Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Казахский язык 1

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
23.76 Кб
Скачать

Қазақ тілі

Күндізгі бөлім , 5 жылдық-І курс

Орыс тобы

Құрастырушы: Ж.Ж.Ибраимова

  1. Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.

– Танысып қояйық, менің атым – Баян.

– Мен – Динарамын.

  • ............................................................

A) Бергеніңе шүкір!

B) Өтінемін, сөзімді бөлмеңізші!

C) Танысқанымыз дұрыс болған!

D) Танысқаныма қуаныштымын!

E) Қуанышты танысу!

2. Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойыңыз.

  • Сәуле, сабақ кестесін қайдан көруге болады?

  • Сабақ кестесі 3 - қабатта, деканаттың жанында ......................

A) ілінбек

B) ілінер

C) ілініп жатыр

D) ілулі тұр

E) ілінген жоқ

3. Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.

  • ...................... Дастарханға келіңіз!

  • Рахмет!

  • ...................... төрге қарай отырыңыз!

  • Рахмет! Айтқаныңыз болсын!

A) Сәлеметсіз бе? Тез

B) Кездескенше күн жақсы! Мына жерге

C) Жоғары шық! Сұраймын!

D) Жоғары шығыңыз! Өтінемін

E) Жоғары шығыңыз! Талап етемін!

4.Мына сұхбаттың тақырыбын анықтаңыз.

  • Ғафу етіңіз, келесі аялдама қалай аталады?!

  • Келесі аялдама – Мәдениет сарайы.

  • ... Сіз келесі аялдамадан түсесіз бе?

  • Жоқ, мен келесі аялдамадан түспеймін.

  • Ендеше, мен өтіп кетейін.

A) Көлікте

B) Аялдамада

C) Дүкенде

D) Сабақта

E) Далада

5.Мына сұхбаттың тақырыбын анықтаңыз.

  • Кешіріңіз, кезектің соңында кім?

  • Мен боламын.

  • Тәтті тағамдар сөресі қай қатарда?

  • Сол жаққа қарай өтсеңіз, бірінші қатар.

  • Рахмет!

A) Дүкенде

B) Асханада

C) Емханада

D) Вокзалда

E) Аялдамада

6.Адамдар арасындағы қарым-қатынасты, жастықты, адалдықты арттыратын құралдың бірі.

A) махаббат

B) сәлем

C) өтініш

D) қоштасу

E) ризашылық білдіру

7.Ж....н-жосы...ы; ...о...амды...; ...рд...с сөздеріндегі төл дыбыстардың реті дұрыс көрсетілген нұсқаны көрсетіңіз.

A) о, ғ; к, ғ, қ; ұ, і

B) ө, г; қ, г, қ; ү, ы

C) ө, ғ; қ, ғ, қ; ү, і

D) ә, к; к, г, к; ү, ү

E) ө, ғ; қ, ғ, қ; і, ү

8..................қауымы қол соғу арқылы, .............. екі алақанын біріктіріп, бас ию арқылы амандасады, ......... әдетте «Ассалаумағалейкум» деп қол алысады.

A) самоастар, үнділер, қазақтар

B) лаонга, самоастар, қазақтар

C) лаонга, үнділер, қазақтар

D) үнділер, айн халқы, қазақтар

E) айн халқы, үнділер, қазақтар

9.Үнді дыбыстар қатарын көрсетіңіз

A) а, о, ы, ұ;

B) ә, ү, ө, і, и, е;

C) б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ;

D) п, к, қ, т, с, ш, щ, х, ф, ч, ц;

E) м, н, ң, й, р, л, у

10.Ер адамдар бір-бірімен «ассалаумағалейкум» деп амандасады. Бұл сөздің мағынасын көрсетіңіз.

A) Құдайға тәуба!

B) Мың да бір тәуба!

C) Алла деп!

D) Құдай қалап!

E) сізге Алланың нұры жаусын

11.Аялдама қайда екен; Айтар ма екенсіз. Осы сөйлемдердің түрін анықтаңыз.

A) хабарлы сөйлем

B) лепті сөйлем

C) бұйрық сөйлем

D) лепсіз сөйлем

E) сұраулы сөйлемдер

12.Адамдар ұйықтар алдында айтылатын тілек сөздер.

