Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.УМКдн. 2013г.Дефектология негіздері және ге...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.86 Mб
Скачать

2. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.

Дефектологияның негізгі міндеттері:

  1. Дефектологияның негізгі бет тапсырмасы болып – әртүрлі кемістігі бар балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, клиникалық тұрғыдан жан-жақты тереңірек зерттеу саналады.

2. Кемтар балалар үшін арнайы мекемелердің даму сатысын ұйымдастыру принциптерін өңдеу және негіздеу.

Дефектология – кемтар балаларға ертерек, дер кезінде тәрбиелеу және оқыту мәселелерін тәжірибелік тұрғыда шешіп, ғылыми өңдейді.

3. Кемтар балаларға арналған мекемелерде оқыту-тәрбиелеу процестерінің әдістері мен мазмұнын, міндеттері мен мақсаттарын анықтау. Арнайы дефектологиялық жүйе – әрбір арнайы мектептерде оқытудың белгілі бір принциптерін, оқу процесінің формаларын ұйымдастырып, әр балаға қажет оқыту құралдары мен әдістерді қарастырады.

4. Балалардың кемістігін алдын-алу ескерту үшін профилактикалық шаралар жүйесін дайындайды.

Профилактика қамтамасыз етіледі, тұрғындардың тұрмыстық, еңбек жағдайын сауықтандыру, жоғары маман медициналық қызмет көрсету, аурудың алдын алу, ана мен баланы қорғау жұмыстары жүргізіледі.

  1. Дамудың әрбір сатысында кемтар балалар үшін әлеуметтік процестердің тиімділігін жоғарлату.

3. Дефектология салалары және басқа ғылымдармен байланысы.

Дефектология бірқатар салаларды біріктіреді:

  • сурдопедагогика – есту мүшелері кеміс дамыған және қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді;

  • тифлопедагогика - көру мүшелері кеміс дамыған және көру қызметі төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді;

  • олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс дамыған балаларды тәрбиелеу және оқыту;

  • логопедия – тіл мүшелері кеміс дамыған және сөйлеу қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді.

Дефектологияға арнайы психология да кіреді.

Кеміс балаларды тәрбиелеу мен оқыту – күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер осындай балаларды мүмкіншіліктеріне қарай, қоғамдық өмірге пайдалы, белсеңді, өз беттерінше өмір сүре алатындай дайындау мақсатындағы негізгі сұрақтарды шешуге көмектеседі.

Дефектология ғылымының басқа ғылымдармен тығыз байланысы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жан - жақты зерттеп, негізгі кемістіктердің себептерін айқындап, осы кемістіктердің салдарын, олардың клиникалық белгілерін анықтауда зор маңызы бар.

4. Дефектологияның зерттеу әдістері

Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуының психикалық-физикалық ерекшеліктерін және оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттеу мақсатымен дефектология ғылыми-педагогикалық зерттеу жүйесін қолданады. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың түрлі категорияларының жеке ауытқуларын және ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған әдістер ерекше мәнге ие. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін, жеке категориялардың даму заңдылықтарын зерттеу білім деңгейінің жоғарлануын қамтиды. Ол ең алдымен бала жанұясында, одан кейін - мектепте, оқудың бүкіл жылдарында, келешекте - дербес өмір сүру жағдайында жүргізіледі. Зерттеудің кешенділігі, басқаша айтқанда мұғалімдермен, тәрбиешілермен, психологтармен, дәрігерлермен алынған мәліметтерді сәйкестіру – аномальді балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеудің міндетті шарты.

Дефектологиядағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеті – балалардағы ауытқулардың дамуының алдын алу мен жеңудің нәтижелі амалдарын әзірлеу.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде дефектология белгілі педагогикалық және психологиялық әдістерді қолданады. Бұл бақылау, қалыпты жағдайда белгіленген психологиялық-педагогикалық құбылысты мақсатты зерттеуден тұрады, алдын ала құрастырылған жоспар бойынша тексеру немесе әңгіме, оқушылар тұлғасының қалыптасу ерекшеліктерін немесе түзету-тәрбиелік үдерістің нәтижелілігін анықтауға көмектеседі.

Эксперименттің түрлі түрлері кеңінен қолданылады – табиғи (констатациялық және оқытушы) және лабораторлық, арнайы ұйымдастырылған жағдайда жүргізіледі.

Мүмкншілігі шектеулі балалар туралы мәліметтерді алудың маңызды көзі болып олардың іс-әрекет нәтижелерін – балалардың психикалық ерекшеліктерін, олардың қоршаған орта туралы көріністерін сипаттайтын жазбаша жұмыстарын, суреттерін, түрлі бұйымдарын, талдау болып саналады. Бұл әдіс оқушылардың даралығын, олардың бейімділігі мен қабілеттерін бейнелейді.

Аномальді балаларды зерттеудің құнды құралдары болып әлеуметтану және психологиялық әдістер саналады. Олардың ішінде – сауалнама – сауалнама көмегімен материалды жаппай жинақтау әдісі. Тұлғаның өзін-өзі бағалауын және талаптануын зерттеу әдістері, социометрия – топтағы тұлғалар арасындағы қатынасты зерттеу, сонымен қоса математикалық әдістер, зерттелетін сипаттамалардың сандық көрсеткіштерін анықтайды.

Түрлі әдістерді кешенді қолдану нәтижелердің сенімділігін қамтиды.