Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2007...5 сынып кнделікті.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.64 Mб
Скачать

Керней – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспабы

Керней – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспабы. Бұл аспап түркі тілдес халықтар арасында кең таралған. Ертеде керней аспабын әскери мақсатта пайдаланған. Жаугершілік заманда атой шақырып, дабыл қағып, хабар таратқан кезде қолданған. Сондай-ақ, хандар мен әскербасыларын күтіп алу шараларында, бәйге, шеру салтанаттарында керней аспабында ойнаған. Керней аспабында қозғалып, жан-жаққа бұрылып ойнайды. Аспап көлемі әртүрлі, дыбыс қуаты өзгеше болады. Керней аспабын жасау әдісі сыбызғыаспабына ұқсас болып келеді. Аспаптың сыртқы жағын түйе өңешімен қаптайды. Бұл ағаш түтіктің жарылып кетпеуіне жол береді. Жұмыр ағашты ортасынан бөліп, өзегін ойып, ішін тегістейді. Тегістелген ағаштар бір-біріне желім арқылы жабыстырылады. Дайын аспаптың сыртқы жағын жылқы қылынан жасалған шашақтармен безендіреді. Соңғы жылдары шеберлер аспапты жез металдан жасап жүр.

Керней аспабы Орта Азия халықтарының арасында әскери музыкалық аспап ретінде танымал. Белгілі аспаптанушы, сазгер Болат Сарыбаев керней аспабының көне музыкалық аспап және оның ел ішінде кеңінен пайдаланылғанын ғылыми түрде дәлелдеген. Ал белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев кернейді «Қыз Жібек» фильмінде қолданған

Әнді дұрыс айту үшін алдымен оның орындалу әдіс – тәсілін, ережелерін білу қажет. Балалар, ән айту үшін ең әуелі қалай тыныс алу керектігін үйреніп, дыбысты шығару үшін оны қалай пайдалануға болатынын біліп алғандарың жөн. Адам денесіндегі тыныстық ауа легін жинайтын мүше — өкпе. Сол өкпеде жиналған ауаны үн шығаратын көмей арқылы ән айту барысында музыкалық сөз тізбегіне (фразаға) лайықтап шығарады. Әрбір сөз тізбегіне байланысты әнші жаңадан тыныс алып отырады. Ән айтқанда көмейден шыққан дыбыс тыныс жолдары – жұтқыншақ, ауыз қуысы, кеуде, бас, кеңсірік, дыбыс тербелістерін жасаушы (резонаторлық) дене мүшелері арқылы күшейіп естіледі. Яғни дұрыс тыныс алу — әншілік өнердегі басты алғышарттардың бірі. Дұрыс тыныс алу мен оны тиісті сөз тізбегіне шақтап пайдалану – дыбыстың да, сөздің де әрі айқын, әрі екпінді шығуының кепілі. Енді, балалар, әншінің отырыс – тұрысына, денесін қалай ұстау керектігіне назар аударайық. Мысалы, әнші денесін болбыр ұстап, сергек сезінбесе немесе бүкірейтіп, қисайып, шалқайып, дұрыс тұрмаса, дыбыс шығарушы дене мүшелерінің қызметі төмендейді. Сөйтіп ән өз дәрежесінде шықпайды. Сондықтан да ән салғанда дене мүшелерін дұрыс ұстау керек.

Ән біздің жарқын болашағымыз туралы. Әнді тыңдамастан бұрын араласып кеткен сөз тіркестерін өз орнына дұрыс қоя білсеңдер, әннің мәтінін оқи аласыңдар.

5 сынып Музыка. 10.01.2014ж. 11.01.2014ж. Сабақтың тақырыбы: Жапонның Кабуки театры Музыка сауаты: Дыбыс ұзақтықтары Тыңдалатын ән: Халық күйі «Ақсақ құлан» Үйретілетін ән: Домбырасыз сән қайда

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Жапон халқының музыка өнерімен таныстыру. Дамтушылық: Музыка мазмұнын түсінуге, музыканың көркемдік құралдарын ажырата білуге үйрету. Тәрбиелік:Ой - өрісін, шығармашылығын дамыту. Өнерді сүюге, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Кабуки театры дегеніміз не? Бұл жапондық театр өнерінің бір түрі, XVII ғасырда пайда болып Эдо кезінде дамыған.Кабуки театры самурай мен ақ сүйектер өмірімен ерекшеленеді. Онда драмалық би қойылымдары мен қарапайым халықтың өмірі бейнеленеді.Театр әртістерінің барлығы ер адамдар.Әйел адамның рөлін де ер адам ойнаған.Кабуки театрында әуен бар, ол маңызды рөл атқарады,.Кабуки тетры сямисин деген аса таяқпен ойналады.Кабуки театрының киімдері өте әдемі,опа – далап көп жаққандықтан тіпті олардың шынайы бет пернесі көрінбейді.Оларда «Но» көрінісі өтеді ,бастарына бет перне киіп,сюжеттік хабарлау және кейіпкер сөзі барабан ,флейта мен және утаи орындаушыларымен әуенденеді.Но да сахнаға ер адамдар шығады. Бунраку – бұл қуыршаөтар тетры, ло 17ғасырдан пайда болған Музыкалық сауат ашу : ( Дыбыс ұзақтықтарын санау )

О - бүтін О/ - жартылық о/ - төрттік о/) - сегіздік

Әуен – саздардағы дыбыстар бір – бірімен түрлі биіктіктерімен ғана емес , сондай – ақ түрлі айтылу, естілу ұзақтықтарымен де ерекшеленіп ажыратылады.

