Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktikalyk_zholdar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.88 Кб
Скачать

Хқес пайдаланудың практикалық жолдары

ХҚЕС пайдаланудың практикалық жолдары ҚЕҰС ережелерімен сай келеді. Оның себебі Ұлттық стандарттар Халықаралық қаржылық есеп стандарттарының негізінде жасалған, тиісінше, барлық практикалық жағдайларға байланысты, операциялар мен оқиғаларды түсіндіруге бірыңғай талап қойылған. Сондықтан келтірілген мысалдар ірі кәсіпорындар бойынша да, сонымен қатар орта және шығын кәсіпкерлік саласында да бухгалтерлік есепті қолдануға ыңғайлы.

Келтірілген жағдайлар мен мысалдар әртүрлі жерден алынғанымен, олар Қазақстан жағдайына сәйкестендіріліп, пайдалануға ыңғайлы етіп өңделген. Айта кететін бір жайт, ХҚЕС экономикалық оқиғаларды, заңгерлік форманың алдына қойып қарастырылады. Сол себепті олар бухгалтерлердің кәсіби санасына ерекше әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты үлгі есебінде көрсетілетін жағдайлар, қаржылық есептіліктің элементтерін толық түсіндіруге мақсатында берілген.

Хқес 1 (іаs 1) «Қаржылық есепті ұсыну»

ХЕҚС бойынша есеп беру формасы қарастырылмаған, бірақ қаржылық есептілікте көрсетілген көрсеткіштердің ең аз деген түрлері берілген.

ХҚЕС бухгалтерлік баланстың жеке бөлімдері сияқты активтер мен міндеттемелерді қысқа және ұзақ мерзімді етіп бөле қарастырады. Алайда ұйымдардың оларды бөлмеуіне болады, онда активтер мен міндеттемелерді баланста оларды жойылу мерзіміне сай көрсетеді.

ХҚЕС тек қана қаржылық есепте пайдаланылып, басқаша ақпарат немесе есепке қосымша ретінде қаралмайтыны атап өтіледі.

ХҚЕС 1 барлық үлгідегі мекемелер үшін қолданылады, оның ішіне банктер мен сақтандыру компаниялары да кіреді. Банктер мен сақтандыру компанияларына қатысты тиісті қосымша талаптар ІАS 30 стандартында көрсетілген.

Хқес 2 (іаs 2) «Құндылықтар»

Егер құндылықтар бүлініп, физикалық немесе моральдық жағынан тозу себебіне байланысты олардың сату бағасы арзандайтын болса, яғни сату бағасы өзіндік құннан кем болса, онда оның өзіндік құнының шамасы жабылмай қалуы мүмкін. Ондай жағдайда олардың таза сату бағасы немесе сатуға мүмкіндік беретін қайта бағаланған таза сату бағасы анықталады. Айналымдағы материалдық активтер немесе бір тектес активтердің тобы қайта бағаланады. Ол уақытта төмендегі тәртіптерді сақтау қажет:

  • Егер активтер сату мақсатында пайдаланылса, онда олардың бағасын есептеу ағымдағы нарықтық сату бағасының негізінде қарастырылады;

  • Егер активтер жасалған контракты бойынша сатылатын болса, онда олардың бағасын есептеу контрактыда қараған көлем мен сонда көрсетілген бағаның негізінде қарастырылады, ал қалған құндылықтар ағымдағы нарықтық баға бойынша қайта бағаланады;

  • Егер дайын өнім өзіндік құнына тең немесе одан қымбат бағаға сатылатын болса, шикізаттар мен материалдар қайтадан бағаланбайды, болмаған жағдайда олар қалпына келтіру бағасына сай қайта бағаланады.

Қайта бағалаудың айырмасы, осы операциялар жасалып, анықталған есепті кезеңде есептен шығарылады. Егер құндылықтар алдағы кезеңдерде де сақталып қалатын болса, онда сол уақыттарда сатылуы мүмкін таза бағасы бойынша қайта бағаланып отырады. Жаңа баға ең төменгі өзіндік құнға орай немесе сатылуы мүмкін таза сату бағасының шеңберінде қаралады.

ФИФО тәсілі бойынша өндіріске жұмсалған құндылықтардың бағасын есептеу және есепті кезеңнің соңында қалған қалдықтардың бағасын анықтау мысалы.

Саны

/дана/

Бағасы

/теңге/

Сома

/теңге/

1.02.08ж. қалдық 1200 100 120 000

1 онкүндікте түскен 2500 100 250 000

2 онкүндікте түскен 1500 90 135 000

3 онкүндікте түскен 3000 80 240 000

Барлық түскені: 7000 - 625 000

Ай ішіндегі шығын: 6000 - -

- ФИФО бойынша - - 569 000

01.03.08ж. қалдық

- ФИФО бойынша 2200 80 176 000

ФИФО тәсілі бойынша жұмсалған материалдар құнын есептеу тәртібі. Барлық жұмсалғаны 6 000 дана, оның ішінде 3 700 данасы (1 200 + 2 500) 100 теңгеден, жалпы сомасы 370 000 теңге. Қалған 2 300 (6 000 – 3 700), оның ішінде 1 500 данасы 90 теңгеден сомасы 135 000 теңге, және 800 данасы (2 300 – 1 500) 80 теңгеден бағаланған, сомасы 64 000 теңге. Яғни, ай ішінде жұмсалған 6 000 дана материалдардың жалпы құны 569 000 теңге (370 000 + 135 000 + 64 000).

Назар аударыңыз! 2005 жылдан бастап ЛИФО тәсілін пайдалануға тиым салынған!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]