Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.УМКдн. 2013г.Дефектология негіздері және ге...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.86 Mб
Скачать

3. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus

3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Оқытушы туралы мәліметтер:

Заркенова Ляззат Сембаевна – аға оқытушы, Тебенова Қарлығаш Сакеновна – профессор, м.ғ.д., Ильясова Баян Игсиновна – доцент, әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық түзету кафедрасы, 304 кабинет, 10 корпус, телефон 770430, электронды адресі: saipk@mail.ru, кафедрада болу уақыты – 9ºº-дан 18ºº с.

3.2 Пререквизиттері: Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы, есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы.

3.3 Постреквизиттері: Арнайы педагогика, арнайы психология.

3.4 Пәннің қысқаша мазмұнында пәнің мақсаттары мен міндеттері.

«Дефектология негіздері және генетика» пәні болашақ дефектология саласының мамандарын өздерінің кәсіптік мамандықтарының негізі - педагогика ғылымының, дефектология саласының даму тарихымен, қазіргі жағдайымен, оның жетістіктерімен және мүмкіншілігі шектеулі балалардың категорияларымен, даму ерекшеліктерімен таныстырады, кемісті дамудың пайда болу себебін көрсетіп, оны түзетуге, жоюға немесе алдын алуға бағытталған іс-шаралармен таныстырады. Сонымен қоса пәнді оқу барысында студенттер түрлі кемістігі бар балаларға арналған мекемелер түрлерімен, олардың негізгі және арнайы міндеттерімен танысып инклюзивті білім беру туралы мағлұмат алады, дефектология салаларымен танысады.

Дефектологиялық білімді дамыту мен жетілдіру тек педагогикалық пәндерді ғана қарастырмай сонымен бірге медициналық-биологиялық ғылымдар қатарының, оның ішінде генетиканың да негізгі ережелерімен танысуды көздейді.

Пәннің мақсаты – болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық сапасын жоғарлатуға, дамуында түрлі ауытқушылығы бар балалар категориялары, олардың даму ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасы, тұқым қуалайтын хромосомалық және гендік аурулардың механизмдері, оларды зерттеу, анықтау, емдеу және алдын алу сұрақтары, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту мен интеграциялау, инклюзивті білім беру туралы теориялық және тәжірибелік білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Алған білімдер жүйесі студенттерді болашақ мамандықтарымен толық таныстырып, жұмыстарының ерекшеліктері туралы толық мәлімет береді.

Пән міндеттері:

- дефектологияның мақсаттары мен міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыру;

- дефектология ғылымының даму тарихымен таныстыру;

- білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы білімдерін қалыптастыру;

- „кеміс даму“, „кеміс бала“ ұғымдары туралы мағлұмат беріп кеміс дамудың себептерімен таныстыру;

- дефектология салаларымен, олардың зерттейтін сұрақтарымен таныстыру;

- арнайы тәрбиелеу мен білім беруді қажет ететін балаларға арналған мекемелер жүйесімен таныстыру;

- дефектологияның қазіргі кездегі өзектті мәселелерімен және даму беталысымен таныстыру;

- генетиканың мақсаттары мен міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыру;

- тұқым қуалашылық пен өзгергіштік, Мендель заңдары туралы білімдерін тереңдету және бекіту;

- тұқым қуалаушылықтың цитологиялық және молекулалық негіздері туралы білімдерін кеңейту;

- адам генетикасы және медициналық генетиканың мақсат-міндеттерімен танысу;

- тұқым қуалайтын аурулар: хромосомалық және гендік аурулар туралы білімдерін кеңейту;

- тұқым қуалайтын патология негізі, себептері туралы түсінік беру;

- тұқым құалайтын аурулардың сипаттамасын қарастыру;

- медициналық-генетикалық консультация жұмысы туралы мағлұмат беру;

- тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау, емдеу жолдарын және алдын алу іс-шараларын қарастыру;

- генетикалық есептерді шешуге және шежірелерді құрастыруға үйрету.

Оқу барысында алынған білімдер, дамуында ауытқуы бар баланың денсаулық жағдайын, оның мүмкіншіліктерін есепке алу, болашақ дефектологқа, оның түзете білім беру - тәрбие жұмысында кездесетін сұрақтарды шешуде саналы ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.