Нота белгілері музыкалық дыбыстардың биіктігі мен ұзақтықтарын бірден қатар көрсетіп тұрады. Дыбыс ұзақтықтары мынадай белгілерімен белгіленіп, есептелінеді:

Бүтін нота ( 1-ге,2-ге,3-ке,4-ке) Жарты нота (1-ге, 2-ге) Ширек нота (1-ге) Сегіздік нота (бір) Он алтылық нота (1-дің жартысы)

Музыкалық шығарма тыңдау:

Халық күйі «Ақсақ құлан» Әндету: Домбырасыз сән қайда.Өлеңін жазған .Х.Талғаров. Әнін жазған. И.Нүсіпбаев.

Дауыс ашу жаттығулары: (Қазақ халқының мақал- мәтелдерін әуенге келтіріп әндеті, дыбыс қатары бойынша жоғарылатып әндету,және төмендету.) Ө - нер - ді үй - рен , үй - рен -де жи - рен. ( до - ре - ми- фа – соль, соль- фа- ми –ре – до )

1. Елдің жырын жырлаған , Қайғысын да толғаған . Домбырасыз ешқашан Жүрекке ем қонбаған. Қайырмасы:

Домбырасыз сән қайда , Домбырасыз ән қайда . Ән мен күй бар өмірде От та лаулап жанбай ма?

2. Құрманғазы , Тәттімбет Домбырамен сайраған . Жүрекке от жақсын деп , Елге күйін арнаған . Қайырмасы:

3. Абай , Жамбыл ,сал Біржан Таңғалдырып ән салған . Жүрегінді жандырған , Естіген жан тамсанған . Қайырмасы:

Шығармашылық жұмыс:

Сөз жұмбақты дұрыс шешкенде, «қобыз» сөзі шығады.

  1. Сілкіп ойналатын аспап түрі. (асатаяқ)

  2. Қазақтың ұлттық аспабы.

  3. Жауынгерлер пайдаланатын ұрмалы аспап.

  4. Қурайдан жасалатын аспап.

Тілшелі музыкалық аспап. Қорытындылау:

  • Халық музыкасы дегеніміз не?

  • Қандай халық сазгерлерін білесің?

  • Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.

Үйге тапсырма: Қазақтың халық музыкасы жайлы әңгімелеу. Нота ұзақтықтарын талдау. «Домбырасыз сән қайда» әнін жатқа әндету Бағалау: «5» - «4» - «3» -

5.

1.

3.

2.

4.

Қ

О

Б

Ы

З

.

Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қытай халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу Үй тапсырмасын сұрау: «Домбырасыз сән қайда»әнін жатқа сұрау

