Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор_сеть.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.71 Кб
Скачать

9. Желілік адаптер тақшалары, атқаратын функциялары.

Желілік адаптердің тақшалары компьютер мен желілік кабельді қосатын физикалық интерфейс ретінде қолданылады. Тақшалар желідегі барлық компьютерлер мен серверлердің кеңейту слоттарына қойылады.

Компьютер мен желі арасында физикалық қосылысты қамтамасыз ету үшін сәйкес разъемге немесе портқа тақшалар (әрине, орнатылғаннан кейін) желілік кабель арқылы қосылады. Желілік адаптердің тақшаларының қызметі: компьютерден түскен деректерді желілік кабель арқылы жіберуге даярлау; деректерді басқа компьютерге жіберу; компьютер мен кабельдік жүйе арасындағы деректер ағымдарын басқару.

Деректерді даярлау. Деректерді желіге жібермес бұрын желілік адаптердің тақшалары оларды компьютерге түсінікті пішіннен желілік кабель арқылы жіберуге болатындай түрге келтіруі керек.

Компьютердің ішінде деректер шиналар бойымен жіберіледі және деректер биттері параллель қозғалады. Желілік кабельде деректер биттердің тізбектелген ағымдары түрінде қозғалуы керек. Сонымен, желілік тақшаның міндеті параллель деректерді қабылдап, оларды бит бойынша тізбектей жіберуді ұйымдастыру болып табылады. Бұл процесс компьютердің цифрлік деректерін желілік кабель бойынша жіберілетін электрлік және оптикалық сигналдарға ауыстырумен аяқталады. Бұл түрлендіруге трансивер жауап береді

Деректерді түрлендірумен қатар желілік адаптердің тақшасы өзінің орны немесе адресін көрсетуге тиіс. Желілік адрестерді IEEE комитеті анықтайды. Бұл комитет желілік адаптердің тақшаларын өндірушілердің әрқайсысы үшін адрестер интервалын бекіткен. Өндірушілер бұл адрестерді микросхемаларға «тігіп» қояды. Осының арқасында желідегі әрбір тақша, яғни әрбір компьютер ерекше адреске ие.

Желі бойынша беріліс алдында желілік адаптердің тақшасы қабылдаушы тақшамен электрондық диалог жүргізеді, бұл диалог барысында олар төменгі мәселелер жайында келіседі:

- жіберілетін деректер блоктарының максималды ұзындығының өлшемі;

- қабылданғаны жайлы хабарламасыз жіберілетін деректер көлемі;

- деректер блоктарын жіберу интервалдары;

- әрбір тақшаның толып кетпей қабылдай алатын деректер көлемі;

- деректердің беріліс жылдамдығы.

Егер жылдам тақша баяулау тақшамен әсерлесетін болса, олар ортақ беріліс жылдамдығын анықтаулары керек. Сондықтан желідегі әрбір тақша басқаларына өзінің параметрлері жайында хабарлайды және олардан дәл сондай ақпаратты қабылдайды да соған икемделеді. Барлық детальдар анықталғаннан кейін тақшалар деректер алмасуды бастайды. Көбінесе түскен деректерді желілік адаптердің тақшасы жіберіп үлгермейді, ондай жағдайда олар уақытша буферге орналастырылады.

Желілік адаптердің тақшаларының кейбір параметрлерін дұрыс икемдеу керек. Олардың қатарына: үзу (IRQ), енгізу мен қорытындылаудың негізгі портының адресі және жадтың негізгі адресі жатады.

Желілік адаптер тақшасы келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

- компьютердің ішкі құрылымына сай болуы (деректер шиналарының архитектурасы);

- желілік кабельге қосылатын қосқышы болуы (ол қосқыш кабель жүйесінің типіне сәйкес болуы тиіс).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]