
- •Әлеуметтік гигиенасы әлеуметтік медицина негіздерімен
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Курсты игеру нәтижесі:
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі:
- •Рейтинг-шкала
- •2 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Күндізгі оқу бөлімінің тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтар тезистері
- •Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік гигиена-қоғамдық денсаулық туралы ғылым. Денсаулық әлеуметтік құндылық.
- •Дәріс тақырыбы: Оқу және бос уақытты ұйымдастыру. Оқу-тәрбие қызметінің гигенасы.
- •Дәріс тақырыбы: Спорт – денсаулық қалыптасуының маңызды аспектісі. Мүмкіндіктері шектелген балалардың дене тәрбиесінің гигиенасы.
- •Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік аурулар, оны алдын алу шаралары
- •Дәріс тақырыбы: Нашақорлық – медициналық әлеуметтік мәселе
- •Семинар сабақтарының жоспары
- •2.5 Оқытушының бастамасымен жүргізілетін өздік жұмыстардың жоспарлары
- •2.6 Студенттердің өздік жұмыстарының жоспарлары.
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Сабақтардың бағдарламалық және мультимедийлы толықтырылуы
- •Өзіндік бақылауға арналған тестік тапсырмалар
- •Тест тапсырмасының дұрыс жауабы:
- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер................................................3
- •1.2. Пән туралы мәліметтер................................................................3
- •2 Пән бойынша оқу-әдістемелік
- •Әлеуметтік гигиенасы әлеуметтік медицина негіздерімен
- •5В010500 - «Дефектология» мамандығына арналған
- •100012, Караганды қ., Гоголь к-сі, 38
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университеті
Әлеуметтік-педагогикалық факультет
Әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық түзету кафедрасы
Әлеуметтік гигиенасы әлеуметтік медицина негіздерімен
пәні бойынша
5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қарағанды 2012
Құрастырғандар: Тебенова Қ.С. – м.ғ.д., доцент, әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық түзету кафедрасының меңгерушісі
«Әлеуметтік гигиенасы әлеуметтік медицина негіздерімен» курсы болашақ мұғалім - дефектологтарды біліммен қаруландыру, олардың кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу процестерін жетілдіру мен тәжірибелік қызметтерінде көмегін тигізуді көздейді. Балалардың денсаулығы мен дене бітімінің шынығуын дамыту үшін қолданылатын негізгі зерттеу әдістерін меңгеруді, кемтар балалар үшін арнайы мекемелердегі қолданылатын факторлардың режимі мен оқытуды қамтамасыз етеді.
«Әлеуметтік гигиенасы әлеуметтік медицина негіздерімен» пәнінің 5В010500 «Дефектология» мамандығының стунденттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен / Дайынд. Қ.С.Тебенова – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. - 103 бет.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
Тебенова Қарлығаш Сакенқызы – м.ғ.д., доцент, әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық түзету кафедрасының меңгерушісі
Әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық түзету кафедрасы 10 корпуста (әлеуметтік-педагогикалық факультетте), 304 каб.
1.2. Пән туралы мәліметтер:
Балығы 2 кредит (несие)
Оқу жоспарының көшірмесі
Оқу түрі |
Оқу мерзімі |
Курс |
Семестр |
Несиелер |
Лекиялар |
Семиарлар |
Лаборатор |
соөж |
сөж |
Барлығы |
Бақылау түрі |
күндізгі |
4 жыл |
1 |
1 |
2 |
15 |
15 |
- |
30 |
30 |
90 |
емтихан |
күндізгі қысқартылған |
3 жыл |
2 |
4 |
2 |
15 |
15 |
- |
30 |
30 |
90 |
емтихан |
Сырттай қысқартылған |
3 жыл
|
2 |
4 |
2 |
15 |
15 |
- |
30 |
30 |
90 |
емтихан |
Сырттай қысқартылған |
2 жыл |
1 |
2 |
2 |
6+14 |
0+10 |
- |
30 |
30 |
90 |
емтихан |
1.3 Пререквизиттер: аталмыш курсты меңгеру үшін студент кемтар балалармен жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу, олардың еңбек режимімен демалуларына қойылатын гигиеналық талаптар, кеміс балалардың дефектісін компенсациялау және оқу-тәрбиелеу туралы хабары болуы керек. Оқушылардың денсаулығын нығайту мен сақтау көбінесе педагогтарға, олардың бала организмінің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері туралы білімдеріне, гигиеналық ұсыныстар мен нормаларды білуіне және оларды педагогикалық қызметте қолданып, жүргізілуіне тікелей байланысты болады. Педагогтардың арнайы мекемелерді жобалап жоспарлауда ауа-жылыту және жарықтандыру режимдеріне қойылатын гигиеналық талаптарды білуі, оқу-тәрбие жұмыстарында қолданылатын жабдықтар мен жиһаздарды, оқу құралдарын дұрыс ұйымдастырып, қажетті заттармен қамтамасыз ете білуі кемтар балалармен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту мен кемістіктерін компенсациялауға көмегін тигізеді.
1.4 Постреквизиттер: жас анатомиясы және физиологиясы, көруі зақымдалған балаларды оқытуда және тәрбиелеудедегі офтальмо-гигиеникалық негіздер, мүмкіндіктері шектелген балалармен жасөспірімдер денсаулығының медициналық әлеуметтік негіздері.