Сабақтың барысы: Қытай халық музыкасының даму жолдары-бірнеше мыңдаған жылдарда жатыр. Қытай музыка өнеріне қытай мемлекетінде тұратын ұйғыр,тибет, маньчжур, т.б. халықтар музыкасының әсері болды. Қытайдың театр өнері халық ән-биі мен мейрамдарға, діни салт-жораларға арналған сауықтар элементтерін қамтитын "бай си" ("жүз ойын-сауық") ойыны түрінде пайда болған. Б.з.д. II—I мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде "чан-ю" ("әнші-актер"), "пай-ю" ("қуақы"комик") деген терминдер кездеседі. Мәдениеті жоғары дамыған Таң империясы дәуірінде қытай әдебиеті мен өнеріне, көбінесе би өнерінің дамуына үлкен әсер еткен буддизм кең етек жаяды Мұның өзі музыка мен әннің, би мен [[пантомима]ның] элементтерін біріктірген негізі театрлық формаға айналды. IX ғасырдың орта шенінде Таң императоры Сюань-Цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын "Алмұрт бағы" ("Лиюань") атты театр мектебі құрылды. X—XII ғасырларда театр одан әрі дами түсіп, кәсіби актер труппалары пайда бола бастайды. Бірінші драмалық форма — комедиялық импровизациялық көріністер ~ цзацзюй (араласқан ойын-сауық) пьесалары болды. XIII—XIV ғасырларда қытай театры кемелдене түсті. XIII ғасырда цзанцуй драмасы кең етек жаяды. Бұл пьеса төрт актіге бөлінеді, оған айқындық пен композиция қарапайымдылығы, тартыс шиеленісі тән. Әр акт — бір әуеннен, бір әнші-кейіпкерден тұрады. Қытай драмасы екі бағытта дамыды. Цзацзюй пьесалары солтүстік бағыттагы театрға (бэйцюй) жатады. Бұл жанрда Гуанъ Ханъ-цин' ("Доу Э љкпесі"), Ban Ши-фу ("Батыс флигель"), Бо Пу ("Платандағы жаңбыр"), т.б. драматургтер жазды. Юань заманындағы цзацзюй театры сахнасында ең басты орындаушылар — әйелдер болды, бұл басқа театр жанрларынан XX ғасырдың 30-жылдарына дейін осымен ерекшеленіп келді. Цянь театры мен Куньцюй театры болды. Цянь театрындағы спектакльдер тұрмыстық тақырыптағы, кейінірек танымал романдары бойынша жасалған қойылымдар болды . Тарихи көріністерді сахнаға шығару акробатикалық және фехтовалдық техниканың дамуына әкелді. Куньцюй ақсүйектер мен зиялы қауымының театры болып саналды. Бұл театрдың пьесалары, көбінесе лирика-тұрмыстық тақырыпта болып және орындаушының вокал және би техникасының жоғары дәрежесімен ерекшеленеді. Қоғамның таңдаулы адамдарына арналғанына байланысты XVIII ғасырдың аяғында бұл театр құлдырай бастайды. Кунь-шань театры жоғары драматургияны, керемет музыкалық, сахналық және актерлік өнерді біріктірген жаңа театрлық түр әкелді. Белгілі бір затты қиялда елестету арқылы ойнау, ойды шартты тәсілдермен, қимыл және ым-ишарамен білдіру, ой-қиялдағы заттар мен ойнау және реквизит заттарын аллегориялық-бейнелеулік арқылы қолдану (ескек — қайықпен жүзу), т.б. — қытай театрындағы актерлік өнердің негізгі ерекшелігі болып табылады. Орындаушының арнайы қолданған ым-ишараты, жүріс-тұрысы, гримі, костюмінің түсі мен тігілуі кейіпкердің мінез ерекшелігін, қоғамдағы орнын, т.б. көрсетеді. Грим мен костюмде түр-түстердің символикасына, ою-өрнекке ерекше мән берілді. Мысалы, қызыл түс — ерліктің белгісі, ақ — зұлымдық пен өтіріктің белгісі болса, ал сары түс — императорлар мен будданың түсі деп саналды. Қытай театрында амплуа жүйесі берік қалыптасқан. Қытай театрының барлық кейіпкерлері төрт топқа бөлінеді: шен — ерлер рөлі, у — әскери адамдар, дань— әйелдер және чоу—комедиялық рөлдер. Осылардың әрбіреуінің өзіндік қимыл-қозғалыс пен драмалық әрекеттер кешені болды. Бұл театрдағы актерлік өнердің жоғары техникасы, дәстүрлі сахналык бейнелердің терең психологиялық трактовкасымен үйлесім табады 1920жылы консерватория ашылып, симфониялық оркестр құрылды.

Қазір Қытайда 40-тан астам музыкалық журналдар шығады. 1988жылдан бастап 8 музыкалық жоғары оқу орны жұмыс жасайды. Музыкалық шығармада үрлемелі аспап флеита (флеита пикало)ысқырп Ойнаса, фаготтың қоңыр үні бір-бірімен үйлесіп, музыкаға әдемі дыбыс тембрін береді.

Музыка тыңдау:

Музыкалық сауат: Ән үйрену ерекшеліктері. Әуен – саздардағы дыбыстар бір – бірімен түрлі биіктіктерімен ғана емес , сондай – ақ түрлі айтылу, естілу ұзақтықтарымен де ерекшеленіп ажыратылады. Нота белгілері музыкалық дыбыстардың биіктігі мен ұзақтықтарын бірден қатар көрсетіп тұрады. Дыбыс ұзақтықтары мынадай белгілерімен белгіленіп, есептелінеді: Ән орындау: өткен сабақта үйренген әндерді қайталау. Әндерді жатқа, дыбыс ырғағын келтіре мәнерлі орындауға көңіл бөлу.

Әндету: Саржайлау Сөзін жазған М.Мақатаев. Әнін жазған . Н. Тілендиев

1. Жазира , жасыл кілем өрнектеген, Туған жерге ,дариға ,жер жетпеген! Саржайлауым. Кең өлкем , әлдейлей бер , сен деп келем , Аңсап келем, сағынып , шөлдеп келем. Саржайлауым. Қайырмасы:

Саумал бұлақ- балдай дәрім,Салқын самал- баурайларың.. Саялаған , беу , туған жер ,Сағындырған , Саржайлауым..

