- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •1.Сабақтың басталуы:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оларды білім игеруге дайындау.
- •3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы: Қысқа қағыспа айтыс
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •4.Кезекті ұйқас
- •5. Шалыс ұйқас
- •7. Аралас келетін ұйқас
- •8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •5 Сыныбы. Музыка. 04.10.2013ж. 05.10.2013ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Қобыз - бағзыдан келе жатқан таңғажайып аспап
- •Керней – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспабы
- •20 Ғасырдың басындағы балет өнері
- •Музыка 5 сынып 28.03. Сабақтың тақырыбы: Романтикалық музыка
- •Біздің жаңа жыл келді
- •Туындылары
1.Сабақтың басталуы:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оларды білім игеруге дайындау.
2.Үй тапсырмасын тексеру:Сынып оқушыларынан үйге берілген айтыс өнері тақырыбы жайлы олардың түсініктері сұралады.Тақырып көлемінде сынып оқушыларына түрлі сұрақтар қойылып,тиісінше олардың жауаптары алынады.
3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы: Қысқа қағыспа айтыс
Қазақ халқының өмірінде жыраулық,термешілікпен қатар табан астында өлең сөз шығаратын суырыпсалмалық өнер де кең дамыған.Халқымыз үлкен жиын-тойларда бір-біріне өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған.Кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына,айтысқа айналған.
Айтыс атауы «айтысу» деген сөзден шыққан.Ол өлеңсөзбен жарысу,сайысу,дауласу,тартысу, сынасу мағынасында қолданылады.Айтысу қара сөзбен де,күй тарту арқылы да,суырыпсалма өлеңмен де болуы мүмкін.Мұның бәрі де,аса тапқырлық пен қалт жібермес алғырлықты,қиыннан қиыстыратын қас шеберлікті талап етеді.Айтыстың қысқа қағыспа айтыс түрінде айтысушы екі тарап бір-біріне сұрақтар қоя отырып,оның жауабын қысқа қайтаруы тиіс.Ақындарымыз айтыс кезінде көбіне-көп осы түр бойынша айтысады.
Сынып оқушыларына «Алғашқы қоңырау» әні үйретіледі,тональдылық туралы түсініктер беріледі.
Үйретілетін ән: «Алғашқы қоңырау» Қ - сы
Нанга Мектебім аяулы мектебім
Өзіңсің өмірдің көктемі. Бағыңда көктей боп көктедім.
Нәр алып қолымды созамын, Өзіңсің гүлімнің бұлағы,
Арманға кқктегі. Нәр алып келемін
Мектебім келеміз тағы да,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғады қоңырау,
Бар бала бағына тағыда.
2.Келеміз қуанып біз тағы, 3.Мектебім өзіңді сүйемін,
Мектебім сен жәйлі жыр дайын. Білімді санама түйемін.
Айқара есігі ашылды, Аяулы ұстаздар алдында,
Қарсы алып күн сайын Басымды йемін.
5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыст талдау жасау.
6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын.
7.Үйге тапсырма беру:
Үйден тақырыпты оқу .ән: «Алғашқы қоңырау».
5 сыныбы. Музыка. 20.09.13ж. 21.09.13ж.
Сабақтың тақырыбы: Құлыншақ пен Майлықожа
Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу; оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау; ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету; оқушылардың ойлау қабілетін, тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге, салыстыра талдай білуге, ой ұшқырлығына баулу. 3. Танымдық: өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру; оқушыларды отан сүйгіштікке, тіл, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: ақын өмірінен естеліктер, фотосуреттер. Сабақтың әдіс-тәсілдері : баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, жатқа оқу, өлеңге теориялық талдау . Сабақтың түрі: талдау, зерттеу. Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі. Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру 1. Қожа түбінде адам болатын бала ма? 2. Осы әңгімені жазудағы жазушының айтайын деген ойы не? 3. Қожаның бойынан қандай жақсы қасиеттерді көруге болады? 4. Майқанова апайдың сөзі арқылы Қожаның болашағы туралы не ойлайсыңдар? Жаңа сабақ Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым. ... Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де, келешек ұрпақ Мұқағалидың арқалы ақын екендігін танып отыр. Мұқағали бағы мен соры, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүрген ақын. Оның бағы өлмес жыр жаратқаны, өтірік өлең жаза алмағаны, ойлау мен өрудің теңдесі жоқ классикалық, әлемдік биігіне көтергені.Соры өз қоғамы мен өз ортасына сыймай, қасірет шеккені, тапқан-таянғаны отбасын асырауға жетпей, өмірінің қиыншылықта өткені, соны дер кезінде өз замандастарының бағалай қоймағаны. Қазақтың қара өлеңі 11 буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасатын, әр жолы төрт буынды сөзге бітетін бір шумақтан тұрады. Екі сөзден құралған «қара өлең»ұғымы бір қарағанда түсінікті сияқты. «Өлең» ұғымы қыпшақ тіліндегі «ұма»сөзінен шыққан екен. Бұл сөздердің бір-бірімен ұласуы, үйлесуі, ұйқасуы деген мағына береді. «Қара»- ол әлемнің алғашқы қалпы.Қара өлең ауыз әдебиетіне жатады.Оның иесі, авторы - халық.Табиғатқа таңдануды, әділетті, аңсауды, сұлулыққа сүйсінуді т.б бір шумақ қара өлеңмен сипаттау-халқымыздың қанына сіңген қасиет. Мұқағали туралы айта берсек, сөз жетпес. Бүгінгі сабағымыз зерттеу сабағы болғандықтан, бұл сабаққа бәріміз алдын ала дайындалып келген болатынбыз.Қазір кім не білді екен, соны ортаға салайық. Ол үшін тақтаға назар аударайық , қажетті сауалдарға өз білгенімізді айтамыз. Тыңдалатын ән: «Құтты білік» әні:Ж. Еңсеповтікі. өлеңі:Жүсіп Баласа ғұни. аударған:А. Елеубаев.
