- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Дефектология ғылымына жалпы түсінік, сипаттамасы, даму тарихы.
- •2. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •3. Дефектология салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
- •4. Дефектологияның зерттеу әдістері
- •5. Дефектологияның педагогикалық категориялары.
- •2. Адам психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
- •3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар».
- •4. Кемістіктердің себептері.
- •1. Олигофренопедагогика пәні мен міндеттері.
- •Олигофрения, жалпы мінездеме.
- •3. Олигофренияның топтастырылуы.
- •4. Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
- •1. Психикалық дамуы тежелген (пдт) балаларға жалпы мінездеме.
- •2. Психикалық дамудың тежелуінің (пдт) этиологиясы (пайда болу себептері).
- •3. Пдт топтастыру. Пдт-і бар балалардың білім алу іскерлігі.
- •Талдағыштар (анализаторлар) туралы жалпы түсінік.
- •Есту анализаторы және оның сезімталдығы.
- •Есту қызметі бүзылған балалар.
- •4. Көру талдағышы (анализаторы).
- •5. Көру қызметі бұзылған балалар.
- •1.Тілдің дамуы.
- •2. Р.Е.Левина бойынша тілдің жалпы дамымау деңгейлері
- •3. Тіл мүкістіктің клиникалық-педагогикалық жіктеуі.
- •4. Тіл мүкістіктің психологиялық-педагогикалық жіктеуі.
- •5.Логопедтік - коррекциялық (түзету) жұмыстарын жоспарлаудағы аналитикалық мәліметтердің рөлі.
- •1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының түрлері.
- •2. Балалардың церебральдық сал болуы (паралич, сал ауру, бцп), жалпы сипаттама.
- •1. Жас өспірімдерде жиі кездесетін тәртіп бұзылыстары.
- •2. Невротикалық типті психикалық декомпенсация
- •Психоұқсастық типті психикалық декомпенсация.
- •1. Генетика пәні, оның міндеттері.
- •2. Генетиканың даму тарихы.
- •3. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік.
- •4. Гибридологиялық әдістің маңызы.
- •5. Мендель заңдары.
- •6. Тұқым қуалау типтері.
- •1. Жасуша құрылысы.
- •2. Хромосомалардың құрылысы мен функциялары.
- •3. Жасуша бөлінуінің түрлері: митоз, мейоз.
- •4. Ағзалардың кобеюінің негізгі формалары.
- •5. Ядродан тыс тұқым қуалаушылық.
- •1. Нуклеин қышқылдары, олардың құрылысы, түрлері, функциялары. Ген құрылысы және функциялары.
- •2. Ген және орта.
- •3. Мутациялар, оның түрлері, мезанизмдері, биологиялық маңызы.
- •1. Адам генетикасы пәні, оның тараулары мен міндеттері
- •2. Адам генетикасын зерттеу әдістері.
- •3. Шежірелерді құрастыру мен талдау принциптері.
- •2. Адамның хромосомалық аурулары.
- •Даун синдромы
- •«Мысық дауысы (айқайы) (кошачьего крика)» синдромы (5 хромосоманың қысқа иығының делециясы)
- •Шерешевский-Тернер синдромы (х0-синдромы гонадалар дисгенезиясы)
- •Клайнфельтер синдромы (47, ххy)
- •3. Туа біткен ауытқұлар.
- •1. Гендік аурулары туралы түсінік беру.
- •2. Гендік аурулар ерекшеліктері.
- •3. Гендік аурулардың даму түрлері.
- •4. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу және алдын алу жолдары.
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •1. Схеманы жалғастырыңыздар:
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •5 Бөліміндегі әдебиеттерден басқа әдебиеттер тізімі:
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийі
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі:
- •Мазмұны
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)………………..............3
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
4. Тіл мүкістіктің психологиялық-педагогикалық жіктеуі.
Аталмыш психологиялық-педагогикалық жіктеу коллектив немесе сыныппен жұмыс атқару барысында логопедтік әсердің қажеттілігімен құрастырылды. Бұл жіктеу бойынша келесі тіл мүкістіктерді ажыратады:
1) қарым-қатынас құралдарының бұзылулары және
2) қарым-қатынас құралдарын қолданудағы бұзылулар.
Қарым-қатынас құралдарының бұзылулары екі түрлі болады: фонетикалық-фонематикалық дамымауы (ФФД) және жалпы тіл дамымауы (ЖТД).