A) Қош-сау бол!

B) Қайырлы түс!

C) Жақсы жатып, жайлы тұрыңыз.

D) Ертеңге дейін!

E) Кездескенше!

13.Счастливой поездки! Счастливого возвращения! Айтылымдарының аудармасын көрсетіңіз.

A) Амандықта жүздесейік!

B) Жақсылықта, жақсы күндерде кездесейік!

C) Аман барып, сау қайтыңыз!

D) Келесі кездескенше!

E) Жүздескенше күн жақсы!

14.Синонимдер қатарын көрсетіңіз.

A) жүзу, секіру, ойнау;

B) жазу, оқу, айту;

C) амандасу, қоштасу, құшақтасу;

D) жүздесу, кездесу, көрісу;

E) ұйықтау, ояну, тұру.

15.Мына сұхбаттың тақырыбын анықтаңыз.

  • Маған кептірілген жемістер керек еді. Мына сөреден көрмей тұрмын.

  • Олар – міне, мына сөреде.

  • Бағасын қалай білуге болады?

A) Кеңсе тауарлары дүкенінде

B) Киім-кешек дүкенінде

C) Ыдыс-аяқ дүкенінде

D) Көкөніс дүкенінде

E) Тұрмыстық заттар дүкенінде

16.............. бір-бірінің құлағынан ұстап амандасса, ...............бір-бірінің беттерін иіскеу арқылы сәлемдеседі. Осы сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

A) Айн халқы, самоастар

B) Айн халқы, үнділер

C) Айн халқы, лаонга қауымы

D) Самоастар, Айн халқы

E) Үнділер, Айн халқы

17.Халқымыздың дамуында, халық болып қалыптасуында ерекше орын алатын ....

A) қарым-қатынас мәдениеті

B) амандық сұрасу мәдениеті

C) шешендік

D) қолөнер мәдениеті

E) өнер мәдениеті

18.Бұл әріп қазақ әліпбиі мен орыс алфавитінде бар, бірақ бұл әріптің дыбысталуы екі тілде екі бөлек. Бұл қандай әріп?

A) в

B) ы

C) ф

D) э

E) е

19.Қазақ сөздерінде кездеспейтін әріптер қатары.

A) щ, ф, ц, ч, ъ, ь, э;

B) в, ф, ц, ч, ъ, ь, э;

C) в, б, ц, ч, ъ, ь, ю;

D) в, ф, у, ч, ъ, ұ, э;

E) б, ф, ц, ч, һ, ь, э;

20.Сөздің басында келмейтін төл дыбыстар.

A) ғ, қ

B) ң, һ

C) ө, ұ

D) ү, ә

E) і, ы

21. «ә» әрпі сөздің соңында кездесе ме?

A) ешқашан сөздің соңында кездеспейді.

B) «ә» әрпі тек сөздің басында ғана кездеседі.

C) бірнеше сөзде ғана кездеседі.

D) «ә» әрпі тек сөздің ортасында ғана кездеседі.

E) көптеген сөздердің соңында кездеседі.

22.Жұмыстан кетіп бара жатқанда, сабақтан тарағанда немесе серуенге кеткенде айтылатын сөз.

A) қош келдің

B) сау бол

C) қуаныштымын

D) кешіріңіз

E) есенсіз бе?

23................... рұқсат па? Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

A) кіруден

B) кіруге

C) кірумен

D) кірудің

E) кіруде

24.Мұғалімнің оқушылармен амандасуы

A) Сәлем!

B) Сәлеметсіңдер ме?

C) Сәлеметсіздер ме?

D) Сәлеметсің бе?

E) Сәлеметсіз бе?

25. «Жоғары шығыңыз!» дегеннің синонимін табыңыз.

A) Дәлізге шығыңыз

B) Төрге шығыңыз

C) Кіреберіске шығыңыз

D) Алаңға шығыңыз

E) Кезекті демалысқа шығыңыз

26 «До свидания» сөзінің аудармасы

A) үлкен азамат бол!

B) кездескенше!

C) тез бол!

D) ертеңге дейін!

E) хабарласып тұр!