- •2.Үй тапсырмасын тексеру:
- •1.Сабақтың басталуы:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оларды білім игеруге дайындау.
- •3.Дауыс жаттығуы:Дауыс жаттығуы оқушылардың дауыс бояуын ашып алу үшін жасалады.
- •4.Жаңа білім игеру.Тақырыбы: Қысқа қағыспа айтыс
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •4.Кезекті ұйқас
- •5. Шалыс ұйқас
- •7. Аралас келетін ұйқас
- •8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •5 Сыныбы. Музыка. 04.10.2013ж. 05.10.2013ж.
- •7.Үйге тапсырма беру:
- •Қобыз - бағзыдан келе жатқан таңғажайып аспап
- •Керней – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспабы
- •20 Ғасырдың басындағы балет өнері
- •Музыка 5 сынып 28.03. Сабақтың тақырыбы: Романтикалық музыка
- •Біздің жаңа жыл келді
- •Туындылары
4.Кезекті ұйқас
Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе, кезекті ұйқас дейміз. Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасатын 2-4-жолдары болады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары ұйқассыз қалып, жұп жолдары ұйқасып отырады.
5. Шалыс ұйқас
Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір түрі - шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды. Шалыс ұйқас тек қана 7-8 буынды өлең емес, 11 буынды өлеңдерден де кездеседі.
6.Егіз ұйқас
Абайдың көп өлеңдерінде ұйқастың жаңа түрін, жоғарғы келтірген өлең ұйқастарынан өзгеше түрлерін кездестіреміз.
Бір шумағы 8 жолдан құралады. 1-2 жол: «сермеп - тербеп» болып ұйқасады да, 3-жолдан ой бітпей: «шымырлап бойға жайылған» болып ашық қала тұрады. 4-5- жол «шауып - тауып» болып бір ұйқасады. Ой бітпей, уақытша ашық қалған 3-жол 6-жолмен ұйқасады. 7-жол 8-жолмен ұйқасады да, ой бітеді.
Келтірген үзіндінің айтылып өткен шалыс ұйқастан өзгешелігі: 1-3-жолмен, 2-4-жолмен ұйқаспайды, ұйқастары үздіксіз жұп-жұп болып келеді. Және шумағы не сегіз, не алты жолдан құрылады. Сегіз жолдан тұратын шумақ - жоғарғы келтіргеніміз. 6 жолдан тұратын шумақ төмендегі тәрізділер:
7. Аралас келетін ұйқас
Біз келтірген ұйқастардың бірнешелерінен жиналып көп жасалған ұйқастар бар. Бір шумақтың бірнеше тармақтары шалыс ұйқастан, бірнеше тармақтары шұбыртпалы ұйқастан, не егіз ұйқас, не басқа ұйқастардан құралады. Сөйтіп, бір шумақтың өзінің ішінде басқа ұйқастың тармақтары қосылып кеп, жаңаша бір ұйқас туғызады Осы сықылды ұйқастарды аралас келетін ұйқас деп атайды.
Бұл үзіндінің өзі бір шумақ, 7 тармақтан тұрады. Ұйқас түрлері жоғары біз келтірген өлең ұйқастарынан бөлегірек. Әйтсе де байланысы бар. Бұл шумақтың алдыңғы 4 жолы шалыс ұйқастан, соңғы 3 жолы шұбыртпалы ұйқастан құралған. Шалыс ұйқас пен шұбыртпалы ұйқастан жаңаша ұйқасты өлең жасалып отыр. Жалғыз ғана бұл екі ұйқас емес, басқа ұйқастардың да осылай араласып келуі мүмкін.
8.Осы күнгі ерікті ұйқастар
Абайға дейінгі 11,8,7 буынды өлеңдерден құралды. Өзгешеліктер бола қалса, әнге салынып айтылатын өлеңдерде ғана болды. Бұлардың жай 11 буынды өлеңдерден айырмасы - он бір буынды өлең тармақтары 3 бунақтан құралса, бұлар 4 бунақтан құралады. Он бір буынды өлеңнің буынынан тыс не екі буынды, не үш буынды бунақтар қосылады. Сол әннің ырғағына қарай түрлі ұйқастар болады. Мысалы,«Жар-жар» осыған жатады. «Жар-жар» өлеңіне бір бунақ қосылған. Ұйқас өзгешелігі - «Жар-жар» деген жолдың аяғы да «р» дыбысымен тынады. Екі буыннан өз алдына бунақ, тармақ жасалады Осы күнгі ерікті ұйқастардың бұрынғы жырда келетін ерікті ұйқастардан айырмасы - жыр өлеңдерінің ұйқастары ерікті түрде келгенмен, әр тармағының буын сандары белгілі мөлшерден онша көп аспайды. Көбіне-ақ 7-8 буын болып отырады. Ал осы күнгі ерікті ұйқастардың әр тармағының буын сандары артық, кемді келе береді.
Үйретілетін ән: Н.Алғашбаев «Егеменді ел Қазақстан»
5.Сабақты қорытындылау:Білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау.
6.Оқушыларды бағалау:Оқушылардан сұралған үй тапсырмасына және қосымша қойылған сұрақтарға жауап беру деңгейіне орай бағалаймын.