ФФД – фонемдерді қабылдау және атап сөйлеу кемістіктеріне байланысты түрлі тіл мүкістіктері бар балалардың өз тұған тілімен сөйлеу жүйесінің қалыптасу процестерінің бұзылулары.
ЖДТ – түрлі күрделі тіл мүкістіктері. Мұндай жағдайда тіл жүйесінің барлық бөлімдерінің қалыптысуы бұзылады. Оған қатысты жалпы белгілері: тілдің кеш қалыптасуы, аз, кедей сөз қоры, сөйлеу кемістіктері. Балада тіл құралдарының қалыптасу дәрежелеріне байланысты ЖДТ-нің 3 деңгейін белгілейді (Р.Е.Левина бойынша)
Қарым-қатынас құралдарын қолданудағы бұзылулар. Бұл топқа тілдің коммуникативтік қызметінің бұзылуы ретінде кекештену немесе тұтығу жатады.
5.Логопедтік - коррекциялық (түзету) жұмыстарын жоспарлаудағы аналитикалық мәліметтердің рөлі.
Кемтар балалардағы психикалық дамудың негізгі бір ерекшеліктері олардың мінезіндегі жеке сыртқы ортамен байланысындағы өзгерістер болып табылады. Бұл ең алдымен балалардың сөйлеу қарым-қатынасындағы өзгерістерге байланысты.
Сөйлудегі кемшілікті көбінесе психикалық процесстердің өзгеруімен байланыстырады. Сондықтан, қандай психикалық процестер бұзылған, сонымен қатар психикалық әрекетердің құрылымы звеноларының қайсысы толық емес анықтау қажет. Баланың іс әрекетіндегі кемістіктің себебін анықтау өте маңызды, қандай жағдайларда кемістік байқалатынын бақылау, сонымен қатар, зерттеу қорытындыларын сапалық талдау жағы өте маңызды болып табылады. Мұндай талдау балаға берілген тапсырманы орындау процесінде оның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне көңіл аударуды талап етеді (шешім қабылдау, тапсырманы орындау тәсілдері қателерінің түрі, өз қатесіне көңіл аударуда).
Мұның барлығы қосымша мінезін анықтауға септігін тигізеді: психикалық функциялардың динамикалық ерекшеліктерін (тынысының бұзылуы, төзімділігі, жылдамдығы) т.б. Зерттеу қорытындыларын сапалық талдау, элементарлық деңгейде кемістік байқалды ма немесе психикалық әрекеттердің жоғарғы деңгейіндегі бұзылыстарға байланысты ма, осы симптом бірінші немесе екінші рет байқалып отыр ма, осыларды анықтауға көмегін тигізеді.
Баланы психикалық-педагогикалық тексеру аномнестикалық мәліметтерді зерттеумен анықталады. Бұл мәліметтер құжаттарды оқу, балалардың ата-аналарымен әңгімелесу барысында айқындалуы мүмкін. Ата-аналары баланың жасына байланысты әртүрлі қиыншылықтарға көңіл аударатыны байқалды. Мектепке дейінгі жасында олардың сөйлеу барысындағы кемшіліктер қынжылтады, эксперссивті сөйлеу ерекшеліктері: бәрін түсінеді, бірақ нашар сөйлейді; сөйлеуге ұялады. Көбінесе шағымдар баланың моторлы сөйлеуде артта дамуы (3 жасқа дейінгі ерекшеліктері). Мектеп жасындағы балалардың ата-аналарын көбінесе балаларының үлгерімдері, мектеп бағдарламасын меңгерудегі қиыншылықтары алаңдатады. Осы шағымдар маңызды болады да, қалғандары екінші орында қалады. Баланың іс әрекетіндегі ерекшеліктерді түсіндіру педагогикалық коррекциялық шараларды ұйымдастырудағы негізгі шарттар болып табылады. Осыған байланысты келесі аналитикалық мәліметтерді оқу маңызды:
- онтогенез процесінде баланың психикалық даму ерекшеліктері;
- тәртібіндегі өзгерістердің білінуі және тәртібінің өзгеруіне әсер етуші жағдайларды анықтау.
Аномнестикалық мәліметтерді зерттеу, баланың дамуы туралы мәліметтер, ақпараттар жинау-зерттеудің орталық бөлімі болып табылады.
