатын. Кейін төл туындылары да пайда бола бастады. Оған А.Жұбановтың фортепианоға арналған он «Тәжік биі», сегіз «Қазақ биі» және қобызға арналған бес «Пьесасы», Е.Брусиловскийдің фортепианоға арналған «Экспромт», фортепианоға арналған он бес «Пьесасы», бес «Виртуоздық пьеса», «Хореграфиялық пьесалары», скрипка мен фортепианоға арналған «Бозайғыр» атты сюитасы жатады.

Л.Хамиди қобызға арнап – «Романс», сым ішекті домбыраға – концерт, домбыраға «Юмореска», «Балаларға арналған фортепианолық пьесалар», «Фортепианоға арналған сюита» және т.б. шығармалар жазды.

1970 Жылдардан бастап аспаптық-камералық музыка жаңа бір сатыға көтерілді. Кішігірім пьесалармен қатар көптеген күрделі шығармалар жазылды.

Музыкалық шығарманы тыңдау:

Қазақстан композиторы Латиф Хамидидің

қобыз аспабына арнап жазған пьесасы «Романс»

Дауыс ашу жаттығулары:

* Ән салып, өлең айтқанда қолды төмен түсіріп , желкенді

көтермей , деніні тік ,түзу ұста.

* Әнді бастаудан алдын асықпай қарныңмен демалуға дағдылан.

* Әнді айқайламай мәнерлеп айт.

Шығармашылық жұмыс:

Қазақстан композиторларының шығармашылығы жайында мәлімет жинақтау сыныпта талдау жүргізу, олардың шығармаларын тыңдау.

Рефераттық жұмыс жасау, қорғау.

Әндету: Саржайлау

Сөзін жазған М.Мақатаев. Әнін жазған . Н. Тілендиев.

1. Жазира , жасыл кілем өрнектеген,

Туған жерге ,дариға ,жер жетпеген!

Саржайлауым.

Кең өлкем , әлдейлей бер , сен деп келем ,

Аңсап келем, сағынып , шөлдеп келем.

Саржайлауым.

Қайырмасы:

Саумал бұлақ- балдай дәрім,

Салқын самал- баурайларың..

Саялаған , беу , туған жер ,

Сағындырған , Саржайлауым..

2. Армысың ата – қоныс , жасыл мекен!

Ұлыңмын , мен сенің қасыңда өтем.

Саржайлауым.

Басқаның жерұйығын неғылайын,

Жерұйығы өзімнің қасымда екен!

Саржайлауым.

Қайырмасы:

3. Жадырап , жұтайыншы тау самалын ,

Осы еді ғой сағынып аңсағаным.

Саржайлауым.

Гүлдерім , шыршаларым , аршаларым ,

Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.

Саржайлауым.

Музыкалық сауат ашу:

( терминдерді жаттап ал!)

Концерт - жалғыз аспап пен оркестрге арнайы жазылған шығарма.

Этюд- орындаушылық мүмкіндікті дамытуға арналған шығарма.

Соната – бір немесе екі аспапқа арналған сонаталық формадағы

камералық шығарма.

Қорытындылау :

* Қазақтың алғашқы кәсіби аспаптық музыкаларын ата.

* Фортепиано аспабына жазылған қандай шығармаларды

білесің ?

Үйге тапсырма:

* Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы

* Аспаптық-камералық шығармалар.

Бағалау: «5» - «4» - «3» -

Мерзімі: Сыныбы : 6 1тоқсан / 7

Тоқсандық тақырыбы: Қазақстан композиторларының

аспаптық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: Аспаптық камералық шығармалар

Сабақтың мақсаты: Кәсиби классикалық музыка арқылы

Қазақстан композиторларының

шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

таныту, тарату.

Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін

арттырып , логикалық ойлау қабылеттерін

классикалық музыка арқылы арттырып,

музыкалық терминдер арқылы

сауаттылығын ашу .

Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген

ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты

айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту

қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік мәні : Қазақстан композиторларының музыкалық

шығармалары арқылы классикалық

музыканың тәрбиелік мәнін

тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, пікір талас

құру, әндету , музыкалық терминдер арқылы

сауат ашу , шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті ,Қазақстан тарихы,

жаратылыстану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]