Үйретілетін ән: «Мектебім аяулы мектебім»
Есімде сүйетін мектебім, Мектебім аяулы мектебім
Өзіңмен өткізген бар күнім Сен менің бүгінім ертеңім
Қалайша ұмытам ұстазды, Беретін қаншама ұғымды,
Алмайтын жыл бойы бір тыным. Білемін әлі көп берерің.
Боламыз мектепте белсенді,
Көтеріп биікке еңсеңді
Үйге тапсырма:
Арыма сен менің ақылым, Өлеңді мәнерлеп жатқа айту Біліммен, пәніммен тең келді. Ө.Байділдаев Ш.Смаханұлы «Сүйікті мектебім»
5 сыныбы. Музыка 27.09.13ж. 28.09.13ж.
Тақырыбы: Ұйқас сөздер,5-7-11 буынды өлең құрау Білімділік: Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген қүрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету. Дамытушылық: мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік: Өз туған жерін Отанын сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру. Сабақтың көрнекілігі: Айтыскерлер суреті, тест, күй. Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу. Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырыу кезеңі: Сәлемдесу жаңа сабаққа назарларын аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп. Бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары мы налар: 1. Қара өлең ұйқас 2. Шалыс ұйқас 3.Шұбыртпалы ұйқас 4. Егіз ұйқас 5. Ерікті ұйқас 6. Аралас келетін ұйқас 7. Кезекті ұйқас 8. Осы күнгі ерікті ұйқастар 1. Қара өлең ұйқасы :Бұл- бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ,бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қара өлең ұйқасының өзінше ерекшелігі 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады. ЖаңағыАбайдан келтірген үзінді осыған жатады. Бұлай ұйқасу жалғыз он бір буынды өлеңдерде ғана емес, 7,8 буынды өлеңдерде де бола береді. Мысалы: Оқыған білер әр сөзді, Надандай болмас ақ көзді. Надан жөндіге жөн келмес, Білер қайдағы шәгезді. (Абай) Бұл да жоғарыдағы Абайдан келтірген үзіндіміз тәрізді. 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы бос қалады. Айырмасы жалғыз-ақ буын санында. «Аттың сыны»өлеңінен алған, «аяңы тымақты алшы кигізгендей» деген үзінді 11 буыннан тұрса,мына үзіндінің әр жолы 7 буыннан тұрады. Ал ұйқасы жағынан ешбір айырмасы жоқ. 2. Шұбыртпалы ұйқас Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетін ұйқастың бір түрі - шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары да ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі аяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен келеді. Мысалы: Ереулі атқа ер салмай, Ашаршылық, шөл көрмей, Егеулі найза қолға алмай, Ер төсектен безінбей, Еңку-еңку жер шалмай, Ұлы түске ұрынбай, Қоңыр салқын төске алмай, Түн қатып жүріп, түс қашпай, Тебіңгі терге шірімей, Тебіңгі теріс тағынбай, Терлігі майдай ерімей Темір қазық жастанбай, Алты малта ас болмай, Қу толағай бастанбай, Өзіңнен туған жас бала, Ерлердің ісі бітер ме?! Сақалы шығып жат болмай, (Махамбет) Ат үстінде күн көрмей
Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді.
3.Ерікті ұйқас Қара өлең ұйқасы не шұбыртпалы ұйқас, не төменде айтылмақ ұйқастардың қай-қайсысын алсақ та, алдыңғы бір шумағының жолдары қалай ұйқасса, шумақтың басқа жолдары да сол ережеге бағынады. Белгілі бір тәртіптен аспайды.
Бірақ өлеңнің бәрі бірдей белгілі тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастары бірде олай, бірде бұлай болып келетін өлеңдер де бар. Бұлар көбіне жырларда кездеседі.
(«Қобыланды» жырынан)
Бұнда ұйқас бар. Бірақ белгілі тәртіппен шығып отырмайды. Мына келтірген үзіндіні алсақ, 1-мен 2-жолы бос қалады. 3-мен 4-жол, 5-мен 6-жолы бір ұйқасады. 7-жол алдыңғы 2-жолмен ұйқасады. 8-жолдың ұйқасы 4-жолға келеді. 9-жолдың ұйқасы 2-ге келеді. 10-жол бос қалады. 11-жол тағы 2-жолдың ұйқасымен бір. Осы сықылды бірде олай, бірде бұлай, ой толқынына қарап, керекті жерінде ұйқастыра салушылықты ерікті ұйқас дейді.
Есте болатын бір нәрсе алдыңғы бір шумақ жоғарғы айтқанымыздай болып ұйқасады екен, енді келесі шумақтың тағы солай ұйқасуы шарт емес. Мүлде басқаша болып ұйқасуы да мүмкін. Сондықтан да ерікті ұйқас атанады. Ескі жырлардың көбі-ақ осы ерікті ұйқастан құралған. Ерікті ұйқастың түрі біздің бүгінгі әдебиетімізде де бар.