Психикалық-педагогикалық зерттеудің келесі даму көрсеткіштерін сипаттауда маңызы орасан зор:
- психикалық дамудың әр сатысындағы мерзімі (басталу және аяқталу уақыты);
- темпі (жылдамдығы, жиілігі), белгілі бір дағдылардың жиынтығы;
- спонтандық (әр түрлі әрекеттерді меңгерудегі баланың өзіндік дәрежесі);
- нәтижелік (тексеру кезіндегі баланың даму деңгейі).
Аталмыш параметрлер баланың даму моторингісін, өзіне қызмет көрсету, қарым-қатынас жасау, танымдық әрекеттерін зерттеген кезде талданды.
Осындай аномнестикалық зерттеулер дифференциальді диагностикалық мәліметтерді алуға ғана емес, коррекцияның мазмұнын жоспарлау үшін қажетті мәліметтерді алуға бағдар береді.
Баламен жұмыс жасауды нақты бір мысалмен қарастыруға болады:
Вова Н. (6 жаста) ата-аналарының шағымы кеш сөйлеуі. Ата-аналарымен сөйлесу барысында анықталды, баланың тілі кеш шыққан. 1 жасында былдырлаған, 2,5 жасында алғашқы сөз, 4 жасында фразалық сөз айтқан, 3,5 жасқа дейін бала жиі былдырлаған, фразалық сөйлеммен былдырлағанын тоқтатып, қысқаша сөздер қоса бастаған. Сөздік қорының кобею темпі және фразалық сөйлеудің дамуы өскен сайын ата-анасының көмегімен айтылған. Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау төмен болған. Тексерген кезде баланың сөйлеу қабілеті нашар, сөйлеу қарым-қатынасы шектелген. Ата-анасының айтуына қарағанда балада ойнауға деген көз-қарасы айқын байқалған. Ойнайық деген ұсынысты қуана және ынтамен қарсы алған.
Ата-анасы байқаған, баланың темп реакциясы баяу. Ойнау кезінде бала жиі шаршаған, көбінесе ойнаған кезде үндемеген. Еген ойынға ата-анасы араласса, сөйлей бастаған. Ойнап жүріп сұрақты сирек қоятын болған, өзі қойған сұрақтың жауабына көңіл аудармаған. Баланың ойнау кезіндегі шығармашылығы шектелген. Тексеру кезінде ойыны сюжетті сипат алған.
Ата-анасының сөзіне қарағанда, бала бір ойнаған ойынын қайталап ойнай беретін болған. Өзінің сүйікті ойыны болған (машина, құрылыс заттары). Жаңа ойыншыққа басында белсенді түрде көңіл бөлген, бірақ қызығушылығы тез жойылып отырған. Қазіргі уақытқа дейін оқуға деген ынтасы қалыптаспаған. Кітап бетін ынтамен ақтарып қарап отырған, бірақ оның мазмұнына қызықпаған, оқып бер деп сұрамаған.
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жақсы меңгерген, егер ата-анасы мақтап қойса үй жұмысына белсенді араласқан. Ата-анасының байқауынша қасықты оң қолымен ұстай алмаған.
Сонымен, психологиялық анамнез бойынша, бірқатар қиыншылықтар әр түрлі іс-әрекеттердің қалыптасуымен байланысты екені анықталған.
Анамнестикалық мәліметтерді жинағаннан кейін баланы тікелей тексеру жүргізілген.
Тексеруді шартты түрде 2 сатыға бөлуге болады.:
Баланың іс әрекеті мен тәртібін анықтау.
Экспериментальді тексеру жүргізу.
Жұмыстың 1 сатысындағы тұрған міндет: дамудың жалпы сипатын зерттеу мақсатында баланың психикалық әрекеттерінің бір жақты жағдайын бақылау.
Бақылау процесінде баланың сыртқы көрінісі қалыптасқан, оның қарым-қатынасы, тексеру жағдайында реакциясы, әрекеті мен ынтасының бағыты, басқа іс әрекеттеріне көңіл аударуды. Демалу уақытын қалай қолданады, бір істі сөйлей жүріп істей ме? Көбінесе осы параметірлерді білу келесі жұмыс сатысын жүргізуіде маңызды болып табылады. Осы сатыда психикалық даму ерекшеліктерін айқындауға болады. Мысалы, есту қабілетінің тұрақсыз екені байқалуы мүмкін. Осы балалардың іс- әрекетіндегі ретсіздік басқа нәрсеге назар аударумен үйлесіп отырады, егер істеген істеріне көңіл аударылмаса, іс-әрекеттерін жиі алмастырып отырады.
