
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Дефектология ғылымына жалпы түсінік, сипаттамасы, даму тарихы.
- •2. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •3. Дефектология салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
- •4. Дефектологияның зерттеу әдістері
- •5. Дефектологияның педагогикалық категориялары.
- •2. Адам психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
- •3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар».
- •4. Кемістіктердің себептері.
- •1. Олигофренопедагогика пәні мен міндеттері.
- •Олигофрения, жалпы мінездеме.
- •3. Олигофренияның топтастырылуы.
- •4. Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
- •1. Психикалық дамуы тежелген (пдт) балаларға жалпы мінездеме.
- •2. Психикалық дамудың тежелуінің (пдт) этиологиясы (пайда болу себептері).
- •3. Пдт топтастыру. Пдт-і бар балалардың білім алу іскерлігі.
- •Талдағыштар (анализаторлар) туралы жалпы түсінік.
- •Есту анализаторы және оның сезімталдығы.
- •Есту қызметі бүзылған балалар.
- •4. Көру талдағышы (анализаторы).
- •5. Көру қызметі бұзылған балалар.
- •1.Тілдің дамуы.
- •2. Р.Е.Левина бойынша тілдің жалпы дамымау деңгейлері
- •3. Тіл мүкістіктің клиникалық-педагогикалық жіктеуі.
- •4. Тіл мүкістіктің психологиялық-педагогикалық жіктеуі.
- •5.Логопедтік - коррекциялық (түзету) жұмыстарын жоспарлаудағы аналитикалық мәліметтердің рөлі.
- •1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының түрлері.
- •2. Балалардың церебральдық сал болуы (паралич, сал ауру, бцп), жалпы сипаттама.
- •1. Жас өспірімдерде жиі кездесетін тәртіп бұзылыстары.
- •2. Невротикалық типті психикалық декомпенсация
- •Психоұқсастық типті психикалық декомпенсация.
- •1. Генетика пәні, оның міндеттері.
- •2. Генетиканың даму тарихы.
- •3. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік.
- •4. Гибридологиялық әдістің маңызы.
- •5. Мендель заңдары.
- •6. Тұқым қуалау типтері.
- •1. Жасуша құрылысы.
- •2. Хромосомалардың құрылысы мен функциялары.
- •3. Жасуша бөлінуінің түрлері: митоз, мейоз.
- •4. Ағзалардың кобеюінің негізгі формалары.
- •5. Ядродан тыс тұқым қуалаушылық.
- •1. Нуклеин қышқылдары, олардың құрылысы, түрлері, функциялары. Ген құрылысы және функциялары.
- •2. Ген және орта.
- •3. Мутациялар, оның түрлері, мезанизмдері, биологиялық маңызы.
- •1. Адам генетикасы пәні, оның тараулары мен міндеттері
- •2. Адам генетикасын зерттеу әдістері.
- •3. Шежірелерді құрастыру мен талдау принциптері.
- •2. Адамның хромосомалық аурулары.
- •Даун синдромы
- •«Мысық дауысы (айқайы) (кошачьего крика)» синдромы (5 хромосоманың қысқа иығының делециясы)
- •Шерешевский-Тернер синдромы (х0-синдромы гонадалар дисгенезиясы)
- •Клайнфельтер синдромы (47, ххy)
- •3. Туа біткен ауытқұлар.
- •1. Гендік аурулары туралы түсінік беру.
- •2. Гендік аурулар ерекшеліктері.
- •3. Гендік аурулардың даму түрлері.
- •4. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу және алдын алу жолдары.
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •1. Схеманы жалғастырыңыздар:
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •5 Бөліміндегі әдебиеттерден басқа әдебиеттер тізімі:
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийі
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі:
- •Мазмұны
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)………………..............3
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
1.Тілдің дамуы.
¤мірінің алғашқы айларынан бастап бала адамдар арасында болады. Ол адамдарды көреді, сөздерін естиді, сөз адамның бар екендігін білдіретін бастапқы шартты ітіркендіргіш болады. 3-5 айлық кезінде бала анасын, ал кейде өзін күтетін басқа адамдарды да ажырата алады. Барлық жағдайда да дауыс адамдарды ажыратудың айтарлықтай мәнді белгісі болады. Бұл уақытта бала тиісті мимикаға байланысты дауыс ырғағын ажырата бастайды.