2. Армысың ата – қоныс , жасыл мекен! Ұлыңмын , мен сенің қасыңда өтем. Саржайлауым. Басқаның жерұйығын неғылайын Жерұйығы өзімнің қасымда екен! СаржайлауымҚайырмасы:

3. Жадырап , жұтайыншы тау самалын , Осы еді ғой сағынып аңсағаным. Саржайлауым. Гүлдерім , шыршаларым , аршаларым , Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.Саржайлауым. Қорытынды сұрақтар: Қытай әндері мен музыкалық шығармалары және қандай үрмелі аспаптар бар,қанша оқу орны жұмыс істейді? Қанша музыкалық журналдар шығады? Қай жылы симфониялық оркестр құрылды? Үйге тапсырма: Қытайдың халық музыкасы жайлы әңгімелеу. Ән айту ерекшеліктері. «Саржайлау» әнін жатқа әндету

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі Үнді театры . Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үнді халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу . Үй тапсырмасын сұрау: «Саржайлау» әнін жатқа сұрау Сабақтың барысы: Дәстүрлі Үнді театры Ежелгі Үндістанда халық ойын-сауықтары өте ертеден басталды. Оның түп төркіні ежелгі тайпалардың салт-жораларында, ырымдары мен билерінде жатыр. Үндістандағы драматургиялық шығармашылык Ежелгі Грекияға қарағанда кейінірек — шамамен б.э.д. IV—III гасырларда басталады. Бұл өзіндік драмалық театр өнерін жасаған дүниедегі екінші ел болды. Бірақ Ежелгі Греция мен Рим театрына қарағанда оның даму процесі күрделі де ұзағырақ еді. Ежелден белгілі "Рамаяна"Махабхарата" сынды эпикалық поэмаларды сахнаға шығару халық театрының өзекті тақырыбы болып табылады. Сюжетьерінің көбі актерлер ойынымен орындалып кана қоймай, әңгімеленіп айтылатын үнді театрының спектакльдері арнайы сахна алаң да, декорация да, көптеген аксессуарларды да қажет етпейді. Театр ойынында орындау шеберлігіне (декламация, би, пантомима, ішінара цирк өнері) ғана назар аударылады. Дәстүрлі театр өнерінде би (каткахали, катках, манипури, т.б.) негізгі рөл атқарады. Каткахали арқауы би пантомимаға кұрылады. Каткахали ойыны кезінде ежелгі үдінің эпикалық поэмалары желісіне кұрылған көріністер көрсетілп, ол әнмен сүйемелденді. Ашық алаң, айлы түнде өткізілетін бұл думан таң атканша созылды. Үндістанның солтүстік жағында кең тараған театрлық ойындар — ұлттық немесе діни мейрамдарда орындалатын рамлила және кришналила (лила — ойын; 14 күнге дейін созылады). Оны әуесқойлар кала және ауыл алаңдарында орындаған. Қойылымды тәжірибелі және кәсіби дайындығы жоғары бір адам дайындаған. Рамлила және кришналила сюжетінің негізінде эпикалық қаһармандар — Рам жәнеКришна. Қойылымдар діни мейрамдар мен патша сайлау, үйлену тойы, ұл баланың дүниеге келуі, саяхаттан оралу, кала немесе мемлекетті жаулап алу секілді сарай тойларында көрсетілді. Театр ғимараттарына бар- жоғы 500 көрермен сыятын. Спектакльдердің көбі кешкі сағат 2100- де басталып, тән ауғанда аяқталатын. Музыканттар спектакльде үлкен рөл атқарады. Олар көбінесе актерлердің касында отырып, көрініске қатысатын. Классикалык драмалардағы негізгі кейіпкерлер — Құдайлар, әулиелер мен ғұламалар, әкімдер мен ұлықтар болып келеді. Сахнадан әлеуметтік қайшылық пен трагедиялық ситуадияларды (халық бүлігін, қаланың қоршауын, биліктен билеушіні түсіруді, кейіпкерлер әлемін, т.б.), пьеса әрқашанда тек жаксылықпен аяқталуға тиісті болды.

Классикалық драмалар тақырыгқа байланысты он түрге бөлінеді, оның ең негізгісі екеу — натака (батырлық драма) және пракарана (тұрмыстьщ драма). Бірінші түрдегі драма сюжеті мифологиялық жанр тарихи болып келеді. Онда парасатты кейіпкерлер — Құдайлар мен патшалардың жетістіктері туралы сөз болады. Ал тұрмыстық драма — пракаранаға драматург сюжетті өмірден алады, оның кейіпкерлері қарапайым адамдар болып келеді. Мысалы, мұндай драмаға Шудракидің "Балшыц арба" пьесасын жатқызуға болады.

Үндістанда екі ресми тілі бар: ағылшын және хинди. Мұнымен қатар 17 тіл үндістанның өзге аудандарында үстемдік етеді. Мемлекет тұрғындары 1650 диалектіде сөйлейді. отбасыларында әйелдері ерлері тамақтанып болған соң ғана үстел басына отырады.