Ми шарлары қыртыстарының моторинг бөліктеріндегі жетіспеушілік, балаларда алғашқы сөйлуідің бұзылуына әкеледі де, қолымен жасаған іс әрекетке көңіл аударумен, сөйлудегі және осылардың қорытындысының дұрыстығына баға беру қиынға соғады. Егер сөйлеу бағыты сенсорлы сипат алса, тәртібі де өзгереді (қозғалысы жай, эмоционалды тұрақсыздық). Психикалық дамудағы жетіспеушілік симптомдарын көп мағыналы және әртүрлі синдромға кіруі мүмкін.
Тексерудің 2 сатысы - әр түрлі экспириментальді тапсырмалардың көмегімен психикалық процестерді тереңірек зерттеу.
Мимикалық, сенсоперцептивтік процестердің сөйлеу және ойлау анализдері қарастырылады. Жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасу деңгейін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді, сонымен қатар дамудағы кемшіліктердің себепті салдары және олардың арасындағы өзара байланысты. Қазіргі кезде логопедтік және нейропсихологиялық әдебиеттерде, сөйлеудегі кемшіліктердің корреляциялық көрсеткіштері туралы материалдар көптеп көрсетілген.
Сөйлеу, көру қабілеті бұзылған балаларда ұзақ уақытқа дейін қабылдау төмен деңгейде қалып қояды.
Бұл-нақты фрагментті және ситуациялық қабылдау жағдайында байқалады, ақыры соңында талдау, қорыту деңгейі төмендейді. Сөйлеу және арнайы қабылдау қабілеті бұзылған балаларда, жаңа, сапалы танымдау әрекеттеріне өткен кезде белгілі бір жасқа дейін қиынға соғады.
Зерттеу қорытындылары, мидың сөйлеу және сенсорлы байланыстарының дұрыс қалыптаспағанына тұжырым бола алады. Бұл қорытынды тәжірибелік логопедияда өте маңызды және баланың тілін ғана емес, көру қабілетін зерттеуді талап етеді.
Екінші топ-жазба мүшелерін, арифметикалық білімдері мен дағдыларын зерттеуді қажет етеді, бала оқу материалдарын қалай меңгеретінін бағалауға мүмкіндік туғызады. Осы сатыда баланың оқу процессінде білімдерін меңгеру ерекшеліктерін және оқыту кезіндегі қиыншылықтардың себебін, сипатын анықтайды. Баланың даму деңгейін анықтау үшін әр тапсырма түрлі варианттарда беріледі, бірақ бұл кезде мыналарды еске алу керек:
- тапсырманың дәлелдері;
- материалдық көлемі;
- тапсырманы орындау процессінде балада көрсетілген көмектің түрі және осы көмектің дәрежесі (ұйымдастырылған көмек, нақты түсіндірме).
Тексеру қорытындысын бағалау кезінде баланың іс әрекетінің барлық құрлымдық компоненттерін ескеру қажет, позитивті және негативті жағдайларының өзгерістерін.
Продуктивті талдау - баланың іс-әрекетінің келесі параметрлерін бағалауды қарастырады:
А) Тапсырманы қабылдау. Бұл - жұмыстың басталуына жатады; анығырақ айтқанда баланың тапсырманы орындауы. Сондықтан тапсырманың формасы қандай, бағалау маңызы қандай. Ойын немесе оқу процесі және оның тексеруге қандай қатысы бар.
Тапсырманы орындауға келісім беру мынаған байланысты болуы мүмкін:
- тексеру жағдайына баланың негативтік көзқарасы (қарым-қатынас жасағанда кездескен қиындықтарды мінадетті түрде жеңу);
- балаға талапты күшейту (пәндік материалдағы тапсырманы ойын мотивировкасымен орындау мүмкін, бірақ оған оқу мотивінің болмауынан келісім жасамау);
- тапсырманың күрделі дәрежесіне байланысты дұрыс бағаламау.
Сонымен, талдау бала қандай тапсырманы қалай орындады, олармен жүргізілген түзету жұмыстарын ескерту қажет.
