- •Хқес пайдаланудың практикалық жолдары
- •Хқес 1 (іаs 1) «Қаржылық есепті ұсыну»
- •Хқес 2 (іаs 2) «Құндылықтар»
- •Хқес 7 (іаs 7) «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп»
- •Пайда мен залал есебі
- •Операциялық қызмет бойынша ақша ағымын анықтау принципі (тікелей әдіс)
- •Хқес 8 (іаs 8) «Есеп саясаты, бағалау есептеріндегі өзгерістер және қателіктер»
- •Бөлінбеген табыс есебі
- •Пайда мен залал есебі
- •Хқес пайдалану жағдайы
- •Пайда мен залал есебі
- •Бөлінбеген табыс туралы есеп
- •Хқес 10 (іаs 10) «Есепті кезеңнен кейінгі оқиға»
- •Хқес 11 (іаs 11) «Құрылыс келісім шарттары»
- •Жалпы есепті шығынның көлеміндегі үлесіне сай, қмж орындалуының сатылық есебі
- •Пайда және залал туралы есеп үшін жасалған есептеулер
- •Хқес 12 (іаs 12) «Пайдаға салынған салық»
- •2008 Жылдың пайдасы мен залалы туралы есеп
- •Хқес 14 (іаs 14) «Сегменттік есеп»
- •Хқес 16 (іаs 16) «Негізгі құралдар»
- •Хқес 17 (іаs 17) «Жалдау»
- •Хқес 19 (іаs 19) «Еңбеккерлер сыйақысы»
- •Хқес 20 (іаs 20) «Мемлекеттік көмектің есебі және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты жариялау»
- •Хқес 21 (іаs 21) «Валюталық курстар өзгерісінің әсері»
- •Хқес 23 (іаs 23) «Займдар бойынша шығындар»
- •Хқес 24 (іаs 24) «Өзара байланысты тараптар жайлы ақпаратты жариялау»
- •Хқес 27 (іаs 27) «Бірлескен және жеке қаржылық есептілік»
- •Хқес 28 (іаs 28) «Шоғырландырылған ұйымдар инвестициясы»
- •Хқес 29 (іаs 29) «Гиперинфляция кезіндегі қаржылық есеп»
- •Хқес 31 (іаs 31) «Бірлескен қызметке қатысу»
- •Хқес 33 (іаs 33) «Акциядан алынған пайда»
- •Хқес 34 (іаs 34) «Аралық қаржылық есеп»
- •Хқес 36 (іаs 36) «Активтердің құнсыздануы»
- •Хқес 37 (іаs 37) «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер»
- •Хқес 38 (іаs 38) «Материалдық емес активтер»
- •Хқес 40 (іаs 40) «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»
- •Хқес 41 (іаs 41) «Ауыл шаруашылығы»
- •Хқес (іfrs 3) «Ұйымдарды біріктіру»
Хқес 33 (іаs 33) «Акциядан алынған пайда»
Аталған стандарт бойынша, акцияға тиесілі базалық табыс, жай акцияларға тиісті пайданы немесе залалды сол кезеңде айналымда жүрген жай акциялардың орта арифметикалық санына бөлу арқылы анықтайды. Жай акциялардың орта арифметикалық саны, тиісті кезеңдегі акциялардың айналымда болған айларына сай есептеліп шығарылады. Акциялардың орта арифметикалық саны анықталған кезде, акциялар санының өзгерісі есепке алынады. Мысалы:
Мерзімі |
Шығарылған акциялар, дана |
Сатып алынған акциялар дана |
Айналымдағы акциялар дана |
1 қаңтар 2008 жылдың басындағы сальдо |
6000 |
1200 |
4800(6000-1200) |
31.03.2008 ж. |
800 |
200 |
5400(4800+800-200) |
30.06.2008 ж. |
|
1000 |
4400(5400-1000) |
31 желтоқсан 2008 жылдың аяғындағы сальдо |
6800 |
2400 |
4400 |
Акциялардың орташа арифметикалық саны:
(4800 х 3 : 12) + (5400 х 6 : 12) + 4400 х 3 :12 = 5000 дана.
Хқес 34 (іаs 34) «Аралық қаржылық есеп»
ХҚЕС сәйкес, жылдық немесе аралық қаржылық есептер Халықаралық стандарт бойынша жеке бағаланады. Егер, ұйымдар ХҚЕС ке сәйкес келмейтін аралық есеп ұсынатын болса, ол жылдық қаржылық есептің де ХҚЕС ке сәйкес келмейтіндігін көрсетпейді.