Музыкалық шығарманы тыңдау:

Әндету : Асыл адам Әнін жазған .Е.Нұрымбетов. Өлеңін жазған М. Көкенов 1. көп көрген жасымаған , Басына бақ айналса тасымаған . Аймағының қадірлі құрметтісі, Сол адам - дүниедегі асыл адам. 2.Өз білгенін дейтұғын жасыра алман ,

Уәде етсе , жүзеге асыра алған . Бірдей үлкен - кішінің ардақтысы, Сол адам - дүниедегі асыл адам. 3. Ұстаз болып кішіні қасына алған , Әрдайым көрінетің озып алдан. Отан үшін, ел үшін қызмет етсе , Сол адам - дүниедегі асыл адам.

Музыкалық сауат ашу : Мажор және минор. «Мажор» латынша «қатаң» деген ұғымды білдереді. Бұл ладтағы дыбыстар ашық үнді , көтеріңкі де көңілді сипатта болады. «Минор » сөзі латынша «ұяң» деген ұғымды білдіреді.Бұл ладтағы дыбыстардың естілуі өте нәзік әрі жұмсақ болып келеді. Дауыс ашу жаттығулары: * Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс. * Дыбысты үзбей, созып орында.2 * Әнді асықпай, мәнерлеп орында. * Әнді мұғалімнің қолының қимылына қарай бірдей бастап, бірдей аяқта. Қорытындылау: * Мажор мен минордың айырмашылығын неде? * Қытай , үнді халықтарының музыкалық шығармаларын айыру * Тыңдаған музыкалық шығармаларынды талда. Үйге тапсырма: Асыл адам әнін жаттап ,жатқа әндету.

Сабақтың тақырыбы: Биге тіл бітірген Үнділер . Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үнді халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу . Үй тапсырмасын сұрау: «Саржайлау» әнін жатқа сұрау

Сабақтың барысы: Биге тіл бітірген Үнділер

Үнді билерінің шығу тарихын шолып қарасақ, бұл үлкен шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Үнді биі б.з.д 400 жылдары бастау алып, ең алғаш бұл биді Шива құдайы билеген деген аңыз бар. Түрлі қимылдардан құралған би өнерімен ол астан-кестені шыққан әлемді қайтап жинақтап, осы әлемді құрған-мыс. Үнді билері - театр өнерін жан-жақты түсіндіріп, қойылымдарды бөлшектеп қарастыратын 36 томнан тұратын Натья-шастра шығармасы бойынша қалыптасқан екен. Қазірде Натья-шастраға негізделген билер ең ежелгі болып саналады. Олардың: Бхаратанатьям, Одисси, Мохиниаттам, Кучипуди, Манипури, Сатрия, Катхакали, Катхак деген түрлері бар. Әрбір би абхинаямен, яғни мимикамен адамның не айтқысы келетінін, ойларын жеткізіп отырады. Және де мудра – саусақтардың орналасу салтын қадағалағау де үлкен шеберлікті талап етеді.

Үнділіктер өз фильмдерін биден кенде қалдырмауға тырысқанымен, осы үлкен өнерді көрсете алатын шеберлер азайып кетті. Әлбетте, заманауилық оларға да әсер етпей қоймағаны анық, бірақ осындай құнды дүниелерін миллиондаған аудиториясына насихаттаса дейсің... Бұл тұрғыдан оларға корейлерден үйрену керек

Музыкалық шығарманы тыңдау: Абыл (шын аты – Абылай) Тарақұлы (1820, Оймауыт-Желтау мекені – 1892, сонда) – күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Бала кезінде еркелетіп Абыл атанған; жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық-күйшілік өнерімен танылған. Абылдың «Абыл», «Ақжелең» (А. нұсқасы), «Нар ату», «Ақсақ құлан» «Кеңес», «Аранжанның шалқымасы» аталатын күйлері сақталған. Стильдік жағынан оған шалқыма пошымы, нәзік қайырымдар, күрделі үндестік тән. Абыл Қазақстанның батыс аймағын, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Хиуа аумағын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түскен. Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай, Арал, Құлшар, Қауен, Есір, т.б. күйшілер өздерін Абылдың шәкірті санаған әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген

Музыкалық сауат ашу: Екпін түрлері. Әрбір музыкалық шығарманың өзіне лайық жылдамдығы болады. Шығарманың орындалу барысындағы осы жылдамдық екпін деп аталады. Әр шығарманың нота жазбасының басында екпіні көрсетіледі.