Б) Нұсқауды түсіну. Баланың тапсырмаға хабардар болу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Тілі кеміс балалардың тапсырманы орындау барысында қиыншылықтар тууы мүмкін. Олар сенсорлық өзгерістерге байланысты болады. Үндестік есту қабілеті сақталса нұсқауды дұрыс түсініктеу былай түсіндіріледі:
- есту қабілетінің тұрақсыздығы (ұйымдастырушы жағдай жасау, көмек көрсету, баланың ден қою концентрациясын қамтамасыз етеді);
- семантикалық факторлар әсері сөйлемді дұрыс меңгеруіне байланысты түсіну мүмкін емес;
окустикалық-глостикалық қиыншылықтар. Нұсқауларды дұрыс түсінбейді, баланың сөйлеу ақпаратын дұрыс қабылдамауына байланысты.
Тапсырманы өз бетімен орындауға мүмкіншілігі және әрекетінің тәсілдері:
Бұл параметр-баланың тапсырманы орындау барысында ашылады.
Нейродинамикасы тұрақсыз балалар, дұрыс әрекет стратегиясын таңдап алуы мүмкін, бірақ кейбір операцияларды дұрыс орындамауы, қателер жіберуі немесе ұзақ уақыт жұмсауы мүмкін. Егер үлкендер көмек берген жағдайда бала тапсырманы орындау тактикасын өзгертуі мүмкін, бірақ біраз уақыт өткен соң алсоқтық байқалады. Бұл баланың жаңа іс-әрекет тәсілдерін меңгергенін дәлелдейтін, бірақ тапсырманы орындау кезінде бір тәсілден екінші тәсілге қиыншылықпен көшеді. Сонымен, тапсырманы орындау тәсілдері мен әрекеттерінің орындалу аспектісін, ұйымдастыруын бағалай отырып, баланың іс әрекетінің тактикасы мен стратегиясының ерекшеліктеріне қорытынды жасауға болады. Тапсырманы орындауға әсер ететін жағдай- эксперимент процесінде үлкендердің көмегін қолдану болып табылады. Осы жағдайға талдау жасау, баланың потенциалді мүмкіншіліктерін анықтауға байланысты болады.
Осы жағдайдағы маңызды критерий үлкендер көмегінің мөлшері мен сапасы болып табылады. Көмек аз көрсетсе, оған сезімталдық жоғары болады. Баланың іс әрекетінің қорытындысына баға беру кезінде ұсынылған тапсырманы өз бетінше орындау мүмкіндігін ғана есепке алып қоймай, оған қандай көмек қажет болғанын да ескерген жөн.
Тапсырманы орындау қорытындысы және қателерін түзету мүмкіншілігі.
Бұл параметр баланың өз тіс әрекетінің бағалау мүмкіндігін талдауға бағытталған. Әрекетіне баға берудің төмендеуі қателерге әкеледі, көбінесе тапсырманы дұрыс орындамау қорытындының дұрыс болмай шығуына әкеледі. Әрекеттің әр сатысында қателердің сипаты өзгеріп отырады. Жоспарлаған қателер көбінесе, мидың маңдай жүйесі дұрыс жетілмеген балаларда байқалады, ал нақты операцияларды орындаған кездегі қателіктер мидың артқы бөлігі дұрыс жетілмеген балаларда байқалады.
Сапалы талдаудағы ұсынылған параметрлер, бала орындаған тапсырмалардағы мүмкіншіліктерді анықтамайды, оның іс-әрекетінде қандай құрылымдық элементтер қалыптаспаған және қандай психофизиологиялық себептер мен механизімдер бар екенін анықтайды.
Қорытындысында алынған мәліметтерді сәйкестіре отырып, тіл патологиясы бар балалардың психологиялық дамуы негізіне жататын психофизиологиялық факторларды анықтауға болады.
Сонымен, тіл кемістігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру, кемістіктің құрылымын және коррекциялық жұмыстарды жоспарлауды зерттеуге көмегін тигізді.
Бірқатар зерттеушілер тіл кемістігін жоюға байланысты емдеу-педагогикалық арнайы шараларды анықтау және бірқатар жіктеулер жүргізуге ұсыныстар жасаған 1860 ж., дәрігер Шультесс алғаш рет осындай әрекеттер жасаған. Ол сөйлеу кезіндегі кемістіктерді 2 топқа бөлген.
