Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дарын положение.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.05 Кб
Скачать

Оқушылардың ғылыми жарыстарын өткізу

«Қазақстан – 2030» стратегиясы анықтап берген және Республикалық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттерінің бірі мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу болып табылады.

1999 жылдан бастап жыл сайын оқушылардың ғылыми жарыстары «Қазақстан -2030» стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әдеуметтік модельдері» атты тақырыппен келесі бағыттарда өтеді:

  1. Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны.

Секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар;

  1. Научно-технический прогресс-как ключевое звено экономического

роста.

Секции: физика, техника, наука о Земле и Космосе.

  1. Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық

модельдеу;

Секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика;

Математическое моделтрование экономических и социальных процессов;

Секции: математика, прикладная математика, экономика, информатика.

  1. Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі.

Секциялар: биология , химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын

  1. Здоровая природная среда – основа реализации стратегии «Казахстан-2030»

Секции: биология, химия, охрана окружающей среды и здоровья человека.

  1. Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.

Секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, құқық негіздері;

  1. Исторические памятники Казахстана и перспективные туристические маршруты.

Секции: история, краеведение, этнокультуроведение, литература, языкознание, правоведение.

«Дарын» ғылыми жарыстың І кезеңін (мектепшілік) мамыр айында өткізуді ұсынады, себебі 1-15 қыркүйекке дейін оқушылардың жоба тақырыптары болыстық, білім басқармасында тіркелуі тиіс.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсынын ұйымдастыру және өткізу қағидалары

  1. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен міндеттері:

  • Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

  • Ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;

  • Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

  1. Ғылыми конкурсқа:

  • Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және бұрын танылмаған жекелеген қырларын жария ететін;

  • Мектеп тәжірибелерін жетілдіруге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетін аппараттардың, модельдердің, құралдардың конструкциялары ұсынылған;

  • Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық-заңды негізделген компьютерлік модельдер және жобалар ұсынылуы мүмкін;

  • Жарысқа кәмелетке толмағандар үшін рұқсат етілмейтін аспаптар пайдаланылған жағдайда, жануарлар,а қатігездік көрсетілеті, адам денсаулығы мен жануарлар үшін зиян келтіретін заттарды (улы, радиоактивті, канцорегендік және мутагентік әсері бар зерттелмейтін биологиялық белсенді қосылыстар, адами және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, ішімдік, никотин) пайдалануға байланысты тәжірибелері бар жұмыстар Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

  1. Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

    1. Жұмыс мәтіні компьютерде басылып мынандай құрылымнан тұруы тиіс:

  • Титул парағы;

  • Мазмұны;

  • Абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады; (250 сөзден артық емес)

  • Кіріспе;

  • Зерттеу бөлімі;

  • Қорытынды;

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

    1. Титул парағында мыналар көрсетіледі:

  • Жұмыс орындалағн ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;

  • Автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;

  • Жұмыстың атауы;

  • Жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;

  • Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;

  • Қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;

    1. Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:

  • зерттеудің мақсаты;

  • гипотезасы;

  • кезеңдері, зерттеудің реті;

  • тәжірибенің әдістемесі;

  • зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;

  • жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;

  • нәтижелерді практикада қолдану салалары;

    1. Кіріспеде ( екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (тіндеті); қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;

    2. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы және мыналар қамтуы мүмкін:

  • осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелергүе талдама шолу жасау;

  • Қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;

  • Жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;

  • Суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);

    1. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтінде кездесетін сілтемелерде нөмірлеу жүйесі болуы керек;

    2. Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды;

    3. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:

  • Автордың тегі және қысқартылған аты-жөні;

  • Мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);

  • Журналдың, кітаптың аты;

  • Басып шығарылған орны және баспасы (кітаптар үшін);

  • Басылған жылы, шығу нөмірі, беті;

    1. Әр-бір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстары көрсетілген жетекшінің пікірі қоса берілуі керек;

    2. Баяндамаға 135х125 шаршы сантиметр көлеміндегі стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.

  • Стендті рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Стендтің жоғарғы жағына көлденеңінен абстактың, қатысушының атын, жасын, мектебінің, қаласының, облысының, атын орналастыру қажет;

  2. Стендтегі материалда нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, жұмыстың мазмұны, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен рәсімделуі тиіс;

  3. Мазмұнды дайындау кезінде негізінен назарды жоба авторының алған нәтижелерін көрсетуге аудару қажет.

  • Ғылыми жетекші алынған нәтижелердің нақтылығы мен дұрыстығын, жұмыстың диплом жұмыстарынан, магистірлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдарыдң есептерінен көшірілген нәтижелерден тұрмайтындығын қамтамасыз ету қажет. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларын ала отырып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.

  • Жобаны қорғауға 10-15 минут беріледі. 1. Жобаның мақсаты, міндеті; 2. Зерттеу тақырыбының өзектілігі; 3. Қойылған міндеттерді шешу әдісі.

  • Жетекшінің пікірінде ( егер жобаны зерттеген кезде эксперименттер жасалса сонымен қатар қолданылған материалдар, құралдар, препараттар адамдар мен жануарлардың өміріне қауіпті емес екендігін жетекші жазу керек,

  • Ғылыми жоба зерттеушінің күнделігі ( Эксперименттің жағдайы мен қорытындысы, эксперименттік мәліметтерді өңдеу жұмыстары, теоремаларды дәлелдеу, саулнама, формулалардың шешімі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]