Музыкалық екпіндер: негізі үш топқа бөлінеді :жай, орташа, жылдам. Жай екпіндер - өте жай,созыла; - жай, кең; асықпай, жай; ауыр, мұңды. Орташа екпіндер - асықпай, орташа; сәл жылдамырақ;- орташа, бір қалыпты. Жылдам екпіндер шапшаң, жылдам ;ширақ, қыздыра; өте тез, өте жылдам; - үлкен жылдамдықпен. Музыкалық екпін белгілері көбінесе итальян тілінде белгіленеді. Дауыс ашу жаттығулары: * Әннің әуенін таза , дыбыс құбылуын анық сезініп орында . * Үйретілген әнді сүйемелдеусіз – ақ айтып үйрену кезінде өз дауысынды есіте біл. * Әнді салу кезінде екі иығынды көтермей , иегінді көтеріп дұрыс тыныс ал. * Музыкалық ән- әуендегі құбылысты үзбей толық орында Әндету: Ауылым Әнін жазған. Т.Базарбаев. Өлеңін жазған Ж.Бейсенов.

Кіндігімнің жас қаны Жастығымның куәсі, Тамған жерім – ауылым. Шұрқыраған ауылым. Шабытымның асқары, Жусаны мен жуасы 2 рет Самғау жерім – ауылым. Бұрқыраған ауылым

Биік-биік шың-құзға Тоймен таңды атырып, Құмар қылған ауылым. Ән салдырған ауылым, Бүлдіршіндей бір қызға Сары қымыз сапырып, 2 рет Сыңар қылған ауылым . Тамсандырған ауылым.

Көк түтінін шұбалтып, Көк торғындай көктемде Жібек созған ауылым. Сағым буған ауылым. Ай көрмесем құмартып Алыс сапар шеккенде 2 рет Жүрек қозған ауылым. Сағындырған ауылым.

Сабақтың тақырыбы Үндінің сұлу сазды рагасы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үнді халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу . Үй тапсырмасын сұрау: «Ауылым» әнін жатқа сұрау Сабақтың барысы: Үндінің сұлу сазды рагасы Музыкалық шығарманы тыңдау: «Көкіл» – белгілі күйші бабамыз Қазанғаптың  күйінің атауы.      Зерттеушілердің айтуынша, «Көкіл» Қазанғап шығармаларының ішіндегі ең шоқтығы биік туындысы екен. Бұл күйдің шығу тарихы жайлы зерттеуші С.Балмағамбетов былай дейді: «Қазанғап жасында сал-серілік ғұмыр кешіп, жүріңкіреп қалып кештеу үйленеді. Сол себепті баланы да зарығып көреді. Тұла бойы тұңғышы Ақшыбық деген қыз бала екен. Осы баласын еркелетіп, «Көкілім менің, кекілім менің», – деп атаса керек. Ақшыбық көкірек ауруынан жастай қайтыс болады. Сүйікті баласын жоқтап, тағдырға мұңын шағып, «Көкіл» күйін шығарады. Бұл – Қазанғаптың  терең мағыналы, ойлы, философиялық  күйлерінің бірі. Күйшінің өзі де «күй төресі – «Көкіл» деп тартқан екен», – деп жазады. Қазанғаптың мол мұрасы күйшінің көзін көріп, дәмдес болған шәкірттері арқылы бізге жетіп, қазақ музыкасының  алтын қорына қосылған баға жетпес құнды дүниеге айналды

Музыкалық сауат ашу : Альтерация елгілері.

Музыкалық дыбыстарды түрлі биіктіктерге жоғарылату немесе төмендету үшін арнайы белгілер қолданылады. Оларды альтерация белгілері дейді. Альтерация белгілеріне мыналар жатады: Д и е з - ол дыбысты жарты тон жоғарылатады. Б е м о л ь - ол дыбысты жарты тон төмендетеді. Б е к а р - ол диезбен бемоль белгілерінің күшін жояды. Дауыс ашу жаттығулары : Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып тыңда. Әнді түзу тұрып немесе түзу отырып орында. Әнді бастар алдында асықпай іщіңнен дем ал. Сөздің ортасында дем алма. Әннің сөзіндегі дауысты дыбыстарды және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Әндету : Дос болайық бәріміз. Әнін жазған И.Нүсіпбаев . Өлеңін жазған Х.Талғаров. 1. Әр қашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз . Ілгері жүріндер , Достық жырын біліңдер . Ту ғып ұстап бірлікті , Еңбекті сүйіңдер . Қайырмасы: Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз . Тыңыштықты сақтаймыз , сақтаймыз . Атсын күліп таңымыз.

2 . Қайраттанып , қырышта , Озып шыққан жарыста Батыл бас жас ұлан , Самға биік алысқа , Жұлдыздарға , ғарышқа , Бойда күш тасыған. Қайырмасы :

3. Отан - біздің панамыз, Аман жүрсін анамыз . Нұрлы күн сөңбесің , Бақыт болып жаңамыз . Жарық біздің санамыз , Қара бұлт төнбесін .