Есте сақтау керек, егер баланың құлағы естімесе, сана-сезімі жетілмеген болса және анартрияның ауыр түрі болса, бұндай балалардың тілі шықпайды, сөйлемеуі мүмкін. Құлақтарын, баланың интеллектісін, дене мүшелерінің қозғалысын анық зерттей отырып, диагнозды дәлелдеуге болады.
Алалия көбінесе дизартриямен (ителлектік төмендеу) байланыстырылған. Көптеген жағдайларда практикада байқалып жүр сөйлеу темпі мен ритмнің кемістігі тұтығу диагнозымен түсіндіріледі. “Тұтығу” деген сөз ғылыми термин болып саналмайды. Ол орыс сөзінен алынған “икать” (ықылық ату) деген мағынаны білдіреді. Бізге белгілі “ықылық тию” диафрагмамен асқазандағы бұлшық еттің жиырылып тартылуының салдарынан болады. Сөйлеу темпі мен ритмнің бұзылуы сөйлеудегіде кемістікпен байланысты екені зерттелуі бұл кемістіктің бірнеше формалары бар. Қазіргі уақытта тез сөйлеу байқалып отыр және дыбысты айтқан кезде лексикамен грамматикасын дұрыс айту қажет. Адам өзінің тез сөйлеп отырғанын байқамай қалады, егер оны баяулатса сөйлеу жылдамдығы, темпі өзгеруі мүмкін. Мысалы: кейбір жағдайларда афазия көріністерінде ми қыртыстың сөйлеу аймақтарында зақымдалған ошақ байқалмайды, ол төменгі жағында орналасуы мүмкін. Ауру процесінің локализациялық сипатының маңызы бар. Егер, ауру процесінде ошақ шашырап орналасса, мидың әр түрлі ошақтары зақымдалады.
Дислалия және дизартрия арасындағы дифференциалді диагноз қойғанда, органикалық кемістік, нерв жүйесін зерттеу әдістерінде көбінесе дәрігер-невропатологпен ақылдасу қажет. Бірақ логопедтердің барлығы бірдей білгір маман емес, сондықтан, олар кейбір микросимптоматикалық белгілеуге-тілдің, тіл ұшының қимылының шектелуі екеніне ғана көңіл аудармайды және дизартрияны жасырып нақтылы формасын анықтай алмайды. "Дизартрия" диагнозын қойған кезде есте сақтау қажет, кейбір жағдайда осы кемістікте қиыншылықтар кездеседі, бірқатар симптомдар дизартрия көрінісіне жатпайды.
Бұл жерде, әдетте дизартрия алалиялық белгілермен қосылып байқалады да, күрделі қосылған зақымдаулар туралы айтуға болады.
Қазіргі ғылыми мәліметтерге қарап, тіл (сөйлеу) арнайы функционалды жүйе денгейімен, ми қыртыстарының және сопақша ми ядроларымен (олардан тараған нервтермен) байланысқан. Сөйлеу функционалді жүйесінің барлық деңгейі бір-бірімен тік байланыстар арқылы тығыз байланысқан. Патологиялық кезде (ауру процессінің локализациясына байланысты) сөйлеу (тіл) функционалды жүйесінің әртүрлі звенолары зақымдалуы мүмкін.
Логоневроз жағдайында, егер ауру өзінің кемістігіне байланысты жабырқау болса оған арнайы көңіл бөлу қажет, логопед арнайы тәсілдердің көмегімен көңілін басқа нәрсеге аудару қажет. Бір ғана педагогикалық және медициналық жүріс жасай отырып, сөйлеудегі кемістіктердің себебін айқындап, ғылыми қорытындылар жасауға болмайды. Кемістікті айқындау үшін, жан-жақты мақсатты және тиімді әсер ету қажет. Осыдан логопедпен дәрігер арасындағы байланыс, сөйлеу кемістіктерін алдын-алуда жемісті еңбек етуге негіз бола алады, әлуметтік өмірдегі бірқатар қиыншылықтарды жоюға көмегін тигізеді.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 9, 10, 12.
Қосымша әдебиеттер: 15-20.
Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 23-32.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 33- 41.
Интернет көздері: 42-48.
Лекция тақырыбы: Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар.
Лекция тезистері