¤мірінің алғашқы айларында-ақ айқын білінетін еліктеу рефлексіне байланысты бала адам сөзінің дыбыстарын қайталай бастайды. Және сөзге шартты байланыстар түзілгенге дейін онда алғашқы сөйлеу шуылы – жұтқыншақ, көмекей, таңдай, ерін және т.б. дыбыстар пайда болады, олар соңынан біртіндеп жіктеліп, сөз дыбыстарының түзілуіне себепші болады. Баланың айтатын әрбір дыбысы онда есту мүшесінен де (бала өзі айтатын дыбыстарды естиді), сондай-ақ сөйлеу мүшесінен (дыбыс сіңірлерінен, тіл мен бүкіл сөйлеу аппаратынан) де афференттік импульстер тұғызады. Ми қыртысына жеткен соң бұл импульстер, кейін сөз шартты байланыстарын орнықтыруда зор маңызға ие болатын сигнал болып табылады.
¤мірінің алғашқы жылының екінші жартысында балада сөз тітіркендіргіштеріне шартты рефлекстер пайда болады.
Сөйлеу дыбыстарының белгілі бір ұштасуы ретінде сөздің өзі тек біртіндеп басым болатын маңызға ие болады. Сөздер бірте-бірте әрекет, құбылыс және осы құбылыстар арасындағы қатынас сигналдары болады.
Баланың сөзі оның айтатын жекелеген сөз дыбыстары немесе олардың комбинациясы айналадағы адамдардың айтатын сөздері секілді белгілі ьір тікелей тітіркендіргіштердің сигналы бола отырып, шартты тітітркендіргіштердің маңызына ие болатын сәттен басталады. Алғаш рет сөз құрау және оларды дұрыс айта білу көп уақыт жұмсауды қажет етеді. Әдетте, бала айтатын сөз дыбыстарының комбинациясы алғашында олар бейнелейтін сөздерді сырттай ғана еске түсіреді де, одаң соң біраз өзгеріске ұшырап, дұрыс айтылатын сөздерге айналады.
Сөйлеу стереотипітерінің түзілуі сөйлеудің дамуындағы, атап айтқандай, қарапайым сөйлеу әрекетінен сөздерді сөйлемдерге біріктіруімен сипатталған тізбекті сөйлеу әрекетіне көшудегі маңызды сәт болып табылады.
Бала тілінің дамуы, яғни тиісті грамматикалық құрылысты қолдану арқылы тілдің үйлесімді, мағыналы сипатқа ие болуы көбіне-көп айналадағы адмдар сөзінің дұрыс құрылуына байланысты болады.
Сөйлеу және ойлау қабілетін меңгеру процесі сөзсіз адамның үлкен ми сыңарлары қыртысындағы шартты байланыстардың негізгі бөлігі міндетті және басым түрде сөз тітіркендіргіштерінің қатысуымен түзілуіне әкеп тірейді, бұл жағдай жағымды, сондай-ақ жағымсыз шартты байланыстардың түзілуін тездетеді. Жекелеген сөз тітіркендіргіштерін жалпылаудың және түр, одан соң дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздерге сөйлеу шартты байланыстары түзілуінің баланың жоғары дәрежелі нерв қызметінде елеулі маңызы бар. Қозудың талғамалы иррадиация процесі жалпылаушы ұғымдардың пайда болу негізіне алынған. Баланың үлкен ми сыңарлары қыртысының анлитикалық-синтездік қызметі бірте-бірте шындықтан дерексіздендіретін, абстракті ойлауға жетелейтін жаңа жалпылаудың қайнар көзі болады. Оқу мен жазуды үйрету ойлау процесінің одан әрі дамуына жәрдемдесе отырып, екінші сигналдық тітіркендіргіштердің маңызын одан әрі күшейте түседі.
Сөйлеу қызметінің құрылымы өте күрделі және келесі процесстерден тұрады:
фонетикалық (дыбыстық) немесе сөйлем шығару;
фонематикалық (сөз мағынасын тану);
лексикалық-грамматикалық.
Тіл мүкістіктері аталмыш процестердің жекелеген немесе комплексті бұзылуларына байланысты болады.
Тіл мүкістіктеріне себепші факторлардың арасында түрлі жағымсыз эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) себептерді ажыратады. Сондай-ақ, сөйлеу қызметінің бұзылуына туа біткен патология әкеліп соғуы мүмкін: тұқымның гипоксиясы, жарақаттануы; жүкті ананың жеріктіктері, вирусты және әндокринді аурулары, түрлі дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қабылдауы, арақ ішіп темекі шегуі және наша қабылдауы; ана мен ұрықтың қандарының резус-фактор бойынша үйлесімсіздігі. Тұқымқуалаушы факторларда тіл мүкістіктерінің пайда болуына себебін тигізеді. Баланың алғашқы кезеңіндегі түрлі аурулар (инфекциялық- вирусты, менинго-энцефалиттік т.б.), бас сүйегінің жарақаттары, ми шайқалуы, оның қолайсыз әлеметтік-тұрмыстық жағдайы, жағымсыз тіл қоршауы түрлі сөйлеу қызметінің бұзылуларына әкеледі.