Музыка. 5сынып 28 .02 01.03. Сабақтың тақырыбы Маком өмірден сыр шертеді . Сабақтың мақсаты: музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер жиынтығын айту , жыр ,толғау ,терме ,лирикалық әндер ,айтыс өнерін айтып түсіндіру. Білімділік: Қазақ халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу . Үй тапсырмасын сұрау: Сабақтың барысы: Маком өмірден сыр шертеді . Музыкалық шығарманы тыңдау: «Телқоңыр» Сүгірдің Үйретілетін ән: «Жол жыры» Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар – жыр,толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр – алғашқы, лирикалық әндер – соңғы құбылыс. Бірақ,дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған. Қазақ музыканың үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы жәнедомбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік,шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр.

Сүгірдің термесі Әні мен сөзін жазған Сүгір Бегендікұлы.

  1. Ауылға Сүгір келді-деп, Ордасын да талай сайлаған. Сары самаурын, ақ құман ей, Кең дастархан жайнаған. Ағалар енді аман бол! Келді ме деп жыршылар, Ботадай көздері жайнаған. Тал шыбықтай бұралған, Маржандай тістері құралған, Мырза қайным келді деп, Шыға да алмаған құмардан.

  2. Келіндерімде бар еді, Қайнаға келді дегенде. Реңін қалай көрем деп, Сығалап талай қимаған. Құрбыларым да бар еді, Қона кетші құрдас деп. Талай жанды қимаған, Сызылып талай сыйлаған. Інілерім де бар еді, Сүгірдей ағам келді деп. Ат шаптырып айқайлап, Хабар да салған еліме.

  3. Таратқан менің даңқымды, Мәжілісте байтақ жеріме. Біз жүре беріппіз жігіттер, Адайдың берген желіне. Қыздарым да бар еді, Шай құйып беріп атамның. Батихасын алам деп, Саусақтары майысқан. Алты қанат-ай ақ орда! Біздерде кеттік - ай аман бол! Айырылып қалып-ай барасың, Шабысы жүйрік арыстан.

Әндету: Жол жыры Ш. Қалдаяқов. Т. Молдағалиев. Шақырады асқар мынау Ақша бұлтқа оранған . Жүрген сайын достарым - ау, Ашылады жол алдан. 2 рет. Көк өзендер көбік шашып, Бізді келіп көр дейді. Жолда жүру қандай жақсы, Жол биікке өрлейді. 2 рет. 3 Төбемізде жанады күн, Күн қызығын көрейік. Жиып әкеп дала гүлін , Анамызға берейік. 2 рет.

Музыка сауаты:нотаменмжұмыс жасау

Үйге тапсырма : әнді жаттау

-2013, 01

Музыка. 5 сынып 07 .03 15.03. Сабақтың тақырыбы Вена классикалық симфониясы. Сабақтың мақсаты: Вена коассикасымен таныстыру Свиридовтың «Школльный вальс» деген музыкасын тыңбату. Білімділік: Вена халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу . Үй тапсырмасын сұрау: Сабақтың барысы: Вена классикалық симфониясы . Музыкалық шығарманы тыңдау: Свиридовтың «Школльный вальс»

Жанр- өнер шығармаларының тарихи қалыптасқан түрлері. Белгілі бір тарихи жағдайдың әсерімен пайда болып, мазмүны мен түр жағынан үздіксіз дамып отырған жанр өзіне тән кейбір түрақты белгілерін сақтап келеді. Өнердің әрбір тегі іштей тағы да жанрлық түрлерге бөлінеді.  Музыкалық жанр-көркемдік қорытындылаудың аса маңызды құрамы. Алғашқы кезенде музыкалық жанр дәстүрлі көркемдік канон ретінде орын алды. Бұл жағдайда композитордың стильдік жеке ерекшелігі көрінбеді.  ХУ111-Х1Х ғасырларда жанр түсінігі кең мағынада қолданыла басталды.  Музыка өнерінде сан алуан жанрлар бар. Оларды мынадай үлкен топтарға жіктеуге болады:  а) Халық музыкасы (әншілік және аспаптык);  ә) эстрадалық музыка;  б) камералық музыка;  в)симфониялық музыка;  г) хорға арналған музыка;  д)сахнада орындауға арналған театралдық-драмалық шығармалар.  Сонымен қатар, музыкалық жанрларды екі ірі топқа бөлуге болады: вокалдық (таза немесе аспаптық сүйемеледеумен) және аспаптық.  Музыкалық образды топтастыру ретінде (обобщение через жанр) жанрдың көркемдік образды бейнелеуде маңызы үлкен. Мысалы, Бетховен шығармашылығында революциямен байланысты марш жанры аса үлкен мағынаға ие болады.  Симфониялық музыканың ең ірі жанрларының бірі – симфония жанры. Симфониялық оркестрде орындауға арналған негізінен сонаталық циклді формадағы музыкалық шығарма. Кейбір симфонияға хор мен жеке әншілер де қатысады. Әдетте ол 4 болімнен түрады. Бірінші бөлім-сонаталық аллегро, екінші-баяу лирикалық, үшінші –менуэт немесе скуцо, ториінші-көбіне рондаға үқсас финал. Симфония –аспантық музыканың идея мен ойды барынша жетік бейнелейтін түрі.  Симфонияның жетілген аса дамыған түрлері Вена классикалық мектебі