Хқес 36 (іаs 36) «Активтердің құнсыздануы»
Нақты мысалдар ХҚЕС 36 бойынша көрсетіледі.
Хқес 37 (іаs 37) «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер»
Мысал. А ұйымы сатылған өнімдерінің арасынан жарамсыз тауар табылатын болса, оларды жөндеуге кепілдік береді. Ұйымның есебі бойынша, егер тауарлардың болар болмас жарамсыздығы анықталса, оны жөндеу үшін 9 млн. теңге жұмсайтынын есептеп шығарған. Ал егер тауарлардың жарамсыздығы тым өрескел болса, оларды жөндеу шығыны 16 млн. теңгені құрар еді. Өткен жылдардың сараптау қорытындысы бойынша, 90 пайыз өнімнің жарамды екендігі, 8 % өнімге шағын жөндеу және 2 % өнімге күрделі жөндеулер жасау керектігі анықталған. Ұйым осыларды негізге ала отырып, алдағы кезеңдегі жөндеу шығындарын 1,04 млн. теңге деп бағалайды (0 х 90%) + (9 млн. теңге х 8 %) + (16 млн. теңге х 2%), және ол есеп бойынша кепілдік жөндеу шығыны ретінде танылады.
ХҚЕС жасалауға тиісті резервтер тізімін ұсынбайды, оны ерекшеліктеріне қарай әр ұйым өз бетінше анықтайды.
Хқес 38 (іаs 38) «Материалдық емес активтер»
ХҚЕС ке сәйкес, кейбір материалды емес активтер физикалық түрде кездесуі мүмкін, мысалы, компакт – дискі түрінде, құқықтық құжаттар түрінде (патент, лицензия) немесе таспа түрінде. Бірақ, мысалы, станокты басқаратын программалық басқару, онсыз станок жұмыс жасамайды, станоктың құрамдас бөлігі болып табылады, әрі негізгі құрал есебінде есепке алынады. ХҚЕС 38 сонымен қатар жарнамалық шығындар мен құралдарды іске қосуға, зерттеу және іздестіру жұмыстарына кететін шығындар үшін де қолданылады.
Мысалы, ұйым бірнеше бағыттағы ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкциялық жобалармен айналысады делік. Бірінші жоба бойынша олардың техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілетініне күмән бар, екінші жоба бойынша қаржыландырудың тоқтатылуы мүмкін, үшінші жоба бойынша экономикалық тиімділіктің болар болмасы белгісіз. Төртінші жоба қаржыландырудың қиындық көрмейді, экономикалық тұрғыдан пайда әкелеріне шүбә келтірілмейді, техникалық мүмкіндіктері толық анықталған. Жобаға жұмсалатын шығындардың көрсеткіштері төмендегідей:
Мың теңге
Мазмұны |
1 |
2 |
3 |
4 |
Жалпы шығындар |
Оның ішінде 4 жоба |
Барлық шығындар |
|
|
%% |
сома |
||||||
Материалдар |
1000 |
2000 |
3000 |
4000 |
100 |
20 |
20* |
10100 |
Еңбеккерлер еңбек ақысы |
100 |
200 |
300 |
400 |
|
|
|
1000 |
Әкімшілік еңбек ақысы |
|
|
|
|
250 |
25 |
62,5* |
250 |
Басқа да қосымша шығындар, о.і.: |
|
|
|
|
|
|
|
|
Тікелей |
100 |
200 |
300 |
400 |
|
|
|
1000 |
Жанама |
50 |
60 |
70 |
80 |
|
|
|
260 |
Материалды емес активті мойындауға байланысты, төртінші жоба бойынша шығындарды капитализациялау жүргізіледі: 4000 + 400 + 400 + 80 +20* + 62,5* = 4962,5 мың теңге.
Қайта жасалған материалды активтің өзіндік құнына:
Материалдар мен қызметтер шығыны;
Активті жасауға тікелей қатысты еңбеккерлердің еңбек ақысы және басқа да шығындар;
Жаңадан жасалған активке тікелей жұмсалған кез келген шығындар қосылады (төлемдер, активті жасау кезінде пайдаланылған патенттер мен лицензиялардың амортизациясы);
Қосымша шығындар (негізгі құралдардың амортизациясын, сақтандыру жарналарын және жалдау құнын тарату).
ХҚЕС 38 ескерткендей, қосымша шығындарды тарату, құндылықтардың қосымша шығындарын таратумен бірдей жүргізіледі (ХҚЕС 2 «Құндылықтар»).