Венаның классикалық мектебі – Венада қалыптасқан музыкалық бағыт (ХУ111 ғасырдың екінші жартысы мен Х1Х ғасырдың бірінші ширегі). Венаның классикалық мектебінің негізін салушы композиторлар – И. Гайдн, В.А. Моцарт, Л.В. Бетховен шығармашылығында бұл стиль өзінің шарықтау биігіне жетті. Вена классикалық мектебінің музыкасына көркемдік ойдың әмбебаптығы, форманың логикалық айқындығы тән. Шығармаларда өмір құбылыстарын динамикалық түрде көрсетуге байланысты жаңа сонаталық форма қалыптасып, дамыды

Волфганг Амадей Моцарт (алманша Wolfgang Amadeus Mozart, толық аты Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus Mozart — Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт; 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791 жылы 5 желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композициялар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашыклавесинисторганист,дирижер болған. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық әуендік (есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялыққабілеттері болған.композиторлары (Гайди, Моцарт, Бетховен) шығармашылығында қалыптасты.

Үйретілетін ән: «Ана, сен бақыттысың» сөзі: Мұқағали Мақатаев  әні: Естай Әлікеев

Ана, Сен бақыттысың, Жыламағын! Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның Сондықтан жыламағын, жыламағын! Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын. Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың, Байырғы берекеңді қашырмағын. Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа Өзің кепіл тот басып, тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына. Тәңірім кеше көрсін кесірімді Аспанға жазсам сенің есіміңді!!! Ана, Сен бақыттысың, тербете бер Құба талдан иілген бесігімді…

Музыка 5 сынып 14.03 29.03.

Сабақтың тақырыбы: Орыс классикалық музыкасы – балет өнері

Сабақтың мақсаты: Музыка өнерінің заңдылықтарын түсіндіру , музыкалық сауаттылықтрын ашу. Білімділік мәні: Шығыс халықтарының әндерін талдау, насихаттау. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын дамыту. Тәрбиелік мәні: Әр- түрлі халықтардың музыкасын тыңдай келе ,қабылдай білуге тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа сабақ. Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,ән тексті, суреттемелер. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

19 ғасырдағы орыс балеті

XIX ғасыр Е.И.Колосова, М.И.Данилова, А.И.Истомина, А.П.Глушковский сынды бишілер тобы өз өнерлерімен көріне бастады. Солардың ішінде бірінші орыс балеринасы, XIX ғасырдың басындағы танымал биші А.И.Истомина болып саналады.

Авдотья Ильинична Истомина (1799—1848) Петербург балет мектебінде Дидлодан дәріс алды. Оқушы кезінен ол императорлық театр сахнасында өнер көрсетті, ал мектепті бітірісімен труппада жетекші орынға ие болды. Истомина орыс классикалық балетінің жарқын өкілі болды. Дидло балеттерінде орталық партияларды орындады. Петербург сахнасында бірінші болып Пушкин бейнелерін — "Кавказ тұтқынындағы" Черкеш қызын және "Руслан мен Людмиладағы" Людмиланы сомдады. 1830 жылдар шамасында Истомина аяқ ауруына байланысты мимикалық актриса амплуасына ауысады, ал 1836 жылы мүлдем сахнадан кетеді. А.С.Пушкин Истоминаның өнерін "Евгений Онегиннің" бірінші тарауында жырлап кетті.

1837 жылы Петербург пен Мәскеуде бір күнде атақты романтикалық "Сильфида" балетінің премьерасы өтті. Петербургте басты рөлді Еуропаға аты әйгілі Мария Тальони билесе, Мәскеуде Сильфида рөлінде жаңа ғана балет мектебін бітірген Екатерина Санковская биледі. Жас Санковская би техникасы жағынан Тальонидан кем түспеді. Кейін Санковская Мария Тальонидің басқа билерін де билеп, көрермендер көңілінен шықты. 1860—1870 жылдары балет ойынсауықтың, көңіл көтерудің басты құралына айналды. Ресейде 1859 жылдан 1869 жылға дейін тұрған балетмейстер Артур Сен-Леонның балеттерінің мазмұны өте қарапайым болды. Ол тек бишілер өз шеберліктерін көрсететін тиімді билердің ыңғайлы тәсілі болды. Оның спектакльдерінде көрерменнің көз алдында сарайлар құлап, су тасқындары болып, оттар лаулап жанды, кейіпкерлері ұшақ-кілемдерде ұшып, жер астына түсетін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]